Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі19,31 Kb.
#19200
  1   2   3

Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас

«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам.

Индивидуалдық- бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.

Әлеуметтану тұлғаның идеалды типін, яғни оның қоғамның идеясына сәйкес келетін немесе идеалды емес, яғни қоғамға сәйкес келмейтін типін оның идеалды типтен қандай айырмашылығы, ерекшелігі барын зерттейді. Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырады:

  1. Тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесін араласап, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуы;


  2. Әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.



Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет
  1. Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары;


  2. Әлеуметтік ортаны болуы қажет өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста қатынаста болуы керек. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.



Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.

Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элеметтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады. Әлеуметтік бақылау- топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтылығын, бірлігін сақтайды.

М.Вебер атап көрсеткендей адамның мінез-құлқы деп, оның іс- әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі бар:

а) инстинктивті ; ә) қарапайым; б) әлеуметтік ;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет