Жасанова Перизат 10 б Сәйкестеңдіру



Pdf көрінісі
Дата22.03.2023
өлшемі156,14 Kb.
#75676


Жасанова Перизат 10 б 
Сәйкестеңдіру 
1-Тапсырма 
1.В 
2.А 
3.Д 
4.С 
5.Е 
2-Тапсырма 
2.В 
3.С 
4.С 
5.D 
2-бөлім 
1: 
эпитет:лай су, шүбәлі ой, құр мүлгу, тар соқпақ, өзге туыс 
Антонимдер:күні-түні 
Метафора:көңілдің жайлауы 
Аллегория:қасқыр-қастық 
Негізгі ойы: Ақын бұл өлеңінде Ол өмірдің мақсаты Түп Иеге қайту екенін, 
өмірдің өзі Хақ жасаған заңдылық екенін, өте күрделі екенін, оны дұрыс 
түсініп, қолдана білудің маңызын айтады. 
2. 
Ақын әуел бастан осы үш қасиетті өлеңдерінде арқау еткен.
-Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, 
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. 
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, 
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.
деген өлең жолдарынаң білуге болады.Яғни осы үш қасиет адам бойында 
болады және бірге жүреді.Бірінің күні біреуінсіз жоқ делінген 
3. 
Мінез – жеке тұлғаның болмысындағы қасиеті. Мінез әрқашар құбылып 
тұрады. «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады» 
дегендей мінез сауыт себебі:Қандай да бір жағдай болмасын біз ақылмен 
шешеміз.Ал сол кезде ашу ыза болып,мінезіміз бұзылып тұрса ақылға да 


қарамаймыз.Яғни мінездің бұл жерде атқаратын рольі өте зор.Ғылым 
болмасын ,ақыл болмасын мінез арқылы жұмыс жасайды. 
3-бөлім 
Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып 
тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен 
Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре 
алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап 
тұрған кемеңгер.Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің 
алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын 
бір сала – поэмалары.
. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір 
Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский 
деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға 
кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі 
жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» 
дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір 
образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» 
дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, 
патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс 
романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон 
Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас 
болып келеді.
Абай ең алдымен оқырманынан Ескендірді біле ме екен деп сұрап 
алып,оның жайын өзі баяндауға кіріседі. Бұл Абайдың жұртқа олар 
білетін, халық ара-сында ауыз әдебиеті үлгілері арқылы “Қос мүйізді 
Зұлқарнайын” деген атаумен кең тараған Ескендірден басқа кейіпкер 
жайын жыр ететінін аңғарту үшін ұстанған әдісі болса керек. Абай 
заманындағы туындаған шығарманың оқырманынан тыңдарманы көп 
болғаны белгілі. Сол себепті кейіпкерінің атын сол кездегі тыңдаушы 
құлағына ауырлау тиетін Александр деп алғаннан гөрі құлақ естіп, ауыз 
айтып үйренген Ескендір деп таңдауы да түсінікті жағдай. Абай таланты 
әбден толысып, ақындық кемелділікке жеткен шағында ауыз әдебиетінде 
кең тараған аңыз-әпсаналармен қатартарихи шындық деректерді негіз 
етіп, өзінің ақындық ой-өрнегінен өткізіп Ескендір бейнесінің еш 
боямасыз, шынайы бет-әлпетін жасады. Абай жырлаған Ескендір, 
Александр Македонский–тарихи тұлға. Ол–бос әсірелей жырлаудан ада, 
тарихи шындық шеңбері аясында сомдалған бірегей бейне.Абай 
мұраларының қазақ, Шығыс, Батыс мәдениетімен табиғи түрде 
ұштасқандығының кезекті бір елеулі мысалы деуге тұрарлық сүйекті 
шығармасы «Ескендірдің» қысқаша тағдыры осындай. Осы поэма арқылы 
қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы 
қазақша түсінік, тұжырым қалыптастырды, өзгенің жеріне, байлығына көз 
тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді. Ресей отаршылығының 
қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға қадам 
жасады. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет