Жақшаның ішіне тиісті жалғауларды қойып, оқыңыз



Дата25.11.2023
өлшемі14,91 Kb.
#126443
Байланысты:
сабақ


Жақшаның ішіне тиісті жалғауларды қойып, оқыңыз.
Мемлекеттік Елтаңба(тәуелдік жалғау+ілік септік) басты белгі(тәуелдік жалғау) – шаңырақ. Шаңырақ(ілік септік) айнала(тәуелдік жалғау+жатыс септік) уық(көптік жалғау) бар. Уық(көптік жалғау+табыс септік) пырақ(көптік жалғау+ілік септік) қанат(тәуелдік жалғау) қоршап тұр. Пырақ – аңыз(көптік жалғау+жатыс септік) кездесетін қанатты тұлпар. Елтаңба(ілік септік) жоғарғы жағ(тәуелдік жалғау+жатыс септік) бесбұрышты жұлдыз орналасқан. Елтаңба(ілік септік) астыңғы жағ(тәуелдік жалғау+жатыс септік) «Қазақстан» жазуы орналасқан. Елтаңба(ілік септік) автор(көптік жалғау+тәуелдік жалғау): Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Елтаңба 1992 жыл(тәуелдік жалғау) 4 маусым(жатыс септік) қабылданды.

Мақалды дұрыстап жазу үшін қарамен жазылған сөз орнына антонимдерін қойып, мақалды қайта жазыңыз.


Аз қорқытады, таяз батырады.
Тура оқығанда да кері оқығанда да бір мағына беретін сөздерді тауып жазыңыз.
Үлгі: қырық, қызық, қысық ...
3-тапсырма. Оңнан солға қарай оқысың да,солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөздерді жазыңыз.
Үлгі: қазақ, нан, көк, ата, қақ, ...
8-тапсырма. Мәтіннен қимылды білдіретін сөздердің астын сызыңыз. «Көктем туды» деген тіркестің мағынасын түсіндіріңіз.
Наурыз – жылдың әрі көктемнің бірінші айы. Оны жыл басы деп санайтын халқымыз «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді. «Наурызнама» думаны, «Наурызкөже» дәстүрі осы айда жасалады.
Күн ұзарады. Оны қазақтар «Ұзын сары» дейді. Бұл жуанның созылып, жіңішкенің үзілетін кезі болғандықтан, дәмді, қуатты тағамдарын халық осы кезге әдейі сақтап отырады.
Наурызда күн мен түннің ұзақтығы теңеледі. Халық көктем туды деп айтады. Яғни жақсы күн туды, төл туды деген ұғымды білдіреді.
9-тапсырма. Мәтіндегі «жаз шықты» деген сөздің айтылуына мән беріп, түсіндіріңіз.
Маусым – жаздың алғашқы айы, кейде отамалы деп те аталады. Бұл атау жер отының молайып, нәрленіп, малға жұғымының артуына байланысты шыққан. Маусымда шөп шабылып, мал азығы дайындалады. Яғни, халық тілімен айтқанда жаз шықты деп атаймыз. Бұл шөп шықты, мал өріске шықты деген сөзге орай айтылса керек.
30

10-тапсырма. Халық неліктен «күз келді» деп айтады?


Қыркүйек – күздің бірінші айы. Бұл – мал шаруашылығына орай шыққан атау. Қыркүйекте халық қыс қамын ойлай бастайды. Халық күз келді деп айтады, яғни жайлаудан «мал келді, суық келді» деген мағынада айтылады.
11-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, сұрақ қойыңыз. «Қыс түсті» тіркесінің мағынасын түсіндіріңіз.
Желтоқсан – қыстың бірінші айы. Жел және тоқсан сөзінің қосындысынан шыққан. Ежелгі түріктер бұл айды жел айы деп атаған. Қыс күшіне еніп, боран болады. Халық тілінде қыс түсті деп айтылады. Бұл қиындық түсті, қар түсті деген ұғымдарды білдіреді.

Сиқыршы. Суреттерді мысалы, үтік, шайнек, көше, дүкен, мектеп, дос, кино т.б. тақтаға ілу арқылы «Мен үтікпін», «Мен мектеппін» ойынын ойнатуға болады.


– Үйге келместен бұрын мен қайда болдым;
– үйге қалай келдім;
– мен не істей аламын;
– мен кімді жақсы көремін, мені кім жақсы көреді; – менімен қандай қызықты нәрселер болды.
Төл қалай өсті?
Бұл ойында балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың мүшесі қошақан, сол топтың келесі баласы бағлан т.т., яғни балалар эстафета тәрізді рөлдерде болады. Қошақаннан бастап қой болғанға дейінгі аралықтағы атауларды көрсеткен балаларды қарсы топ білуі керек. Мәселен, қошақан, қозы, бағлан, марқа, тоқты, тұсақ, қой т.т. Қарсы топтың мүшелері басқа жануардың төлінің өсу кезіндегі аттарын жасырады. Мәселен, құлыншақ, құлын, құнаншығар, құнан, дөненшығар, дөнен, бесті т.т. Барлық атауларды тапқан топ ұпай саны бойынша жеңіске жетеді.

«Жауапты сұрақтан ізде» ойыны


1. Қолына раушан гүл ұстаған қыздың атын білесің бе?(раушангүл)
2. Қоянбаев Әсет орманда қандай аңды көрді?
(қоян)
3. Ертеде талды қорған болған қала қазір қалай аталады?(Талдықорған)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет