Инклюзив (лат.includio кірістіремін, қосамын) — адресат сөзінің 1-жақ көпше есімдікке қатыстылығын білдіретін есімдік формасы. Мысалы, сенімен біз, біз сенімен. Инклюзив тілдерде әр түрлі жолмен жасалуы мүмкін
Инклюзия – бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге адамды өмір қатарына ергізу құрылғысы деп түсінуіміз керек. Инклюзивті үрдіс мектепке дейінгі және мектептегі ортада басталады, бұл уақытта өсіп дамуында ерекшелігі бар балалар мен қалыпты балалар бірі-бірімен қарым-қатынас жасауға үйреніп, бірге әлеуметтік дағдыларды иемденеді.
Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата – аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу – педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделулеріне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Гуманизм – адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды.
Жеке тұлға – индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
: Білім алудың ерекше шарттары – білім берудің (тәрбиенің) шарттары, оның ішінде арнайы білім беру бағдарламалары мен оқыту әдістемесі, жеке техникалық оқу құралдары мен өмір сүру ортасы, сондай-ақ педагогикалық, медициналық, әлеуметтік және басқа да қызметтер, оларсыз жалпы білім беретін және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеру мүмкін емес (қиын). Мүгедектер;
Арнайы білім – адамдар мектепке дейінгі, жалпы және кәсіптік білім беру мүгедектер денсаулық, білім алу үшін ерекше жағдайлар жасалады;
Физикалық фора – белгіленген тәртіппен расталған адам органының (органдарының) дамуы мен (немесе) жұмысының уақытша немесе тұрақты жетіспеушілігі, немесе созылмалы соматикалық немесе жұқпалы аурулар.
Вербальды қарым-қатынас – бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.
Вербальсыз қарым-қатынас – мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |