Үйірменің мақсаты: студенттерді ғылыми жұмыстарды жазуға машықтандыру, тіл және әдебиет саласындағы мәселелерді зерттеп, ортаға салып талқылауды жүзеге асыру



Дата27.04.2022
өлшемі13,44 Kb.
#32457
түріБағдарламасы
Байланысты:
Үйірменің мақсаты (1)


06.04.2022ж «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының студенттерінің ұйымдастыруымен «Jauhar» Ғылыми үйірмесі жұмысын бастады.

Үйірменің мақсаты: студенттерді ғылыми жұмыстарды жазуға машықтандыру, тіл және әдебиет саласындағы мәселелерді зерттеп, ортаға салып талқылауды жүзеге асыру.

Үйірменің алғашқы отырысы қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы туғанына 150 толуына байланысты «Ұлт ұстазы» тақырыбында өтті.

Аталған іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының 1,2,3 курс студенттері, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен академия басшылығы қатысты.



Алаш көсемінің өмір жолы, қайраткерлігі, ғалым еңбектерінің библиографиялық тізімі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы,әдістемеші, педагог тақырыптарында баяндамалар оқылды, таныстырылымдар көрсетіліп, талқылаулар жасалды.

Дөңгелек үстелді қорытындысында академия басшылығы мен оқытушылары «Jauhar» ғылыми үйірмесі жұмысына ізгі тілектерін білдіріп, студенттерге дербес жұмыс дағдыларын дамыту, зерттелген материалды жалпылама сипаттауды баяндай білуді дағдыландыруда ұстаздық ақыл-кеңестерін берді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет