«Жанұя суреті» әдістемесі



Дата31.12.2021
өлшемі108,88 Kb.
#23141
Байланысты:
СӨЖ 3


«Жанұя суреті» әдістемесі.

Кейбір зерттеушілердің айтуынша жанұя арасындағы қарым-қатынасты анықтау үшін жанұя суретін қолдану идеялары В.Хьюлса, А.И. Захарова, Л. Кормано және басқалардың еңбектерінде есептеледі.



Тестіні қолдану мақсаты: Жанұя мүшелері арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын анықтау. Жауаптардың сұрақтарға бейнелеудің орындалуымен жанұя дағы қарым-қатынастарды баланың қабылдау маңыздылығын анықтау.

Нұсқау: « Өз жанұяңды сал » Белгіленген уақытта жанұя сөзінің не мағына беретінін түсіндіру қажет етілмейді, ал егер нені салу керек деген сұрақ туындап жатса, нұсқауды қайта сап беру арқылы ғана шектеуге болады.

«Жанұядағы өздерінің күнделікті істерімен айналысып жатқанын сал»

« Өз жанұяңды өзің қалай қабылдайтының ды сал»

«Жанұяңның әрбір мүшесін қиял-ғажайып мақұлық түрінде бейнеле»

Жекелей тапсыру кезінде тапсырманы орындау уақыты 30 минутке созылады. Тестіні топтық орындау уақыты көбіне 15-30 минут аралығында шектеледі.

Жанұя суреті тестісінің интерпритациясы

Бейнеленген заттардың мән-мағынасына сүйеніп оларды анықтауға болады:



  1. Бейнелеу мәдениетінің даму дәрежесін баланың бейнелеу жұмысының сатысын, бейнедегі заттардың дәл берілуімен образдың анық суреттелуімен сызықтардың дәлдігі, әсерлене бейнеленулерін және суретті анықтап бере алатын белгілердің болуымен анықталынады. Сурет салған уақыттағы баланың көңіл-күйінің маңыздылығымен суреттегі шаншыла салынған штрихтар мөлшерінің шағындалып көрсетілуі баланың физикалық жай күйінің мазасыздықтың , тұйықтылықтың орын алғандығын білдіреді, ал керісінше суреттің үлкен мөлшерде салынуы ашық бояулардың қолданылуы баланың көңіл-күйінің ашықтығын ешқандай шаруалармен беймазалықтың жоқтығын көрсетеді.

  2. Суреттер (Корман әдісі арқылы) сарапталады.

А) Графикалық сапасына қарай сызықтың салынуына бейнелердің орналасуына, кеңістіктердің қолданылуы, ұқыптылық

Б) Әдейілеп салынған (суретте жанұя мүшелерінің орналасуы) мағынасы (мәнінің сараптамасы) әдеттегінше жүргізілетін зерттеу тәсілдерімен қатар «кім жанұядағы жаман адам» деген сияқты баланың жанұя мүшелерімен қарым-қатынасын талқылауға итермелейтін сұрақтар қойып отырады.

«Жанұя суреті» әдістемесі психологиялық тексеру кезінде адамдар арасындағы бұзылған қарым-қатынастарды анықтауға, баланың жанұядағы адамдарға деген көзқарасын анықтау үшін қолдануға оңай тәсіл болып табылып отыр. Суреттеу арқылы бала өзінің сөзбен айтып жеткізе алмаған нәрселерін суреттеп береді, өйткені суреттеу арқылы психолог баланың өзінін жатсынбай әңгімелесуінің септігін тигізеді.

«Жанұя суреті» әдістемесі мектепке дейінгі және кіші шәкірттік жастағы балалармен жұмыс істеуде көп қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет