«Жаратылыстану ғылымдардың патшалығы»
267 орта мектебінде ағымдағы жылдың 12-15 қаңтар аралығында «Жаратылыстану және тарих» пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану ғылымдардың патшалығы» тақырыбында пән апталығы өтті.
Мақсаты: биология, химия және география сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру, білімді тиянақтау, тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу, ҰБТ-ге дайындық ретінде өткен тақырыптарды қайталау.
Жоспарға сәйкес биология пәнінің мұғалімі Серімбетова Кәмшат 12.01.2020 ж. 10,11 сынып оқушылары арасында сыныптан тыс «Білгір биологтар» интеллектуалды сайысы. Химия пәні мұғалімі Наурызбаева Мөлдір «Химия – әлеміне саяхат» тақырыбында 8 а, 8ә сыныптарына интеллектуалдық сайыс. География пәні мұғалімі Бугенбаева Сания «Әлемді география арқылы таны» тақырыбында 8 а, 8ә сыныптарына сайыс өткізді.
Сайыс соңында белсенділік көрсеткені үшін оқушылар марапатталды. Сайыс барысында оқушылардың биология, химия және география пәндеріне деген белсенділіктері артып, апталық өз мақсатына жетті.
Достарыңызбен бөлісу: |