ИННОВАЦИОННЫЕ ПОДХОДЫ К ОБУЧЕНИЮ И ВОСПИТАНИЮ
PROSVESHENIE.KZ
95
арқылы (суреттер, схемалар, фотолар, кинограммалар, бейнемагнитафон жазбалары т. б.) оқытушының
бейнелі сөзі (баяндау, түсіндіру, талдау, бұйрық сөздер және т. б.) қозғалыс тәсілінің қиын эементтерін,
қимыл-әрекеттерді іштей қайталау (ойша) кдемоторлық қайталау деп. аталады. Көрнекілік принципті
қолданғанда әрбәр адамның жетекші анаоизаторы қайсы екенін ескеру керек. Бір оқушыда жетекші көру
аналізаторы болуы мүмкін. Көрнекілік принципін қолдану сипати үйрену кезеңіне, жасына және
жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл принцип түрлерін кеі пайдалану сабаққа ынталықты
арттырады, тапсырманы түсіну және оны орындауды жеңілдетеді.
Жүйелік принципі.
Дене қуаты (дайындығы) қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі ақсы нәтиже тек дене тәрбиесі
жаттығулардың жүйелі орындағанда ғана болады. Жүйелік – сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол
арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеу. Сондықтан да жүйелік принципін
қолданғанда өткен сабақтың ізін, өтіп жатқан сабақтың әсері басып, толықтырып жату керек.
Қортындысынгда көп сабақтардың әсерлері қосылып, кумулятивтік әсер (жаттығушы организмінің берік
бейімделу процесі) пайда болады, машықтану дайныдық деңгейі көтеріледі. Сабақтар белгілі бір жүйе
бойынша жұмыс және тынығу кезеңдерінің алмасуымен өтеді, бұлардың негізінде бір-бірімен байланысты
организмнің болдыру және қалпыне келу процесі жүреді. Бұл жүйе төрт кезеңнен тұрады:
1. Жұмыс кезеңі – бұл кезеңде белгілі-бір жұмыс көлемі орындалады, қозғалысты қамтамасыз ететін қуат
көзі таусыла бастайды, организмнің жұмысқа дейінгі деңгейге келе бастайды.
2. Жоғары өтем кезеңі. Організм жұмысқа кеткен қуатты аротығымен қалпына келтіреді.
3. Редукциялық кезең. Күш түсіруден кейінгі ұзақ демалыста организмнің жұмыс қабілеттілігі бастапқы
деңгейге келеді.
4. Жұмыс қабілеттілігін жақсарту кезеңі. Жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін жаттығу сабақтары
арасындағы демалысты екі күннен әрі созбау керек. Өткен сабақтың әсері толық жоғалмай тұрғанда келесі
сабақ өтілуге тиіс.
Реттілік принципі.
Қимыл -әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық
ережеден тұрады. Жеңілден-қиынға, қарапайымнан-күрделіге, меңгерген қимыл әрекетке. Бұрыннан
қолданылып келген қимыл ептілігі мен енді ғана үйреніп жүрген қимыл ептілігін, бір-бірімен қауыштыра білу
керек. Дене тәрбиесі процесінің бір әдістемелік ерекшелігі жаттығулардың сабақтастығын қамтамасыз ету,
яғни оқу материалын жоспарлағанда өткен сабақтың мазмұны келесі сабақпен жалғасып жату қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Е. Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет
2. Т. Ш. Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы 2002ж. 99-101 бет.
3. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
4. П. Сабыров "Оқыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.
ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ФИЗИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ
Жаманшина Каракоз Сайлановна
Алматы индустриалды колледжінің
физика пәнінің оқытушысы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту - Қазақстан
дамуының басым бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында «оқыту үдерісіне қазіргі заманғы
әдістемелер мен технологияларды енгізу, қазіргі заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,
электронды оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық
байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске
асырылуда. Жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі ерекшеліктері – білім алушыға өз бетімен немесе
бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне
сын көзбен қарауға және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық –ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында білім алушыға білім мен білік дағдыларын игертіп қана қоймай,
қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай
білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.
Жобалап оқыту технологиясына тереңірек үңілсек, дәстүрлі сабақ беру жүйесінде білім алушыны тұлға
ретінде қалыптастыру мүмкін еместігіне көз жеткіземіз. Жобалап оқыту технологиясы педагогтың
интеллектуалдық, кәсіби, моральдық, рухани, азаматтық және басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастырып
отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оқу барысында білім алушыны өз бетімен
іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім
қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. 21ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің
СОВРЕМЕННЫЕ ИННОВАЦИИ В ОБРАЗОВАНИИ
96
дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту. Ол білім алушылардың неғұрылым
өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Білім алушылардың
зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екен
бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Бұл технология
әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда "cooperative learning" - бірге үйрену деген
мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы - білім
алушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау
технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның
негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы-
Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің
ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл
технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі
үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп,
тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз титік үлгісі" - деген үлкен Хилпатрик.
Кеңес үкіметі кезіндегі мектептердегі жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде
сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ -та, Канадада, Англияда, Австралия және Жаңа Зеландияда ол кеңінен
таралып жатты. Европанын да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады. Әрине, уақыт
өткен сайын бұл технологияда бірқатар өзгерістерге ұшырап отырады. Еркін тәрбиелеу ойынан туындаған
жобалау әдістемесі біртіндеп "тәртіпке бағынып", білім беру әдістемесі құрамына табыс пен еніп отыр.
Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек-білім алушының білім алуға және сол білімін
мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету. Жобалау
технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – білім алушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен
жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және
сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы білім алушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі
қоғамдық ортада өзін қзі көрсете білуге бейімдеу Егер білім алушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып,
жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі
жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт
- бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, білім
алушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі
мәселелерді шеш білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалау технологиясы негізінде - білім алушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын
шығармашылық жұмыстар жатыр. Білім алушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарғыда
айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.
Жоба жұмысы кезеңдері.
Жұмыстың мазмұны.
Мұғалімнің тәрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-әрекеттері.
Білім алушылардың іс - әрекеттері.
1. Дайындық кезеңі «Жоба тақырыбын анықтау»
Бір бағыт төңірегінде білім алушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы әрбір білім алушының
пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді. Әр білім алушы өмірлік тәжірибесіне (егер ол болса),
сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның мақсаты анықтайды.
2. Жоспарлау. Топқа бөлу.
Ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Білім
алушыларды өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Әрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық
талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Білім алушылардың жобасы бойынша
күнделігін тексереді. Топ арасында әркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау
жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап, бірінші нәтижеге жету уақытын белгілейді. "Қоғамдық" тапсырманы
орындауға дайындығын көрсетеді.
3. Зерттеу жұмысы.
Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары:сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі
ақпаратты талдау. Білім алушы күнделігін бақылап, әрбір жетекшісімен топ мүшелерімен жеке - жеке сөйлесу,
талдау, нәтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру. Жеке және жұптық жұмыс, анкета
сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдар мен қарым қатынас қалыптастыру.
Білімін әр пәндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашлық, белсенділік,
талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.
4. Нәтижені талқылау.
Ақпаратты талдау, шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау. Бақылайды, кеңес береді.
Топ ішіндегі жеке білім алушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне
деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келгетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудиовидо техниканы
жабдықтайды. Топ арасындағы әркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп
жазады. Проблемаларды сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.
5. Жұмыстың тұсау-кесері.
ИННОВАЦИОННЫЕ ПОДХОДЫ К ОБУЧЕНИЮ И ВОСПИТАНИЮ
PROSVESHENIE.KZ
97
Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, білім алушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Алынған
нәтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мәнерін ескере отырып, бір-бірінің ойларын
жалғастырып отырады.
6. Бағалау және жоспарлау.
Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдыңғы үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымда
талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс жоспарын құрады.
Технологиядағы жобаның түрлері:
Ғылыми жоба;
Шығармашылық жоба;
Ойын түріндегі жоба;
Ақпараттық жоба және т. б түрлері бар.
Мерзіміне қарай қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоба болып бөлінеді.
Сонымен, білім алушыларға дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-әрекет жасай
алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі болып табылады. Нақты тақырып төңірегінде
білім алушының алдында әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті.
Конфуцийдің «естігенімді-ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын, өзім істегенімді – меңгеремін» - дегені бұл
технологияның негізгі ұстанымы.
Физика сабағында жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсатым – білім алушылардың
қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыс жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық
бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы білім алушыны
болашақта әр-түрлі жағдаяттарда, әр-түрлі ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер білім алушы жоба
тақырыбын дұрыс таңдап, оны дұрыс жоспарлай білсе және оны орындай алса, ол болашаққа дұрыс
бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр-түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр-түрлі
адамдармен тіл табыса отырып әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
Сонымен жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, білім алушыны ізденіске,
іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге,
тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеу.
Осы жобалау технологиясын қолдануда білім алушыға берілетін 10 бағыт:
Өз бетімен ойлану
Өз-өзіне сұрақ қою
Айналасындағы адамдермен пікірлесу
Кітаптан қарау
Интернеттен қарау
Бақылау
Материал жинау
Қорытынды жасау
Презентация
Рефлексия «соңғы сөзі»
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқу процесі білім алушының жаңаша
ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде
өздерінің кәсіби потенциялдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы білім алушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және
компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың
тиімділігі жоғары деп есептеймін.
Қорыта айтқанда, интегралдық жобалау әдісінің ғылыми тұрғыда артықшылығы жеке тұлғаның
шығармашылық қабілеті, танымдық белсенділігі, өзіне сенімі артады, қосымша материалдарды қолданады.
Мектептің ақпараттық – білім кеңістігін дамытудың төмендегідей артықшылығы бар:
Әдістемелік – оқу-тәрбие процесіне қатысушылар өз уақытын өз өз тармағына сай пайдаланады. Құжаттармен
жұмыс істегенде уақыт үнемдейді.
Ақпараттық – жаңа бағдарламаларды, жаңа ақпараттық технологияларды үйренуге мүмкіндік алады.
Байланыстылық – оқу процесіне қатысушылар: әкімшілік-мұғалімдер, білім алушы-ата-ана арасындағы тығыз
байланысқа мүмкіндік туады.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей қорыта келгенде өз сабағымда жаңа технология
әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екендігіне көз жеткіздім:
Білім алушының оқуға деген ынтасы артады
Әр білім алушының жеке қабілеті айқындалады;
Үлгерімі нашар білім алушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
Жақсы оқитын білім алушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
Әр білім алушы өздігінен ізденуге, жұмыс істеуге дағдыланады;
Білім алушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, білім алушылардың шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар
саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы
СОВРЕМЕННЫЕ ИННОВАЦИИ В ОБРАЗОВАНИИ
98
қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақ
өкілдерін дайындай аламыз.
Демек, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден –бір жолы. Оқыту
үдерісінде білім алушылардың білім қорын молайтуға, белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін
жетілдіруге көмегі бар.
Физика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан ізденген
ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Қазақсан Республикасының 2010 жылдарға дейінгі стратегиялық даму жоспары. – Астана, 1997.
2 Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңы. // Егеменді Қазақстан 2007
ж. 15 тамыз, № 254. – 256 б.
3 Қараев Ж. А. Оқытудың компьютерлік технологияның дидактикалық заңдылықтары. // Информатика,
физика, математика. 1993. № 4. -3-7 б.
4 Исаева Г. «Ақпараттық технологиялар және білім сапасы» //Қазақстан мектебі, №7, 2008. –Б 47-48.
5 Өнербаева З. О. Компьютер арқылы интернет желісінен химиялық мағлұматтар мен ақпараттар алу
мүмкіндіктері. «Экология, өлкетану және туризмнің географиялық проблемалары» атты халықаралық
ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. 12-13 мамыр, 2014 ж. 71-74 б.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Ілесбеков Жолдасбек Құрасбекұлы
Алматы индустриалды колледжінің
дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы
Елбасы Н. Ә. Назарбаев әрбір жылғы халқына арнаған жолдауында: «жедел дамып келе жатқан ортада өмір
сүруге қабілетті; ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастырған;
шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап өткен болатын.
Бүгінде білім - қоғамның әлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық және рухани дамуының стратегиялық
бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі.
Оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін
арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде
қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен білім алушыларға өз бетімен және бірлесіп
шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану білім
алушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін
арттыруға көмектеседі.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы
мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен
тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене
тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа
байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің
жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық
қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды
меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі
саласындағы кәсіптік бағытта болашақ оқытушыдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу
орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу
бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бәрінде мектеп білім алушыларын
қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын
тапсыруға арналған шарттар көрсетілген. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс
дайындығының деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие,
сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар
енгізіп, өзгерте алады. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір
жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын
көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін
меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық
қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының
міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі
өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен
көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс
енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні,
шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, білім алушылардың дене тәрбиесін
Достарыңызбен бөлісу: |