Жоғарғы сынып оқушыларына арналған элективті курс «Мәтінді есептер»



бет1/3
Дата10.04.2023
өлшемі24,88 Kb.
#81392
  1   2   3

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған элективті курс
« Мәтінді есептер».
Түсінік хат
Күнделікті тұрмыста мазмұнды есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу - әр адамның математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Мәтінді есептер бастауыш сынып математикасынан бастап барлық мектеп математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпта оларды өз дәрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Мәтінді есептер өте әр түрлі болып келеді, кейде есеп мазмұнын түсіну қиынға түседі.
Бұл курс жоғарғы сынып оқушыларына емтиханға дайындалуға бағытталған. Курста мәтінді есептердің шешімін іздеу, оларды шешудің негізгі әдістері қарастырылады. Курс пәнге бағытталған. Ол оқушылардың мәтінді есептерді шешу бойынша білімдерін кеңейтуге, тереңдетуге және жүйелеуге бағытталған және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мәтіндік есептерді шығара білу оқушылардың матемватика пәнінен дамуының ең жоғарғы сатысы. Мәтінді тапсырманың көмегімен мәтінді талдауға, негізгі жағдайды бөліп көрсетуге, шешімнің жоспарын құруға, алынған нәтижені тексеруге, ең соңында оқушының сөйлеуін дамытуға байланысты маңызды жалпы білім беру дағдылары қалыптасады.
Мәтіндік есепті шешу барысында оның шартын математикалық тілге теңдеулерді, теңсіздіктерді, олардың жүйелерін, графикалық бейнелерді, т.б. математикалық моделін құру. Есептер шығару жылдамдығын , логикалық және бейнелі ойлауды дамытуға ықпал етеді, математика мен сабақтас пәндерді оқытудың тиімділігін арттырады.
Мәтінді есептер қандай да бір нақтылы оқиғаның сөздік моделі болғандықтан, есеп мазмұны бойынша оқиғаны ойша көз алдына келтіруге немесе көрнекі құралдар арқылы оның заттық моделін жасауға болады. Жалпы осы курста қаралатын тақырыптар бойынша қысқаша шолу:

  1. теңдік және теңсіздіктер.

  2. түрлендірулер енгізу.

  3. Сандық қатынастарға қатысты тұжырымдардың дәлелділігі;

  4. сан мен өлшемнің құбылыстарда қолданылуы.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет