Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
Эссе
Инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану
Қабылдаған: Омар А
Орындаған: Ратбек А,
Тобы: 1901-11
Шымкент 2023ж
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде бұзылысы бар балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында. (Н.Ә.Назарбаев)
ХХI ғасыр бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Қазіргі қоғамдық инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 11 бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі тек біліммен қана қоймай, өздігі мен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеу ісіне қажеттілік тудыру. Бүгінде еліміз ғылыми – техникалық прогресстің негізгі белгісі қоғамдық ақпараттандыру болатын жаңа кезеңге енді. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, әр педагогтың алдында инновациялық әдіс – тәсілдерді оқып үйреніп, білім беруде ақпаратты технологияны тиімді қолдана білу және үнемі ізденіп, жетілдіріп отыру, жас ұрпақтың білім көрсеткішін сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр. Оқытудың ақпараттық – технологиясы ақпаратпен жұмыс жасайтын арнайы тәсілдер, педагогиялық технологиялық, бағдармалық және техникалық құралдармен кешендер(кино,аудио-видео,телекоммуникациялық желілер және т.б)
Инклюзивті білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту және олардың білім саласында қолдану өте қажет. Нәтижеге бағытталған білім моделі тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. «АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернет кеңістігі; Электронды оқулық Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру; Баланың ойлау қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту. Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады. Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі: Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді; Ақыл - ойын дамытады; Шығармашылық белсендігін арттырады; Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; Тіл байлығын жетілдіреді; Жан - жақты ізденушілігін арттырады. АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Мұғалім оқушылардың компьютерлік сауаттылығына сүйене отырып, оқытудың әдіс тәсілдерін қолданады. Бұл үшін біріншіден оқытудың сапасын көтеруге, екіншіден компьютерлік сауаттылықты дамытуға, оқушылардың компьютерлік мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады. Компьютер бұл оқуды ұйымдастыру және маңызды мәселелерді шешудегі жан – жақты оқыту құралы. Сондықтан да ол дәстүрлі оқытуды кең мағына шеңберінде енгізуді көздейді. Оқу үрдісіндегі компьютерді қолдану міндеттері: 1. Оқу үрдісіндегі кейінгі байланысты қамтамасыз ету 2. Оқу үрдісін көрнекіліктермен қамтамасыз ету 3. Кең таралған білім көздерінен ақпаратты іздестіру 4. Оқу үрдістерін немесе құбылыстарын құру 5.Жеке және топтық жұмыстарды ұйымдастыру Компьютер білім беру саласында әр түрлі қызметтерді атқарады; а) оқыту пәні ретінде; б) педагогикалық меңгеру жүйесінің компоненті ( сыңары) ретінде; в) білім беру мекемелерін басқарудың сыңары ретінде; г) ғылыми – педагогикалық қызмет құралы ретінде; Оқыту құралдары негізінде компьютерді пайдалану тәсілдері әр түрлі: топпен немесе жеке жұмыс. Инклюзивті білім беруде компьютерді қолдану мен оның бағдарламаларына жетекшілік етудің негізгі аспектілері: Психологиялық – берілген бағдарламаны оқуға ынталандыруға қалай әсер етуін, қызығушылығын жоғарылату немесе төмендету оқушыларға өз күшіне сенімсіздік тудырмауға әсер етеді. Әдістемелік - бұл бағдарлама оқушының материалды озық меңгеруін және материалдың методикаға сай берілуін қамтамасыз етеді. Инклюзивті білім беруде – жаңа ақпараттық технологиямен жабдықталған компьютермен өтетін сабақтардың методикаға сай берілуін қамтамасыз етеді. Адам өзін қоршаған әлемдегі ақпараттардың 90 пайызын көру жүйесі арқылы алады. Ал есту арқылы тек 9 пайызын және 1 пайызын иіс сезу мен дәм сезу арқылы қабылдайды.- дегендей адам барлық әлемді сезім мүшелерінің көмегімен таниды, ал қабылдау мүмкіншіліктері әр түрлі болады. Сезім мүшелеріне әсер етуші ақпараттық қор бейне(көру), аудио - бейне (есту мен көру), аудио есту құралдары болып бөлінеді. Инклюзивті білім беруде оқыту мен тәрбие беру үрдісінде техникалық құралдарды пайдаланудың мақсаты - балалардың бағдарламаға сай материалдарды терең білуіне, ғылым мен техниканың негіздерін түсінуі арттыруға жоғары дәрежеде үлес қосу. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз. Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай: • Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. • Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады. • Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту. Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |