Жеке-дара даму жəне жас кезеңдері Жеке-дара даму. Онтогенез тұқым қуалайтын факторлардың ықпалына байланысты жəне ата-аналық гендердің өзара əсерлесуі нəтижесінде құрылатын генетикалық программамен анықталады



Дата17.05.2022
өлшемі75,77 Kb.
#34799
түріПрограмма
Байланысты:
Азамат


Жеке- дара даму және жас кезеңдері

Халыкаралық туризм және меймандостық университеті

Қабылдаған:Кунешов.Қ.

Жеке-дара даму жəне жас кезеңдері Жеке-дара даму. Онтогенез тұқым қуалайтын факторлардың ықпалына байланысты жəне ата-аналық гендердің өзара əсерлесуі нəтижесінде құрылатын генетикалық программамен анықталады. Жеке-дара дамудың генетикалық программасы қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында жүзеге асырылады. Онтогенездің түрлі сатыларында генетикалық ақпарат пен қоршаған ортаның əсерлері бірдей болмайды. Мəселен, өмірдің алғашқы жылдарында соңғы жылдарына қарағанда сыртқы ортаның ықпалы өлшеусіз күштірек болады. Дамып келе жатқан организмнің органдары мен жүйелерінің бірі ертерек, басқасы одан кешірек дами отырып, олардың қалыптасуы

бір мезгілде жүрмейді, яғни гетерохронды өтеді. Мəселен, ми мен жұлын морфологиялық жағынан ерте балалық шақта барынша қарқынды өсіп, 10-12 жаста мөлшері өз шегіне жетеді. Жыныс мүшелерінің де қалыптасуы 11-12 жасқа дейін салыстырмалы түрде баяу, ал 12-14 жаста шапшаң өтеді. Адамның жеке-дара дамуы барысында бір-бірімен өзара байланысты ассимиляция (жасалу) жəне диссимиляция (ыдырау) деген үдерістер үздіксіз жүріп жатады. Дамудың түрлі кезеңдерінде бұл үдерістердің арақатынасы өзгеріп отырады. Организмнің қалыптасуы мен өсу кезеңдерінде ассимиляция басым келеді. Ересектерге қарағанда энергия жұмсауы салыстырмалы жоғары болып келетін белоктар синтезінің күшеюі байқалады.Адамның жеке-дара дамуының түрлі кезеңдерінде организм қызметінің нейрогуморалдық реттелу сипаты да өзгеріп отырады. Мысалы, дамудың ерте кезеңдерінде салыстырмалы тыныштық күйде ЖЖЖ едəуір болуымен көрінетін жүрек-тамыр жүйесінің симпатикалық реттелу механизмдері басым келсе, жас келген сайын жүректің жиырылу ырғағының баяулауымен айқындалатын кезеген (вагус) жүйкенің ықпалының күшеюі орын алады.

Адамның дамуына қозғалыс, дене жаттығулары орасан зор ықпал жасайды. Гипокинезия деп аталатын қозғалыс белсенділігінің шектелуі, қозғалыстың жетіспеушілігі организмнің қалыптасуына теріс əсер етеді. Əсіресе, балалық шақта организмнің түрлі жүйелерінің қызметі қаңқа бұлшық еті белсенділігімен тура тəуелділікте болады. Қозғалыс белсенділігі зат пен энергия алмасуын стимулдайды, организмнің жүйелерінің де барлық қызметтерін жетілдіреді жəне оның жұмысқа қабілеттіліктерін жоғарылатады.  Американдық ғалымдар 400 м жүгіру мен шахмат ойыны кезірдегі нəтижелерді жасқа байланысты салыстыра зерттеген Екі спорт түрінде, яғни дене жаттығуы мен интеллектуалдық  спорт түрінде де бұлшық ет талшықтары санының азаюы, жүректамыр жүйесі немесе жүйке импульстерінің берілу жылдамдығы 24 пен 30 жас аралығында максимум мəнге жетіп, содан соң жұмысқа қабілеттіліктің дереу төмендеуі орын алады. Алайда, шахмат ойынында бұл жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі баяулау өтеді. Еңбекке даярлауда қозғалыс белсенділігінің маңызы зор. Жаңа қозғалыстарды меңгере отырып, адам еңбек пен спорттық шынықтыруға қажетті күрделі қозғалыстарды, бұлшық ет жұмысын басқарып үйрене алады. Қозғалыс белсенділігі сезім мүшелері арқылы сыртқы ортадан түскен ақпараттардың меңгерілуіне əкеледі.

Бұл ақпараттың тек дене жұмыс қабілеттіліктері мен ақыл-ой қабілетін жоғарылатуда ғана емес, адамның тұлға ретінде қалыптасуында да маңызы бар. Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дəрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Организмнің жеке дамуын онтогенез (грек. «ontos» – жекелей, «genes» – шығу тегі) деп атайды. Қазіргі кезде адам өмірін кезеңдерге бөлудің классификациясы жаңа талаптарға сəйкес келмейді. Себебі педагогика саласында жəне медицинада қолданып жүрген жас кезеңдерін атаудың салыстырмалы айырмашылығы бар (Х. Қ. Сəтпаева). 

Адам өмірі

Құрсақта даму

Балалық шақ

Ересектік шақ

Жоғарыдағы классификациямен қатар балаларды тəрбиелеу, үйрету жəне оқыту жағдайларын ескеріп, педагогтар:

1. Жаңа туған нəресте (1 ай);

2. Емшектегі бөбек (1 айдан 1 жасқа дейін);

3. Бөбекхана (ясли) жасы балбөбектер тобы (1-4 жас);

4. Мектепке дейінгілер тобы (5-6/7 жас);

5. Мектеп жасындағылар:

5.1. Бастауыш сыныптағы оқушылар (6/7-11 жас);

5.2. Ортаңғы сыныптағы оқушылар (11-14 жас);

5.3. Жоғары сыныптағы оқушылар (14-18 жас) сияқты жас

кезеңдерінің топтарын ұсынады.Жалпы алғанда адамның жасын кезеңдерге бөлу ұсыныстары өте көп. 18-кестеде көрсетілгендей, əрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Кейбір ғалымдар бұл мерзімді мүшелі жас деп те атап жүр. Бірақ оның жас кезеңдеріқазақтың мүшелі жасымен сəйкес келе бермейді, дегенмен белгілері ұқсайды. Өзгеру мезгілі əр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама əлсіреп, сыртқы орта жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын келеді. Жас кезеңдерінің уақыттары əртүрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген. Жас кезеңдерінің уақыт шектері (хронологиясы) болсын, оның жеке функциялық көрсеткіштері болсын əлеуметтік жағдайларға байланысты ұмытпаған жөн (Қ. Дүйсембин, 2007) Жеке-дара дамуды неғұрлым нақтырақ бағалау үшін күнтізбелік (төлқұжаттық) жаспен қатар биологиялық жасты да ескеру ұсынылады. Бұл əрбір организм үшін өзіңе ғана тəн даму темпінің болуымен байланысты.

Сондықтан да биологиялық дамудың жеке жас кезеңдерінің мерзімдері үнемі күнтізбелік жаспен сəйкес келе бермейді. Биологиялық жас дене дамуы (бой, салмақ жəне т.б.), қаңқаның сүйектерінің қатаю мерзімі, жыныстық есею дəрежесі сияқты көрсеткіштердің жиынтығы бойынша бағаланады.  Шынайы жастың нақты сипатын бұдан да едəуір қиындататын фактор акселерация үдерісі болып табылады. Бұл үдеріс дене дамуының жылдамдауы, мерзімінен бұрын ерте жыныстық жетілу,  дене мөлшерінің артуы сияқты негізгі ерекшеліктерімен сипатталады. Мəселен, Мəскеу қаласының жасөспірімдері мен бозбалалары 1923-1925 жылдармен салыстырғанда 10-13 см-ге өскен, оларда дене салмағы 9-11 кг-ға артқан. 1979 жылғы 12 жасар ер балалардың бойы 1930 жылдағылардан 11 см, салмағы 10 кг артық болған. ХХ ғасырда өмір сүрген Алманиядағы балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір жас кезіндегі көрсеткіштері ХІХ ғасырдағылардан артық болған. Жыныстық жетілу көрсеткіштерінің бірі – алғашқы етеккір Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) оқушыларында 1927-1930 жылдары орта есеппен 14 жас 2 айда басталса, 80-жылдардың аяғында 12 жас 11 айда байқалған.  Қ. Дүйсембин (2007) еңбегінде мұндай мəліметтердің қазақ балаларының өсуінде де кездесетіні қарастырылған. Айталық, 1976  жылғы Алматы қаласының 13 жастағы оқушыларының бойы орта шамамен, 152 см, салмағы 44,17 кг, кеуде шеңбері 78,13 см болса (Алиакбарова 1995), 1950 жылдары ол көрсеткіштер 146,6 см, 37,03  кг, 70,67 см (Шəкенов, 1960) болған. Өсу мен даму акселерациясының бірнеше белгілері бар: 4) Жаңа туған нəрестелердің ірі болуы (1970-1980 жылдары Алматыда туған нəрестелер 1950-1955 жылдары туған нəрестелерден 3-4 см ұзын, 0,4-0,5 кг ауыр);

5) Белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы (жоғарыдағы Мəскеу мен Алматы қаласындағы оқушылар мəліметтері);6) Ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; оның

белгілері:мысалы, (жоғарыдағы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) оқушылары мəліметтерін қараңыз) қыздардың етек кірінің 10-12 жаста басталып, сүт бездерінің ерте жетілуі, жамбас сүйектерінің өсуі);

7) Баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі: 

баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып, тұрақты тістері пайда болады, маңдай еңбегі ерте жабылады – қазіргі кезде баланың маңдай еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі);

8) Жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты

жағдайларда жігіттерде 22-24 жаста (25 жасқа дейін), қыздарда 20-20 жаста (23 жасқа дейін) бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу 2 жылдай бұрын аяқталады, яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Даму үдерісі жылдамдаған акселерат-балалармен қатар дене дамуы мен жыныстық жетілуі кешеуілдеген, баяу дамитын ретардант-



балалар да бар. Сондықтан бір күнтізбелік жастың биологиялық жағынан əртүрлі балалар контингентін біріктіруі сирек жағдай емес.  Дене тəрбиесі мен спорттық жетілдіру үдерісінде спортпен шұғылданушылардың тек күнтізбелік жасын ғана емес олардың биологиялық жасын, дамуының жеке-дара ерекшеліктерін де ескеру

қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет