|
Жасушаны сыртқы ортаның әсерінен қорғау, көршілес жасушалармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету
|
бет | 1/3 | Дата | 24.10.2022 | өлшемі | 2,56 Mb. | | #45121 |
| Байланысты: Жасушалық биология тест.7-10кл
Алғаш жасуша атауын қолданған: Роберт Гук 1665ж
Жасуша қабықшасының басты рөлі: жасушаны сыртқы ортаның әсерінен қорғау, көршілес жасушалармен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету
Жасушаның ішін толтырып тұрады-цитоплазма
Жасушада көбеюге жауапты: ядро
Өсімдікдің жасуша қабықшасы: қалың
Жануардың жасуша қабықшасы: жұқа
Өсімдік жасушасының ерекшелігі: пластидтердің болуы
Жануарлардың қоректену тәсілі: гетеротрофты
Өсімдіктердің қоректену тәсілі: автотрофты
Вакуоль қызметі: су алмасу, тургор, жасушаішілік қысым
Вакуоль болатын жануар: қарапайымдылар, амеба
Өсімдік жасушасында қорға жиналады: крахмал
Жануар жасушасында қорға жиналады: гликоген
Барлық тірі ағзаның жасушасы міндетті түрде 3 бөліктен тұрады: ядро, цитоплазма, қабықша
Прокариот: ядросыз
Эукариот: ядролы
Ядросыз прокариоттар: бактериялар
Біржасушалы эукариотттар: протистер
Прокариот жасушасы жабылған: плазмалық мембранамен
Прокариот цитоплазмасында болады: бір сақиналы ДНҚ
Прокариот жасушасының плазмалық мембаранасының сыртында болады: шырышты қакбықша (капсула)
Жасушаға қажет заттарды сіңіріп, қажет емес заттарды шығару қасиеті: іріктемелі өткізгіштік
Ядро барлық химиялық үдерістерді бақылайды: нәруыздар-ферменттер синтезі арқылы
Ядро: екі мембраналы
Ядрода болады: хромосома, ядрошық, ядро шырыны
Ядро шырыны: кариоплазма
Жасушаның энергетикалық стансысы: митохондрия(2мембраналы)
Нәруыз биосинтезін жүзеге асырады: рибосома
Рибомалар тұрады: РНҚ мен нәруыздан; Үлкен жіне кіші суббөліктен
Рибосома болады: түйіршікті ЭПТ
Заттардың жасушаішілік тасымалын, лизосоманың түзілуін жүзеге асырады: Гольджи жиынтығы
Гольджи аппаратынан түзілуі мүмкін: диктиосомалар
Асқорыту ферменттеріне толы мембрана көпіршіктері: лизосома
Лизосома: бір нәрсені бұзатын, ерітетін, қорытатын денешік
Лизосома түзіледі: Гольджи жиынтығынан
Жасушаның өзін-өзі қорыту үдерісі: автолиз
Цитоплазманың ішіндегі мембрананың түтікшелері. Эндоплазмалық тор.ЭПТ
Макротүтікшелердің екі триплетінен тұратын мембраналы емес ұсақ органоид: жасуша орталығы (центриоль)
Қозғалыс органоидтары: талшықтар, кірпікшелер
Жасушадағы қандай да бір заттардың уақытша шоғырлануы: жасуша қосындылары
Құрылысы, шығу тегі, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттар жиынтығы: ұлпа
Тұрақты орны, құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағза бөлігі: мүше
Мүшелер қызметі бойынша бірігеді: жүйе
Тұрақты құрылысқа ие, белгілі қызмет атқаратын жасуша бөлігі: органоид
Мембрананың сыртында болып, жасушаны жабады: жасуша қабырғасы
Саңырауқұлақтың жасуша қабырғасы: хитин
Өсімдіктің жасуша қабырғасы: целлюлоза
Бактерияның жасуша қабырғасы: муреин
Вакуоль ішіндегі сұйықтық: жасуша шырыны
«Қоқыс салатын шелек»: вакуоль
Сары, қызыл, қызыл сары түс беретін пластид: хромопласт
Ақ, түссіз пластид: лейкопласт
Жасыл пластид: хлоропласт
Лейкопласттар жинақтайды: крахмал
Өсімдік тіршілігіндегі маңызды үдеріс: фотосинтез
Өсімдікте ұлпалардың түрі: 6
Барлық ұлпалар мен мүшелерді түзеді: түзіші үлпа
Жасушалары ұсақ, қабықшасы өте жұқа, бір-біріне тығыз орналасқан: т үзуші ұлпа
Тамыр ұшы мен өркен ұшында тұратын жасушалар тобы: түзуші ұлпа
Қабықшасы жұқа, жасушааралық кеңістіктері кең жасушалардан тұрады: негізгі ұлпа
Негізгі ұлпаның түрлері: фотосинтездеуші, қор жинаушы, су жинаушы, ауа жинаушы
Фотосинтездеуші ұлпалардың цитоплазмасында болады: хлоропластар
Фотсинтездеуші ұлпа бөлінеді: бағаналы, борпылдақ жасушалар деп
Қор жинаушы ұлпалар жинайды: май, нәруыз, көмірсу
Су жинаушы ұлпа түзеді: кактус сабағы, алое жапырағы
Ауа жинаушы ұлпа: тұңғиықтың жапырағында
Өсімдіктің ішкі жүйесін микроорганизмдердің енуінен қорғап, судың артық булануынан сақтайды: жабын ұлпа
Жабын ұлпа бөлінеді: өң, тоз,қыртыс
Жасушалары тірі, бір-біріне тығыз орналасқан-өң
Көпжылдық өсімдіктерді болады, алғашында тірі болғанымен, кейін өлі жасушаға айналады: тоз
Қыртыс: ең соңында түзіледі, Тоздың пайда болған жаңа қабатынан қалыңдай береді.
Органикалық және бейорганикалық заттардың жерасты, жерүсті мүшелеріне тасымалдануын, өткізілуін қамтамасыз етеді: өткізгіш ұлпа
Бөліп шығарушы ұлпа: шайыр жолдары, шірнелік, сүт жолдары
Өсімдік мүшелеріне беріктік қасиет береді: тірек ұлпа
Тірек ұлпа: жаңғақ пен емен жаңғағы қабықшасы;алхоры, өрік сүйектері
Жануарларда ұлпа түрі: 4:эпителий, жүйке, бұлшықет, дәнекер
Қалпына келу қабілеті: регенерация
Жасушалары тығыз байланысқан, теріде, мүшелердің ішкі қабырғаларында қорғаныш қабатын түзеді: эпителий ұлпасы
Көпқабатты эпителий: тері, ауыз қуысының шырышты қабығы
Бірқабатты эпителий: бүйрек өзекшелері
Безді эпителий: тер,май, сілекей, бездері,бауыр
Кірпікшелі немесе тербелмелі эпителий: тыныс жолдарында, мұрын қуысында
Тері асты май жасұнығы түзіледі: борпылдақ дәнекер ұлпадан
Байламдар, сіңір, қан тамыр қабырғасы түзіледі: дәнекер ұлпадан
Нейрондардан тұрады: жүйке ұлпасы
Нейронның қосымша жасушалары: нейроглия немесе глия
Нейронның қысқа өсіндісі: дендрит
Нейронның ұзын өсіндісі: аксон
Дендрит пен дене түзеді: сұр өат
Аксон түзеді: ақ зат
Ішкі мүшелердің қызметі мен организмнің кеңістікте қозғалуын қамтамасыз етеді: бұлшықет ұлпасы
Бұлшықет ұлпасы: бірыңғай салалы, көлденең жолақты жүрек бұлш, көлд.жолақты қаңқа бұлшықеті
Дәнекер ұлпасы: қан, шеміршек, сүйек, лимфа, буын
Тіректік, беріктік қасиет беріп, оттек пен қоректік заттарды тасымалдайды: дәнекер ұлпа
СИ жүйесі қабылданды: 1960 жылы Парижде өткен «Мөлшер мен салмақтар» туралы ХІ бас конференцияда
Микрометр: 10 -6м
Нанометр: 10 -9м
Пикометр: 10 -12м
Фемтометр: 10 -15м
Аттометр: 10 -18м
Ескірген, СИ жүйесіне кірмейтін бірлік: Ангстрем
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|