«Жүсіп Зылиха» дастаны махаббат туралы көне және көркем жыр



бет1/7
Дата24.01.2023
өлшемі236,5 Kb.
#62683
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-2725


Мазмұны

Кіріспе

«Жүсіп – Зылиха» дастаны - махаббат туралы көне және көркем жыр. 3

I тарау

1.1. «Жүсіп - Зылиха» дастаны сюжетінің бастау негізі. 4-6

1.2. «Жүсіп - Зылиха» дастанының Алтын Орда дәуірі әдебиетінде жырлануы. 7-9


I I тарау

2.1. «Жүсіп - Зылиха» дастанының идеялық мазмұны 10-12


2.2. «Жүсіп - Зылиха» дастанындағы образдар жүйесі. 13-33


Қорытынды


«Жүсіп - Зылиха» дастанының тәрбиелік мәні 34




«Жүсіп – Зылиха» дастаны – махаббат туралы ең көне және көркем жыр

«Жүсіп – Зылиха» дастаны махаббат туралы көне әрі көркем жырлардың бірі. Әрі махаббат туралы ХІІІ ғасырда түркі тілінде жазылған алғашқы шығарма. Солай бола тұра дастанда тек қана екі жасттың махаббаты, пәк сезімі, махаббат жолында көрген азабы ғана айтылмайды. Сонымен қатар адамгершілік, қоғамдағы әділетсіздік тіпті сол кездегі қоғамдық құрылысқа деген сын көрініс тапқан. Және шығармада діни идеялар да кездеседі.


Десек те шығарма махаббат туралы. Қай заманда болмасын, қай халықта болмасын махаббат тақырыбына жүгінбеген ақын жоқ. Өйткені махаббат – ұлы сезім. Адам баласы, адамзат тарихы кей нәрселерді ұмытса да, махаббатты ұмытпақ емес. Махаббат ол өмірімізді әрлендіріп, өмірімізге сән беретін, мән-мағына беретін кереметтей сезім. Әр адам өз басынан махаббат сезімін өткергенде ғана осы бір сезімнің құдіреттілігін түсінер деп ойлаймын. Әрине, бізге жеткен дастандар да махаббаттың құдіреттілігін насихаттайды. «Жүсіп – Зылиха» дастанының ерекшелігі бұл дастанда екі жастың жас ерекшелігі махаббатқа кедергі болмайды. Зылиха Жүсіптен үлкен болса да олардың бір-біріне деген ынтық сезімі өшпейді.
Тақырыптың таңдалу себебіне келер болсақ, дастан махаббат туралы және қазақ даласына және жалпыға кең тараған дастан. Бұл дастанды тек кітаптан оқып қана қоймай бала кезімізде әжелеріміздің аузынан естіп қанып өскендіктен шығарма өте қызықтырды. Сонымен қатар шығарма ертегі іспеттес шытырман оқиғалы болып келеді және сол уақыттағы шын өмірге жақын болып келеді. Және оқиғалары өте қызықты.
Дастанды тек қазақ ғалымдары ғана емес сонымен қатар татар, өзбек, орыс ғалымдары да зерттеген. Дастан жай ғана зерттелмей ғалымдар арасында пікірталас туғызған да болатын. Қазақ ғалымдары ішінен дастанды біршама зерттеген Алма Қыраубайқызы болатын. Және де дастанның зерттелуіне өз үлестерін қосқан Н.Келімбетов, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншіәлиевтер болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет