Инклюзивті білім беру мамандығы: 0105000 – «Бастауыш білім беру» Біліктілігі



Дата07.05.2023
өлшемі86,7 Kb.
#90834
Байланысты:
УЛЯ педагогика


Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі


«Негізгі білім беру» бөлімі
«Жаратылыстану және информатика» бөлімі


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ


Мамандығы: 0105000 – «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105013 – «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Орындаған: Дурсунова У
Тобы: Б1-19
Пәні: Педагогика
Тараз қаласы, 2023


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ................................................................................................................................3


І ТАРАУ. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Инклюзивті білім берудің маңызы..............................................................................5
1.2. Инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеттері................................................14
1.3. Бастауыш сыныпта инклюзивті білім берудің жолдары мен әдістері …………..17
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................................23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .............................................................................24

КІРІСПЕ



Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Қазіргі күні инклюзитвті білім беру жаһандық қоғамдық үрдіс болыпотыр, ол барлық дамыған елдерде орын алып келеді. Инклюзивті білім беру көп қырлы үдеріс, ол білім беру жүйесіндегі барлық құрамдастардың қосылуын талап етеді. Инклюзивті білім берудің кеңінен етек жайып, дамуындағы бетбұрыстары инклюзивті білім беруді іске асырып отырған білім беру ұйымдары секілді үдеріс қатысушыларының синхрондық жұмысындағы және олардың қызметін аудан, қала, облыс деңгейінде үйлестірудегі қажеттіліктерді көрсетті. Жалпы, Қазақстан бойынша инклюзивті білім берудің орын алып отырған үлгілеріне, сонымен қатар Инклюзивті білім берудің ресурстық орталықтарындағы және эксперименттік алаңшалардағы қызметке жүргізілген талдау республикамыздағы инклюзивті білім берудің келешектегі дамуы үшін келесідей ережелерді анықтауға мүмкіндік берді:
- Жергілікті атқарушы органдардың, соның ішінде Білім басқарламаларының қызметіндегі жүйелілік және мақсатқа бағынушылық;
- Елде инклюзивті білім берудің жергілікті енгізілуіне және дамуына ықпалын тигізетін ресурстық орталықтардың құрылуы, оларды ақпараттық, ғылыми-педагогикалық, материалды-техникалық және өзге ресурстарын үйлестіру және интеграциялау (кіріктіру);
- ерекше білімділік қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру үдерісіне қарқынды қосылуын қамтамасыз ететін механизмдерді жетілдіру;
- YEY (үкіметтік емес ұйымдармен) әлеуметік серіктестікті дамыту, соның ішінде жалпы білім
беру ұйымдарында инклюзивті білім беру кабинеттерін құру және қолдау;
- ерекше білімділік қажеттіліктері бар, үйде білім алатын балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосудағы тәжірибені инклюзивті білім берудің бір үлгісі ретінде зерделеу;
- инклюзивті білім берудегі терминологияны жетілдіру.
Жүргізілген зерттеулер көрсетіп отырғандай, инклюзивті білім беруді дамыту үшін, жалпы білім беру және арнайы білім беру ұйымдарының, мемлекеттік басқару органдарының және қоғамның басқа да әлеуметтік институттарының жүйелі және өзара байланысты жұмысындағы қажеттілік бар. Одан басқа, инклюзивті білім берудің дамуындағы маңызды кезең ретінде Ресурстық орталықтардың қызметін инклюзивті білім беру үдерісіне қолдау көрсету және елдегі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің тиімді үлгілерін тарату.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Қазақстан Республикасындағы Инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыру барысында мүмкіндіктері шектеулі балалардың сұраныстары мен қажеттіліктерін өтей алатын оқытуды ұйымдастыру мәселелерін шешуіміз керек. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың қоғамда өз орнын тауып, бейімделуі, қоғамның толыққанды азаматы болып қалыптасуы біз үшін өте маңызды. Мектепте әр бала, соның ішінде мүгедек бала да мекеменің білім беру және әлеуметтік өміріне қатыса алатындай орта қалыптастыру керек, бұл баланың табысқа жетуіне, өзінің қауіпсіздігін және қатарластар ортасында өз маңыздылығын сезінуіне мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың міндеті:

  • Қазіргі қоғам даму жағдайында осы проблеманы шешу маңыздылығын көрсету. Қазақстанның барлық мектептерінде инклюзивті білім беруді енгізу.

  • Бүгін танда инклюзивті білім беруге қойылатын талаптар - бұл әлеуметтік бейімделген, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру.

әдебиеттердің тізімінен, қосымша беттерден құрылған.
Зерттеудің әдістері:

  • сауалнама;

  • бақылау;

  • сұрақ-жауап;

  • топтық жұмыс;

Зерттеу пәні: Математикалық теория және бастауыш классқа математика оқыту әдістемесі
Зерттеу жұмысының кезеңдері:

  • Тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық қосымша материалдар жинақтау;

  • Жинақталған материалдар негізінде жоспар жасап, курстық жұмыстың теориялық бөлімін жазу;

  • Таңдалған тақырып бойынша курстық жұмысты қорғау.

Курстық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Курстық жұмыс
кіріспеден, бір тараудан, үш тақырыпшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1. Инклюзивті білім берудің маңызы
Әрбір адамның маңызды құқықтары мен еркіндіктері жүйесіндегі негіз қалаушы фактор болып білім алу құқығы табылады. Қазақстан Республикасында, барлық дамыған мемлекеттерде сияқты, аталған құқыққа, әлеуметтік немесе материалдық деңгейге, жынысы мен діни көзқарастарға, денсаулық қалпына және т.б. ерекшеліктерге қарамастан, барша адамдар ие. Біздің мемлекетімізде бірде бір бала дамуындағы интеллектуалдық немесе физикалық бұзылыстар себебінен бұл құқықтан айырылмайды. Барлық балалардың білім алуға құқығы біздің мемлекетіміздің басты заңы-Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген. 1994 жылы біздің мемлекетіміз БҰҰ-ның бала құқықтары жайлы Конвенциясын ратификациялай отырып, денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды «білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қол жеткізу», баланы, мүмкіндігінше, әлеуметтік өмірге қосу арқылы жеке тұлға ретінде, мәдени және рухани дамуын қоса алғанда, дамыту міндеттерін алды.
Осы сәттен бастап ҚР-да денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды толық қанды өмір сүруге сапалы білім алуға қолжеткізу арқылы дайындау міндеті негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекетімізде барлық балаларға келешекте қалыпты деңгейдегі адамдар мен олардың ортасында өзіндік және толық қанды өмір сүруге, еңбекте, шығармашылықта және жеке өмірде максималды жетістіктерге жетуге негіз болатын бірдей мүмкіндіктер жасау басты бағыттардың бірі. Осындай бағыттардың бірі болып инклюзивті білім беру табылады: даму бұзылыстары бар балаларға білім алуда басқалармен тең құқылы болып, кез-келген шеттетудің алдын алып, ерекше жағдайларды (материалды-техникалық, кадрлық, психологиялық -педагогикалық, сауықтыру жә не т.б.) қарастыратын жалпыға білім беруді дамыту үрдісі.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру идеяларының пайда болуы мен енгізілуі п.ғ.д., профессор Р.А.Сулейменованың атымен байланысты. Р.А.Сулейменова даму кемістіктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби–ең бектік реабилитациялау Республикалық ғылыми-практикалық орталығының негізін қ лаушы, директоры, соңынан бас директоры.
Р.А.Сулейменова берген анықтама бойынша, «инклюзивті білім беру – балаларды бөліп қарастыру кедергілерін жоюға бағытталған, барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне қосу мен оларды әлеуметтік бейімдеуде жасына, жынысына, этникалық, діни қатынасына, даму кемшіліктеріне немесе экономикалық статусына қарамастан, отбасының белсенді қ атысуымен, балағ а түзету-педагогикалық және нақты әлеуметтік қолдау көрсету арқылы, адекватты білім беру жағдайларын жасауда, балалардың білім алу қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктеріне баланы емес, ортаны бейімдеуге бағытталған мемлекеттің саясаты.
Яғни, бұл анықтамада инклюзивті білім беру жүйесі барлық балаларға, олардың физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық, тілдік немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, білім беруді ұйымдастыруда тең мүмкіндіктер жасалуын қамту қарастырылған. Кең мағынада, инклюзивті білім беру дегеніміз –балаларды өздерінен ерекшеленетін құрдастарымен бірге оқыту. Нәтижесінде өсіп келе жатқан адам қоғамның толыққанды мүшесі болып қалыптаса алады.
Р.А.Сулейменова ұсынған «инклюзивті білім берудің» анықтамасы ҚР-ң дамуында түрлі бұзылыстары бар тұлғаларғ а білім беру аймағындағы мемлекеттік саясатының негізін құрады. Білім беру саясатының негізгі ережелері бірқатар нормативті-құқықтық құжаттарда қарастырылған: ҚР «Білім беру заңы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық -педагогикалық түзете қолдау туралы Заңы», 2011-2020 ж.ж. ҚР білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы және т.б. Сонымен қатар, «2011-2020 ж.ж. Қ Р білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы» негізінде Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен үлкендерге бағытталған тиісті деңгейдегі мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, мектептік және кәсіби білім беруді қамтамасыз ететін «инклюзивті оқыту жүйесі» құрылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар – қалыптасқан тәртіпке сай дәлелденген, туа, тұқым қуалаушылық, жүре немесе замқымдардың нәтижесінде пайда болған аурулардың себебінен өмірлік іс-әрекеттерінде шектеулері бар, физикалық және (немесе) психикалық кемістіктері бар он сегіз жасқа толмаған балалар.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың топтары:
1. Есту бұзылыстары бар балалар (керең дер, нашар еститіндер, саңыраулар).
2. Көру бұзылыстары бар балалар (соқырлар, нашар көретіндер, көру мү мкіндігінен кеш айырылғандар).
3. Қимыл-қозғалыс аппаратының функциясында бұзылыстары бар балалар.
4. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар.
5. Ақыл-есі кем балалар.
6. Психикалық дамуы тежелген балалар.
7. Іс-әрекетінде және эмоционалдық -еріктік аймағында бұзылыстары бар балалар.
8. Күрделі бұзылыстары бар балалар, сонымен қатар соқыр-естімейтіндер.
Инклюзивті немесе «біріктіріп қосылған» білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру мектептерінде оқыту процесін сипаттауда қолданылатын термин. Инклюзивті білім беру – адамдардың түрлі қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастырылған жалпыға білім беру процесінің дамуы.Инклюзивті білім беру оқушылардың айырмашылықтарын мойындаудан басталады. Оқытудағы инклюзивті бағытты дамытуда мұндай айырмашылықтар білім беру процесінің негізін құрайды.
Инклюзивті білім берудің концепциясы барлық балалар, олардың мәдени және әлеуметтік деңгейлеріне, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарамастан бірдей мектептерге баруы керек, оқуда түрлі ажеттіліктері бар балалар индивидум болып табылады - деген пікірлерге негізделеді. Бүгінгі күнде қарастырылатын нормативті-әдістемелік құжаттармен нақты анықталған даму мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің мекен-жайына жақын орналасқан, балаға қажетті түзету көмегін көрсетуі тиіс, кез-келген жалпыға білім беру мекемесінде оқи алады. Мұндай оқыту процесі балаға отбасынан, үйінен, туыстары мен жақындарынан, достарынан ажырамай білім алуға, қоғамға қосылып әлеуметтену мәселелерін нәтижелі шешуге көмек береді. Есейе келе, балалар өзіндік ерекшеліктерін қабылдап, басқа адамдардың ерекшеліктерін ескеруге үйренеді. Әлеуметтік–философиялық мағынада инклюзивті білім беру қоғам мен білім беру институттар жүйесі қолдап, дамытатын қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірге өмір сүруінің түрі (формасы). Бұл контекстте инклюзивті білім беру әрбір оқушы білім алу орнын, тәсілі мен тілін таң дауға құқылы, білім беру мекемесінде мүмкіндігі шектеулі балалардың нәтижелі білім алуы мен дамуына қажетті жағдай жасау, оларды жалпыға білім беру мекемесінің оқу процесіне толық қосу – деп, қарастырылады.
Инклюзивті білім беру барлық балаларға толық мөлшерде балабақша, мектеп, институт ұжымының өміріне, баршаға тең құқылы деңгейде ұжым мен қоғамның іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беру келесі ұстанымдарға негізделеді:
1. Барлық адамдардың құқықтары тең болу принципі (индивидуалдылық пен ерекшеліктерді ескеру жағдайында).
2. Кез-келген дискриминациялау түрін болдырмау, яғни мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу мен әлеуметтік өмірге қатысу құқықтарын шектемеу.
3. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік-қоғамдық өмірдің барлық аймақтарына байланысты ерекше қажеттіліктерін қамту құқықтарын қабылдау, сонымен қатар, білім алуда (әлеуметтік инфрақұрылымның нысаналарына қол жеткізе алу мен білім алудағы ерекше жағдайлар).
4. Мүмкіндігі шектеулі баланың нәтижелі әлеуметтенуіне қажет жағдайлар мен қызметтерді ұсынудағы қоғамның міндеттері.
5. Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемелер мен жалпыға білім беру мектептеріне қабылдауға жағдай жасау, барлық мүмкіндіктерді пайдалану.
Анықталған ұстанымдарды мектепке дейінгі мекемелер мен жалпыға білім беру мектептерінің педагогикалық ұжымдарымен қатар ата-аналар және қатысты тұлғалардың ұжымдары орындаулары тиіс. Инклюзивті білім беру екі әлеуметтік субъекттердің бір-біріне бағытталып, жақындастыратын екі жақтамалы процесс:
Мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты деңгейдегі құрбыларымен бірге оқу процесіне қосылуға ұмтылысы, сонымен қатар олардың ата-аналары арасындағы осындай байланыс.
Аталған бірігіп оқу процесін құруға қажетті жағымды ұйымдастыру-функционалдық, адамгершілік-психологиялық жағдайларын қамтитын жалпыға білім беру процесінің өзі.
Инклюзивті бағыт балалардың түрлі білім алу қажеттіліктерін түсіну мен қажеттіліктерді ескеру арқылы білім беру процесіне қатысуға керек қызметтерді ұсынуды қарастырады. Бұл процеске қоғам қатысып, білім беру саласындағы сегрегация мен дискриминацияны жою тиіс.
Қалыпты деңгейдегі оқушылар үшін инклюзивті білім беру дегеніміз – инклюзивті және қалыпты сынып арасында таңдау жасаудағы еркіндік, және де, егер бірінші нұсқа таңдалса – баланы білім беру стандартында қарастырылған, білім алу сапасы мен оқу жылдамдығымен қамту, баланың инклюзивті білім беру ережелері мен белгіленген әлеуметтік ұстанымдарды қабылдауы. Осындай жағдайда ғана «инклюзивті қоғамға» көшу іске асырылады, яғни балалар арасындағы айырмашылықтар «өзара байланыста даму» ресурсы деп қарастырылатын әлеуметтік қарым-қатынастар нұсқасында.

Инклюзивті бағыттың жетістіктері анық:


- мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтенуіне жағымды жағдайлар жасалады.
- Дамуында түрлі бұзылыстары бар балалардың оқу және оқу іс-әрекетінен тыс байланыстарға түсу мүмкіндіктері қамтылады.
- Педагогтардың квалификациясы жоғарылайды.
- Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жаңа технологиялар құрастырылып, енгізіледі.
- Арнайы (түзету) ұйымдармен, әлеуметтік және медициналық мекемелермен өзара байланыстар орнатылады.
Инклюзивті білім беру жүйесі қиындықтар мен өзгерістерге берілетін статикалық құрылым емес, ол балалардың индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты оқыту жағдайларын үнемі жетілдіруге бағытталған динамикалық процесс. Жалпыға білім беру мектебінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты құрбыларының қ атарына қосу мен нәтижелі әлеуметтену жағдайлары ғана емес, сонымен бірге баланың барлық потенциалдық мү мкіндіктері анық талып, дамытуға бағытталған жұмыс жасалуы керек. Білім беру жүйесінің даму бұзылыстары бар балаларды жеке тұлға ретінде қабілеттерінің ашылып, максималды жетілуіне әсер ететін әлеуметтік-психологиялық реабилитациялауда үлкен мүмкіндіктері бар.
Инклюзивті білім берудің негізінде 8 маңызды принциптер жатыр:
1. Адамның құндылығы оның қабілеттері және жетістіктерімен анықталмайды.
2.Әрбір адам сезуге, ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа, басқалардың оны естуіне құқылы.
4. Адамдар бір-біріне қажет.
5. Білім алу тек нақты өзара байланыстарда ғана іске асырылады.
6. Барлық адамдарға құрбыларының қолдауы мен достық қарым-қатынасы керек.
7. Барлық білім алушылардың жетістікке жетуі олардың не істей алмайтынымен емес, не істей алатынымен анық талады
8. Түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді.
Инклюзивті білім берудің негізгі идеясы - баланың білім беру жүйесіне қосылуға дайын болуы емес, жүйенің өзінің кез-келген баланы қ сып алуға дайындығында. Яғни, барлық педагогтар мен ата-аналар инклюзивті білім беруді – жалпыға білім беру мектебі мен балабақшаға ашық есік ғана емес, сонымен бірге білім беру нәтижесіне жауапкершілік деп түсінулері тиіс. Оның сапасы мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты ұсынылатын қызметтердің сай болуына тәуелді. Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі бала білімдерді жалпыға білім беру стандартында қалыпты балаларға қатысты қарастырылған мерзімде меңгеруі тиіс екендігін ескеретін болсақ, онда мұндай бағыт психофизикалық даму деңгейі бойынша жасына сай немесе оған жақын балаларға ғана қатысты қолданылады. Н.М.Малофеев бойынша, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мектепке дейінгі кезеңде ең нәтижелі. Білім беру ұйымдары оларға адекватты жауап беруі үшін, нәтижелі білім беру стратегияларын іздеп, модельдеп, келешекте тәжірибеге енгізу үшін сипаттама берулері керек.
Инклюзивті білім беру модельдерінің іске қосылуының негізгі принциптері:
1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық өмірлік іс-әрекеттер аймақтары мен әлеуметтік өзара байланыстарындағы қызығушылықтарының приоритеті.
2. Психофизикалық дамуында түрлі деңгейлі балалардың қажеттіліктері мен сұраныстарын ескеру.
3. Түрлі тежелген даму жылдамдығы бар балалардың білім алу құқықтарын ескеру.
4. Инклюзивті процесті мағыналық, әдістемелік қамту мен басқаруда жүйелілік бағытын ұстану.
5.Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін құруда алмастырылатын білім беру бағыттарын ескеру (жалпыға білім беру моделі, арнайы білім беру, инклюзивті білім беру, әлеуметтік реабилитация, қосымша білім беру тәсілдерімен реабилитациялау, аралас модельдер жә не т.б.).
6. Аймақтың реабилитациялау кеңістігін құру мен іске қосуда жалпы әдістемелік бағытты құрастыру.
7. Балалар мен үлкендер ортасында пайда болатын жеке немесе әлеуметтік бейімделе алмау және үйлесімсіздік тәуекелдерін үнемі қадағалау.
Инклюзивті білім беру негізінде барлық балаларды, мүмкіндігінше, олардың арасындағы ерекшеліктерге қарамастан, бірге оқыту принципі жатыр. Инклюзивті білім беру концепциясына сәйкес әрбір баланың қайталанбас қасиеттері, қызығушылықтары, қабілеттері және білім алу қажеттіліктері бар, сондықтан ерекше балалар жалпыға білім беру жүйесіне қосылу үшін балалардың қажеттіліктеріне бағытталған педагогикалық әдістер көмегімен осы жүйемен қамтылуы тиіс.
Инклюзивті білім беру мәселесін зерттеуде оның келесі принциптерін атап өту керек:

  • қоғам үшін барлық оқушылар мен педагогтардың құндылығын мойындау;

  • балалардың жергілікті мектептердің мәдени өмірінде қатысу мөлшерін жоғарылату, сонымен қатар балалардың мектептік өмірден шеттетілу деңгейін төмендету;

  • мектептің жанында тұратын барлық балалардың түрлі қажеттіліктерін қамту үшін мектептің әдістемелік жұмысын талдап, қайта құру жұмысын жүргізу;

  • мүгедек немесе ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ғана емес, сонымен бірге барлық оқушыларға білім алу мен мектеп өміріне толық қатысуға мүмкіндік бермейтін кедергілерді жою;

  • кедергілерді жою жолдарын зерттеп, талдауда өзгерістер енгізу;

  • оқушылар арасындағы ерекшеліктер жойылуы тиіс кедергілер емес, олар педагогикалық процесті дамытатын ресурстар;

  • баланың мекен-жайына жақын орналасқан мектепте білім алуға құқығын мойындау;

  • мектептегі жағдайды тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдер үшін де жақсарту;

  • мектептің рөлі оқушылардың академиялық көрсеткіштерін жоғарылатуда ғана емес, сонымен бірге қоғамдық құндылықтарды дамытудада маңызды екендігін мойындау;

  • мектепаралық және жергілікті ұйымдар арасындағы біріккен іс-әрекет пен қолдау көрсетуді дамыту;

  • инклюзивті білім беруді қоғамдағы теңдік аспектілерінің бірі ретінде қабылдау.

Инклюзивті бағыт ЮНЕСКО бойынша келесідей мағынаға ие:

  • мектеп жасындағы барлық балалар толыққанды білім беру процесіне белсенді қатысады;

  • сапалы мектептік білім алуда барлық балалардың мүмкіндіктері тең;

  • барлық балалардың ерекшеліктеріне қарамастан, бірге оқуға мүмкіндіктері бар;

  • барлық балалар бірге өмір сүруге үйренулері керек;

  • инклюзивті бағыт инклюзивті қоғамның дамуы мен оның жетілуінің негізі.

Сонымен қазіргі таңдағы білім беру жүйесі мүмкіндігі шектеулі адамдарды шешімін табуы тиіс мәселе деп қарастырмай, білім алушылардың түрлілігін жағымды қабылдап, индивидуалды ерекшеліктерді барлығы білім алу процесін кеңейту мүмкіндігі, - деп бағалайды. Қазақстан Республикасында сапалық жағынан жаңа білім беру жүйесін жалпы жәнеде инклюзивті бағытта құру әлеуметтік–экономикалық жағдайдың өзгеруімен байланысты. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту негізінде келесі маңызды принциптер мен құндылықтар қарастырылған:
1. Әрбір баланың жалпыға білім беру мекемелерінде оқуда және сапалы білім алуда тең құқылы болуы.
2. Әр баланың оқуға қабілеттілігін мойындап, қажетті жағдайлар жасау.
3. Балаларға отбасында дамуға жағдай жасап, барлық мәдени, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің және басқада қоғамның жетістіктерін пайдалануға мүмкіндік беру.
4. Ата-аналарды балаларының бірінші мұғалімдері, тең құқылы серіктестері ретінде оқу процесіне қосу.
5. Жеке тұлғалық, жекелік бағыт негізінде құрастырылған оқу бағдарламаларын бейімдеу. Бағдарламалар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың оқудағдыларын өмір бойы дамытуға әсер етіп, қоғамның өміріне толыққанды қатысу мүмкіндіктеріне бағытталуы тиіс.
6. Инклюзивті білім беруде мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы жағдайларды жасау қажет екендігін мойындау.
7.Оқытудың инклюзивті моделін іске асыруда заманауи зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижелерін қолдану.
8. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде пәнаралық және топтық бағыттарды қолдану, ол үшін педагогтар, ата-аналар, логопедтер, психологтар, дефектолог- мұғалімдер жә не т.б. мамандар бірігіп жұмыс жасаулары керек.
Инклюзивті білім беруді дамытуға қойылатын негізгі талаптар:
- түрлі мүмкіндіктері бар балалардың барлығы білім беру ортасына қосылғанда өздерінің мүмкіндіктері шектеулі екендігін сезінбеулері керек.
- Қандай да бір көрсеткіштері бойынша балаларды топтарға бөлмей, біріктіріп оқыту.
- Мүмкіндігі шектеулі балалар өз жастарына сай құрбыларымен бір сыныпта оқытылады.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды нә тижелі оқ ыту мен тә рбиелеу ү шін арнайы жағ дайлар жасау.
Яғни, инклюзивті білім беру жаңа жүйе болып табылады, онда оқ ушылар мен педагогтар – «барлық балаларға сапалы әрі қолжетімді білім беру» - деген жалпы мақсатқа ұмтылады.
Заманауи педагогикада интеграциялау процесінің дамуына білім берудегі жаңа құндылықтардың пайда болуы үлкен әсер етті. Білім саласындағы құндылықтар, әлеуметтік жүйе ретінде, адам мен қоғамның дамуына жағдай жасайды. Білім беру жүйесі оқушылардың қажеттіліктерін қамтып, білім алып, құқықтарын қорғай алуға көмек береді. Мұның барлығы жалпыға білім беру жүйесінен шеттетілген балалардың топтарына бағытталған мемлекеттің білім беру саясаты. Инклюзивті білім беруді іске асырудағы қажетті көрсеткіштердің бірі – білімнің сапасы. Мұнда білім алу құқығы тек қолжетімділік ғана емес, сонымен қатар балалық шақтан үлкен болғанға дейін білім алу процесіндегі әр адамның жетістіктерге жетуі.

1.2. Инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеттері


Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.


Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала – біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.
Елімізде инклюзивті білімнің нашар дамуы ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекттік білім бағдарламасында сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және екі кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР-да 2015 жылға қарай инклюзивті білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25% қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасау 30%, 2020 жылға қарай 70% ұлғаяды. Инклюзивті біліммен қамтылған балалар үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 50% құрайтын болады.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.
Міндеті: әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;
· олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез- құлық қалыптастыру;
· мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз ету;
· балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау ұйымдастыру;
· баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;
· көңіл – күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі:
1. Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына директордың бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар бөбекжайға қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау жүргізеді.
2. Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі баламен жеке дамыту, түзету жұмыстарын жүргізу.
3. Жұмыстың мектепке дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі ұйымда оқу іс-әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, топ тәрбиешілері мектепке оқуға даярлауды қарастырады.
4. Әлеуметтік тәрбие жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, ата-анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайды, яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары арасында ерте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамгершілік бағыттарының қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының қасиеттеріне бақылау жүргізеді.
Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар
· Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.
· Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.
· Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.
· Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.
· Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы;
· Инклюзивті білім берудің көпаспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.
· Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;
· Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.
· Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.
· Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.
· Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.
· Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.
· Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата - анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым - қатынас қалыптастыру.
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді.
Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы.
Объективті қиындықтар: материалдық техникалық базаның төмен болуы. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту процесінде жеке дара тіл табудың қиындығы. Мамандарға арналған кабинеттердің жетіспеушілігі. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге біліктілігін арттыру курстарының ұдайы жүргізілмеуі. Қазақ тілінде оқытатын педагог-дефектологтардың жетіспеушілігі, ауылдық аймақтарда арнайы мекемелер үшін тифлопедагогтар мен сурдопедагогтар, логопедтер санының жетіспеушілігі күрделі мәселе болып қалады.
Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары
· Мүгедектік мәселені қоғамда түсіну;
· Қатарластарымен қарым- қатынас;
· Толыққанды білім беру;
· Қоғамға кіріктіру және бейімделу;
· Мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу.
· Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;
· балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру;
· Әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау.
· Даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету.
· Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау.
· Ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал- жабдықтармен толықтыру.
· Инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата- аналарды қатыстыру.
Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік жасайды.
1 нұсқау: Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.). және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады.
ІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша білім алады.
ІІІ нұсқау: Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы,ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке. Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.
Бөбектерге тәрбие алу үшін, еліктейтін дұрыс үлгі қажет.
Бір нәрсені дұрыс жасау үшін, бірнеше рет қайталап көрсетуге болады,бірақ ол мұны өзімен жасты балалар жасағанын бір рет көріп, есіне сақтап, көргенін қайталап жасай алады.
Өмірдегі түрлі жағдайларға даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың физикалық және әлеуметтік бейімделуіне, өмірге деген құштарлығы және дертпен күресуі - қоршаған ортаға меншікті қажеттілік түйсігімен байланысты.
Балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету- әлеммен байланыстағы бөгеттердің жойылуына және қоғамда шоғырлануына себепкер болады.
Мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты біріншіден, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың түрлі бағдарламаларына тең рұқсат алуын қамтамасыз ету, екіншіден, даму мүмкіндіктері шектелген балаларға тең қол жетімділігіне жағдайлар жасау.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру;
- Мектепке дейінгі ұйымға қатынасуға мүмкіндігі шектеулі балаларды жеткізетін көліктің болмауы;
- Оларға оқыту мен тәрбие беру үрдісі арқылы қол жетімді білім берілуде, алайда мемлекеттік тілде оқу әдістемелік құралдардың жетіспейтіндігі өзекті мәселелердің бірі болып отыр;
Біздің мүмкіндігі шектеулі балалар да өзге балалардай балабақшаларға қатысуы керектігіне көзіміз жетті.
Олар өзге балалардай балабақшаға толығымен төселіп кетуі мүмкін емес шығар. Ол оқып немесе санап үйренбес, дегенмен ол өмірдегі басқа да маңызды дербес дағдыларды иемденеді.
Біз, балалар үшін, бала өз әрекетінің қатысы мен керектігін сезінетіндей, жағдай жасауымыз керек.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл?
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан - дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу - белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы.

1.3. Бастауыш сыныпта инклюзивті білім берудің жолдары мен әдістері


Инклюзивті топтардағы бастауыш сынып оқушыларына білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда оқушылардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту оқушылардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың жағдайлары да өзгереді. Сабақтың нәтижелерін талдау ең маңызды кезеңі болып табылады, себебі мұғалімге оқушының, жалпы сыныптың жылжытылуын толықтай қадағалауға және оқушының немесе өзінің қызметін дұрыс қалыпқа өзгертулерді енгізуге мүмкіндік береді. Талдаудың нәтижесінде әрбір оқушы өзінің алдағы оқытудағы жауаптылығын сезінеді. Талдау үстінде мұғалім келесі ақпараттарды алады:


- Орындау кезінде қиыншылық туғызған тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды өзгертудің және жетілдірудің қажеттілігі;
- Жеке оқушыға немесе бөлек топқа тақырыпты зерделеуге көмектесудің мақсатқа сәйкестігі;
- Болашақта оқыту процесінің нәтижелілігін жоғарлату үшін оның мазмұнын өзгертудің қажеттілігін және оқыту процесінің күшті және әлсіз жақтарын;
Талдау кезінде ең бастысы оқушының қандай кезеңде болып жатқаны туралы мәліметтердің түсуі, оның оқыту мақсатына жетудің қиыншылықтары мен жетістіктеріне назар аударылады.
Мұғалім оқу мәліметтері қаншалықты түсінікті екендігін білу үшін жұдырықты пайдалануды сұрайды. Жұдырық мынадай мағынаны білдіреді:
«Мен ештеңе де түсінген жоқпын», ал бес саусақтың көрсетілуі : «Маған барлығы түсінікті» деген мағынада. Яғни оқушылар аңғару деңгейіне байланысты 1,2,3 немесе 4 саусақ көтере алады. Бұл мәліметтерге сүйене мұғалім келесі сабақты оқушыларға түсінікті болатындай етіп түзетеді. Жауаптардың шындығын дәлелдеу үшін мұғалім оқушыны тақтаға шақырады, айтылған мәліметтерді жұдырық көтерген оқушыларға, 1-4 дейінгі саусақтарды көрсеткен және басқа да оқушыларға түсіндіруді сұрайды.
Бұл техниканы мұғалім бүгінгі сабақта оқушы материалды қаншалықты түсінгенін және оқушы оны бағалау үшін қолданады. Көліктің алдыңғы әйнек аналогиясын қолдана отырып, оқушылар келесі нұсқалардан олардың не білетінін нақты анықтайды: Таза- Мен түсіндім! Мен бұл мәліметтерді толықтай түсінемін. Бұлдыр - Мен бұл мәліметтің көбісін түсіндім, бірақ түсінбеген заттар да бар. Лас - Мен түсінбедім! Бұл техника оқу процесін жалғастырудан бұрын маңызды немесе шамалы мәселенің бар екендігін көрсетеді, яғни оқу процесіне елеулі немесе шамалы өзгертулерді енгізуді талап етеді.
Мұғалім оқушыларға жасалып жатқан жұмыстың материалдарына өзінің ойын білдіртуге және белсенді талқылауға мүмкіншілік береді.
1. Қақ ортасынан бетті екі бөлікке бөлу. Сол жақтағы бөлімде оқу процесінде болатын оқу материалдарынан кескіндер немесе қысқа сөйлемдер беріледі. Ал оң жақтағы бөлімде оқушылар сол жақтағы бағанда берілген сөйлемдерге өзінің пікірін жазады.

2. Оқушыларға оң жақтағы бағанда не жазу керек екендігін түсіндіру, мысалы, «сол бағандағы жазылған сөйлемдерге өздерінің ой-пікірлеріңді, бұл сөйлемдерге қатысты өмірде болған жағдайларыңды жазыңдар немесе болжамдарыңды жазыңдар.» Бұл техника оқушыларға оқу материалын түсінуден басқа, оны есте сақтауға да көмектеседі.


Оқытушы бөлменің бір бұрышын төбеден еденге дейін қара түсті қағазбен жабады. Бұл қабырға граффити үшін арналған деп айтады. Бұл қабырғада түрлі түсті бормен 25 граффити тек өзінің дәптерінде тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар ғана сурет сала алады. Бұл техниканың тиімді әсерінің бірі болып оқушылар өздерінің нәтижелерін визуализациялауға және жазу дағдысын нығайтуға көмектеседі. Қарсы қабырғада керісінше ақ түсті қағазбен төбеден еденге дейін жабады, бұл қабырғада оқушылар өзінің оқу материалынан шыққан қиыншылықтарын , деректерін немесе өз пікірлерін қалдыра алады. Осылайша, алынған ақпаратқа сүйене отырып оқытуды жоспарлауға болады.
Бұл техника екі немесе одан да көп оқушылардан немесе бүкіл сыныптың қатысуымен таныстырылым түрінде қолданылады. Мұғалім екі оқушыны қосып бір-біріне оқу материалдарымен бөлісуді сұрайды. Оқушылар оқу материалын тек түсінуді ғана емес, оны басқа оқушымен өзара аламасуды қажет етеді. Техниканың үлгісіне қарамастан, бұл техника алынған білімді нығайтудан және бағалаудан нәтижелі амалдың бірі болып саналады, одан басқа оқушылардың айту және тыңдау дағдысын күшейтеді.
Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы шеңбер тәрізді пішінге ұқсас тұрады, бұл шеңбер ішкі және сыртқы болып құрастырылады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды, бұл сұрақты ойлауға уақыт беріледі, жауап қарама-қарсы тұрған оқушыға қайтады. Келесі қадам, ол іштегі шеңберде тұрған оқушылар солға қарай қозғалады, ал мұғалім сұрақ қоюды жалғастырады. Осылайша, барлық сұраққа жауап қайтпағанша оқушылар қозғалысты тоқтатпайды.
Оқу жоспарының инвариантты бөлімінің пәндері бойынша бастауыш мектептің 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау – вербалды түрде, ал 2- сыныптан бастап бағалау баллдармен жүргізіледі. Бағалау үдерісінде өз әрекетін бағалай алу маңызды болып табылады. Жұмысты бағалау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:
- жұмысты орындау;
- бағалау критерийлерін жасау;
- белгіленген критерийлер бойынша оқушының өз жұмысын бағалауы;
- сол критерийлер бойынша мұғалімнің оқушы жұмысын бағалауы және тексеруі;
- мұғалім бағасы мен оқушы бағасын салыстыру;
- бағадағы келіспеушіліктерді анықтау.Өзін-өзі бағалау тиімді болуы үшін оқушының мұғаліммен бағалануы қажет, жұмыс бөлігін өзі таңдай алуы керек. Ол бағалау критерийлерін өзі анықтай алады. Мұндай тәсіл бағалау әрекетінде оқушының жауапкершілігін қалыптастырады. Ең алдымен, басқа оқушылардан ерекше, оқушының жеке бас жетістіктері бағаланылады. Оқушы бақылауға алынған тапсырманың күрделілігін, үй жұмысының көлемі
- мен күрделілігін өзі таңдай алу құқығына ие. Мұндай тәсіл кезінде талаптану

деңгейі мен жетістікке жету деңгейінің ара қатынасы мұғалім жұмысының арнайы пәніне айналады. Жаттығуларды сәтті орындағаннан кейін оқушылар күрделі емес, қарапайым тапсырмаларды орындауға кіріседі.


- Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бaр оқушыларды пcихoлoгиялық-педaгoгикaлық қoлдaу мaңызды рөл aтқaрaды. Атaлғaн шарттарды іcке асыру білім алушының өзін еркін cезінуіне, танымдық белсенділігі, oқу мoтивaцияcы деңгейінің aртyынa, эмоционалдық біркелкілігіне ықпал етеді және өз мүмкіндіктеріне cенімі aртaды.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім берумен қатар түпкілікті мақсат – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, тез өзгеретін әлемде өмір сүруге үйрету, өмір бойы оқу. Сонымен бірге, білім беруге ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға білім беруге қатысты ерекше мақсаттары да анықталған:

  • көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау;

  • есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, сөйлеу тілін дамыту;

  • ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі жұмыспен қамтуға дайындау;

  • қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға – толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру;

сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің коммуникативтік дағдыларын меңгеру.
Мұғалім ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың даму ерекшеліктері туралы кешенді пәнаралық білімді, дамуындағы ауытқуларды тудыратын себептер туралы, сондай-ақ жалпы білім беретін әр түрлі пәндерді оқытудың арнайы әдістемесін меңгеру қажет.
Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың оқу үрдісі мен әлеуметтік бейімдеуінің табыстылығы таңдап алған оқу бағдарламаның оқушының танымдық және функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкестігіне және нақты оқу жетістіктерін тұрақты бақылау арқылы қол жеткізіледі.
Балалардың психикалық қасиеттерінің даму деңгейін зерттеуге арналған әдістемелер үш топтамаға бөлінген.
Бірінші топтамада 3-6 жас аралығындағы балалардың психикалық қасиеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу әдістемелері берілген.
Бұл тапсырмалардың басым көпшілігі балалардың саусақтарының майда қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, баланың тапсырманы орындау туралы нұсқауды тыңдап,оның мағынасына түсінуі, өз әрекеттерін ерікпен мақсатты түрде басқара алатындығы,бүтін нәрсенің құрамды бөліктерін қабылдауы,көлемін,пішінін және түрі мен түсін ажырата алуы.
Екінші топтамада 7-10 жас аралығындағы балалардың мектепте оқытуға даярлығын зерттеуге арналған материалдар берілген.Бұл жас кезеңіндегі балалардың оқу әрекетке қажетті есте сақтау тәсілдері қалыптасқа,өзінің тәртібін реттеу дағдысы,саусақтарының моторикасының жетілгендігі,оқу мотивациясының қалыптасқандығы және белсенді пайдаланылатын сөздік қорының жеткіліктігімен сипатталады.Осы аталған және басқа қасиеттері жинақта берілген тапсырмалардың көмегімен бағалап шығуға болады.Балалардың мектепке даярлығын зерттеу барысында бұл жерде берілген тапсырмаларды толық орындату міндетті емес.
Үшінші топтамада балалардың танымдық әрекеттерін дамыту әдістемелері жинақталған.
Ұсынылған тапсырмаларды және осы үлгімен жасалған жаттығуларды үлгерімі төмен балалардың танымдық әрекетін дамытуға болады. Үлгермеушіліктің себебіне байланысты ол балалардың ішінде түзету шараларының көмегімен басқалардың қатарына қосуға болатындары,немесе оларды оқытуды балалар саны аз,бағдарламаны баяу темппен оқытатын теңестіру сыныптарында оқыту қажет болады. Патологиялық ауытқулар ми зақымдалуымен немесе генотиппен байланысты психоз ауруларының байқалуы,психофизиологиялық дамудағы ақаулықтарға байланысты орын алған кемтарлықтардың түрлері орын алғанда,оны комиссиялық зерттеу дәлелдегенде бала арнайы мектептерге жіберіледі. Барлық басқа ауытқулар бойынша мектеп психологы арнайы коррекциялық шаралар көмегімен балалардың дамуын нормативтерге жұмыстарын жүргізеді.
Зейін процесін дамытуға арналған ойындар:
1.«Не өзгерді?» ойыны.
Үстелдің үстіне үш-төрт ойыншық қойып, балаға оларды мұқият қарап шығуға мүмкіндік беріңіз( бір-екі минут).Содан кейін одан теріс қарап тұруын өтініп,ойыншықтардың біреуін алып тастаңыз.Бала бері қарағанда,онда не өзгеріс бар екенін сұраңыз.Ойынды күрделендіруге болады: ойыншықтардың санын бес – жетіге дейін өзгерту,бір-біріне ұқсас ойыншықтарды қою (мысалы,бес ойыншықтың үшеуі бір-бірінен кішкене ғана айырмашылығы бар машиналар), ойыншықтардың ешқайсысын алып тастамай,екеуінін орындарын ауыстыру және т.с.с. Біріне бірі кезектесіп тапсырма беріп ойынды жарысқа айналдыруға болады.
2.«Балық, құс, аң» ойыны.
Бұл ойынға бірнеше адам қатысқан жөн. Жүргізуші (алдымен бұл ересек адам болу керек) кезекпен әр ойыншыны көрсетіп: «Балық, құс, аң, балық, құс ...» Санамақ қай ойыншыда аяқталса (жүргізуші үшке дейін санайды) сол ойынға қатысушы осындай жағдайда құстарды атауы тиіс.
Құс атаулары қайталанбауы керек. Егер жауап дұрыс болса,жүргізуші ойынды жалғастырады. Егер жауап қате болса немесе құстың атауы қайталанса (жауапты кешіктірген жағдайды ойын бұзылған болып табылады), бала өзінің «айып белгісін» жүргізушіге қалдырып ойынан шығады. Ойын бір ойыншы қалғанша жалғаса береді. Бұл екеуі әр «айып белгісін» берген бала не істеу керектігін ортаға салады.
Бұл ойынды әртүрлі вариантта етіп,мысалы балалар гүлдің, ағаштың, жемістің және т.с.с. түрлерін атауын шарт етіп жүргізуге болады.
3.«Шапшаң бол» ойыны.
Зейіннің бір нәрседен екінші нәрсеге ауыстыру қабілетін неше түрлі дене жаттығуларын орындату барысында қалыптастыруға болады. Жаттығуларды орындай отырып, бала психологтың нұсқауы бойынша бір қимылдан екіншісіне жылдам ауысып әрекет жасауы керек: секіру, тоқтау, адымдау.
4.«Үш сайыс»ойыны.
Бұл сайыс балалардың бір іс-әрекеттен екіншісіне алмасуда зейінділігін сақтау қабілетін жетілдіреді.Балаларға алдымен үш-төрт текшеден қарапайым үйді жылдам құру, содан жатқа бір өлеңді оқып беруі керек. Бұл ойынды берілетін тапсырмалар мен жұмыс түрлерін өзгертіп түрлендіріп,бірнеше рет пайдалануға болады. Барлық жағдайда тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен олардың сапасы бағаланады.
5.«Ұқсастық пен айырмашылық»
Балаларға бірнеше заттарды салыстырып, олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын айтып беру ұсынылады. Мысалы: су мен сүт; сиыр мен жылқы; самолет пен поезд; шөп пен ағаш; қайық пен пароход; қыс пен жаз т.с.с. Салыстыруды жеңілдету үшін аталған заттардың суреттерін көрсетуге болады.
Бірінші сыныпта оқып жүрген балалардың ішінде дамуынды дағдарыс бар деп табылғандарының ішінде санасы сақталған, оқу дағдылары төмен деп бағаланған балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстар олардың таным әрекеттерін жетілдіру арқылы оқу мазмұнын меңгере алатын деңгейге жеткізуді көздейді. Сондықтан оқитын балалармен олардың жазу, оқу, жазылған тексттермен жұмыс жасау дағдыларын нығайтуға арналған жаттығулар жүргізіледі.
Балалардың жасына және таным процестерінің даму деңгейіне байланысты коррекция жасауға арналған жаттығуларды іріктеп алғанда ең қарапайымдарынан бастап оларды біртіндеп қиындату керек.
1.«Пирамида» әдістемесі.
Материалдар:төрт бөліктен тұратын екі пирамида. Олардың біреуінің шығырықтары қара түсті, екіншісінікі - түрлі түсті.
Зерттеу мақсаты: баланың көлем мен түр-түсті ажырата білуін анықтау, әрекетінің тиімділігін, қызығушылығының тұрақтылығын, үлкендердің көмегімен пайдалануы, үйрене алатындығын, моторикасының үйлесімділігін бағалау.
Орындау ережесі. Баланың алдына бір түсті шығырықтары бар пирамида қойылып, оған:» пирамиданы жина, шығырықтарды діңгекке тіз» - деген тапсырма беріледі. Бала тапсырманы дұрыс орындағаннан соң оның алдына түрлі түсті шығырықтар қойылып, одан түрлі түсті пирамиданы жинау ұсынылады. Балаға қосымша сұрақтар қойылып, қызыл түсті, көк түсті, сары түсті шығырықтарды тауып алу керек екені айтылады.
Бағалау шкаласы.
Дамуы нормадағы балалар: Дамуында ауытқуы бар балалар түрлі-түсті пирамидаға қызығушылық білдіреді, дегенмен тапсырманың мағынасына түсінбестен пішіндермен өрескіл әрекеттер жасайды,шығырықтарды лақтырып, онымен үстелді ұрып, мақсатты әрекет жасауға кіріспейді. Төрт жастан асқан балалар тапсырманы орындауға тырысады, дегенмен пішіндерді орналастыру ретін дұрыс таба алмайды. Тапсырманы орындау ретін ауызша түсіндіргеннің нәтижесі төмен болады, сондықтан бірнеше рет орындау ретін көрсетіп беру керек. Бір түсті пирамиданы жинағаннан соң түрлі пирамидамен сол амалды орындауға қиналады. Саусақтарының қимылы үйлесімсіз, шығырықтарды екі-үш саусағымен алуға қиналып, кейде екі қолымен ұстайды.
Бағалау шкаласы.
Дамуында ауытқуы бар балалар құрылыс материалдарына қызығушылық білдіреді, ал көрсетілген үлгі бойынша жасайтын фигуралардын мағынасына түсінбегендіктен пішіндермен мақсатсыз әрекеттер жасап,тапсырманы орындамайды. Бес жастан асқан балалар тапсырманы орындауға тырысады, дегенмен пішіндерді үйлесімді орналыстыра алмағандықтан құрылысы құлап қала береді. Тапсырманы орындату үшін оны қалай жасау ретін бірнеше рет қайталап көрсетіп беру керек. Саусақтарының майда қимылы үйлеімсіз, барлық пішіндерді екі қолымен ұстайды.
«Геометриялық пішіндерді тап» әдістемесі.
Материалдар: қатты қағаздан жасалған бірнеш дөңгелек, үшбұрыш және төртбұрыштар. Пішін түрлі-түсті болуы керек. Балалардың геометриялық пішіндерді білуін, түр-түсті ажыратуы, пішіні бірдейлерін табуы, оларды дұрыс атауы, ауызша берген тапсырманың мағынасына түсінуі және үлгіні қайталай алуын бағалау.
Орындау ережесі. Балаға түрлі-түсті геометриялық пішіндер жинағы көрсетіледі.Олар дөңгелек, үшбұрыш және төртбұрыш. Балаға келесі нұсқау беріледі: «Мына жерге барлық дөңгелектерді, мына жерге барлық үшбұрыштарды, ал мыны жерге барлық төртбұрыштарды жинап шық». Бұл тапсырманы орындап болғаннан соң пішіндерді жақсылап араластырып, оларды қызыл, көк және ақ түс топтарға бөліп қою тапсырылады. Тапсырмаларды осылайша бірнеше вариантта орындатуға болады.
Бағалау шкаласы.
Дамуында ауытқуы бар 4-5 жастағы балалар пішіндерді кескініне қарап топтастыруға қиналады, олар түрлі-түсті пішіндермен неше түрлі амалдар жасап, оларды ретсіз топтастырады. Бес жастан асқан балалар тапсырманы орындауға тырысады, пішіндерді үлкендердің көмегімен кескіндеріне жіне түр-түстеріне қарай дұрыс топтастырып шығады.
«Ортақ қасиетін тап» әдістемесі
Материалдар: бір текті заттар салынған.
Мақсаты: баланың зейінділігін бағалау
Балаға көрсетіліп, оның ішінен сөзбен айтылған нәрсенің суретін тауып беру тапсырылады. Карточкада бейнеленген заттардың бір-біріне ұқсас белгілері көп болуы керек. Мысалы: алма, қарбыз, анар, доп, шар, т.б. дөңгелек денелі заттар салынған.
Бағалау шкаласы.
Дамуында ауытқуы бар 4-5 жастағы балалар сөзбен белгіленген заттардың біразын дұрыс табады,ортақ қасиетін табуға қиналады, оларға тапсырманы бірнеше рет қайталап,пішіні қандай екенін айтып бергеннен соң олар дөңгелек екенін пайымдайды.
«Не қайда орналасқан» әдістемесі
Материалдар: неше түрлі ойыншықтар
Зерттеу мақсаты: баланың кеңістікті меңгергенін бағалау.
Орындау ережесі. Баладан өзінің алдындағы заттарды үлгідегі ретпен қоюы:қуыршақ оң жақта,аю сол жақта.Сосын аюды үстелдің астынатығып қойып,орындықтың астынанқағазды алып шығуын,үсті мен астының қайсысы екенін,алға қарай немесе артқа қарай жүрудің не екенін,қорапың ішінде немесе астында не жатқанын анықтау үшін сұрақтар қойылады.
Бағалау шкаласы.
Дамуында ауытқуы бар 4-5 жастағы балалар кеңістіктің атауларын жаңылыстырып, бағытты дұрыс анықтауға қиналады, оларға тапсырманы бірнеше рет қайталап, оң, сол жақ, асты, үсті дегенді қайта-қайта түсіндіріп отыру қажет болады.
Бастауыш сыныптарда мүмкіндігі шектелген балаларды инклюзивті оқыту қазіргі таңда білім беруді дамытудың өзекті бағыттарының біріне айналғандығын айтқым келеді.

ҚОРТЫНДЫ
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .


Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды.
Оқу процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала) оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады.
Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім беретін пән сабақтарында бекітіледі. Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылады, бұл жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуын медициналық түзету, жүйке-исихикалық ауытқуды дәрі-дәрмектік емдеу, соматикалық аурулардың алдын алу кіреді.
Инклюзивті білім беру – бұл барлық балалардың қажеттіліктерін ескеретін және ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беретін жалпы білім беру процесін дамыту. Инклюзивті білім беру балалардың оқу процесіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқыту мен оқудың жаңа бағыттарын дамытуға бағытталған.
Инклюзивті білім беру жалпы білім беретін мектеп мұғалімінен басқа дайындықты, жоғары мамандықты, шығармашылық пен тәжірибені талап етеді. Себебі, баланың психикалық дамуындағы сауатсыздық жеке тұлғаның қосымша ауытқуларына әкеледі. Демек, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арнайы дайындықтан өтіп, қайта даярлықтан өткенде ғана инклюзивті білім беру тиімді болмақ.
Инклюзивті білім беру – бұл балалардың білім алу құқығын және үйде білім алудың негізгі құқығын қамту қағидатына негізделген жалпы білім беретін мекеме жағдайындағы білім беру қызметтерінің жүйесі. Сапалы білімге қол жеткізу үшін жалпы білім беретін ұйымдар оқу жоспарлары мен жоспарларын, білім беру түрлері мен әдістерін бейімдеу, қолда бар ресурстарды пайдалану, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қоғамдық қатынастарда оқыту кезінде жеке білім беру қажеттіліктерін және оқытудың әртүрлі әдістерін қолдануы керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. - Алматы, 1999.


2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Астана, 2013
3. Баймұратова Б.Б., Сәтімбекова М.С., Жұмабекова Ф.Н., т.б. «Балбөбек» бағдарламасы. - Алматы: Шартарап, 2000.
4.Балаларды мектепке дейін тәрбиелеудің және оқытудың жалпы білім бағдарламасы мазмұнының базалық минимумы. - Астана, 2004.
5. Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы.
6. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
7. Мектепалды даярлық бағдарламасы. - Астана, 2002. Алматы, 2001.
8. Татаурова Н.Л., т.б. Мектепалды бағдарламасы. - Алматы, 2001.
9. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2050 стратегиясы.
10. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, БҰҰ-ның Конвециясы 2006 жылдың 13 желтоқсан.
11. Жұмабаев М., Педагогика. - Алматы, 1992.
12. Меңжанова А.К. Мектепке дейінгі педагогика. - Алматы: Рауан, 1992.
13. Мухина В. С. Детская психология. - М, 1985.
14. Мұқанова Б.Ы., Төлеубекова Р.К. Педагогика. - Алматы:Нұрлы-Әлем,2003.
15. Ядэшко В.И., Сохина Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. - А.: Мектеп,1981.
16. Айдарова З.Ш. Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы //09 20 3ж, 46 бет.
15. Жарықбаев Қ. Жалпы психология, 2000
16. Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы. ҚР 2002ж №343 заңы
17. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
18. Республикалық педагогикалық –әдістемелік журнал .Әлеуметтік педагог .№4 2010ж



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет