Исмаилова Айнұр, Салыкбаева Айгуль Ең үздік білім беру мектептері



Дата25.03.2022
өлшемі15,16 Kb.
#28743

Инф 20-1
Исмаилова Айнұр, Салыкбаева Айгуль

Ең үздік білім беру мектептері

Дүние жүзі бойынша білім беру жүйесі жағынан алғашқы елдің бірі – Оңтүстік Корея. Мұнда балалар 8 және 10 жас аралығында бастауыш мектепте оқиды. Барлық пәнді бір ұстаз оқытады. Білім беру жүйесінің сатыларына өту емтихан қорытындысымен емес, оқушының жасына байланысты анықталады. Мұнда қоғамдық мектептерден өзге жекеменшік оқу орындары бар. Ол мектептің артықшылығы, білім беру деңгейі өте жоғары. Ақылы мектептер бір оқушыдан айына 130 доллар алады.

Орта мектепті 12-15 жас аралығындағы балалар оқиды. Орта мектептердің тәрбиесі мен талабы өте қатаң. Күнінен 6 негізгі пән 1 мамандандырылған пән оқытылады. Ол пәндер жыл сайын өзгереді. Корея білім беру жүйесінде математика мен ағылшын пәніне баса назар аударады.

Және келесі, сабақты сәуір айында бастайтын елдің бірі – Жапония. Олардың түсінігінше, сәуір айы жаңа өмірді бастау үшін ең қолайлы ай. Мектептері бастауыш, орта және жоғарғы деңгейге бөлінген. Олар бастауыш сыныпта 6 жыл, орта және жоғары сыныпты 3 жылдан оқиды. Білім саласы 12 жылдық, оның 9 жылын кез-келген жапондық оқуға міндетті. Жапония оқушыларына демалыс берілмейді. Олар демалыс уақытының барлығын емтиханға дайындықпен өткізеді. Білім саласында сынақ тапсыру 7-сыныптан басталады. Оқушылар жылына екі-үш рет сынақ тапсырады.

Және келесі, Үздіктер қатарынан табылған Ұлыбритания мектебі. Британдық мектептер «Барлық жерде оқытады, бірақ біз нағыз серілерді тәрбиелеп шығарамыз» деген ұранды ұстанады. Білім беру жүйесіндегі біріккен Корольдікке тән ерекшелігі – ақылы интернаттар. Бұл интернаттарда ақсүйектер ұрпағы білім алады. Бастапқыда 2-7 жас аралығындағы балаларға «рreparatory schools» жүйесімен білім беріп, 7-13 жаста «junior schools» жүйесі бастауыш сынып білімін береді. Бастауышты бітірген оқушы емтихан тапсыра алмаса, ол үшін болашақ жабық. Ал, «Senior School» – 13-18 жас аралығындағы балалар білім алып, GCSE емтиханын тапсыру арқылы «A-Level» немесе «International Baccalaureate» бағдарламасына өтеді. Университет бітірген студент 21 мың фунт айлық алатын жұмысқа тұрмаса, кредитін төлемеуге болады.

Сондай-ақ, АҚШ-тың мектептерінде оқу тәртібі тіл және әдебиет, нақты және гуманитарлық ғылым, т.б. болып бірнеше категорияға бөлінген. Жоғары сынып оқушылары әр саладан кредиттік жүйе жинақтайды. Сол жиналған балл арқылы оқушының деңгейі анықталады. Жалпы алғанда, АҚШ-та өзіндік оқу ерекшелікке ие. Онда мұғалім оқушыны жеке шақырып алып, бағасын өзіне ғана көрсетеді. Әр жарты жыл сайын ата-анаға баласының үлгерімін жіберіп отырады екен.

Келесі, Францияның білім беру жүйесі еуропалық жүйемен байланысты: үш сатыдан тұрады – бастапқы (ecole primaire, 6-11 жас – мұнда сабақтар ойын түрінде өткізіліп, баға қойылмайды) және жоғарғы (college, 11-15  жас, одан кейін lycee, 16-18 жас–соңғы жылда кейбір мамандықтарды меңгеріп шығуға болады).

Франциядағы мемлекеттік мектептер 80 пайызды құрайды. Жекеменшік мектептердің көпшілігі діни бағытта оқытады. Мектептер өзара sous contrat және hors contrat болып екіге бөлінеді.

Sous contrat-қа мемлекет айлық төлейді, мектептер ұлттық бағдарлама және қалыпты сабақ кестесі бойынша оқиды



Hors contrat-қа мемлекеттен субсидия түспейді, есесіне стандартты бағдарламаға сүйенбеуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет