64
жұмыстарының жүргізу мүмкіндігінің жасалуы қаланың экономикасы, қала тұрғындарының
əлеуметтік өмірі, қолөнер мен саудасы, құрылыс технологиялары мен сəулет өнері,
монументальды жəне қолданбалы өнері, тұрғылықты халқы ұстанған діндері туралы
мəліметтер алуға мүмкіндік берді. Бұл жерде исламның, буддизмнің, христиандықтың,
манихейліктің бейбіт қатар өмір сүруінің өзі Қазақстанға ежелден тəн толеранттық дəстүр
туралы мəлімет береді. Қаялық қаласы өткен жылы Қазақстанның өзге де бірқатар тарихи
ескерткіштермен бірге ЮНЕСКО қорғауына алынып, дүниежүзілік құндылықтар қатарына
қосылды [3, 198 б.].
Антоновка қалашығы – ортағасырлық Қаялық (Қойлық) Іле жазығының ең ірі
қалажұрты Қойлық (Антоновка) ауылының (Алматы облысы, Сарқант ауданы) шығыс
шетінде, Талдықорған қаласының солтүстік-шығысында 190 км жерде, Ащы Бұлақ өзенінің
жағасында орналасқан.
Қазақстанның ортағасырлық ескерткіштерінің көпшілігіне тəн қаланың үшбөлікті
құрылымын төмендегіше сипаттауға болады: ені 11-13 м-ге жайылған, биіктігі 2-2,5 м-ге
сақталған, таспалық құю тəсілімен саздан жасалған мықты сыртқы қабырғалары пішіні
төртбұрыштылау болып келген шахристанды жəне рабадтың бір бөлігін қоршаған. Жалпы
ауданы 90 га. Қалашық X ғ. – XIII ғ. басындағы деректерде қарлық жабғуларының астанасы
ретінде белгілі. Қалашықты археологиялық тұрғыдан зерттеу 1964 жылы басталып,
К.М.Байпақовтың басшылығымен бірқатар шурф салынып, қалашықтың жоспары түсірілді.
Жұмыстар 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының
аясында жалғасын тауып, «будда ғибадатханасы» деп анықталған нысан, сонымен қатар,
қалашық цитаделінде орналасқан тұрғын жай аршылды. 1999-2000 жж. жұмыстар
қалажұрттың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, шартты түрде «бай кісінің тұрғын
жайы» деп аталған нысанда жүргізілді. 2001 жылы «хаммам» типіндегі қыштан соғылған
монша аршылды, бос қалған қалашықта салынған кесене зерттелді. 2002-2003 жж. жұмыстар
стритиграфияны зерттеуге, ескерткіштің үшөлшемді топографиялық негізін жасауға,
сонымен қатар, «будда ғибадатханасында» жүргізілген консервациялық шаралар мен
мониторингке бағытталды.
2004 жəне 2005 жылдардағы далалық маусымдар бағаналы типтегі жұма мешіті,
«манихей» ғибадатханасын», фасадтары əсем оймыш терракоталармен безендірілген
кесенелер мен олардың маңындағы ханаканы ашумен ерекшеленді. Қоғамдық сипаттағы
құрылыстар кешені 2006-2007 жылдардағы зерттеулер барысында бірегей материалдар берді.
Ашылған ескерткіштер көлемді археологиялық-музейлендіру зерттеулерін бастауға
мүмкіндік береді.Антоновка қалашығының бірегей нысандары өте жақсы сақталған жəне
оларды консервациялау мен музейлендеру туристерді тартуға жəне аймақты еліміздің
туристік инфраструктурасына енгізуге септігін тигізеді [4, 32-33 бб.].
Əдебиеттер тізімі:
1.Отырар: энциклопедия. – Алматы: «Арыс», 2005.
2. Қазақ мəдениеті: Энциклопедия. – Алматы: «Аруна» ЖШС, 2005. – 318 б.
3.Байпақов К.М.Қазақстанның ежелгі қалалары. – Алматы: «Аруна», 2005. – 316 б.
4. Е.Тоқпанов. Қойлық қаласы жəне оның туризмді дамытудағы орны // Қазақ тарихы. –
2006. – 11 қазан.
1916 ЖЫЛҒЫ БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ КӨТЕРІЛІС: ТАРИХНАМАЛЫҚ СИПАТТАМА
Орынбекова Р.Ж.
Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент. Өскембаев Қ.С.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
1916 жылғы бүкілхалық көтерілістің бірден жанданып басталуына ақ патшаның
«соғысып жатқан армиялар ауданына қорғаныс құрылыстары мен тыл жұмыстарына Орта
Азия мен Қазақстанның жəне ішінара Сібірдің ер адамдарын шақыру туралы» [1, 638 б.]
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
65
1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы себеп болды. Бұл жарлық бойынша аталған
аудандардан 19 бен 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды «бұратана халықтарынан» ер
адамдарды қорғаныс жұмыстарына алынуға тиіс еді.
Соғыстың алғашқы екі жылында ауыр шығындарға ұшыраған Ресей мемлекеті соғыс
қажеті үшін еріксіз шақырылғандарды соғыс жүріп жатқан аудандарда қорғаныс
құрылыстары мен əскери байланыс жолдарын салу, соғыс жүктерін тасымалдау
жұмыстарына пайдаланды. «Бұратана халықтарға» арналған жарлық бойынша Қазақстан
мен Орта Азиядан 400 мыңнан астам адам шақырылуы керек болатын. Соның ішінде
қазақтар мекендеген барлық облыстарынан 240 мыңға жуық жəне Жетісудан 87 мыңнан
астам адам алу жоспарланды [1, 638 б.].
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының тарихындағы толып жатқан көп ғасырлық ұлт-
азаттық козғалыстар ішінде ерекше орын алады. Бұл көтерілістің патша өкіметінің
отаршылдық саясаты мен империалистік соғысына қарсы бағытталған кең байтақ өлкенің
көп бөлігін қамтыған жалпыұлттық ауқымда көрінген тарихи қозғалыс. Бүкілхалықтық
сипат алғандығына ешкім де бұл күнде күмəн туғызбауы тиіс. Кейін көтеріліс жеңілгеннен
кейін патша үкіметінің отаршыл əкімшілігі қазақтарды тыл жұмысына шақыруды күштеп
жүргізді. Олар 260 мың адамды еріксіз тыл жұмысына айдап əкетсе, 10 мың адамды өлкедегі
өнеркəсіптік жəне əскери жұмыстарды істеуге қалдырды [2,170 б.].
Бүгінгі 100 жылдығын атап отырған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақ халқының
тарихынан орын алған азаттық көтерілістердің тағылымды оқиғаларының бірі. Сол
көтерілістердің барлығы толығымен зерттеліп, əділетті тарихи бағасын бүгінде алды деп
біздер айта алмаймыз.
Алдымен алаш зиялыларының көзқарасына тоқталсақ. Олар көтеріліске байланысты
жағдайды көздерімен көрді, жандарымен сезінді, көтеріліс жөнінде пікірлерін жазып
қалдырды. Ия, рас, олар көтеріліс басталғанда оған қарсы ұстанымда болды, қарулы əскерге
қарсы тұру елге бүліншілік əкеледі деп түсінді. Оқиғалар ағымы бұл ұстанымның негізсіз
еместігін көрсетті.
Əлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары сол кезде «Қазақ» газетінің төңірегіне
топтаса отырып, газет арқылы да, ел аралап жүріп те қарулы көтерілістің еш нəтиже
бермейтінін, күштің тең еместігін, босқа қан төгілетінін жəне ең алдымен, қарапайым халық
зардап шегетінін дəлелдеуге тырысты. Ұлттық интеллигенция мобилизацияны кейінге
шегеріп, оны арнайы дайындықтардан кейін жүргізуді ұсынды. Қазақ жастарын жарлыққа
көніп, тыл жұмыстарына баруға шақырды. Ондағы ойы, егер соғыс жеңіспен аяқталса,
болашақта ұлттық автономия құрылса, өзінің дербес ұлттық əскерін жасақтаса міндетті
түрде өз пайдасын тигізеді деген үмітте болатын. Кейін қазақ жігіттері майданға алынғанда
Ə.Бөкейхан, М.Дулатов бастаған зиялы азаматтар Минск, Киев аймағында тыл жұмысында
жүрген жігіттердің ортасына барып, олардың əскери тəртіпке бейімделіп кетуіне көмек
көрсетті. Онда тілмаштық қызмет, дəрігерлік көмек пен ас-ауқаттың дұрыс берілуіне ықпал
ету, мəдени шаралар ұйымдастыру сияқты қызметтер атқарды. Бұл қазақ зиялыларының ой-
пікірлерінің тек сөз жүзінде ғана қалдырмай, оны нақты істерімен дəлелдеп отырғандығын
көрсетеді.
Ə.Бөкейханның өмірінде 1916 жылдың қарулы көтерілісі мен майдандағы қара
жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады. 1926
ж. Ə.Бөкейхан көтеріліске байланысты «алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді,
бұғаудан босамайды, ері құлдықтан, əйелі күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие
болмайды» деп жазады.
М. Дулатұлы 16-жылды тарихи жыл деп бағалап, «өткен жыл бізге ұмытпастай сабақ
берді. Сырымызды ашты. Бұл күйде тұра берсек, мұнан кейінгі заманда тағы да осындай
оқиғалар болмасына кім кепіл?», - деп жазды. Төңкерісті пайдаланып, жеке бас мүддесін
күйттеп, билікке қол жеткізу Алаш зиялыларына жат нəрсе еді. М.Дулатов аталмыш
оқиғадан арада 10 жыл өткеннен кейін «Еңбекші қазақ» газетінде 1926 жылы жазған
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
66
мақаласындағы төмендегідей жолдар бар: «Төңкеріс жолында қазақ жұрты құрбан болып-ақ
кетсін деуге дəтіміз шыдамады. Сондықтан, біз екінші жолды қаладық – көну керек дедік».
Ол мақаласында 1916 жылғы қазақтан қара жұмысқа жігіттер алу туралы маусым
жарлығы шыққаннан кейінгі ауыр ахуал жағдайындағы қазақ интеллигенциясының
дағдарысты көңіл-күйін былай бейнелейді: «…бір күні төбеден түскен жайдың оғындай
июнь жарлығы сарт ете түсті. Бұл жарлықтың бізге жайдың оғындай көрінуі – қалың қазақ
еліне оның əсері қандай болатындығын сезгенімізден еді. Бұл жарлықтың қазақ арасына
қалай тарайтыны, қазақ елі не күйге ұшырайтыны көз алдымызға елестей қалды»[3,211 б].
Кезінде қыспақтан шығар жол таңдаған Ə.Бөкейхан, М.Дулатұлы жəне
А.Байтұрсыновпен бірігіп жоғарыдағы дағдарыстан шығудың төмендегідей бағытын
ұсынған еді: патша шешіміне «көнгенде жұртқа қандай ауырлық бар, көнбегенде қандай
ауырлық бар? Көнгенде шаруаға кемшілікте келер, барған жігіт қазаға да бейнетке де
ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас (қазаға ұшырар деп ауру-сырқаудан болған қазаны
айтамыз, əйтпесе солдат қылып алмайды, соғыстан өлмейді) - Көнбегенде көретін ауырлық:
бағынып тұрған үкіметтің жарлығынан бас тартсақ, жау жағадан алғанда, бас қорғап үйде
қаламыз деп мемлекетке қамшымыздың ұшын бермесек, үкімет құр өкпелеп қоймас, күш
жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер.
Он жылдан кейін Əлихан, Ахмет, Міржақып бастаған арыстар 1916 жылды көтеріліс
ретінде мойындай бастады. Көтеріліске он жыл толғанда, 1926 ж. «Еңбекші қазақ» газетіне
Ə.Бөкейхан бұның көтеріліс екенін айтып мақала жариялады [4]. Яғни, көзқарас
эволюциясы өзгерді. Алғашында Алаш арыстары халыққа «қырылып қаласыңдар»,
«отаршылдардың жазалаушы, жаттықтырылған əскеріне қарсы тұра алмайсыңдар, қазақтың
бытыраңқы наразылығын қырып тастайды» деп көтеріліске қарсы болды. Алайда олар
көтерілісті мойындаған соң да «ұлт-азаттық» деген сөзді бəрібір айта алмады.
1929 жылы Мəскеудегі Бутырька абақтысында отырған А.Байтұрсынұлына елдегі
жағдайды меңзеп, тергеуші Павловтың «азамат соғысы бастала қалған күнде қолдарыңда
қару жоқ, қалай қорғанбақсыңдар?» деген сұрауына А.Байтұрсынұлы «1916 жылы қазақ
халқы қарусыз-ақ көтеріліске шықты ғой, демек оның тағы да қарсылық көрсетуге күші бар
деп айтуға болады» деген ойын білдіреді. Оның осындай пікір айтуындағы бір мақсат
орталықты (большевиктерді) қазақ халқының пікірімен санасуға шақырғаны деп түсінген
дұрыс.
Мұстафа Шоқай көтеріліске өз мақаласын жазған. Оның мақаласы «1916 жылғы
көтеріліс туралы большевиктердің өтірігі» деп аталады. М.Шоқай «ұлт-азаттық» сөзін
қолданбайды. Бұл – патша үкіметіне, оның отаршылдығына қарсы бағытталған ұлттық
қозғалыс еді. Ешқандай ұлт-азаттық күрес емес. Шоқайұлы «1916 жылғы көтерілістің баса
назар аударатын ең маңызды тұсы қайсы?» деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа 1916 жылғы
қозғалыс жалпы алғанда, ұлттық қозғалыс еді, онда таптық күрестің елесі де жоқ еді деп
жауап береді [5]. Бұл туралы профессор Т. Омарбеков «қазір біз сол өтіріктен көтерілістің
шындығын ашып алған жоқпыз. «Ұлт-азаттық» сөзін қолданып жүрген мына біздер.
Меніңше, «ұлт-азаттық» дегеннен арылуымыз керек» деп түйіндейді.
М. Шоқай сонымен бірге «... ішкі ресейлік губерниялардан қазақ жеріне қоныс аудара
келген шаруалар болғандығы мəлім. Патшалық үкімет мұжыққа таянса, мұжық патшалық
үкімет жүргізіп отырған жер саясатының игілігін көріп кенелді» [6]. деген сөзі өмірлік
тəжірибеге сүйенген тұжырым болатын. Яғни, 1916 жылғы көтеріліс, əрине, ең алдымен
негізгі отарлаушы күш патшалық əкімшілікке, сондай-ақ қазақ жері мен елін отарлау ісіне
атсалысқан басқа да əлеуметтік күштерге қарсы бағытталды.
Т. Омарбеков: «бұл көтеріліс Кеңес өкіметінің кезінде жақсы зерттелді. Көптеген
құжаттар жиналды. Дегенмен, орысқа қарсы рулы ел болып көтерілгендер туралы деректер
құпия болып қалды. Мысалы, «Қарқара көтерілісі» мүлде айтылмайтын. Тəуелсіздік кезінде
де бірталай құжаттар жинақ болып басылып шықты. Бірақ, бұл зерттеулердің барлығы
шашыраңқы, тиіп-қашты дүниелер. Кейінгі жылдары 1916 жылғы көтеріліс емес, 1929-31
жылғы коллективизация кезінде болған көтерілістер бірінші орынға шығып кетті. Яғни,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
67
«Адай көтерілісі», «Созақ көтерілісі» «Қарақұм көтерілісі» жəне т.б. бұған дейін мүлде
зерттелмеген болатын. Кеңес өкіметі бұларды «бандиттік», «контробандалық» көтерілістер
ретінде қаралап, ал мұрағаттағы құжаттары жабық болған. Сондықтан тарихшылар
тəуелсіздік алған тұста жаппай осы тақырыптарды зерттеді. Мұндайда тарихи сабақтастық
ескерілмей, 1916 жылғы көтеріліс тасада қала бастады... . Жаңа жағдайда 1916 жылғы
көтерілістің басшылары туралы алып-қашты пікірлер де бой көтерді. Амангелді Иманов
туралы Мұстафа Шоқайдың бұрынғы жазғаны жарық көрді. Ол былай жазады: «1918 жылы
уақытша өкіметтің кезінде, Торғайды аралап жүр едім. Бір жігіттер келді. Олар: «Сіз қыпшақ
екенсіз. Сауатты, оқыған адамсыз. Бізді Амангелді мен Əбдіғаппар жіберді. Мынау Торғайда
арғындар көтеріліп жатыр екен. Сол арғындарға қарсы соғысайық. Біздің қыпшақтарды сіз
бастаңыз», − деді. Мұнан ары қарай Мұстафа Шоқай тағыда: «Мынау Амангелді батыр
«большевик» сөзін «қыпшақ» деп ойлайтын сияқты», − деп жазады. ...Десек те, Амангелдінің
саяси білім деңгейі өте төмен еді. Оған əрине ол емес, заманы кінəлі. Кезінде Міржақып
Дулатұлы оған сабақ берген екен. Кейбіреулер олардың ұстаздық, шəкірттік жақын
қатынасын ескермейді. Сондықтан да «Міржақып Амангелдіні өлтірді» дегенді ойлап
шығарды дейді [4].
Санжар Асфендияров 1935 жылы шыққан «Қазақстан тарихы» деген оқулығында бұл
көтерілісті «ұлт-азаттық көтерілісі» ретінде сипаттаса да, бұл оқиғаны таптық көзқарасқа
бұрмалады. Ол көтерілісті төңкеріс (революция) ретінде батыл атап көрсетпей, оның
мазмұнынан «ұлттық азаттық, ұлттық бірігу (қалыптасу) үшін» ұмтылысты іздегенін де
естен шығаруға болмайды. Бұл тарихи шындықты мойындау еді. Дегенмен де, оның «қазақ
ұлттық революциялық қозғалысын» «Ресей пролетариатының революциялық күресіне
тығыз тəуелді етуге» ұмтылысын тарихи шындықтан ауытқу ретінде қабылдауға тура
келеді. Өзінің еңбегін сталиндік таптық көзқарастармен сəйкестендіруге барынша күш
салған С.Асфендияров өзінен бұрын 1916 жылғы көтеріліске əділетті баға беруге
талаптанған Т.Рысқұловтың жəне М.Тынышбаевтың көзқарастарын «маркстік емес, тікелей
меньшевиктік» пиғыл ретінде сынға алды [7]. Ол зерттеуінде М.Тынышпаевтың,
Б.Қаратаевтың жəне Ж.Сейдалиннің осы мəселеге байланысты пікірлеріне шолу жасай
отырып, қазақ ұлттық интеллигенциясының 1916 жылы ұстанған бағытына «қорқақтық»,
«сатқындық», «орыс монархтары алдындағы жиіркенішті жағымпаздық» — деген тəрізді
сорақы айыптауларға негізделген біржақты бағалар береді.
Т.Рысқұловтың 1916 жылғы Орта Азия елдеріндегі көтерілісті ұлт-азаттық көтеріліс
ретінде қарастыру ұстанымын қырғыз елінің белгілі мемлекет қайраткері, 1927-1933
жылдары қырғыз үкіметін басқарған Жүсіп Əбдірахманов та қолдады «О восстании 1916
года» аталатын мақаласында ол «1916 жылғы көтерілістің сиаптын анықтаудың тарихи
маңызы зор», ал оның «қозғаушы күші тек бұратана халық болды, өз ретінде ол
Түркістандағы орыс шаруаларының ғана емес, тіптен аз ғана орыс жұмысшыларының да
қолдауын ала алған жоқ. Ондай қолдау орыс мұжығының тарапынан болмайтын да еді,
өйткені патшалықтың жүргізіп отырған отарлау саясаты жағдайында оның мүддесі
жергілікті халықтың мүддесімен мүлдем үйлеспейтін еді», - деп жазды [8]. Жалпы кеңестік
тарихнамада, 1916 жылғы көтеріліске байланысты «прогресшіл, революцияшыл, халық-
азаттық сипат алып, патшалық билікке, сондай-ақ феодалдық-бай элементтерге қарсы
бағытталды» деген мағынадағы дүдəмал, бұлыңғыр баға беріліп келді.
Белгілі қоғам қайраткері Темірбек Жүргенев те ашық айта алмай, оны «ауылдың қалаға
қарсы көтерілісі» деп бағалады. Өйткені ауылда қазақ, қалада орыстар тұрады ғой. Əрине,
жалпы алғанда большевиктік ұстанымдағылардың бəрі де бұны «ұлт-азаттық» көтерілісі деп
айта алмай, 1917 жылғы «революциялық қозғалыстың құрамдас бөлімі» деп тігісін
жатқызып, тарихта қалдырмақ болды. Ұлы Отан соғысы кезінде Мəскеуден келген
тарихшылар 1943 жылы, Ермахан Бекмахановтың қатысуымен «Қазақстан тарихын»
жазғанда, бұл көтеріліске «ұлт-азаттық» деген анық баға берді. Алайда олар көтеріліске
əлеуметтік-таптық сипат берді [4].
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
68
1926 жылы көтерілістің он жылдығына байланысты Т.Рысқұлов «Восстание туземцев
Туркестана 1916 году» атты мақаласын жариялап, большевизм идеологтарының аяғын
басқандай қарсылық тудырды. Оларға ұнамағаны Т.Рысқұловтың Орта Азия халықтарының
1916 жылғы 25 маусым жарлығына байланысты кенеттен жəне жаппай көтерілуін
«бұратаналардың көтерілісі» ретінде бағалауы, яғни көтерілістің жаппай ұлттық сипат
алғандығына басымдылық беруі еді [8]. Т.Рысқұлов аталған еңбегінде 1916 жылғы патша
жарлығына байланысты жергілікті халықтардан соғыс қажеттілігіне жұмысшылардың
алынуын көтерілістің шығуына түрткі болған оқиға ретінде қарастырып, ал көтерілістің
негізгі себебі «патшалықтың Түркістанды 50 жыл бойы тоқтаусыз отарлық қанауға алуы
болды» деп көрсетті. Түркістан Ресей үшін «айтарлықтай кең қанау объектіне, өз өнімдерін
өткізетін базарға жəне шикізат көзіне, сондай-ақ еркін үлестіріп, иемденуге болатын мол
жері бар өлкеге айналды», - деп жазды [9].
Ал енді бүгінгі тəуелсіздік кезінде бұл көтеріліс жайлы қалам тартып, өз
тұжырымдарын ортаға салған тарихшылардың пікірлеріне келсек. Манаш Қозыбаев 1916
жылғы көтеріліс туралы: «Бұл қозғалыс көтеріліс деңгейінен шығып, революция дəрежесіне
көтерілген тарихи оқиға» деп баға берді[5,19б]. М. Қойгелдиевтің пікірі бойынша «1916
жылғы ұлт-азаттық көтеріліс революция деңгейіне көтерілуі үшін қоғамдағы негізгі саяси
күштердің, ең алдымен оның мақсат-мүддесін анықтап, бағыт-бағдар бере алатын
интелегенцияның қолдауын алу керек еді» дейді. Хандардаң, батырлардың емес, яғни
ұлттық интелегенцияның қолдауы керек екен. Кез келген ұлт-азаттық революцияның түпкі
мақсаты болады. Сондықтан, бұл көтеріліс революция бола алмайды дейді. М.Қойгелдиев
бір кездері тіпті «1916 жылы оқиғасына байланысты ғылыми əдебиетте болашақ Алаш
партиясының негізін қалаған қазақ интеллигенттерінің «сатқындық» ролі туралы пікір
қалыптасқаны айтылды» [10,27 б.] дейді. Бұл пікірдің сыңаржақ тұжырым екендігін өмір өзі
көрсетіп берді. Алаш көсемдері көтерілісшілерге де, майданның қара жұмысына
шақырылғандарға да ешқандай сатқындық жасаған емес. Қайта қазақ көшбасшылары
қасіретті кезеңде басты міндет халықты астан-кестен болып жатқан өзгерістерден қорғап,
оның этникалық тұтастығын сақтап қалу деп білді. А.Байтұрсынов ол туралы 1913 жылдың
өзінде-ақ, «қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі өткір проблемаға айналды» - деп жазған
болатын [11,104б.].
Т.Омарбеков «Бұл – ешқандайда ұлт-азаттық емес, рулық қозғалыс. Қозғалыс күші –
қазақ рулары. Неге бытыраңқы болғанының себебі, Қарқара көтерілісі – Албан көтерілісі.
Торғайдағы көтерілісте екі хан сайланды. Мысалы, қыпшақтар Əбдіғапарды хан сайлады.
Бұл – рулық қозғалыс болғанын айтуымыз керек. Халықты азат етудің орнына олар хан
сайлады. Ру-руға бөлінгендіктен, орталықтан басқаратын адам болмады. Яғни, бірлік
болмады. Ұлт-азаттық көтеріліс болса, оны неге Алаш азаматтары басқармады. Ал Алаш
қайраткерлері бұл көтерілістің ұлт-азаттық сарынға ұласа алмайтынын білді. Қазақтың
жеңіске жете алмайтынын түсінді. Бұл жай ғана жергілікті жерлердегі көтеріліс болып қана
қалады. «Азаттық» деген сөзді Кеңес үкіметінің тарихшылары шығарған. Ру-ру болып Ресей
отаршылдығына қарсы күресті. Бірақ, біріге алмады» деп тұжырымдайды тарихшы [12].
Осы ойға байланысты М. Қойгелдиев «...Егер, 1916 жылғы көтерілісті «рулық, тайпалық
негізде ұйымдасқан «ұлт-азаттық» көтеріліс еді» деп қарастырар болсақ, онда мұндай
тұжырым өткен ғасырдың 20-ншы жылдары оған «ұлт-азаттық» қозғалыс ретінде берілген
бағадан кейін кету болып шықпай ма деген сауал ойға оралады.
Біздің түсінігімізше, қазіргі уақытта да 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының
мемлекеттік дербестігі мен территориялық тұтастығы үшін жүргізіп келе жатқан ұлт-
азаттық қозғалысының табиғи жалғасы, кезекті көрінісі, сондай-ақ ол рулық, тайпалық
негізде емес, жалпыұлттық ауқымда көрінген тарихи қозғалыс ретінде қарастырған дұрыс,
сондай-ақ мұндай көзқарас тарихи шындыққа қайшы келмейді. Егер 1916 жылғы көтерілісті
рулық, тайпалық реңк алған құбылыс ретінде қарастырар болсақ, онда 1905 жылы өмірге
келіп, патша үкіметіне жолданған «Қарқаралы петициясын», «Орал жəне Торғай облыстары
ишандары мен билерінің дін жəне жер туралы наразылығы» сияқты құжаттарды қандай
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
69
ұстаным тұрғысынан бағалауымыз керек? Ал мəтінінде ру, тайпаның иісі де жоқ бұл тарихи
құжаттар ұлттық бірегейліктің (идентичность) нақты көрінісі еді ғой. Яғни, бұл
бағдарламалық сипаттағы құжаттар жалпы қазақ елі атынан орталық үкіметке жолданған
арыз-тілектер болатын...» деп бұл көтерілістің жалпыұлттық қозғалыс болғандығын
айқындайды [8].
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында былай деп
жазған еді: «Тарих бəрін де сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің формасы ретіндегі
тəуелсіздікті сыйға алуға болмайды. Тəуелсіздік – бұл тарих толқынында субъект болу
құқығын түсінетін жəне осы үшін жауап беретін халық болмысының бірден-бір
формасы...»[13,277б.].
Халықтық қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты
құрылды. Ауқымдылығы мен қатысушыларды қамтуы жəне зардаптары жағынан алғанда,
ол империя құрамындағы отаршылдық құлдықтың бүкіл кезеңіндегі азаттық күресінің
шырқау шыңы болды. Шын мəнінде, 1916 жыл-XX ғасырдың соңында қазақ халқының қолы
жеткен саяси тəуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі үшін күрестің бір белесі болып, тарихта
өз орнын алды.
Əдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан тарихы. (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3 том. – Алматы:
«Атамұра», 2010. 768 б.
2. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы:
«Қарасай», 2009. -344 бет.
3. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991.
4. http://turkystan.kz/suhbat/11270. 19 шілде, 2016 ж.
5. Шоқай М. 1916 жылғы көтеріліс туралы большевиктердің өтірігі. Таңдамалы. –
Алматы, 1998. 1 т. -218-219 бб.
6. Шоқай М. Таңдамалы. І т., 2016 б.
7. Асфендияров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен...). -Алматы, 1993. -
292-293 бб.
8. Рыскулов Т. «Восстание казахов и киргизов в 1916 году». -М., 1927 г.;
http://www.inform.kz/kz/ 1916-zhylgy-koterilis-ulttyk-biregeyliktin-korinisi_ a2928746. 2016
жыл, 21 шілде.
9. http://turkystan.kz/tarih/11423. 21 шілде, 2016 ж.
10. Бөкейханов Ə. Шығармалалар. Алматы: Қазақстан, 1994. 384 б.
11. Брайнин С., Шафиро Ш. Алашорда тарихы жөніндегі очерктер. - А., 1935 ж.
12. Омарбек Т. Тарих ешкімнің ықпалына түспеуі керек. //Түркістан» газеті, -№27, 7
шілде, (профессор Талас Омарбектің журналист Жəнібек Ғалымға берген сұхбаты.
http://turkystan.kz/suhbat/11270. 19 шілде, 2016 ж.
13. Назарбаев Н. Ə. Тарих толқынында. «Атамұра», 1999.
ХАН ОРДАСЫ: ӨТКЕНІ, БҮГІНІ, КЕЛЕШЕГІ
Рамазанов А.Қ.
Ғылыми жетекші: т.ғ.д., профессор Қалыш А.Б
Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Тарих – өткеннің сабағы, бүгінге өнеге. Халқымыздың құндылықтары мен ұлттық
тарихи – мəдени мұраларын жинап, сақтап, көпшілікке насихаттап – зерделеуде отандық
тарихымыздың дамуына өзіндік үлес қосып келе жатқан мəдени білім беретін орталықтың
бірі – Бөкей ордасы тарихи – мұражай кешені.
Бөкей ордасы тарихи – музей кешені – Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы
ауданы, Хан ордасында орналасқан.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
Достарыңызбен бөлісу: |