ЖҮсіп хас хажыб баласағҮН Өнегесі түркі жүртына тағылым



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі172,47 Kb.
#7602

УДК 94/99

ЖҮСІП ХАС ХАЖЫБ БАЛАСАҒҮН ӨНЕГЕСІ -  ТҮРКІ ЖҮРТЫНА ТАҒЫЛЫМ

Бакенова Д.Е.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Өткеннен  тағылым  алып,  болашағымызды  байыптау  -   тарих  алдындағы  басты 

міндетіміз.  Сонау  XI  ғасырда-ақ  «Құтадғу  біліг»  іспетті  теңдесі  жоқ  кітап  қалдырған 

Жүсіп  Хас  Хажыб  Баласағұн  еңбегі,  өнегесі  -   бүкіл  түркі  жұртына  тағылым.  Оны 

жадымыздан шығармас үшін келешек ұрпақтың санасына тереңірек сіңіру керек.

Жүсіп  Хас  Хажыб  Баласағұн  -   түркі  халықтары  тарихындағы  қайта  өрлеу 

дэуірінің  аса  көрнекті  ақыны,  есімі  күллі  Шығыс  елдеріне  мәшһүр  болған  данышпан- 

ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам жэне мемлекет қайраткері.

Жүсіп Баласағұнның  есімін  әлемге танытып,  әдебиет тарихына мэңгілік өшпестей 

жазып калдырған бірден-бір эдеби туындысы -  «Құтты білік» дастаны.

Жүсіп  Баласағұн  Құз-Орда  деген  атпен  белгілі,  Баласағұн  қаласында  дүниеге 

келген.  Академик В.В.  Бартольдтың пайымдауынша, Баласағұн қаласы Жетісу өңірінде, 

Шу  өзенінің  бойындағы  Тоқмақ  каласына  жақын  жерде  болған.  Баласағұн  қаласы 

Қараханидтер  мемлекетінің  сауда,  қолөнер  орталығы  орналасқан  ең  ірі  қалаларының 

бірі  болған.  Бүл  мемлекет  этногенетика  жағынан  түркі  руларынын  бірлестігінен 

кұрылып, X ғасырдың бас кезінен бастап үш ғасыр өмір сүрген.  Қағанаттың әлеуметтік- 

экономикалық  негізі  көшпелі  мен  отырықшы  шаруашылыққа  байланысты  құрылған. 

Жалпы  алғанда,  Жүсіп  Баласағүн,  кезінде  Отырар  (Фараби),  Шаш  (Ташкент),  Тараз, 

Шу  өңірі,  Ыстықкөл  төңірегі,  Фергана  мен  Қашқарды  қамтыған,  белгілі  дәрежеде 

мәдениеті  дамыған  саяси  аймақтан  шыққан.  Тілі  мен  мәдениеті  жағынан  ол  түркі 

халықтарына,  ал  географияльщ  жағынан  -   кырғыздарға,  атап  айтқанда,  түркі  руының 

бірі  -   чигиліге  жақын  келеді.  Жүсіп  Баласағұн  сол  кездегі  мәдениет  орталығы  болған 

Фараби,  Қашқар,  Бұхарада  білім  алған.  Араб,  парсы  тілдерін  жетік  меңгерген  ол, 

білімнің  эртүрлі  салаларында  философиялық-ғылыми  еңбектер  жазған.  Өмірден  кен 

көлемде  мол тэжірибе  алған  ол,  Қашкарға  келеді  де,  осы  жерде  18  ай  болып,  бас  алмай 

поэтикалық  шығарма  жазып  шығады.  Түрік  философы  Р.  Р.  Араттың  мағлұматы 

бойынша,  поэманы  жазып  бітіргенде  автор  54  жаста  болған.  Осылай  деп  алсақ  Жүсіп 

Баласағұн  біздің  ғасырдағы  1015-1016  жылдарында туған  болады.  Өзінің эйгілі  еңбегін 

ол  Қараханид  әулетінен  шықкан  Табғаш  Боғра-хақан-Абу  Хасанға  арнап  жазып,  осы 

еңбегі үшін хас хажиб -  «бас кеңесшісі» немесе  «ұлы уэзір» дәрежесін алған.

«Құтадғу біліг» тек қана саяси трактат емес,  ол сол ғасырдағы  эртүрлі ғылым  мен 

мәдениет  салаларында  дамуын  көрсетті.  Бұл  еңбек  автордың  өмірді  көрсетудегі 

философиялық  пайымдауының  тереңділігін,  адам  хұқының  сол  замандағьі  дамуын 

көрсетеді.  Жалпы  алғанда,  Баласағүн  еңбегі  кең  көлемдегі  философиялық  мінез- 

құлықты, практикалық өмірдің эстетикалық көзқарасын көрсетеді.

Жүсіптің  өмірге  деген  көзқарасының  үш  жакты  түбірі  бар:  ол  -   философиялык, 

шамандық,  исламдық.  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтадғұ  білік»  поэмасы  түрік  тіліндегі 

мұсылман  дінін  үгіттейтін  бірден-бір  ежелгі  еңбек  болып  есептеледі  деп  атап  көрсетті 

А.Н.  Кононов.  Оның  айтуынша,  Жүсіп  Баласағұнның  «Құтадғұ  білік»  поэмасы  эзірге, 

ертедегі  түрік  тілінде  жазылған  шығармалардың  ішіндегі  мүсылман  идеологиясына 

негізделген жэне сол «идеологияны» уағыздаған бірінші шығарма.

49


Жүсіп  Баласағұн  Омар  Хайам,  Навои,  Нас ими,  Рудаки,  Фирдоуси  сияқты  атақты 

ақындардың  философиялық  шығармаларынан  нәр  алған.  Еңбегінде  сол  кездегі  поэзия 

тіршілігінің өзіне тэн белгілері  білінеді:  бір жағынан — ақындар шығармаларында ақыл- 

ой  парасаттылығының  көркемдігі  мен  білігі  тұрғысынан  көрінсе,  екінші  жағынан  осы 

аталған философтар өзінің ақыл-ой парасаттылығымен сопылық белгілерін жеңілдетуге 

тырысты.


Жүсіп  Баласағұнның  әлемді  танудағы  көзқарасын  анықтайтын  екінші  нәрсе,  ол  -  

исламға дейінгі  эртүрлі  сиынушылық зороастризм,  манихейлік,  буддизм,  христиандық. 

Осылардың  ішінде  көшпелілер  мен  отырықшы  халықтың  арасында  шамандық  сенім 

басымырақ екенін «Құтадғү біліктен» байқауға болады.

Бұл  шығармада  ақынның  өз  заманындағы  өмір  шындығы,  қоғамдық  сана  жэне 

белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси тұжырымдамасы өзіндік бейнемен көрсетілген.

«Қүтты  білік»  дастанының  басты  идеясы  төрт  принципке  негізделіп  жазылған. 

Біріншісі  -   мемлекетті  дұрыс  басқару  үшін  эділ  заңның  болуы.  Автор  эділдіктің 

бейнесі  ретінде  Күнтуды  патшаны  керсетеді.  Екіншісі  -   бақ-дэулет,  яғни  елге  құт 

қонсын  деген  тілек.  Бақ-дэулет  мәселесі  дастанда  патшаның  уэзірі  Айтолды  бейнесі 

арқылы  жырға  қосылған.  Үшіншісі  -   ақыл-парасат.  Ақыл-парасаттың  коғамдық  рөлі 

уәзірдің  баласы  Өгдүлміш  бейнесінде  жырланады.  Төртіншісі  -   қанағат-ынсап 

мэселесі. Бұл мәселе дастанда уэзірдің туысы Одғұрмыш бейнесі арқылы көрсетіледі.

Дастанның  басты  қаһармандарының  есімі  Күнтуды,  Айтолды  деп  аталуы 

халықтың ежелгі  наным-сеніміне  байланысты  болып  келеді.  Ислам діні  тарағанға дейін 

түркі тілдес елдердің күнге, айға табынғаны мэлім.

«Құтты  білік»  дастаны  автор  алға  қойған  этикалық-моральдық,  дидактикалық 

міндеттерге, 

яғни 

шығарманың 



эділдікті, 

бақ-дәулетті, 

парасатты, 

қанағатты 

бейнелейтін төрт қаһарманның іс-эрекетіне тікелей байланысты етіп қүрылған.

Бұл  дастанда  көтерілген  басты  мәселе  -   шығарма  қаһармандары  аркылы 

айтылатын автордың өсиет-уағыздары мен ғибрат сөздері, сүрақ-жауаптары.

«Құтты  білік»  дастанында  елдің  іргесін  берік  сактап  тұру  үшін  занды  бұзбау 

қажеттігі  ерекше  атап  айтылады.  Сондай-ақ  халық  зорлык-зомбылықка  көнбейтіндігі 

ескертіледі.  Белгілі  тарихшы  С.Г.  Кляшторный  атап  көрсеткендей-ақ,  Жүсіп  Баласағұн 

шығармасы  Қарахан  мемлекетінің  Ата  заң  қызметін  аткарады,  патшадан  бастап 

қойшыға дейінгі  елдегі  барлық  адамдардың  міндетін,  мінез-құлық  нормасын  айқындап 

берді.

«Құтты 


білік» 

дастаны 


ислам 

дэуірінің 

моральдық-этикалық 

нормасын 

бейнелейтін  заң  існеттес  болды.  Бұл  заңның  орындалуын  Жүсіп  Баласағұн  патшадан 

да, қарапайым диқаннан да, бек пен әскер басынан да бірдей талап етті.

Ел-жұртты  басқаратын  адам -  ақыл-парасаты  ұшан-теңіз,  ниеті  түзу,  сөзі  шырын, 

өнер  мен  білімге  жетік,  колы  ашық,  пейілі  кең,  кек  сақтамайтын  болуы  шарт.  Сонда 

ғана  мемлекет  гүлденіп,  қазынасы  алтын-күміске  толады,  халқы  бакьпты  болады деген 

пікір айтады.

Дастанда  автор  ерекше  мән  беріп,  зор  шабытпен  жазған  аса  маңызды 

мәселелердің  бірі  -   адамдардың  бірін-бірі  құрметтеуі,  ізет  көрсетуі,  сыйлауы  болып 

табылады,  яғни  «Құтты  білік» дастаны  көтерген  ең  басты  мәселе  тәлім-тәрбие  ісі деуге 

болады.  Жүсіп  Баласағұн  өз  оқырманын  әдептілікке,  кішіпейілділікке,  мейірімділікке, 

имандылыққа шақырады.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанында көтерген этикалық-философиялык 

мэселелерінің  бірі -  қанағат,  ынсап  мэселесі  болып табылады.  Ақын  «қанағат»  ұғымын 

философиялық  категория  ретінде  қарастырып,  ел  басқарган  әкімдердің  бэрін 

қанағатшыл,  ынсапты  болуға  шақырады.  Сондай-ақ ол дүниеқұмарлықты,  ашыкөздікті, 

парақорлықты сынайды.

50


Орта  ғасырдын  аса  көрнекті  ақыны,  ғажайып  сөз  зергері,  энциклопедист-ғалымы, 

көрнекті  мемлекет  қайраткері  Жүсіп  Хас  Хажыб  Баласағұнның  «Құтты  білік» 

дастанының  эдеби,  тарихи,  ғылыми  мәні  ерекше  зор.  Бұл  көркем  шығарма  бертін  келе 

қазак  халқының  этностық  құрамына  енген  ру-тайпалардың  ежелгі  дэуіріндегі  тұрмыс- 

тіршілігін,  әдет-ғұрпын,  мэдениетін,  әдебиетін,  тілін  зерттеп  білу  үшін  аса  қажетті, 

құнды мұра болып табылады.

Қазіргі  уақытта  Баласағұнның  философиялық  поэзиясын  кең  көлемде  зерттеуге 

тура  келеді.  Өйткені  оның  шығармасында  орта  гасырлық  тарихтан  калдырған  ойлары 

мен  мұралары  көп.  Оның  еңбектері  қоғамды  кең  көлемде  зерттеуге  көмегін  тигізеді. 

Тарихи  мәдениетте  «Құтты  білік»  еңбегі  орта  ғасырлық  түрік  халқының  әдет-ғұрпын 

көркемдік  жағынан  зерттеуге  алдагы  қогамдагы  тарихи  ойдың  даму  кезеңдерін 

айқындауға септігін тигізері сөзсіз.

Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты  білік»  атты  тарихи-философиялық  ғылыми 

шыгармасын  жан-жақты  зерттеу  қазіргі  уақыттың  келелі  мэселесі.  Ол  орта  ғасырлық 

халқымыздың  мэдениетін  Шығыс  халықтары  мэдениетімен  салыстыра  зерттеуге  жол 

ашады.


Әдебиеттер:

1.  Жүсіп Баласағұн.  «Құтты білік» (ауд.  А. Егеубаев). -  А.,  1986

2.  Аманжолов К., Рахметов Қ.  «Түркі халықтарының тарихы». -  А.,  1996.  188 б.

3.  Келімбетов Н.  «Ежелгі дэуір әдебиеті». -  А., 2005.  190 б.

4.  Иванов С.  Н.  «Құтты ілім» -  М.,  1983.  536 б.

5.  Кононов А.  Н.  «Құтты білік» Баласағұн поэмасы. -  М.,  1983.  507 б.



51


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет