Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: «География және табиғатты пайдалану» Кафедрасы: «Кадастр, жерге орналастыру және география» Мамандығы: Кадастр
СӨЖ Тақырыбы: Жерді пайдалануда аудандарын есептеудегі қажеттілікке қарай тиімді жолын таңдап алу
Орындаған: Жарылкасимова Жанель Тексерген: Джуламанов Таир Алматы, 2023ж
Мазмұны 1)Кіріспе 2)Негізгі бөлім 3)Қорытынды 4)Қолданылған əдебиеттер
Кіріспе Жерді пайдалану — қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Жер аграрлық экономиканы шектеуші фактор болып табылады. Сондықтан жерді пайдалану және жерді иемдену аграрлық қатынастар жүйесінің негізін құрайды. Иемдену деген әлі толық меншік емес. Иемдену қатынастарындағы меншік объектері, тікелей иемденетін объект емес, олар шаруашылық жүргізудің шарты болып табылады. Жерді пайдалану одан да қарапайым қатынас. Бұл екі жағдайдан тұрады: жерді өндіріс құралы ретінде қолдану және жасалған өнімді иемдену. Қолдану, пайдалану иемденудің жалпылама шарты болып табылады. Жерге меншік формасы қандай болмасын, иемдену және пайдалану, жерде шаруашылық жүргізу үшін қажет болып табылады.
Натуралдық аграрлық өндірістен тауарлыққа көшкенде, меншік формасы шешуші шарт болып табылмайды. Жерге жеке меншік, өндірістің басқа факторларына жеке меншіктен көп кейін қалыптаскан және осы күнге дейін ол жетекші рөл атқармайды. Көп елдерде жерге меншік ұлттық деңгейде болып отыр және жоғарғы меншік иесі мемлекет болып табылады. Шығыс, Африка, Көне Азия, Америка, Ресей халықтары аграрлық экономиканың әмбебап кезеңінен өткен. Бұларда жерді пайдалануға негізделген, ауыл шаруашылық егістік қауымының мемлекеттік жүйесі қалыптасқан. Экономикалық теорияда осы болмыс «азиялық өндіріс тәсілі» деп аталады. Германдар, франктер, кельттер жерді жергілікті тайпалардан күшпен алып, оған жеке меншік орнатқан. Осы халықтарда индивидуалдық қауымдар, жерге жеке меншік болуына және оны жалға алуға (аренда — иемденудің бір формасы) негізделген.