Көшбасшы
1991 жылдың 29 қарашасы күні Лондонда өткен баспасөз мәжілісінде
сөйлеген сөзінде Ұлыбританияның сол кездегі премьер-министрі Маргарет
Тэтчер: «Қазір әлемде ірі әрі өте ықпалды төрт-бес саясаткер болса, солардың
арасында Н. Назарбаев та бар. Мен оған қатты сенемін, сондықтан да оның
Қазақстанда жүзеге асырып жатқан іс-әрекеттерінің бәріне келісемін», – деп
атап өткен еді.
Философиялық дәстүрге, әсіресе Шығыс философиясына иек арта
отырып, біз Президенттің бірқатар адамгершілік қасиеттерін бөле-жарып
айта аламыз: ол, ең алдымен – төзімділік мәдениетін, халықтардың өзара
түсіністігі мен келісімін қалыптастыруға ықпал етіп, сенім тудыратын
әлеуметтік әділеттілікке ұмытылатындығы. Президенттің екінші бір маңызды
қасиеті – күллі әлемдік қауымдастықтың – Шығыстың да, Батыстың да барша
тәжірибесін түгел қамтитын кең ауқымды ойшылдығы. Унитарлық
мемлекеттің тәуелсіздігін, ұлттық қауіпсіздігі мен территориялық
біртұтастығын әрі қарай нығайтуды қамтамасыз ететін бағыт бойынша
басқару тек барлық жағынан да әмбебап, ойлау қабілеті өте кемел
президенттің ғана қолынан келері анық. Туған елінің болашағы мен дамуын
әлемдік тарих үдерісімен бағамдаған Елбасы мемлекеттік саясатты ұлттық
мүдде мен ұлттық бірлікті есепке ала отырып, оны сақтау мен нығайту
тұрғысынан жүргізуді көздейді. Президентіміздің жеке адамгершілігі мен
демократиялық қисында ойлауы оның жоғары ғылыми-теориялық деңгейін
ғана емес, саяси түйсігі мен сезімталдығын да білдіреді. Ал олар тарихи
тұрмыстың үздіксіздігімен, әлемді дәстүрлі және ұлттық бейнеде тану
көзқарасымен тығыз байланысты.
Парасат-пайымы мен ерік-жігері дәуір бейнесін айқындайтын айрықша
адамдар болады. Осы заманғы ең танымал саяси көшбасшылардың бірі,
әлемдік аренада жас республиканың егемендігі мен қадір-қасиетін
орнықтыра біліп, елін жаңа, соны жолмен алға қарай өзінің саяси ұстанымын
батыл да үздіксіз бастап келе жатқан, болжампаздық пен саяси көрегендік
танытып, өз халқының тағдыры, бұл ғана емес, әлем тағдыры үшін тарихи
жауапкершіліктің
бар
салмағын
иығына
артқан
–
Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – сондай нар тұлға.
Оның өмірбаянын халқы мен елінің өмірбаяны мен тарихынан тыс
қарастыруға болмайды. Ол өз бойына халқымыздың талай ұрпағы,
замандастары армандаған құндылықтардың барлығын жинақтап, соларды
жүзеге асыра білді. Ол өз халқының өмірін түлетіп, олардың алдынан бұрын-
соңды болмаған көкжиек ашып берген ұлы тарихи өзгерістердің куәгері
болудан гөрі, соларға белсенді араласушы және оларды іске асырушы тұлға
болып табылады.
Елдің алдағы онжылдықтарда даму болашағын айқындайтын
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жасау мен оны бірте-бірте іске асыру Н.
Назарбаев есімімен тікелей байланысты. Президент осы негізде қазақстандық
қоғамның ерекше даму жолын жасады, ол «Саяси-әлеуметтік тұрақтылықтан
– жүйелі жаңару арқылы – бүкіл республиканы гүлдендіру» үндеуіне келіп
саяды. Немістің данышпан ойшылы Гегель: «Өз заманының ұлы адамы – сол
заманның еркін сөзбен жеткізіп бере алатын, сол өз заманына өзінің еркі
қандай екенін айтып, әлгі ерікті іске асыра алатын жан. Оның істегендері –
сол тұлғаның жүрегі мен ол өмір сүрген заманның мән-мағынасы, ол өз
уақытын тиімді пайдалана алады», – деп жазған еді. Осы сөз Қазақстан
Республикасының жаңаша тарихындағы рөлі аса зор біздің Президентіміз
Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасын дәл сипаттайды. Әлемдік тарихтың дамуына
айрықша белсенді ықпал ететін, өз елінің тарихын айқындайтын мұндай кең
ауқымды ойшыл тұлғалар керемет көп қырлы болып келетіні де шындық.
Президентімізді құрмет тұтып, оны қатты сыйлайтын барша әлем
жұртшылығы Н. Назарбаевтың бүкіләлемдік тарихи іс-қызметіне: «Ол өз
еліндегі бейбітшілік пен келісімді ғана қамтамасыз етіп қоймай, қазіргі күнгі
әлем халықтары арасындағы бейбітшілік пен достықты нығайтуда да үлкен
рөл атқарады, сондықтан да ол тек Орталық Азия аймағында ғана емес, бүкіл
посткеңестік кеңістіктегі саясаткерлердің арасында сенімді түрде лидерлік
рөлін сақтап, жер шарындағы басқа аймақтарға қатысты жауапты шешімдер
қабылдауға күшті ықпал ететін саяси ұстанымы бар тұлға. Сондай-ақ, ол
ғылыми болжағыштық дарынға, әлеуметтік түйсікке, ұйымдастырушылық
талантқа, дана және ғажайып көрегендікке, халықаралық қатынастардағы аса
шиеленісті түйіндер мен қайшылықтарды шешу іскерлігіне ие, жаһандық
дағдарыс кезі мен одан кейінгі өсу мен дамуда өз бағытын қатаң әрі табанды
түрде жүргізетін тарихи тұлға», – деп баға берілді. Н. Назарбаев бір
қарағанда бір-бірімен қабыспайтын нәрселерді үйлестіре алады: ол билік
биігінде отырғанына қарамастан, өз бойындағы кеңпейілділік пен жылы
жүректілікті, рухани тепе-теңдік пен үйлесімділікті жоғалтпаған. Ол бұл
қасиеттерін тек Қазақстанның ғана емес, халықаралық қауымдастықтың да
әлеуметтік шынайылығына қызмет еткізуге ұмтылады. Өз халқының рухани
құндылықтарына жан-тәнімен берілген адам әрқашан да басқа халықтардың
мәдениеті мен тілін, дәстүрін сыйлап, құрметтейді, олардың әлемді өздеріне
тән ұлттық ерекшеліктеріне сай көру құқығына ие болады. Осыдан өзара
келісім мен түсіністік пайда болады. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі қазіргі
заманғы рухани жағдайға енгізіп отырған баға жетпес тәжірибесі, міне, содан
бастау алады. Сондықтан Н. Назарбаевтың пәлсапасы бұл – жаңа өзара
түсіністіктің интегралдық философиясы, оның негізінде Шығыс пен Батыс
мәдениеттері арасындағы тиімді мәдениаралық сұхбат жатыр. Қазақстан
өзінің жиырма үш жылдағы әлеуметтік және экономикалық дамуында
ғажайып нәтижелерге қол жеткізді. Бұл нәтижелерге қол жеткізу Елбасының
көрегендігі мен іс-әрекеттегі бірізділігінің және оларды іске асыруға орасан
зор күш-жігер жұмсауының арқасында ғана мүмкін болды. Н. Назарбаев
ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегия- сы бірден-бір дұрыс бағдарламалық
құжат болып шықты. Ол қазір де, болашақта да әлемдік жаһандану
жолындағы бұрқ-сарқ қайнаған толқында Қазақстан бағытын көрсетер
бағдаршам – темірқазық жұлдызы бола бермек. Бағытқа «қатарға қосу» емес,
өсуді арттыратын «ақылды білім экономикасы» алынған. Бұл шығыстық
ойлау ұстанымына сай келеді. Онда «Әрқашан да ағыстан жоғары алу керек,
ылғи да орташа көрсеткіштердің бәрін көтеруге ұмтылып, нәтижесінде
табысқа кенелу қажет. Ол халық жұмсаған барлық күш-жігердің шынайы
мөлшеріне сай ақиқат сәтіне сәйкес келуі тиіс» делінген. Н. Назарбаевтың
жоғары адамгершілік қасиеті мен рухани миссиясы нақ сонымен
айқындалады. Мұны ол, міне, 23 жыл бойы адал атқарып келеді. Ол – Шығыс
пен Батыс халықтарының рухани ұмтылысын біріктіретін бітімгерлік
миссиясы. ІІІынында, бұл оңай шешім емес-тін. Нұрсұлтан Әбішұлы тау
шыңдары күн сәулесімен нұрланған, көктем кезінде алма бақтары гүлдеп,
көшелері жасыл желекке бөленетін ару қала Алматыны жан-тәнімен сүйді.
Бірақ, соған қарамастан, 1998 жылдың 6 шілдесі күні (бұл – оның туған күні)
Жоғарғы Кеңес Сессиясының кеңейтілген мәжілісінде астананы басқа жерге
көшіру туралы ойын ортаға салды. Залдың бұл ұсынысқа таңқалғандығы
соншалық, көпшілік жұрт Президенттің туған күнін ұмытып та кетті.
Президент осы ойын айту арқылы халықтың көңілін дағдарыстан басқа жаққа
бұруды ойлаған еді. Мұндай қиын-қыстау кезде астананы басқа жерге қалай
көшіруге болады? Толқыған жұрт не айтпады дейсің?! Расында, сол кезде
Президентті қолдаушылар саны тым аз-тын. Бірақ ол жас Республиканың
геосаяси, экологиялық, экономикалық мәселелерін тек күтпеген, оқыс іс-
әрекетке бару, яғни батыл қадамға барып, парадигманы ауыстыру,
экономикалық және әлеуметтік күштердің бәрінің импульсін жаңарту
арқылы ғана шешуге болатынын жақсы түсінген-ді. Бұдан басқа Астана жаңа
дәуірдегі жаңа тәуелсіз мемлекеттің символы болуы тиістін. Себебі, қазақ
мәдениеті бағзы замандардан бері-ақ терең символизмдермен ерекшеленген
ғой. Бұл – ұлттық рух жемісінің көрінісі.
Әлбетте, Елбасы қандай тәуекелге бел буғанын жақсы түсінді. Мәселе
Президент ретінде оның жеке тағдырына да байланысты болатын. Әңгіме ол
өзінің осы ауқымды жобасын жүзеге асыра ала ма, олардың келешегінің зор
екендігін іс жүзінде дәлелдей ала ма, жоқ па деген дилеммаға тірелген еді.
Қазір риторикаға айналған бұл сұраққа тарих біржақты жауап берді. Астана
Ұлы Даланың нақ кіндік тұсынан ойып отырып өз орнын алып, аз мерзім
ішінде айрықша гүлденіп, өркендеп өскен Еуразияның жүрегіне айналды.
Әлемнің ең атақты сәулетшілері XXI ғасыр қаласын тұрғызу бойынша
өздерінің жобаларын ұсынды. Нәтиже күткендегіден асып түсті. Ұлттық
дәстүрге негізделген жаңа құрылыстық нақыштар мен озық технология,
қайталанбастай керемет үйлесім тапқан қазақы ою-өрнектер астананың
ғажайып келбетін ашып, өзінің тамаша сәулет ансамбльдерімен барша
жұртты таңқалдырды. «Бәйтерек» – тамырымен халық тарихының тереңіне
бойлаған, заңғар биікке, жаңа әлем мен дәуірге бой созған күшті ағаш
бейнесін беретін Президенттің сүйікті перзенті. Иә, Президент «құрылыс
салып, жеңіске жету» атты ұстанымынан бір сәт те ауытқыған жоқ. Тарихта
кереметтей ғажайып мемлекет құрылысы жобалары аз болмаған ғой.
Философиялық рефлексия жады күшімен ойлы тәжірибеге жүгініп, әділ,
бақытты адамзат қауымдастығын құруға талпынды. Бірақ ол асыл арманды
өмірде іске асыру ешкімнің қолынан келген емес.
Платон өзінің «Мемлекет» атты сұхбатын жазып, оның басқарушы
идеясы – әлеуметтік әділеттілік деп анықтады. Өзі армандағандай жаңа
мемлекет құру идеясын жүзеге асыруға сан рет талпыныс жасап, еш
тыныштала алмады. Өкінішке қарай, өзі өліп қала жаздағанымен, оның асыл
арманы болған ізгі ойы сәтсіздікпен аяқталды. Платонға дейін Конфуций
мемлекетті үлкен тату отбасы ретінде анықтап, онда адамгершілік беделі
негізінде үлкендерді құрметтеу рәсімі сақталады деп есептеген-ді. Бірақ ол да
басын қауіп-қатерге тігіп, өз арманын іздеумен аспан асты елінің күре
жолдарын босқа шиырлап, арлы-берлі бекерге тентіреді, өйткені ол өзі арман
еткен идеалды мемлекетті таба алмады. Әл-Фараби барлық тұрғыны
билеушісінің ақыл-есі мен ерік-жігерінен сәулеленіп, бірлескен бақытқа –
өзін-өзі рухани жетілдірудің қамын ойлайтын ізгі қала моделін жасады. Бірақ
ол да тек арман күйінде қалды.
Н. Назарбаев болса әділетті қоғам құру жобасын ғылыми тұрғыдан
негіздеп қана қоймай, оны шынайы өмірде іске асыра білді. Ешқашан
орындалмайтындай көрінген арман шындыққа айналып, шынайы түрде
өмірге енді. Бұл Қазақстан Президентінің көпқырлы іс-қызметін, атап
айтқанда, сөзі мен ісінің, ойлауы мен әрекет ету жүйесінің бірлігін
сипаттайды.
Дегенмен алда жаңа сынақтар мен жаһандық қаржылық-экономикалық
дағдарыс сынды қиындықтар тұрған-ды. Себебі, мұндай экономикалық ауыр
соққы дауылды әлем елдері бұрын-соңды көріп, білмеген болатын.
Дағдарысты әрқашан да капитализм тудырады, бұл жайды кезінде Карл
Маркс жазған-ды. Десе де қазіргі дағдарыс – әлем тарихында мүлдем
болмаған жаңа құбылыс. Жаһандану дәуірі басталды да, дағдарыс та
жаһандық сипатқа ие болды. Ал бұл оған басқа өріс пен өзге сапа берді.
Қазақстан Президенті төрткүл әлемде болып жатқан оқиғаларға өз бағасын
беріп, барша елдерді экономикаға кесірін тигізіп жатқан дауылдан құтқаруға
қатысты өз жобасының нұсқасын табанды түрде ұсынып келеді. Н.Назарбаев:
«Дағдарысты қазіргі заманғы әлеуметтік- экономикалық парадигмаға өтудің
кезеңі ретінде бағалауға болады, өйткені мұндай аласапыранды өзгерістер
капитализм сынды әлеуметтік- экономикалық жүйенің өмір сүруіне мүлде
күмән келтіреді», – деп есептейді. Көптеген мемлекеттер дағдарыс кезінде
әдеттен тыс шараларды қолға алып, банктерге теңдессіз қолдау көрсету
арқылы өздері де солардың еншілесіне айналып, мемлекеттік капитализмнен
қашып құтылуға болмайтындығын көрсетті. Қазақстан Президенті бұрынғы
параметрлерді жедел түрде қалпына келтіріп, әрі қарай дағдылы
экономикалық форматта қозғалуға есеп жасау өзін-өзі ақтамайтын шаруа деп
есептейді.
Елбасы сабырлы, ұстамды қалпын сақтай отырып, батылдықпен: «Біз
бәріне төтеп береміз, біз дағдарысты басқаруды үйренеміз. Біз түбегейлі
жаңару жоспарын ғана жасап қоймай, дағдарыстан кейінгі индустриалдық-
инновациялық дамуға арналған бесжылдық жоспарды іске асырамыз», – деп,
ел азаматтарының бойына сенімділік сезімін сіңіреді. Себебі, дағдарыс бізге
ескі оптиканы алмастырып, ойлауды жаңартуға, әлемге басқа көзбен қарауға,
кірігудің барлық деңгейінде топтасып, аса қорқынышты қаржы селін жеңіп
шығуға, одан сабақ алуға, сөйтіп, әлемнің ауқымды өзгерістеріне тиімді айла-
тәсілдер табуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, Қазақстан Президенті өз
мақалалары мен сөйлеген сөздерінде: «Халықтар бірлігі мен саяси
тұрақтылықты, тәуелсіздік пен қауіпсіздікті сақтау – қазіргі күрделі әлем
құрылымындағы мемлекеттің өміршеңдігінің басты факторы», – деуді
қайталаудан шаршап-шалдыққан емес. Президент Н. Назарбаев саяси
тұрақтылық пен ұлттық бірлікті олардың қазіргі заманғы философиялық
мәнінде түсінеді. Ол – ұлт пен этносқа тән ерекшеліктер шайылып кететін
бұрынғы кеңестік түсінікті жаңарту емес. Бүгінде ондай стратегия келмеске
кеткен. Әлем жанды қозғалысқа енді. Әрбір халық өзінің ұлттық құндылығы
мен ұлттың өзін-өзі тануына құқы бар екендігі туралы мәлімдейді. Нақ осы
әркелкілік шынайы бірлік пен өзара мүдделілікке, мәдениеттер мен
өркениеттерді жақындастыруға алғышарт бола алады. «Әркелкілік – Жер деп
аталатын ғаламшардағы басты феномен... Әркелкілік – бұл – өсу, алға басу
(прогресс), жаһандық әлемдегі біздің артықшылығымыз. Ендеше, бірлікті
сақтау – бәріміз үшін киелі міндет!»
Ауқымды дағдарыс ауқымды күш-жігер мен бірлікті талап етеді. Ал ол
күшін әлемдегі әралуан мәдени және ұлттық бейнелерден, әрбір халықтың
лайықты өмір сүріп, этносаралық, дінаралық және мәдениаралық кірігуді
күшейту арқылы гүлденіп, берекеге кенелуге деген үмітінен алады.
Жаһандық ауыртпалық салмағын салған бүгінгі таңда қайсы елдің президенті
мақтаныш сезіммен: «Қазақстандық сәбилердің жүздерінен күлкі көргенде,
мен өзімді бақытты сезінемін! Жаңа зауыт ашылып, жаңа жолдар салынып,
қазіргі заманғы зәулім үйлер мен мектептер, ауруханалар тұрғызылған сайын
менің бойымды мақтаныш сезімі билейді! Көз алдымызда біздің
Қазақстанның қалай өзгеріп жатқанын көргенде, мен зор қуанышқа
кенелемін!» – дей алады? Ендеше, әлем картасындағы жаңа, тәуелсіз,
жасампаз, кәсіби мемлекетті құру мен нығайту – халқы мен Н. Назарбаев іс-
қимылының алғашқы әрі ең басты нәтижесі. Осы плацдармнан ол өз
халқымен бірге әрі қарай – қазіргі әлемдегі өзінің айрықша мәнді
адамгершілік және рухани миссиясын орындауға аяқ басады. Қазіргі қазақ
халқына, ең алдымен, тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, қазақ ұлтының,
қазақстандықтардың бірегейлігін сақтап және оны дамытып, өз ұлтын
әлемдік тарихтың дербес те тәуелсіз субъектісі ретінде қарастыруға қажетті
берік психологиялық негіз қалаудамыз.
Қазақстан Президенті тарихтың белгісіз тереңіне бойлап, одан сарқыл-
майтын мол ұлттық байлықтарды табу үшін «Мәдени Мұра» (2004-2012 жж.)
атты теңдесі жоқ стратегиялық ұлттық жобаны жүзеге асыруға байланысты
бастама көтерді. Археологтар мен этнографтар, философтар мен
тарихшылар, психологтар және әдебиетшілер президенттік жобаны
орындауға бар ынта-ықыластарымен, жоғары кәсіпқойлықпен бекемделген
ғылыми батылдықпен іске асырды. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Халықтың өзін-өзі
тануы – өзімен-өзі болып, өзінің ерекшелігі мен кереметтігін бекемдеуге
қажетті шарт, міне, осы», – деп есептейді. Әлем мемлекеттерінің
басшыларымен, әлемдік қауымдастық өкілдерімен өткізген көптеген
кездесулер, сұхбаттасулар мен олардан алған жеке өз басының әсерлері
Елбасымыздың нақ осы бай ұлттық мәдениет, қазақ философиясы, этникалық
бояу, қазақ фольклоры, қазақтың ұлттық тілінің әуезділігі мен ғажайып
кереметтігі әңгімелесушілер тарапынан әрқашан да жанды қызығушылық
тудыратынына көзін жеткізді.
Президент жаһандану дәуірінде мемлекеттік қазақ тілінің барлық күш-
қуаты барынша ашылып, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы толық күшімен
естілуі үшін орасан көп жұмыс істелді. Қазақ ұлты жаңа мемлекетті құрушы,
барлық
қазақстандықтарды
біздің
ортақ
тарихымыз
бен
ортақ
құндылықтарымыздың, ортақ келешегіміздің айналасында топтастыратын
ұлт болып табылады. Сол себепті де елдегі басқа этностар алдында оның
мойнына үлкен жауапкершілік жүгі артылған. Н. Назарбаев өзінің жаңа
интегралдық өзара түсіністік философиясын жасап шығарып, оны жүзеге
асыра отырып, мұндай келісімнің негізі рухани-адамгершілік құндылықтар
болуы тиіс деген қорытындыға келді. Сондықтан мәдениет пен өркениет
сұхбаты әр халықтың жан-дүниесін құрайтын дін мен конфессия сұхбатынан
бастау керек. Сөз зайырлы және діни құндылықтар арасындағы ауқымды
сұхбат жөнінде болуы тиіс. Елбасы осындай тұрақты ашық сұхбаттық алаң
құрды. Содан бері жыл сайын әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің
съездерін өткізіп тұру ізгі дәстүрге айналды.
Кез келген ұлттық мемлекет оны құраған ұлттың өзге этникалық топтар
алдындағы басымдығын таныту құралы емес. Адамзат тарихында мемлекет
этностардың бір-бірімен өзара әсерлесу мүмкіндігі көбейген кезде, белгілі бір
ұлттың бірегейлігін (аумағын, дінін, тілін, ділін, мәдениетін т.б.) аман сақтап,
дамыту қажеттігіне орай пайда болған. Қазақстан Республикасы да, ең
алдымен, сан ғасырлық тарихы бар қазақтар мен қазақстандықтардың бірлігі
мен бірегейлігін сақтап, дамытуға қызмет етеді. Ондағы өмір сүріп отырған
этностар, әсіресе орыс этносы қазақ тілін, ал қазақ этносы орыс тілін
дамытуға күш салуы қажет-ақ. Өзге этникалық топтар мәдениетіне ешкім
қысым жасамайды. Керісінше, олардың да төл мәдениеті дамып, әрі
Қазақстанның мәдени дамуына бір бұлақ болып қосылып, әрі біздің өзге
халықтармен (әлгі этникалық топтардың атамекендерімен) мәдени және
мемлекетаралық байланыс жасауымыздың тиімді арнасына айналуы қажет-
ақ.
Ал енді қоғамдағы әлеуметтік құндылықтар, жеке адамның
бостандықтары мен құқықтары мәселесіне келсек, біздің еліміздің
азаматтарының бәрі этникалық тегіне, дініне, т.б. қарамастан бәрі де тең
құқылы, бәріне де тең мүмкіндіктер берілген. Мұның өзі негізгі қазақ ұлты
төңірегінде қазақстандықтарды топтастыруға, ортақ Отанымыздың болашағы
мен бүгінгі мүддесі жолында бірігуімізге, сөйтіп бірте- бірте бірегей біртұтас
ұлтқа айналуымызға ықпал етеді. Бір мемлекет аумағында ұзақ уақыт бойы
бірге тұрған этникалық топтардың бірегейлене келе бір ұлтқа айналуы
әлемдік тәжірибеде жиі болған процесс. Бұған алыстан мысал іздемей-ақ,
өзіміздің бауырларымыз түркі халқының тарихи тағдырын-ақ алайық.
Қазақстанда да қазірдің өзінде осындай қазақтар мен қазақстандықтар
үшін бірегейлену процесі жүріп жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі
кезеңде адамдар өздерінің болашақ ұрпақтары өсіп-өркендер Отанын таңдау
құқығын жүзеге асыруда. Бұған азаматтық алу, жаңа төл құжат беру, т.б.
шаралар оң ықпалын тигізеді. Ендігі міндет – текке, түрге бөлінбей барша
қазақстандықтар болып, барлығымызға ортақ «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық
идеясы, саяси құндылықтар негізінде Отанымызды барынша өркендету.
Мұның өзі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жүргізіп отырған
мемлекеттік ұлт саясатынан туындайды.
Мен өз басым түптің түбінде «қазақ», «қазақстандық» деген
ұғымдардың айырмашылығы болмай қалатынына сенемін. Қазірдің өзінде
кез келген Қазақстан азаматын шетелдіктер оның этникалық тегіне назар
аударып жатпай-ақ «қазақ» деп атай береді. Мұндай дәстүр ешкімнің
намысына тимей, керісінше, мақтаныш сезіміне бөленгені дұрыс сияқты. Тек
уақыт қажет. Содан соң, осындай бірегейлену процесінің ұйытқысы болуға
тиіс қазақ ұлты өкілдерінің біліктілік, төзімділік, дәстүрге беріктік,
мәдениеттілік тұрғысынан өресі биік болғаны жөн. Тек биік руханият пен
өрелі мәдениет қана өзге этникалық топтар өкілдерін өзіне тартып, құрамына
енгізе сіңіре алады.
Біздің Президентіміз айқындаған «Қазақстан-2050» Стратегиясының
негізінде «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жатыр. Осы еңбекте қазақ ұлтын
және басқа да этностарды іштей біріктіріп, дамытудың бағыт- бағдары жақсы
ашылған. Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған этносаралық толеранттылық пен
қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі тамаша нәтижелер беруде.
Сонымен қатар іске асқан «Мәдени мұра» (2004-2012 жж.) атты мемлекеттік
бағдарлама – сонау көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі халқымыздың
тарихи-мәдени мұрасын жүйелеумен бірнеше ондаған томдар етіп баспадан
қазақ тілінде шығару мәселесін Елбасымыз ұсынып, тиісті қаражатпен
қамтамасыз етті. Мұндай шаруа тұңғыш рет іске асты.
Қазақстанның өткен 23 жыл тәуелсіз дамуының басты нәтижелері:
этносаралық үйлесімділік пен саяси тұрақтылық, рухани келісім, бейбітшілік,
экономикалық өсу және ұлттық және стратегиялық мүддені қорғау негізінде
ішкі және сыртқы қауіпсіздікті, ұлттық бірегейлікті одан әрі нығайту, жүйелі
түрде әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қарқынды
жүргізу, тәуелсіз елдің демократиялық саяси жүйесін одан әрі жетілдіру.
Қазақстан дербес дамуды үйренді, сол жолмен нық жүріп келеді. Енді
жаһандану жағдайында өзі соған кіріге отырып, оның серпінділігін сезінуші
жақ қана емес, сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеріп келеді.
Тәуелсіздік жылдары ішінде өзіне тән барлық институттары бар,
әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі болып табылатын түбірінен жаңа
ұлттық унитарлық мемлекет құрылды, оның қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі
қамтамасыз етілді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік
құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының
берік іргетасы қаланды.
Сонымен
бірге
қазақстандықтар
бұрынғы
қасаң
идеология
шырмауынан арылып, шынайы құндылықтар мен мұраттарды қастерлейтін
тұтас бір жаңа толқын өсіп жетілді.
Жиырма үш жылдан астам уақыт ішінде қазақ халқының ұлттық
санасы жаңғырып, өзін-өзі тану, өзінің бай, ежелден қалыптасқан тарихы мен
ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай
рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар
шаруалар атқарылды және болашақта атқарылмақ.
Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әртүрлі этностардың да Отаны
болып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы татулық пен
ынтымақтастықты сақтаудың, мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына
қамқорлық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді. Оған Назарбаев ұсынған
этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін
іске асыру барысында қол жеткен бірлік пен татулық кепіл.
Бүгінгі Қазақстан – бұл күшті президенттік-парламенттік республика
болып табылады. Назарбаевтың кемеңгерлік басшылығы арқасында орнықты
дамып, әлемдік қауымдастық ауқымында өз орнымызды тауып, қазақстандық
тәуелсіздік жолымен даму үстіндеміз. Сөйтіп әлемдегі ең дамыған отыз
елдікке кіру жолындамыз. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдік
деңгейдегі бірден-бір ұлттық лидер, әлемдік ауқымдағы Қазақстанды жүйелі
түрде реформалаудың теориясы мен практикасын жасаушы және іске
асырушы ұлы тұлға.
Әбдімәлік Нысанбаев, ҚР ҰҒА академигі
Достарыңызбен бөлісу: |