«Жеке адамдар әлеуметтік тіршілік иелері ретінде»



Дата27.06.2022
өлшемі13,22 Kb.
#37330

«Жеке адамдар әлеуметтік тіршілік иелері ретінде»
Адам- ақыл иесі, адам- сана иесі, адам- бостандық иесі. Ақыл, сана, және бостандық- адамның адамдық жігерінің ерекше сипаттамалары. Адам жөнінде психологияда сөз қозғасақ, нақтылы жеке адам туралы айта аламыз.
Жеке адам түсінігі адам түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Бұл қоғамдық- тарихи категория. Бұл дегеніміз оның қоғамдық мәні мен әлеументтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты көрсеткіштері. Демек, жеке адам дегеніміз- әлеуметтік қатынастармен саналы іс- әрекетті жүргізуші.
Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Бұның себебі адам айналасындағылармен қарым- қатынас жасау үстінде. Одан шығатын қорытынды, адам тек қана әлеуметтік әсер жағдайында ғана кісілік мағынаға ие болады.
Әлеуметтік қасиеттерді әлеуметтік өзара әрекеттесудің өнімі ретінде анықтай аламыз. Өз кезегінде адам дамуының ерекшеліктері биологиялық та, әлеуметтік болмысыда оның даралығымен анықталады, яғни салыстыруға келмейтін және бір адамды екіншісінен ерекшелейтін қасиеттің бір түрі. Жеке адам қасиеттері қоғамнан ажыраған жағдайда, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалары сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет