Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады



бет1/3
Дата10.04.2023
өлшемі29,82 Kb.
#81214
  1   2   3

Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі 
Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады. Жобалау әдісі – оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол басқа әдіс-тәсілдермен бірге нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады. 
Жобалау әдісінде ең алдымен оның болашақ жоба аумағы таңдалады. Келесі маңызды мәселе – жобаның ұзақтығы. Жоба бір сабаққа немесе одан да ұзақ уақытқа есептелуі мүмкін. Бірінші жағдайда жобаға тек бірнеше оқушы қатысуы мүмкін, ұзақ уақытқа есептелген жағдайда әрбір оқушы немесе оқушылардың шағын тобы ортақ үлкен жоба шеңберіндегі жеке тақырыптарды алады. Үштен көп оқушыдан тұратын топты құрған қолайсыз – үлкен топтардың жұмысын құру мәселелер тудырады. 
Жобаның ортақ тақырыбы мұғалімнің тапсырмаларына байланысты таңдалады. Оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен үйлесуі керек. Жобаны жүргізуге уақытты қалай табуға болады. Ең алдымен, жоба формасында қайталауды, әсіресе оқу жылы соңында жалпылама қайталауды ұйымдастырған жөн. Сонымен қатар, информатикада жобамен жұмыс жасаудың жаңа материалды оқумен қатар сәтті жүретін бөлімдер де бар. Мысалы, "есептерді компьютерде шешудің кезеңдері", "Үлгілеу және Есептеуіш эксперимент" және т.б. 
Жобамен жұмыс жасау кезінде мұғалім консультант рөлінде болады, бұл жерде оған біршама даярланған оқушылар көмектеседі. Ең дұрысы, егер оқушылар есептің қойылымын анықтауды өз бетінше жүргізсе. Ол үшін мұғалім оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырса жеткілікті. 
Жобамен жұмыстың нәтижелері міндетті түрде сыныпта жариялануы керек. Жұмысты көпшілік алдында қорғау жобалар әдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға жұмыс барысында алынған білімдерін қорытындылап, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақты өткізу формасы классикалық семинар болу міндетті емес, ойын да болуы мүмкін. Егер жазбаша есеп беру қарастырылса, онда оған қойылатын талаптар алдын ала құрылады. Жобалардың көпшілік алдында қорғалуы эемтиханды өткізу формасы да болуы мүмкін. Жобалау әдісі оқытудың топтық формаларымен сәйкес келеді, бұл әдіс әрқашан қандай да бір мәселенің шешімін болжайды. Информатикадағы жобалау әдісі есептің шешімін табудың жүйелік тәсілінің дағдыларын қалыптастырумен, жұмыс үрдісі кезінде тәуелсіздігінің артуымен және мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас стилін орнатумен сипатталады. 
Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады: 

  1. Демонстрациялық жобалау; 

  2. Зерттеушілік жобалау; 

  3. Шығармашылық жобалау; 

  4. Рольді–ойындық жобалау; 

  5. Ақпараттық жобалау; 

  6. Үйретуші жобалау; 

  7. Моножобалау; 

  8. Пәнаралық жобалау; 

  9. Тәжірибелі және бағдарлы жобалау

  10. Қысқа мерзімді жобалау; 

  11. Ойын жобалауы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет