Исатай аудандық пб-нің бастығы, полиция подполковнигі Д. Бимұхановқа



Дата27.04.2023
өлшемі15,25 Kb.
#87488

Исатай аудандық ПБ-нің бастығы, полиция подполковнигі Д.Бимұхановқа,
Исатай орта мектебі әкімшілігінен
Ұсыныс
Исатай орта мектебінің 10-сынып оқушылары Насыр Жандос Балтабайұлы, Манап Манас Асқарұлы, 9- сынып оқушылары Аққали Қадырәлі Айбарұлы,Камиев Нұрхан 2022 жылдың мамыр айынан бастап мектепішілік есепке,Аудандық полиция бөлімінің 26 қазан күнгі №37-8-64/6594 санды хатына сәйкес профилактикалық бақылау есебіне алынды. Мектептің бақылауында. Былтырғы оқу жылында мектебімізде болған келеңсіз оқиғаларды қайталатпау мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылды. Мектеп психологтары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары бірлесіп жоспарға сай жұмыстар жүргізіп отырды.
Есепте тұрған оқушылар қоғамдық жұмыстарға тартылып, әр балаға қоғамдық жұмыстар жүктелді.Насыр Жандос Балтабайұлы балалар өкілі, Манап Манас мектеп парламентінің мәдени және өнер фракциясының жетекшісі, Камиев Нұрхан «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясының жетекшісі, Аққали Қадырәлі «Құқық және тәртіп» фракциясының жетекшісі болып сайланды. Аққали Қадырәлі балалардың құқықтары негізінде «Мен және менің құқықтарым» атты баяндаманы талқылап дөңгелек үстел, ер балалар арасында « Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» тақырыбында әңгіме сағатын өткізді. Осы тұста мектеп оқушыларының міндеті мен құқықтары, бала құқығы туралы конвенция туралы заңдар таныстырылып, кері байланыс сұрақтары қойылды. Ұлдар кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген шарадаАққали Қадырәлі балалардың құқықтары негізінде «Адам құқықтарын бұзуға жол жоқ» тақырыбындағы лекия оқыды. Мектепішілік МИФ апталығының жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.
Насыр Жандос Балтабайұлы балалар өкілі ретінде «Жақсылық менен басталады» бастамасымен мектепте өтетін әрбір шараларға ұлдарды қатыстырып, өзі де мектепішілік «Ілияс оқуына» қатысып, жүлделі
1 орынды иеленіп, облыстық Ілияс оқуларында Алғыс хатқа ие болды.Апта сайын өткізілетін «Көңілді үзіліс» шарасының жоғары деңгейде өтуіне зор жауапкершілікпен атсалысып отырды. Мектепішілік КТК ойынында ерекше өнерімен көзге түсіп, дипломдарға ие болды. Мектебіміздің 50 жылдық мерейтойында «Махамбет өлеңдерінің композициясы» сахналық қойылымында Махамбет бейнесі шебер сомдап, көрермен ризашылығына бөленді. «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» тақырыбындағы мектепішілік шараның жүргізушісі болды. Апта сайын өткізілетін сынып сағаттарының жоғары деңгейде өтуіне зор жауапкершілікпен атсалысып отырады.
Манап Манас мектептің мәдени өміріне белсене қатысып отырады. «Исатай жастары» КТК командасының белсенді мүшесі. Бірнеше дүркін аудандық ктк сайыстарына қатысып жүлдемен оралды. А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткізілген ашық тәрбие сағатына белсене қатысты. Мектепішілік 8-11 сынып оқушылары арасында КТК ойынын ұйымдастырды.Апталықтардың, үзіліс шараларының өтуіне атсалысып, өз жауапкершілігінің жоғары деңгейін көрсетті.Әкелермен ұйымдастырған «Әке көрген оқ жонар сайсында ептілікпен, білімділікпен көзге түссе, Қазақтың батыр қыз Хиуаз Доспановаға арналған тәрбие сағатына қатысып белсенділікпен көзге түсті
Мектепте өткізілген сынып жетекшілер бірлестігінің «Рух сәруарлары» тақыбындағы онкүндікке белсене қатысқан есептегі оқушылар марапатталды.
Мектеп психологтарымен бірлесе отырып, ата-аналармен «Кедергілерден өту», «Бала- бақытым» тақырыптарында тренинг, сауалнамалар өткізілді.
Қазіргі таңда балалардың сабаққа ынтасы жақсарып, қоғамдық жұмыстарға деген белсенділіктері жоғарылады.
Бірлесе атқарылған іс- шаралар қорытындысымен осы оқушыларымызды есептен шығаруыңызды сұраймыз.

.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет