Инклюзивті білім бойынша педагог ассистенттің қызметі мен міндетінің басты қағидаларын көрсетіңіз. Өзініздің мекеменіздегі қызметіне сай мысал келтіріңіз
Байланысты: Инклюзивті білім бойынша педагог ассистенттің қызметі мен міндетінің басты қағидаларын көрсетіңіз
Инклюзивті білім бойынша педагог ассистенттің қызметі мен міндетінің басты қағидаларын көрсетіңіз. Өзініздің мекеменіздегі қызметіне сай мысал келтіріңіз. 2019 жылдан бастап білім беру басқармасының ұйғарымымен мектептерге жаңа маман иесін тағайындау туралы шешім қабылданды. Ол маман – педагог-ассистент. Бұл мамандық бойынша педагогикалық білімі және арнайы педагогикалық білімі бар маман жұмыс істей алады. Педагог-ассистентті ПМПК тағайындайды. Бірақ барлық ерекше білімді қажет ететін балаларға тағайындай бермейді. Қандай балаларға педагог-ассистент тағайындалады? Педагог-ассистент мынадай бұзылыстары бар балаларға бекітіледі:
-партада отыра алмайтын, ары бері жүре беретін, сыныптан шығып кету қаупі бар;
-өздігінен сабаққа дайындала алмайтын, керекті оқу құралдарын таба алмайтын, сынып жұмысына қатыса алмайтын, жазу, оқу қиындықтары бар;
-мінез-құлқында бұзылыстары бар, өзімен-өзі отырып айқайлайтын, жылайтын, жанындағы балаларға кедергі келтіретін, дәптер, оқулықты жыртатын, мұғалімге кедергі келтіретін (сөзін қайталап, жанына жақындаса ұрып, заттарын ақтарып т.б.), түкіретін, терезеге, үстел үстіне секіретін, партаның астына кріп жатып алатын т.с.с ерсі қылықтары бар.
Осы аталған балаларды мектеп ережесіне, сынып тәртібіне бейімдейтін, оқу үрдісіне қатысу дағдыларын үйрететін адамның болғаны қажет. Міне осы жұмысты атқаратын педагог-ассистент.
Егер баланың мінез-құлқында айқын бұзылыстары болмаса, тек оқу үрдісінде проблема болса, онда педагог-асситент бірден баламен сыныпқа кіріп отырады. Ал егер балада мінез-құлық бұзылыстары болатын болса, бірден сыныпқа кіруге болмайды. Баламен жеке жұмыс жүргізіп алған жөн. Ол жұмыс психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинетінде жүргізіледі. Бұл жағдайда ең алдымен баламен қарым-қатынас орнатып алу маңызды. Педагог-ассистенттің нұсқауларын, оның үйреткен тәртіп ережелерін орындау. Оның ескертулерін құлақ түріп тыңдай білуге және ұсынған тапсырмаларын қабылдап, орындай білуге үйренуі тиіс. Өйткені жеке сабақта педагог-ассистентпен үйренген дағдыларын бала жалпы сыныпта қолдана білуі керек. Педагог-ассистент балаға тәртіп ережелерін құрастырады. Сабқата отыру тәртібі, мектеп ішінде жүру, балалардың ортасында өзін ұстау ережелерін балаға күнделікті айтып, визуалда түрде көрсетіп отыру арқылы оның бойына сіңіру қажет. Ереже міндетті түрде күнде оқылады, айтылады. Осылайша бала мектептегі тәртіпті ұстануға дағдыланады.
Ережелерді орындауға машықтана бастаған баланы біртіндеп сыныпқа апаруға болады және жеке сабақта үйренген ережелерді сыныпта көрсетуін педагог-ассистент қадағалайды.
Педагог-ассистенттің ендігі мақсаты бала мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасты орнату. Өйткені педагог-ассистент оқушының жанында уақытша жүрген көмекші. Ол баланың сыныпта өз бетімен отыруына, сынып жұмыстарына өз бетімен қатыса алуына, мұғалімді тыңдап, оның көмегін, мадағын қабылдай білді үйренуіне барынша күш жұмсауы керек. Оның басты мақсаты - балаға керексіз болып қалу.
Педагог-ассистенттің міндеттерінің бірі мұғалімге баланы қабылдауға көмектесу. Мұғалім бұрын соңды бұндай баламен жұмыс жасап көрмегендіктен бойында қорқыныш, үрей, абыржу сынды сезімге түседі. Сол сәтте жанына қолдау көрсететін, бағыт-бағдар беретін немесе бірлесе отырып мәселені шешетін адам табылса, көңілі орнына түсіп, қорқынышы сейіле түсетіні анық.
Педагог-ассистент мұғалімге алдын ала, сабақтан бұрын немесе жұмыс соңында келіп, алдын ала келер сабақтың жоспарын, тақырыбын, қолданылатын құралдар мен тапсырмаларды талқылайды. Ондағы мақсат балаға берілетін ақпаратты өзгерту, жеңілдету, қысқарту. Осы жайттарды талқылағаннан кейін педагог-ассистент тапсырмаларды, қолданылатын құралдарды дайындап, мұғалімге алып келеді. Сабақ барысында мұғалім балаға даяр тапсырмалар мен құралдарды ұсынады. Педагог-ассистент емес, МҰҒАЛІМ! Яғни бала үшін сыныптағы ең басты адам ол - мұғалім. Қандай шешем болмасын, ол мұғалімнен келу керек. Мұғалім баланы шеттетпеу крек, «ол менің оқушым емес, педагог-ассистенттің оқушысы» деген түсінік болмау керек. Егер мұғалім осындай көз-қараспен қарайтын болса, онда оның ұстаздық құзіреттілігінің жоқтығы, бір сөзбен айтқанда «МҰҒАЛІМ» деген атқа лайықсыз адам болып есептеледі.
Қандай бала болмасын алдыңызда отырған - сіздің оқушыңыз!
Педагог-ассистент сабақ барысында балаға көмектесе отырып, үнемі баламен мұғалім арасын байланыстырып отырады. Мұғалімге баланың жауап беруге дайын екенін немесе тапсырмасын аяқтағанын ыммен білдіріп, мұғалімнің жанына келіп баланың жұмысын көруін қадағалайды. Керісінше мұғалім ыммен педагог-ассистенттен оқушының қаншалықты тапсырманы орындай алып жатқанын, қаншалықты жауап беруге дайын екендігін сұрап біліп отыру қажет. Оқушыға тапсырманы орындап болғананын, жауап беруге дайын екендігін мұғалімге білдіру үшін қол көтеруге үйретеді. Сыныптан шығу үшін, кіру үшін үнемі мұғалімнен рұқсат сұрауға дағдыландырады. Егер баланың сөйлеу тілінде бұзылыстары болатын болса, карточкалар қолдануға үйрету керек. Карточкаларда бейнемен немесе жазумен баланың қажеті көрсетіліп тұру тиіс. Бала айтқысы келгенін карточканы мұғалімге көрсету арқылы жеткізеді. Осылайша мұғалім оның не талап етіп тұрғанын түсінеді.
Мұғалім міндетті түрде сабақ барысында ерекше білімді қажет ететін балаға кем дегенде екі рет назар аударып, оны тапсырманы жақсы орындағаны үшін, тіпті болмаса жақсы отырғаны үшін мадақтап отыруы қажет. Сол арқылы баланың сабақ оқуға деген, сыныптастарының ортасында отыруға деген ынтасынеселей түседі.