Жетісу көтерілісі



Pdf көрінісі
Дата02.12.2023
өлшемі69,87 Kb.
#132459
Байланысты:
Жетісу көтерілісі — Уикипедия



Жетісу көтерілісі
Жетісу көтерілісі
, 1916 жылғы — патшалық Ресейдің
отаршылдық саясатына қарсы шыққан жергілікті халықтың
ұлт-азаттық қозғалысы. 1-дүние жүзілік соғыста жеңіле
бастаған 
Ресей
 патшасы 
II Николай
 1916 ж. 25 маусымда
империяны қысылшаң жағдайдан құтқару үшін қазақтарды,
өзбектерді, төжіктерді, тұрікмендерді, дүнгендер мен
ұйғырларды майдандағы қара жұмысқа алу туралы жарлық
(қ. Он алтыншы жылғы көтеріліс) шығарды. Шілденің аяғы
мен тамыздың басында жаппай кара жұмысқа алуға және
жергілікті өкімет орындарының озбырлығына карсы
Қазақстанның
 жержерінде ашынған халық толқулары өріс
алып, бірте-бірте қарулы көтеріліске ұласа бастады. Шілде
айының басында Жетісу облысының халқы да бас көтерді.
Жетісу көтерілісі жетекшілерінің бірі — казақтың
демократияшыл зиялыларының өкілі, коныс
басқармасының тілмашы Т. 
Бокин
 болды. Патша жарлығы
жарияланысымен ол қызметін тастап, ауылға кетті. Қазақ
және қырғыз шаруаларының арасында патша жарлығын
орындауға қарсы үгіт жүргізіп, байлардың, болыстардың
сатқындығын әшкереледі. Халық жасақтарын құруға,


көтерілісшілердің съездерін шақыруға басшылық етті, патша
әскерлеріне карсы күрес жүргізді. Жетісу облысының әскери
губернаторы Фольбаум полицияға Бокинді ұстау не өлтіру
жөнінде тапсырма берді. Ақыры, тамызда патшаның өкімет
орындары оны қамауға алды. Облыс еңбекшілерінің толқуы
үдей түсті. Қазақ, қырғыз, ұйғыр, дүнген еңбекші шаруалары
"патша үкіметіне адам бермейміз, өлеміз, бірақ біз еш жакка
бармаймыз" деген ұранмен шақыру тізімдерін жойды, экімш.
орындарының қызметкерлерін қолға түсіріп, болыстардың,
байлардың мүліктерін өртей бастады. Бұл — Жетісу
көтерілісінің стихиялық түрде даму кезеңі еді. Тамыздың
басынан көтерілісшілер патша өкіметіне қарсы ашық қарулы
көтеріліске шыға бастады. Олар почта станциясыларын
өртеді, телеграф желілерін жойып жіберді. 
Жетісу
облысының
 әскери комиссары 28 шілдеде жұмысқа алуға
қарсы шықпау, көтерілісті тоқтату туралы жарлық берді,
жарлықты орьщдамаған жағдайда көтерілісті әскер күшімен
басамын деп қорқытгы. Бұған жауап ретінде 
Бекболат
Әшекеев

Нұқа Сатыбеков
бастаған түрғындар отрядтарға
бірігіп, жазалаушы әскерлерге қарсы куресті үдетті.
Көтеріліске қазақ жастары белсене қатысты. (қ., Самсы
көтерілісі) Патша үкіметі Жетісу облысын соғыс жағдайында
деп жариялап, көтерілісшілерге қарсы жазалаушы отрядтар
жіберді. Патша үкіметі жергілікті халықты кара жұмысқа алу
мерзімін 15 қыркүйекке дейін кейін шегеруге мәжбүр болды.


Бірақ Бұл шаралар көтерілістің өрістеуіне бөгет бола алмады.
1916 ж. тамызда 
Верный

Жаркент

Пішпек
, Пржевальск
уездерінде патшаның жазалаушы отрядтарына қарсы
қақтығыс күшейе түсті.
Патша үкіметі жазалау отрядтарын артиллериямен,
пулеметтермен қосымша қаруландырын, нағыз соғыс
қимылын бастады, ауылдар мен қалаларда "сенімсіз"
адамдарды жаппай тұтқынға алды, әскери-далалық соттар
құрды. Ол бірнеше жүз адамды өлім жазасына кесті.
Жазалаушы отрядтар көтерілісшілермен қатар бейбіт
халықты да кырып-жойды. Неғүрлым табан тіресіп
қарсыласкан ауылды жойып жіберді, мал-мүлкін талан-
таражға салды, 300 мыңнан астам қазақ пен қырғыз
атамекендерін тастап, құлжа елкесі мен Қашғарияға бас
сауғалады. Қанша куш жұмсаса да, патша үкіметі отарлык
езгіге ашына карсы шықкан халық наразылығын тоқтата
алмады. Жетісу көтерілісі патша үкіметін құдаткан Акпан
революциясына ұласты.
[1]
1. 
Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004
жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма.
ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет