Жалпыәскери жарғылар төрт жарғылардан құралады



Дата31.03.2023
өлшемі10,73 Kb.
#78025
Байланысты:
жарғы лек



Жалпыәскери жарғылар — Қарулы Күштердің, басқада әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті басшылықкаалатын, олардың қызметін белгілейтін ресми құжаттар.-ҚР ҚК-нің Жалпыәскери жарғылары Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы рет “ҚР ҚК-нің жарғыларын
бекіту туралы” ҚР Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №4156 Жарлығымен бекітілген.
-Жалпыәскери жарғылар екінші рет Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген.
-Жалпыәскери жарғыларға Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 187 Жарлығымен өзгерістер енгізілді, және өзгерістерімен жаңа редакцияда жазылып шықты.
Жалпыәскери жарғылар төрт жарғылардан құралады:
1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы.
2. ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық
қызметтер жарғысы.
3. ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысы.
4. ҚР ҚК, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысы.
Ішкі тәртіп – бұл заңдармен, жалпыәскери жарғылармен, бұйрықтармен және нұсқаулықтармен айқындалған әскери қызметшілерді әскери бөлімде (бөлімшеде) орналастыру, күнделікті қызметі мен тұрмысы және тәуліктік нарядтың қызмет өткеру қағидаларын қатаң сақтау.
Әскерлер қызметі – бұл гарнизондарда, әскери бөлімдер мен бөлімшелерде заңдармен,
Қарулы Күштердің жалпыәскери жарғыларымен, бейбіт және соғыс уақытында әскерлердің тіршілік әрекетін, тұрмысын, қызметін, сондай-ақ тәуліктік нарядтың қызмет өткеруін ұйымдастыруды регламенттейтін бұйрықтармен, нұсқаулықтармен белгіленген іс-шаралар кешені.
Әскерлер қызметі жоғары жауынгерлік әзірлікті, жарғылық әскери реттілікті, тәртіп пен қағидаларды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Парк - қару-жарақты, әскери және басқа техниканы сақтау (қою), техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіру үшін жабдықталған аумақ.
Орналасу жағдайына байланысты парктер тұрақты және далалық болуы мүмкін.
Тұрақты парктер әскери бөлімдердің тұрақты орналасқан орындарында және оқу орталықтарында (полигондарда, лагерьлерде) жабдықталады.
Тұрақты парктерде қару-жарақ пен әскери техника жабылатын сақтау орындарында немесе қалқалардың астында, сондай-ақ сенімді қоршалған алаңдарда орналастырылады.
Парктің орналасуы мен жабдықталуы машиналардың тез және ыңғайлы шығуын
қамтамасыз етуге тиіс.
Парк аумағы бөлімшелерге бекітіліп берілген учаскелерге бөлінеді. Учаскелер шекаралары
көрсеткіштермен белгіленеді.
Тұрақты парк аумағы қоршалады, техникалық күзет құралдарымен, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен қағидаларын қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталады, көгалдандырылады және жарықтандырылады.
Парктің барлық ғимараттары, ғимараттардың Машиналарға техникалық қызмет көрсету олар әр рейстен қайтып келгеннен кейін, сондай-ақ белгіленген жүру (жұмыс істеу) және сақтау
нормативтерінен кейін жүргізіледі. Одан басқа, машиналарға маусымдық техникалық қызмет көрсету жүргізіледі.
Қару-жарақ пен әскери техниканы қарап тексеру және қызмет көрсету, сондай-ақ паркті толық жабдықтау және көркейту парктік - шаруашылық күндері және қару-жарақ пен әскери техниканы күтіп ұстау үшін бөлінген уақытта жүргізіледі.
Әскери бөлім командирі қару-жарақ пен әскери техниканы қарап тексеруді жүргізу кезінде сонымен бірге парктердің жай-күйін тексеруді жүргізеді.қақпалары мен парктің қақпалары нөмірленеді.
Саны көп әскери бөлімдер, бөлімшелер мен командалар темір жол және су көлігімен тасымалдау үшін әскери эшелондарға құрылады. Әрбір әскери эшелонға (командаға) нөмір беріледі.
Әуе көлігімен тасымалдау кезінде әрбір әуе кемесі үшін әскери командалар жасақталады.
Әскери эшелонның (команданың) жеке құрамы белгіленген мінез-құлық ережелерін, әскерлерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын білуі және сақтауы, қырағы болуы, мемлекеттік құпияларды сақтауы және әскери мүлікті сақтауы тиіс.
Әрбір әскери эшелонда әскери бөлім командирінің бұйрығымен мына лауазымды тұлғалар
тағайындалады:
-әскери эшелон бастығы;
-әскери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-
құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары;
-жауынгерлік қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі;
-жабдықтау жөніндегі көмекшісі;
-байланыс бастығы;
дәрігер (фельдшер).



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет