Жер ғаламшарын қоршап тұрған ауа қабықшасы. Атмосфераның ішкі қабаты гидросфераны және ішінара жер қыртысын жабады. Сыртқы қабаты ғарыш кеңістігінің Жер төңірегіндегі бөлігімен шектеседі



бет1/8
Дата19.02.2022
өлшемі43,62 Kb.
#25908
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Метеорология 2,3,4


Атмосфера — Жер ғаламшарын қоршап тұрған ауа қабықшасы. Атмосфераның ішкі қабаты гидросфераны және ішінара жер қыртысын жабады. Сыртқы қабаты ғарыш кеңістігінің Жер төңірегіндегі бөлігімен шектеседі. Азот — 78%, оттегі — 21%, инертті газдар (аргон) — 0,94%, көмірқышқыл газы -0,03% — атмосфера ауасының негізгі т. б. газдары, сондай-ақ ауа құрамына су булары мен қоспалар (тозаң, мұз кристалдары, теңіз тұздары) — 0,03% кіреді.

Ауа температурасы, қысымы және құрамына қарай Жер атмосферасы тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабаттарына бөлінеді. Көрші қабықшалар арасындағы атмосфераның аралық аймақтарын тропоүзіліс, стратоүзіліс және мезоүзіліс деп атайды. Атмосфера қабаттары бір-бірінен температура және басқа да шарттарымен ерекшеленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет