Жоспар Компьютер құрылғылары



бет1/6
Дата04.11.2023
өлшемі169,18 Kb.
#122134
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-69385


Перифериялық құрылғылар

Жоспар

1.Компьютер құрылғылары

2.Құрылғы драйвері

3.Құрылғыны басқару блогы

4. Құрылғының блок-схемасы



Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьютерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын (desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз.

Компьютер құрылғылары


Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Дисплей


Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Пернетақта


Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Жүйелік блок



Дисплей

Пернетақта

Тінтуір

Принтер

Сканер
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.
осы түрі басқаларына қарағанда кеперифериялық құрылғылары

Джойстик — ол стержіндік-қалам депте аталады, экран бетінде тік және қисайту жағдайларын қамти алатын манипуляторлық тетік.Көбінесе компьютерлік ойындарда қолданылады. Кейбір модельдерде қысымның көрсеткіші болады. Қаламның батырмасына қатырақ басатын болсақ, онда экран бетінде курсор тезірек жүретін болады.
Принтер — баспаға басатын құрылғы. Компьютердегі ақпаратты кодтап, мәтіндік немесе графиктік түрде қағаздарға шығарады.
Принтерлердің түрлері көп, бірақ негізгі үш түрі бар: матрицалық, лазерлік және сиябүріккіш (струйные).

Матрицалық принтерлер өте кішкентай іштік инелер жиынтығынан тұрады, ол инелердің көмегімен боялған таспаға салған қағазды ұру арқылы символдардың ізін қағазда қалтырады. Принтерде басылған әрбір 9, 18 немесе 24 инелердің көмегімен орныдалады. Матрицалық принтерлердің қатты дыбыс шығаруы, нашар қағазға басылуы олардың кемшіліктеріне жатады.

Лазерлік принтерлер олар крерокстар секілді жұмыс атқарады. Компьютер өз жадына беттің «көшірмесін» ( "образ") сақтап принтерге жібереді. Ақпарат қағаз бетіне лазірлік сәулелер айналып тұрған жарықты тез сезгіш барабанға түсу арқылы проекцияланады.
Электр тогының кернеуімен қызған барабан бетіне боялған парошокты (тонер) жабыстырады. Принтер ыстық валдың арқасында өзіне қағазды барабан астына салып тартады, сол кезде тонер қағаз бетіне түседі. Ондай притерлердің монохромды және түрлі түсті түрлері бар.

Сиябүркіштік принтерлер сия құйғышы бар ыдыс арқылы өзінің бояуын бүрку арқылы қағазға басады.
Плоттер (графикасалушы) — компьютердің көмегімен графиканы сызатын, сурет салатын немесе диаграмма құратын құрылғы.

Плоттерлер конструкторлық сызбаларды, архитектуралық жоспарларды, географиялық және метеорологиялық карталарды , күрделі сызбалады алу үшін қолданады. Плоттерлер суреттерді проның көмегімен салады. Роликтік плоттерлер перо астынан қағазды айналдырып отырады, ал планшеттік плоттерлер горизонтал жатқан қағаздың жаөық бетінің үстімен жүргізеді.

Сканер — компьютерге мәтіндік немесе графикалық ақпаратты енгізетін құрылғы. Суреттің немесе мәтіннің цифрланған құжатын алып компьютердің жадына енгізеді.
Егер принтерлер компьютерден ақпаратты қағаз бетіне шығарса, ал сканерлер қағаз бетіндегі мәтінді және бейнелерді компьютерге енгізеді. Қолдық снанерлер қолдың көмегімен құжаттың үстінен өткізеді және плпншеттік сканерлер копия жасайтын құрылғылар секілді қағаз бетіндегі ақпараттың көшімесін алып компьютерге енгізеді.
Құрылғыларды үлестіру программасы (Программа распределения устройств; deviceallocation program) — тапсырма боліміне, құрылғылардың қолайлылыгын тексеруге, ыңғайлы құрылғыларды болуге және тапсырма бөліміне құрылғылар белу фактісін дайындауға қажетті том мен қүрьшғыны анықтауға арналған программа.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет