Кафедраның байланыстары



Дата13.06.2022
өлшемі1,23 Mb.
#36769

Кафедраның байланыстары

  • Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің,

  • Гулстан мемлекеттік университетінің,

  • Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының,

  • Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының

  • Ташкент облысы Шыршық мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімдерін ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етуде тұрақты көмек көрсетіп келуде.

  • Сондай-ақ, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен,

  • Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен,

  • Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетімен,

  • Н.Келімбетов атындағы Түркология орталығымен байланыс орнатқан.





















Ташкент - 2022



Кафедра тарихы

«Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» кафедрасы алғаш рет 1953 жылы қыркүйек айында Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтының Тарих және филология факультеті құрамында қазақ тілінде тіл және әдебиет бөліміні негізінде ашылды. 2020 жылдың 3 қаңтарынан бастап «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Тарих факультетінің құрамында қайта құрылды.





Қазақ.тілі мен әдебиеті кафедрасының бұрынғы студенттерінің арасында ақын-жазушылар Т.Айбергенов, А.Сабиров, М.Омаров, Н.Омарова, сондай-ақ Ә.Исабаев, З.Асабаев, А.Айқабылов, М.Оразов, Қ.Саттаров, Қ.Сейданов, Қ.Жидебаев, Т.Қалдыбаев, А.Рамазанова, А.Қалдыбекова, Е.Абдувалитов сияқты ғалымдар қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосты.





Бүгінгі тынысы
Кафедра меңгерушісі:
Абдувалитов Ергеш Бураневич
педагогика ғылымдары докторы, (Dsc) профессор

Кафедрада ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстары жолға қойылған. Қазіргі уақытта кафедрада 6 профессор-оқытушы жұмыс істейді. Олардың ішінде негізгі штатта п.ғ.д., (DSc) профессор Е.Абдувалитов, доцент Қ.Сейданов, доцент Д.Дуйсабаева, п.ғ.ф.д., (PhD) Н.Абдувалитов, оқытушылар Б.Юсупов, Б.Сайфуллаевтар студенттерге сапалы білім берумен айналысып келеді.









Тіл - бұл қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлт тарихы, мәдениеті, әдет-ғұрпы, өмір салты.




Бакалаврлар мен магистрлердің кәсіби қызметі:
- жалпы орта білім беретін мектептер мен ЖОО-дарында ана тілі мен әдебиетін оқыту;
- телерадиокампанияларында, баспаларда және БАҚ-дарында (қазақ тілінде жүргізілетін бөлімдерінде);
- ғылыми-зерттеу институттарында;
- үкіметтік емес қоғамдық мекемелерде, мұрағаттарда, ақпараттық-ресурстық орталықтарда және басқа қоғамдық ұйымдарда.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет