Орындаған: Темирова А.С
Исаак Ньютон және оның флюксиялар теориясы
Исаак Ньютон
Исаак Ньютон 1642 жылы Кембридждің ( Англия ) маңында орналасқан Вуастроп деревнясында, фермердің семьясында дүниеге келген. 1665 жылы Кембридж университетін бітіріп, бакалавр деген ғылыми дәреже алады. 1668 жылы Ньютон магистр дәрежесіне ие болады. 1669 жылы өзінің ұстазы және досы, жоғарыда айтылған Барроудың орнына математика профессоры болып тағайындалады. Барроу сол кездегі ағылшын оқымыстылары ішіндегі ең көрнектілерінің бірі болып саналатын. Алайда ол шәкіртті Ньютонның таланты мен білімпаздығын бағалап, мойындап оған өз орнын, кафедрасын талассыз, қызғанышсыз, өз еркімен босатып берген. Бұл бұрын соңды ғылым мен өнер тарихында сирек кездесетін ізгілік, адамгершілік үлгісі болып саналады.
Ньютонның ғылымға қосқан үлесі
Ньютонның ғылымдағы ең ұлы үш жаңалығы бар: олар бүкіл әлемдік тартылыс заңы, ақ жарықтың жіктелуі, дисперсиясы, флюксиялар теориясы, яғни математикалық анализдің негізі. Мұның барлығының да бастапқы идеясын ол 24 жаста толмай-ақ білген.
Ньютонның ғылымға қосқан үлесі
Ньютонның ғылыми жүйесінеде математика – табиғат туралы жалпы ғылым – натурфилософияның бөлінбес бір бөлігі болып енеді. Ньютонның ең басты еңбегі «Натурфилософияның математикалық негіздерінде» математика жетістіктері мейлінше мол пайдаланылады. Әсіресе, аспан денелерінің қозғалыс теориясы қатаң математика тілінде баяндалады. Ол математикалық әдістерді қолданып, Кеплер заңдарынан бүкіл әлемдік тартылыс заңын қорытып шығарды. Бұл үшін өзіне дейінгі математика аппаратын білу жеткіліксіз болды, математиканың оның табиғат құбылыстары заңдылықтарын (қозғалыс, жылдамдық, үдеу) білуге қолданудың көп мәселелерін жаңаша, тыңнан шешуге тура келді.
Ньютонның флюксиялар әдісі бастапқы механиканың математикалық аппараты ретінде пайда болады. Мұнда үздіксіз механикалық қозғалыстың сан алуан түрлерінің абстракциялары болып еңгізілген айнымалы шамалар зерттеледі. Олар флюенталар, яғни ағымдағылар (латынның fluere – ағу деген сөзінен алынған) деп аталады. Барлық флюенталар тәуелді айнымалылар, олардың жалпы аргументі – уақыт , онан кейін ағу жылдамдығы, яғни уақыт бойынша туынды еңгізіледі. Олар флюксиялар деп аталады.
Флюксиялар әдісі
Флюксиялар әдісі
Флюксиялар теориясында механикалық, сондай-ақ математикалық терминдер арқылы тұжырымдалған екі басты есеп шешіледі:
I. Берілген жол бойынша берілген уақыттағы қозғалыс жылдамдығын анықтау, басқаша айтқанда, флюенталар арасындағы қатыстарды анықтау;
II. Берілген қозғалыс жылдамдығы бойынша берілген уақыт ішінде жүріп өтілген жолы анықтау. Басқаша айтқанда, флюсиялар арасындағы берілген қатыстар бойынша флюенталар арасындағы қатыстарды анықтау.
- 1687 жылы “Табиғат философиясының математикалық негіздері”
- 1704 жылы “Оптика”
- 1672 жылы “Жарық пен түстің жаңа теориялары”
- 1684 жылы “Дененің орбитадағы қозғалысы”
- 1707 жылы “Әмбебап арифметика”
- 1728 жылы “Әлем жүйесі”
Исаак Ньютонның шығармашылығы
Достарыңызбен бөлісу: |