Ислам заңнамасындағы дәлелдеу теориясы



Дата16.11.2022
өлшемі18,48 Kb.
#50696
Байланысты:
Л11МКко


Ислам заңнамасындағы дәлелдеу теориясы
1. Ислам заңнамасындағы дәлелдеу теориясының принциптері.
2. Дәлелдемелер жауап беруі керек шарттар
Мұсылмандық құқық заң алдында барлық теңдіктің қағидасын уағыздайды [3, б.107]. Мысалы, Пәкістан Республикасының Мұсылмандық Конституциясының 5 бабында (1956 ж.) «барлық азаматтар заң алдында бірдей және заңның барлық қорғанысына құқықты» деп бекітілген.
Әрбір адам қылмысқа айыпталуы мүмкін болғандықтан, оған белгілі құқықтарды қамтамасыз ету керек. Дегенмен бұл құқықтар қоғам құқығымен әділ жазаның қолдануымен өлшенуі керек. Бұл баланс факті дәлелдеудің және қылмыс құрамының бекітілген жүйесімен жетіледі. Сонымен қатар, қылмыстық құқықтың қазіргі заманғы жүйелері ақырғы сот үкімін шығаруды қажет етеді. Факт және құқықтық қорытынды арасындағы барлық қарама - қайшылықтарды минимумға дейін төмендетуді, ал негізінде мүлдем жоғалатын дәлелдемелер жүйеленуі қажет.
Конституцияда бекітілген және мұсылмандық құқықтың дәлелдеме жүйесінің негізі болып айыпталуының кінәсіздігінің презумпция принципі болып табылады. Бұл қылмыс фактісінің дәлелдемесінің ауырлығын және оны нақты адаммен жасалғаны шындықта жатыр деген мағынаны білдіреді.
Бұл ереже құранның келесі бөлігіне негізделеді.
«Егер де кімде - кім өзінің айыпсыздығына төрт куәгерді көрсетпесе, онда оны сексен соққысымен жазаландар», - делінген.

Мұхаммед Пайғамбар: «Дәлелдеме ауырлығы айыбына жатады, айыптыға өзінің кінәсіздігі үшін ант беруі де жеткілікті», - деген.

Мұсылман заң қызметкерлері арасында сот шешімін шығарғанда, дәлелдемелердің қандай түрлеріне сүйенуі керегі жөнінде көптеген соттаудың түрлері бар.

Шафиит, ханифит және ханбалит мектебінің заңшылары куәгер жауаптары дәлелдеме болғандықтан деп есептейді, өйткені Құран көп жағдайда осындай көрсетулер негізгі дәлелдемелерді сипаттайды.

Келесі заң қызметкерлері (Ибн Тайлимя, Ибн ал – Кайум және Ибн ал-Гарс): «Дәлелдемелер тек куәгерлер жауаптарымен шектелмеуі керек», - деп айтады. Олардың ойынша, осындай шектеулер анықталмаған. Олар «дәлелдеу» деп Алла мен Пайғамбардың шындықты айқындауға көмегі бар», - деп ойлайды және солай деп санайды. Сондықтан, айыпшы оның барлық айыптау шындығын (объективті дәлелдеу, заттық дәлелдеу) бекітетін барлық дұрыстықты келтіруі керек.

Бірінші көзқарас жақтаушылары басқа дәлелдеу құралдары тек әкімшіл сипатты құжаттарда қолданылатынын айтады. Осы заң қызметкерлерінің көзқарасы бойынша, осы қылмыстың іс жүзінде дәлелделуі тек айыпталушының кінәсінің мойындағанымен және куәгерлердің жауаптарымен шектеледі.


Мұсылмандық құқықтың дәлелдеу теориясының даулы сұрақтарының бірі боп сот қабілеттігінің дауласуы бойынша өзіндік алдын ала білім негізінде шешім шығаруы болып табылады.
Әкімшілік және жалпы құқық аумағында сот шешімі куәгер жауаптарының және расталған құжат дәлелдеуіне негізделуі тиіс. Бұл соттың ойлауы мен оның өзінің білімдерімен негізделген шешім қабылдауды рұқсат етпеу талпынысымен түсіндіреді. Әкімшілік және жалпы құқықта кейбір кездерде сотқа сотта бейнеленбеген мәліметтерді қарастыру сипатымен және қатысты істерді білгені үшін істі қарастырудан бас тартуды ұсынады. Бірақта бұл принцип барлық мұсылмандық заңгерлерімен қарастырылады. Заң қызметкерлерінің кейбір бөлігі әділдік пен шындыққа жету үшін сотқа оған белгілі осы іс бойынша алдын ала алынған, қосымша мәліметтер негізінде шешім шығаруға тыйым салу тиіс емес деп есептейді.
Осы тақырып бойынша мұсылмандық заңгерлер үш көзқарасты топқа бөлінеді:
1) соттың ісі бойынша (қылмыстық, азаматтық) басқа алынған мәліметтерін қолдануына тыйым салынуы керек;2) соттың қылмыстық және азаматтық іске негіз болатын алдын ала алынған мәліметтерге сүйенуі керек. Осыған байланысты мынадай тезис пайда болады: егер сот бір жақтың кінәлі екенін білсе, онда оны жазасыз қалдыру әділетсіздік болар еді;
3) құранда тек қана алдын ала алынған мәліметтерге сүйене отырып, арнайы көрсетілген қылмысқа үкім шығаруға тыйым салады. Әдетте, жұбайылық опасыздық бойынша мәселелерді қарастырғанда жеке тұжырымға тыйым салынады. Бұның негізі мынамен түсіндіріледі, Пайғамбар былай деп санаған: күдіктінің осы қылмысты істегені жөнінде күдік туса, онда оны жауапкершіліктен босатуын қалаған. Сонымен қатар, егер күдікті кісі барлығын теріске шығарса, онда сот осы тектес қылмыстарға өзінің білімі негізінде үкім шығара алмайды.
Осы тұжырымдарды талқылай отырып, мынадай қорытынды шығаруға болады: исламдық құқықтану сотқа қылмыстық істер бойынша шешім қабылдауға тыйым салынатын тенденция бекітіледі. Исламдық құқық мына шарттар ретін бекітеді, онда айып тағудың негізі болып дәлелдемелер табылады.
Екінші шарт: дәлелдеме өзінің күшін үкім шығарғанға дейін сақтау керек. Егер куәгер өзінің берген жауабынан немесе айыпталушы өзінің мойындауынан бас тартса, онда делелдеме және соның негізінде шығарылған шешім нақты болып табылмайды.
Үшінші шарт: дәлелдемелердің кейінге шегерілуі, не болмаса кешіктірілмеуі керек, я болмаса олардың нақты болып саналмауы тиіс. Осы шарттарды сақтамау дәлелдемелерді жоққа шығаруы мүмкін.
Исламдық заңгерлер істің ұзаққа созылуы жөнінде үш түрлі көзқараста: 1) дәлелдемелер өзінің күшін жойып алмау үшін немесе шүбә келтірмеу үшін, бұл мерзімді бір ай, не жарты жылға созуды құптайды. Ал үшінші жақ: сот алқасы қабылдауға болатын мерзімді өзі анықтайды деген көзқарас пысықталуы мен орын алған дәстүрді еске алып, дәлелдемелердің кешігуіне рұқсат етеді.
Бұл мерзімдер Құранда қарастырылған. Ішімдік ішуден басқа барлық негізгі қылмыстың түрлеріне қолданылуы мүмкін.
Құқықтанушы мектептер ханифиттер мен шафииттер бөлігі былай деп санайды, яғни соттың дәлелдемелерді өзі бағалап және өзі жинауы керек, сонымен қатар оған басқа сот бағыттаған дәлелдемелерді қабылдауға рұқсат етілмейді.
Барлық құқық мектептері сот өзінің сот үрдісінде беретін дәлелдемелеріне сенімді болу керек деген бір пікірде. Сотқа келесі өкілеттілік берілген: дәлелдемелердің сенімділігіне куәгердің жауабын және айыпталушының мойындауына, оның шыншылдығы мен сенімділігіне сенбесе, оларды елемеуге хақысы бар. Үлкен мағыналы дәлелдемелердің түрлері қылмыстық тәжірибеде қолданылады. Исламдық құықтанушылардың көбі дәлелдемелердің басым бөлігімен куәгерлердің жауабына сенеді. Сонымен қатар, дәлелдеме ретінде айыпталушының жеке мойындауы да ескеріледі. Басқа дәлелдемелердің түрлері презумпция деп аталатын жорамалды құрайды.
Исламдық әділ сотта куәгердің жауабы былай басталады: «Куәгерлік, жасаймын... », яғни ол куәгер болып табылатыны және барлығын өз көзімен көргендігі жайында баяндайды. Куәгерге жауап беруіне мәжбүр етпеу керек, бірақ жауап беруден себепсіз бас тартуы діндік міндеттемелерді бұзу болып табылады. Бұл ретте әлеуметтік жағдайда және дінге жатқызылмайтын тәуелсіз құқықтанушы адам шақырылады. Бірақ, басқа діндегі адам дін жайында куәгерлік ете алмайды. Шындықты анықтау үшін куәгер бас бостандығы бар екі еркек адам жеткілікті. Еркек адамның жауабы екі әйел адам немесе екі құл жауаптарымен теңестіріледі. Баласының тууы туралы куәлік ететін жағдайда бір ғана құл әйел ғана куәгер бола алады. Жалған куәгерлік айыбы ашылған куәгер, жалған жауап бергені үшін жауапқа тартылады, ал оның куәгерлік етуі енді бұдан былай тыңдалмайды.
Қоғамдық өмірде куәгер - әр түрлі қоғамдық өмірдегі көріністерді өзіне міндеттеме ретінде мойнына алатын жеке тұлға. Оның отандастарының істерінде сенімді адамы болуы мүмкін, істі қалай жүргізу керек екендігіне кеңес беруіне мүмкіншілігі бар. Ең бірінші барлығы келіскен және ортада сенімге ие адамдар куәгер бола алады. IX-X ғасырлардан бастап куәгерлерге үлкен талап қойыла бастады. Біреулердің айтуы бойынша, куәгерде кади қасиеттері болу керек, басқалары оның қасиеттерімен қатар адамгершілігі болу керек деп санайды. Ал кемшіліктер әр жеке істе назарға алынады, мысалы, соқыр адам бір жағдайларды көргендігі жайында, ал сауатсыз адам оқығандығы жайында айта алмайды. Бірақ барлық куәгер адамдар берік қоғамдық жайдағы адамдар болуы керек деген ойға келеді. Сол уақыттардан бастап, куәгерлер тізімі билік басындағылармен жасалып тұжырымдалды.
Теория мен тәжірибеде куәгердің жауабына келесі талаптар қойылады:
1) куәгер ересек кісі болу керек. Көбінесе, жас баланың жауабы назарға алынбайды, бірақ кейбіреулері кісі өлтіру оқиғасы үрдісінде басқа куәгерлер болмаған жағдайда, жас балалардың жауаптары ескеріледі;2) куәгер ақылды, дені сау болуы керек;3) куәгердің жақсы жады болу керек, өйткені ол түсініп және оқиғаларды есте сақтауы керек. Есте сақтай білу қабілеті нашар болса, онда ол куәгер бола алмайды;4) куәгер сөйлей алатын болуы керек. Кейбір мектептер керең мылқаулардың жауаптарын ескереді, егер ол жауабын қағаз бетіне түсіре алатын жағдайда болса; кейбіреулері мұндай жауаптарды мүлдем жаратпайды;5) куәгердің көзі көре білуі керек, яғни куәгер болып тұрған адамының жағдайын көре білуі керек;6) куәгердің көрегенді болуы керек, яғни өзіне құдайшылдық пен ақылын біріктіре алуы керек;7) куәгер анық жауаптарын беру керек, яғни басқалардың сөзін емес, өз көзімен көрген қылмыстарды айтуы керек.

Куәгерге деген келесі негізгі талаптар: оның ислам дініне жатуы керек, бірақ ханифиттік мектеп мұсылман еместің мұсылманға куәгер болуына рұқсат етеді. Басқа мектептер мұндай тәжірибеге қарсы.


Исламдық құқықта куәгердің берген жауабын жарамсыз деп тануына негіз бар. Олардың арасында қан бойынша туыстарға куәгер болу, дұшпандық қарым қатынастарда болған жағдайда жарамсыз деп жарияланады.
Процессуалдық құқық ерлі-зайыптылық опасыздық ісі бойынша берілген жауаптарға ерекше көңіл бөледі. Біріншіден, кем дегенде төрт сенімді куәгерлер болуы. Егер төрт куәгер болмаса, онда куәгерлер өтірік үшін айыпты болады. Сонымен қатар, барлық айыптаушы куәгерлердің еркек жынысты болуы керек. Бірақ екі куәгер әйел жауаптары бір еркек куәгер мен теңестіріледі.
Сонымен бірге, куәгерлердің жауаптарымен қатар дәлелдің екінші түрі болып, айыпталынушының өзі істеген қылмысын мойындауы арқылы іске асады:
1) мойындау өз еркімен және зерделі нормасына сай өзінің ойын дұрыс жеткізе алатын болуы керек;2) мойындау тек бірмағыналы, анық, түсінікті және ешқандай күдік туғызбайтындай болуы керек; ол соттық үрдіс кезінде айтылуы керек.
Жеке құқықтанушылар былай деп санайды, яғни айыпталушы мойындауын осы іске қанша куәгер керек болса, сонша рет қайталауы керек.
Мойындау сыбайластарына емес, тек қана айыпталушының өзіне қатысты болады. Мысалы, егер еркек адам жұбайлық опасыздық істегенін мойындаса, сонымен қатар, басқа әйелмен қатысы болса, ол әйел кінәлі болмайды. Өйткені, ол әйелге қарсы айып жоқ. Бұл жағдайда тек қана еркек адам кінәлі болады.
Мойындау кінәні білдіреді, егер сот оның шыншылдығына сенген жағдайда, жазаға алынады. Бұл үшін мойындау басқа да пысықтаулар мен сәйкес болуы керек.
Кінәлі әр жағдайда өзінің мойындауынан жалтаруы мүмкін, егер сот шешімі тек қана мойындау негізінде қабылданған болса, мұнда соттың шешімі жарамсыз деп табылады.
Кейбір исламдық құқықтанушылар презумпция деп аталынатын айқын көрсеткіштерге дәлел түрінде рұқсат етіледі.
Презумпция логикалық қорытындыны білдіреді, ол әрекеттен және сонымен қатар пысықтаулардан жасалады. Ол әлсіз (тұрлаусыз), және әлді (негізгі) дәлелдемелер болуы мүмкін. Бірақ дәлелдеме сапасы ретінде ол тек қана жеткілікті сендірерлік болған жағдайда ғана қабылданады. Бұл айқындылық істі анық және белгілі болдыру керек.
Исламдық заңгерлер арасында осы мәселе бойынша әр түрлі көзқарас қалыптасқан. Кейбіреулері презумпцияны жоққа шығарады, демек, дәлелдемені тек қана куәгер жауабы ретінде және мойындау ретінде қабылдайды.
Басқалары айқындылықты қолдануды оқиға ретінде рұқсат етеді. Мысалы, жүктілік ол зорлықтың дәлелі болып табылады, егер әйел адам тұрмыста болмаған жағдайда. Ішімдіктің иісі - адамның ішкендігінің дәлелі.
Сонымен, исламдық қылмыстық құқықта дәлелдемелер жүйесі айыпталушының құқығы мен қоғамның құқығы арасында тепе теңдікке жетуге бағытталған. Қоғам қылмысты түп тамырымен құрытуға мүдделі, екінші жағынан, бір де бір кінәсіз адам азап шекпеуін қарастырады. Адамның құқықтары дәлелсіз кінәлі болуы емес, дәлелдердің нанарлық және анық болуын болжайды.
Исламдық құқық соттың өзіне дәлелдемелерді бағалауына құқық береді. Бірақ нық критерийлерді құрастыру керек. Бүгінде исламдық құқықтың жүйесі, негізгі жаза қағидалары және дәлелдемелер теориясы өзінің логикалық ретін және бағытын қарастыруда. Исламдық ілімді және онда құрылған құқықтық ғылымды әлемнің ғалымдары мен құқықтанушылары әр түрлі қабылдайды. Бұрынғы уақыттарда демократиялық дамыған елдерде және кеңес одағынан кейінгі кеңестік кеңістіктегі елдерде қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында үлкен іскерлік көрсетеді. Әсіресе, ауыр қылмыстық істерді және әр түрлі пайдақорлықтарды болдырмау үшін ислам елдерінің құқық қорғау органдарының тұрақтылықты болуы қоғамға қарсы көріністердің санын азайту болып табылады. Батыстың қоғамдастығымен қаталдық және цивилизациялық емес көрінулер қабылданады. Бұл жәйттерге қай жағынан келсек те, қоғамның құқықтық қатынастарының кез келген жүйесіне сыйластықпен қарауымыз керек. Минималды түрде білу және зерттеу, ал соңында мүмкіндігінше және түсіну.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет