Армысыздар, Тәуелсіз еліміздің өрендері, Егеменді еліміздің жалынды да жігерлі жастары мен 1418 күнге созылған соғыста «Елім, жерім» деп қан төккен соғыс ардагерлерінің ізбасарлары. Бүгінгі - «Біз жеңістің мұрагерлеріміз» атты мерекелік саптық шеруге қош келдіңіздер!
Жеңіс-деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген – бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген –
Төккен қаны әке-аға, інінің.
Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында талай асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ал тылда қалған қарттар мен жас балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ, тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің де сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып, сапқа тұрған ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса-дағы ғасырдың бұл қай жылы,
Әрқашан да басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
Орнымыздан тұрып, соғыстан оралмаған боздақтарды бір минут еске алайық.
...Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |