Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі (Баяндама)



Дата14.09.2023
өлшемі21,18 Kb.
#107538
Байланысты:
жыныстық тәрбие баяндама


Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі
(Баяндама)

Жыныстық қабілеттің жетілу жылдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең. Бұл кезде жастарда жаңа түйсік, жаңа тілектер пайда болады, намыс сезімі өсе түседі. Аңғармай айтылған немесе ретсіз айтылған бір ауыз сөзбен жасөспірімнің ойында тұрған арманы мен қуанышын оп- оңай бұзып жіберуге болады. Жыныс күтімі бала тәрбиесінің бір бөлігі болғандықтан, жыныстық қабілет жетіліп келе жатқан кезде жасөспіріммен айрықша әңгіме өткізу қажет. Мұндай әңгімені баланың көңіл-күйі жақсы кезде бастап, ата-анасына өнегелі түрде сөйлесу керек. Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн. Оған айтайын деген ақылыңызды бір әңгіме арасында, ыңғайын келтіріп айтуды күні бұрын жоспарлаған дұрыс. Баламен әңгімелескенде өсиет айтудың да, беталды ескертудің де, алдын-ала қорқытудың да қажеті жоқ. Мұндай кеңес жасы үлкен апасының сіңлісіне, ағасының інісіне айтқан ақылы тәрізді болуы тиіс.


Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн.
13-14 жасқа келген жасөспірім махаббат мәні, ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас сияқты бірқатар мәселелерді байқайды. Жыныстық ұстамдылықтың көздейтін мақсаты – ерлі-зайыптылар арасындағы адалдық туралы түсінікті қалыптастыру. Отбасылы болудың түпкілікті екі мақсаты бар, ол бақытты өмір сүріп, бала тәрбиелеу! Сонымен, сайып келгенде, жыныстық ұстамдылықтың мәні де махаббат пен өзара құрметке бөленген бақытты отбасын құру боп шығады. Сондықтан, балиғатқа толған қыз бен ұлды махаббат пен адал неке жоқ жерде өмірдің сәні болмайтынын түсінетіндей етіп тәрбиелеу керек.
Өздері үлгі көрсетпесе, ата-ананың бос сөзі мен әңгімесінен еш пайда жоқ. Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі. 
Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі. Жас баланың ерік-күші мен ұялшақтық сезімі, яғни, ары - оның адамгершілігінің сенімді сақтаушысы. Ұялу балиғатқа толмаған жасөспірімнің жабайы түйсіктен тартынып, өзінің мінез құлқына дұрыс бағдар беруіне көмектеседі. Сондықтан, «ұят болады» деген ұғымды адамның жеке басының қадір-қасиеті ретінде баланың бойында сәби кезінен бастап мықтап қалыптастыру қажет. Қазақ «қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым» дегенді бекер айтпаған. Яғни, балаңызды патшадай көріп төріңізге шығарсаңыз да, төбеңізге шығармаңыз. Оған істеген ісі дұрыс болмаса, көрші-қолаң, тіпті күң де тыйым салуға хақылы. Қазіргі заман ағымына сай, бәріміз де балалардың алғыр боп өскенін қалаймыз. Алайда, алғырлық пен арсыздықтың жөні екі бөлек. Өзінің іс-әрекетіне толық жауап бере алмайтын жас баланы тек тыйым ғана тоқтатады. «Ата-анасынан тыйым көрмеген бала тағдырдан таяқ жейді» деген тәмсіл де бар.
Балаңызды патшадай көріп төріңізге шығарсаңыз да, төбеңізге шығармаңыз. 
Жастар арасындағы бір-бірін жақсы көрушілікті келемеж, қалжыңға айналдыруға, әсіресе алғашқы сезімді құбыжық етуге болмайды. Балаңызбен жай әңгімелесіп отырғанда қыз бен жігіт арасындағы қатынастың физиологиялық емес, моральдық жағына көбірек көңіл бөліңіз. 
«Нағыз адал және жарасымды махаббат адамды парасатты етіп, оның рухын көтереді, күш-жігерін арттырып, қайратты, мейірімді, әсем етеді. Өнердің сирек кездесетін шығармалары, толып жатқан жаңалықтар мен ерліктер махаббат жолында жасалған. Махаббат уақыт сынағынан өтеді. Көбіне жас кездегі алғашқы сезім махаббат ретінде қабылданып кетеді. Ал, асығыстық танытып әбден жақындасып кетудің ақыры қатты өкінішке, оның аяғы ауыр қайғыға әкеп соғады». Балаңызға осыны айтыңыз. Баянды махаббаттың үлгісі ретінде өздеріңіз, оның ата-анасы қалай танысқаны, қалай отбасын құрғаны жөнінде әңгімелеп беріңіз. 
Нағыз адал және жарасымды махаббат адамды парасатты етіп, оның рухын көтереді, күш-жігерін арттырып, қайратты, мейірімді, әсем етеді.
Бейбастақтық, жеңіл жүріс фактілері жасөспірімдердің кездейсоқ кездесуінен, сандалып бос жүруінен, зерігуінен, бақылаусыздықтан, уақытты қалай болса солай текке өткізуден және арақ-шарап ішкен кездерінде болады. 
Баланың кіммен кездесіп, кіммен ДОСТАСЫП жүргенін біліп отырған жөн. Жасөспірім шақта бала ата-анасынан психологиялық тұрғыда ажырап, көп уақытын достарымен бірге өткізеді. Және бұл кезде онда еліктеу сезімі өте күшті. Ол қандай ортада болады, алкогольді ішімдік ішіп жүрген жоқ па? Қандай кітаптар оқиды, қандай сайттарда отырады, қандай телебағдарламалар көреді? Қандай фильмдерге барып жүр? Компьютер ойындарына, ойын автоматтарына әуес емес пе? Мұның бәрін бақылаудан тыс қалдырмаңыз.
Баланың жыныстық жағынан ұстамды болуы үшін оның күнделікті үй шаруасына қолғабыс етуі және оған деген қамқорлықтың орынды болуы маңызды. Мұндай жағдайда оның уақытты бос өткізуге, көп ойнауға, еріншектікке шамасы да қалмайды. Баланы өз-өзін күтуге арналған түрлі міндеттерден босатуға, жұмыс істетпеуге, дырдушыл, ерке етуге болмайды. Бұл баланың келешекте дұрыс адам боп өсуіне зор нұқсан келтіреді. Жастар арасында кездесетін моральға жат кейбір қылықтар ең алдымен, еңбек арқылы тәрбие ісінің болмағандығынан, қара жұмысқа жирене қарайтын жалқаулықтың салдарынан. Ал бұл арамтамақтыққа және басқа да ауыр зардаптарға әкеп соғады. 
Жасөспірімдер өздерінің жігер-қайратын арттыратын спортпен, музыкамен, басқа да өнер түрлерімен шұғылдануы керек.
Жатар алдында сұйықты көп ішпегені жөн. Төсеніші онша жұмсақ та, аса жылы да болмауға тиіс. Ол төсегінде кез-келген уақытта аунап жата бермей, мезгілді уағында ұйықтап дағдылануы керек. Ішті, қуықты уақытымен босатып тұрса, бұл жыныс мүшелеріне қанның азырақ баруына себепші болады. Ересек адамдар немесе құрбы-құрдастары жасөспірімді шамадан тыс еркелетіп, мәпелеуден аулақ болғаны абзал. Мұндайда баланың сезім жүйелері қозып, оның өзі мезгілсіз жыныстық қатынас жасауға итермелейді. Бірақ, сәбиім ержетті екен деп, оны мүлдем ересек адам ретінде қабылдап қалмаңыз. Ол әлі де ата-ананың мейіріміне, жылы сөзіне зәру. 
Өз балаларын парасатты және денін сау етіп тәрбиелеу әрбір ата-ананың борышы.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет