Кіріспе
Нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында біздің елімізде кез-келген кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін қызметкерлерлерді басқарудың қазіргі түрлерін тәжірибеде қолдану туралы сұрақтар ерекше маңызға ие. Кәсіпорын жұмысының жетістікке жетуін оның жұмысшылары қамтамасыз етеді. Әрбір кәсіпорында қызметкерлер санын анықтау, кадрларды іріктеу, жұмысқа алу, орналастыру, оларды өндірістің және жұмысшының мүддесін ескере отырып, жұмыспенқамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
1960-1980 жж. адамдық факторларға деген қызығушылықтың жоғарлауы мекемелерде, еңбек ұжымын басқаруда әлеуметтік жоспарлаудың теориясы мен тәжірибесінің пайда болуына негіз болды. Тұтас өндірістік-шаруашылық жүйе болып табылатын кәсіпорын (мекеме, фирма) бір-бірімен тығыз байланысты құраушы элементтердің (жүйешік) жиынтығы ретінде болуы мүмкін. Осындай жүйешіктердің саны әртүрлі және олар тұжырымдама декомпозициясы кезіндегі негізге байланысты.
Сонымен, кейбір авторлар жүйешік ретінде техникалық, әкімшілік (басқарушылық) мәдени жүйешіктерді қарастырады. Ал басқалары мекемені басқаруды екі бөлімге бөледі: қызметті басқару және қызметкерлерді басқару.
Экономикалық реформаларды жүзеге асыру шаралары жүйесінде кадрлармен жұмыс деңгейін көтеруге, бұл жұмысты мықты ғылыми негізгеқоюға, көптеген жылдар бойы жинақталған отандық және шетелдік тәжірибені қолдануға ерекше көңіл бөлінеді.
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде қазіргі экономиканың даму кезінде маңызды мәселелердің бірі - қызметкерлермен жұмыс саласында. Әртүрлі өндірістік дамыған мемлекеттерде бұл мәселені шешудің көптеген тәсілдерінің ішінде төмендегілер негізгі тенденциялар болып табылады:
- кадрларды іріктеу әдістері мен процедураларын формализациялау;
- оларды бағалаудың ғылыми критерияларын жасау;
- қызметкерлерді басқарудағы қажеттіліктер анализіне ғылыми әдістеме;
- жас әрі болашағы бар жұмысшыларды жылжыту;
- кадрлық саясаттың негізгі элементтеріне қатысты шаруашылық және мемлекеттік шешімдердің өзара үйлесімі.
Мекеменің негізі әлеуеті – кадрлар. Кандай керемет идеялар, жаңашыл технологиялар, ең қолайлы сыртқы жағдайлар болса да, жақсы дайындалған қызметкерсіз жоғары белсенділікке жету мүмкін емес. Жұмысты атқаратын, жаңа идеяларды тудыратын және мекеменің өмір сүруін жүзеге асыратын тек адамдар ғана. Адамдар болмаса, мекеме де болмайды. Білікті мамандарсыз ешқандай мекеме өз мақсаттарына жете алмайды. Қызметкерлерді басқару адамдармен және олардың кәсіпорын ішіндегі қарым-қатынастарымен байланысты. Ол материалдық-өндірістік салаларында ғана емес, барлық жұмыс түрлерінде қолданылады.
Бүгінде бәсекелестікке қабілеттіліктің негізгі факторлары болып жұмыс күшімен қамтылғандық, олардың мотивация деңгейі, қызметкерлерді пайдалану тиімділігі анықтайтын ұйымдастырушылық құрылым мен жұмыс түрі табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты туристік сала кәсіпорындарындағы қызметкерлерді басқарудың ерекшеліктерін, басқару технологиялары мен қазіргі заманғы экономикадағы басқару ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар қызметкерлерді басқарудағы негізгі мәселелерді анықтап, жаңа бағдарламаларды қолдануды ұсыну.
Курстық жұмыстың міндеттері:
қызметкерлерді басқарудың түсінігін, функциясын және тұжырымдамасын нақты белгілеу;
туризм индустриясындағы мекемелерде қызметкерлерді басқару технологиясының ерекшеліктерін зерттеу;
қазіргі экономикадағы қызметкерлерді басқару ерекшеліктерін, қазіргі қоғамда оның ролін көтерудің негізгі факторларын зеттеу;
қызметкерлерді басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |