Ж. Мұстафин Х. Досмұхамедов атындағы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі179,89 Kb.
#5620

                                                                Ж. Мұстафин 

Х. Досмұхамедов атындағы 

 Атырау мемлекеттік университетінің доценті 

 

«Қазақ» сөзінің этимологиясы туралы 

М.Қ. Жолжановтың зерттеулері 

 

«Қазақ»  сөзінің  этимологиясының  түп  төркіні,  яғни  мағынасы  қай 

кезден  басталып,  қайдан  шыққандығы  жөніндегі  болжамдар  мен 

зерттеулердің  жарияланып,  ғылыми  айналыстарға  түскеніне  бірнеше 

ғасырлар  өтті.  Алайда,  бұл  проблема  әліде  өз  шешімін  нақты  түрде  таба 

алмай  келеді.  Осы  сұраққа  дәл  жан-жақты  ғылыми  негізделген  жауап  күні 

бүгінге дейін жоқ. 

Осы  мәселеге  кезінде  аймағымызға,  елімізге  белгілі  тарихшы  Мақсот 

Құмарұлы  да  ден  қойып,  ғылыми  ізденістер  жүргізіп,  тынбастан  зерттеп,  

болжамдар жасаған.  

Бұл  мәселе  туралы  орта  ғасырдың  өзінде  араб,  парсы,  еуропа 

тарихшылары  мен  саяхатшылары,  беріректе  орыс  тарихшылары  әсіресе  «ақ 

патша»  өкіметінің  отаршыл,  өктемдіктерін  ақтау,  бүркемелеу,  кейінірек 

Кеңес  заманында  коммунистік  идеологияға  «дала  демократиясының» 

қайшылық-қарсылығын  тұншықтыру  мақсатында  «ғылыми»  зерттеулер 

күшейтіле жүргізілгенді. 

Бүгінгі  таңда  тәуелсіздіктің  арқасында  бұл  мәселеге  қайта  көңіл 

аударыла бастады. Көптеген қазақ зиялылары зерттеулер жүргізумен келеді. 

Алайда,  мұнан  көп  мезгіл  бұрын  Мақсот  Құмарұлы  өзіне  дейін  осы 

мәселені  зерттеп,  зерделеушілердің  көпшілігінің  еңбектерін  ақтарып,  ой 

таразысына салмақтап, деректік, филологиялық, логикалық талдаулар жасай 

келе,  «қазақ»  сөзінің  этимологиясының  шынайлылығына  күмән  келтірді. 

Өзінше, жаңа бағытта сараптаулар нәтижелерінде бұл мәселе бойынша жаңа 

тұжырымдарын өмірге келтірді.  

Мысалы,  Алтайдан  терістік  Каспий  арқылы  Дунайға,  түстіктен  Орал 

тауларына дейінгі аралықты ежелден қоныстанған көшпелілер туралы қолға 

түскен зерттеулерді пайымдай келе, біріншіден, бұл тайпалардың Каспи сақ, 


аз  сақ  т.б.  тарих  сақынасынан  кетумен  қазақ  халқының  осы  атауды  толық 

қабылдау  арасында  кемінде  мың  жыл  өтті.  Сондықтан  олардың  арасында 

ешқандай  тарихи  байланыс  болған  емес.  Ол  ол  ма,  сақ  тайпалары  өздерін 

осылай атады ма, жоқ па?  – деген мәселенің шешілмегенін  былай қойғанда, 

тіпті қаз-сақ, аз-сақ бірлестіктерінің болғаны да белгісіз. Болған күнде де «аз-

сақ» ХV ғ. «қазақ» атауын туындата алмайды – деп тұжырымдады [1]. 

Екіншіден, тарихи не лингвистикалық деректер арқылы осы күнге дейін 

сақ деп аталатын тайпаның дәл орныда не одан қалған жер-су атауларын да 

тілге тиек ететін дерек анықталған емес, өйткені «сақ» атауы шартты атау, ол 

ирандықтардың  скифтерге  берген  аты.  Сақтарды  гректер  «скиф»,  ал 

ассириялықтар  «шикуз»  деп  атаған.  Оған  қоса  Страбон  скифтердің  әрбір 

тайпасының өздерінше атаулары болғанын жазады. Алайда, бұл атаулар бізге 

ешбір  деректер  бойынша  жетпеген.  Егер,  олардың  арасында  өздерін 

«сақпыз»,  -  деп  атағандары  болса,  ол  ең  болмағанда  бір  жер-су  атауында 

қалмас па еді [2]?   

Үшіншіден, о баста халыққа атауды көршілері берген, өйткені әр халық 

өзіне-өзі толық баға бере алмайды. Рас, егерде оның аты бабасы есімімен не 

отырған  қонысының  атынан  туындаса,  онда  олар  ру-тайпа  атауы  этноним 

заңы бойынша «біз осылай аталамыз» - деуі әбден мүмкін еді ғой.  

Алайда  көршілердің  атауы  мен  оны  сол  халықтың  қабылдауы  арасы  – 

жер  мен  көктей  дер  едік  не  екіталай.  Мысалы,  славяндардың 

германдықтарды  «неміс»  атағанына  қанша  ғасыр  өтсе  де,  қазіргі  Германия 

халқы  өздерін  неміс  демейді,  оның  жерінен  «неміс»  атаулы  топонимде 

кездеспейді. Не болмаса қазіргі Әзірбайжандардың төрт атауы бар, бірақ олар 

тек «әзербайжан» ретінде ғана әлемге белгілі.  

Атаудың дәл мағынасын табу үшін ең алдымен оны тудырған сөз түбірін 

табу  керек,  әйтпеген  күнде  мәселені  шешуге  арналған  барлық  шаралардың 

ешқандай пайдасы жоқ. Сондай-ақ «қазақ» сөзінің түбірі табылған жағдайда 

да  оның  ежелгідегі  тура  мағынасын  –  кейіннен  пайда  болған  қосалқы 

мағыналарынан  тазарту  керек.  Табылған  түбір  мен  ең  басты  мағыналарға 

сүйене отырып, халыққа олардың қайсысы атау болуы мүмкіндігін ашып оны 

сол  мағынада  аталған  халықтың  тарихымен  тығыз  байланыстыра  қарау 

қажет.  

1242  ж.  Египетте  жарық  көріп,  1894  ж.  Голландия  ғалымы  М.Т. 

Хоустманың неміс тілінде бастырған «түркі – араб сөздігінде: «қазақ» - еркін, 

қазақ,  башдақ  –  болып,  семантикалық  қатарға  енгізілген;  қазақ  сөзі  –  араб 

тілінде, әл-мужаррадун» - деп, яғни  сыбай-салтаң, салт басты, жеке басты не 

оқшау деген мағынада.  

Н.М.  Шанскийдің  «Краткий  этимологический  словарь  русского  языка» 

деген  еңбегінде  «казак»  -  слово  тюркского  происхождения,  означает  в 

переносном смысле «вольный человек». Ноғай тілінде қазақ сөзі бойдақ, салт 

орнына қолданады [3]. 

Шуваш  тіліндегі  «хусақ»  сөзі  –  холостяк,  холостой,  одинокий 

мағыналарын  беріп,  1242  ж.  Египетте  жарияланған  сөздікпен  дәл  жанасты 

және  «қазақ»  сөзінің  төркіні  –  түркі  тілдерін  айтпағанда, оған  туыстас  емес 


тілдерде  де,  яғни  удмурдта  –  казак  холостой  парень,  марилерде  озак-

холостяк,  орыс  тілінде  парень-молодец,  холостяк,  украйндарда  молодец-

казак делінеді [4]. 

Бұған  қоса  неміс,  ағылшын  және  француз  тілдерінде  де  «жалғыз», 

«бойдақ» ұғымдары бір семантикалық ұяға енгізілген. Біздіңше мұндай жәйт 

әлем  халықтары  тілдерінің  барлығында  дерлік  бірдей,  өйткені  сөз  ұлттық 

категория болғанымен, одан туындайтын ұғым халықаралық екені белгілі. 

Ал «хусах» сөзінде осындай түбір болды ма не бұл түбір мен жұрнақтан 

туды ма? Біздіңше бұл «хуса» түбірімен «ах» - жұрнағынан жасалған тұлға. 

Алайда,  «хуса»  түбірі  бірде-бір  түркі  тілдерінде  кездеспейді.  Сондықтан 

шуваштар  оны  көршілері  фин-угорлардан  алып,  «ах»  жұрнағын  тіркеу 

арқылы  жаңа  мәндер  туындатқанға  ұқсайды.  Олай  дейтін  себебіміз  фин-

угорлар мен самодилерге осы сөз тұлғасына өте жуық және оның лексикалық 

мәні жоғарыда келтірілген «хусах» мағыналарын толық бере алатын түбірлер 

баршылық  екен.  Орал  тіл  тобына  қарасты  мари,  мордва,  пермь,  угорлар, 

самодилер  және  тағы  басқаларда  географиялық  жағынан  шуваштарға  жуық 

орналасқаны  белгілі.  Сондай-ақ  шуваш  және  қазандық  татарлар 

этногенезінде  бұл  сөз  төркіні  түсінікті,  өйткені  VII-VIII  ғғ.  Орта  Еділдегі 

фин-угорларға келген Азов болгарлары олармен қан араластыру нәтижесінде 

шуваштар  мен  қазандықтар  пайда  болғанды.  Ал  Х  ғасырдан  шуваш,  мари, 

мордва,  удмурд  және  т.б.  фин-угорлар  Бұлғар  хандығы,  кейін  Қазан 

хандығына қарады. 

Өзара қандары араласқан халықтар арасында сөз араласуы әбден заңды 

құбылыс.  Сондықтан  шуваш  тілінің  фин-угорлар  мен  самодилердің  бірінен 

хос  (хус),  қаз  (хус)  көне  түбірін  қабылдап,  оған  өздерінің  кішірейткіш  «ах» 

жұрнағын  тіркеп,  жаңа  сөз  жасауы  әбден  мүмкін  және  ойға  қонымды  да. 

Бұлардың  тілдерінде  «ер  адам»,  «жас  жігіт»  жених-ухожор,  яғни  әлі 

үйленбеген мәндерін беретін хасе, хос, қасе, хаса, қасә, хоса,  кузи және т.б. 

түбірлер  бар  екен.  Осылардың  ішінен  шуваштар  қасе,  хаса,  қаса,  кузе 

тұлғаларының қайсысын алса да олардан тек қана «хус» тұлғасын жасайды, 

өйткені  бөгде  қ.а.з.  дыбыстары  шуваштардың  фонетикасы  бойынша  х.у.с. 

дыбыстарына ауысады. Бұл заңдылық, әсіресе сөздің 1-буынына қатысты. 

Сөйтіп  олар  көршілерінен  ауысқан  қаса  «жас  жігіт»  сөзінен  «хусах» 

тұлғасын және «бойдақ, жалғыз жігіт» мәндерін жасаған. Мұндай сөз жасау 

түркілерге  онша  қиынға  түспейді.  Мысалы,  терістік  Кавказ  түркілері  ходжа 

кәрі  ер  адам,  ер,  зор,  рухани  күшті  адам  сөзіне  «кь»  жұрнағын  жалғап, 

хоччекь, ер жүрек жігіт, жауынгер, батыр сөзін туындатқан. Осы пікіріміздің 

дұрыстығы  төмендегіше  дәлелденеді.  Біріншіден,  көне  түбірдің  тура 

лексикалық мәні мен жаңадан одан өрбіген тұлға мағынасы өзара ұштасып, 

кірігіп  тұр.  Яғни,  ер  адам,  бойдақ,  жігіт  мағыналары  шуваштың  «хусах»  - 

бойдақ, жалғыз, жігіт мәндерімен дәл келіп, «қазақ» сөзінің хусахтан туғанын 

дәлелдеп  тұр.  Екіншіден,  «хусах»  сөзінің  қазақ  деуі  мағынасына  жанасуы 

мен  көнерген  кәрі  «қазақ»  деген  мағына  беруі  жоғарыдағы  пікірді  тағы  да 

қуаттайды.  Алайда,  сегіз  ғасыр  бойына  тұлғасы  да  мәндері  де  түсініксіз 

болып келген сөзді аздап болса да талдап көрелік. «Хусахтың» қазақ болуы 


қыпшақ  тілдерінде  анау  айтқан  қиын  емес.  Шуваш  тіліндегі  «х»,  сөздің  1-

буынындағы  «у»  және  «с»  басқа  түркілер  тілдерінде  «қ»,  «а»,  «з» 

дыбыстарына ауысады. Мысалы, шувашта «хус» - рыть землю, басқаларында 

«қаз» - жерді қазу, олай болса бұл «хусах» бірден қазаққа айналады деген сөз. 

Назар  салсаңыз:  шувашта  асап,  қыпшақта  –  азып,  хун-хан,  хула-қала,  хура-

қара «черный» және т.с. сияқты мәндер береді. Сөйтіп, «қазақ» тұлғасының 

«хусахтан»  туындауы  ешқандай  күмән  туғызбайды.  Енді  осы  екі  сөзден 

тұлғасы  туралы  емес,  «хусах»  мәндерінен  XV  ғ.  орыс  деректеріндегі 

«вольний  человек,  удалец»  мәндері  өрбуі  мүмкін  бе?  –  деген  сауалға 

тоқталайық [5]. 

Әбден  мүмкін  деп  кесіп  айта  аламыз.  Біріншіден,  түркілерде  бойдақ, 

жалғыз  жігіт  сөздері  синонимдес,  бойдақ,  жас  жігіттің  өз  басына  еркі  бар 

екендігі,  яғни  өзіне-өзі  қожа  немесе  өз  тізгіні  өзінде,  «басы  ерікті»  -  деген 

ұғымдарға  сай.  Олай  болса,  1242  жылғы  сөздіктегі  және  XV  ғ.  орыс 

деректеріндегі  мағыналарды  «бойдақ  жас  жігіт»  деген,  сөз  тіркестері 

этимологиясы  жағынан  да  өзара  үндес.  Бұндай  үндестіктер  тува,  хакас, 

қырғыз, қарайым, түркімен және қазақтар арасында да семантикалық жолмен 

фонетикалық  өзгерістер  арқылы  бір-біріне  ауысқан.  Ендігі  мәселе  атаудың 

«удалец» (ер жүрек, батыр) мәнін туындату қажет. Оған көмекке атаудың үш 

мағынасының  бірі  –  «жігіт»  келеді.  Жас  жігіттің  бойындағы  қайраты, 

жігерлілігі мен ер жүректілігі, қайсар, өжеттілігі  – саналы адамзат баласына 

тән ерекшеліктер. Бұл қасиеттер адамның ұлтына, нәсіліне тәуелді нәрселер 

емес,  олар  табиғи  құбылыс,  адам  түгілі  кез-келген  жануарлардың  еркек 

жыныстарына  тән  жағдай.  Солай  десек  те,  аздап  мысал  келтірсек,  «қазақ» 

сөзінің  негізгі  отанының  бірі  деп  есептеп  отырған  терістік  Кавказдағы 

қарашай,  құмық,  ноғайларда  бұл  сөз  бірден  тура  «батыл,  ер  жүрек,  батыр» 

мағыналарын береді. Сонымен қатар, көпшілік жалпы түркілерде бұл сөздің 

мағынасы – «шабандоз, әскери қол, хан жасағы, қарулы-атты ер» т.б. түсінік 

береді.  Сондықтан  да  «қазақ»  сөзінде  «әскери  қол»,  «жауынгер» 

мағыналарының  болуы  –  осы  «жігіт»  сөзінің  әсері,  тіпті  баламасы  екені 

сөзсіз.  Жігіт  сөзі  орыс,  моңғолдарда  да  «батыр»  мағынасын  берген.  Барлық 

тілдерде оған осы мағынаны беруі  – мәселенің ер жігіттің табиғатына қарап 

қойылғандығын  дәлелдейді.  Сөйтіп,  «қазақ»  сөзінің  лексикалық  тура 

мағынасы  :  «бойдақ  жас  жігіт»,  ал  одан  өрбіген  мәндердің  бірі  –  «жалғыз 

басты». 

«Қазақ» сөзі өз басынан талай түрліше қызметтер мен мәндерді өткерді. 

Мысалы,  ХІІ  ғ.  Дон,  терістік  Кавказ  даласына  таралды.  Басында,  ол  сөз 

ретінде  жас  адамның  жағымды  қасиеттері  –  ерлік,  қайсарлық,  еркіндік, 

батырлық сипатындағы қарапайым лексикалық элемент рөлін атқарса, кейін 

адам атына да енді. Мысалы, қыпшақтардың бір ханы Гзақ – деп аталады ХІІ 

ғ.  Игорь  полкі  туралы  сөзде.  Сондай-ақ  «газак»  сөзі  түркімен,  азербайжан, 

оғыз,  «қазақ»  сөзін  иеленгендер  Алтын  Орда,  кейінірек  (XIV-XVI  ғғ.) 

Қырым,  Қазан,  Сібір,  Қазақ  және  Орта  Азия  хандары  мен  сұлтандары 

таңдаулы  жасақтар  құрып,  атты  жасақтары  біздің  халқымыз  атауына  көше 

бастады. XVІ–ХІХ ғғ. Ресейдегі әскери сословиеде осылай аталды...[6]. 


Осылайша,  хандарымыздың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  болмысына 

біте  қайнысып,  болаттай  бекіген  және  негізгі  ұлттық  қасиеттерін 

айшықтайтын  «қазақ»  сөзінің  мән–мағынасы  «дала  академигі»  атанған 

Мақсот  Құмарұлы  Жолжановтың  ғылыми  пайымдауларына  тоқталуға 

мәжбүрлейді.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 



1.

 

Жолжанов М.Қ. Қазақ атауы қайдан шыққан. – Орал, 1995. – 12 б. 



2.

 

Бұл да сонда. – 13 б. 



3.

 

Шанский  Н.М.  Краткий  этимологический  словарь  русского  языка.  – 



Москва, 1971. 

4.

 



Чуваш-руский словарь. – Москва,  1985. – С. 567. 

5.

 



Жолжанов М.Қ. Қазақ атауы қайдан шыққан. – Орал, 1995. – 16 б. 

6.

 



Бұл да сонда. -17 б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет