Лазер сәулесінің биологиялық ұлпалармен әсерлесуінің
сипатына қарай оның фотобиологиялық әсерін үш түрге
бөлуге болады:
1) фотодеструктивті әсері, осы кезде жарықтың жылулық,
гидродинамикалық, фотохимиялық эффектілері ұлпалардың бұзылуын
(деструкциясын) тудырады. Лазермен әсерлесуінің осы түрі лазерлі
хирургияда қолданылады.
2) фотофизикалық және фотохимиялық әсері, осы кезде
биоұлпалармен жұтылған жарық оның атомдары мен
молекулаларын
қоздырады, фотохимиялық және фотофизикалық реакциялар
тудырады. Осы лазер сәулесі терапевтік сәуле ретінде қолданылады.
3) ауытқушылық тудырмайтын әсері,осы кезде биосубстанция
жарықпен әсерлесу үрдісі кезінде өзінің қасиеттерін өзгертпейді. Бұл
шашырау, шағылу, ену сияқты эффектілер. Осы үшінші түрі
диагностикада (лазерлі спектроскопия) қолданылады.