Комиссия ұсынысы Орынбор генерал-губернаторы А.П.Безакқа тапсырылды. 1864ж. 29 қыркүйегінде Безак Орынбор қазақтарының облыстық басқармасына қажетті мәліметтерді жинастыруды тапсырды. 1865 ж. Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына жаңа губернатор Н.А.Крыжановский тағайындалып, Бутков комиссиясының бұл ұсыныстары қабылданбады.1865 жылы елдің Ішкі істер министрі Гирстің басшылығымен “Дала комиссиясы” құрылды.1865ж. 5 маусымда ІІ Александр патшаның әмірі бойынша қазақ өлкесін зерттеп білу мәселелері дайындалды. Алайда реформаны әзірлеуде бұқараның талап-тілегі ескерілмеді.