Казiргi мектепке қандай сынып жетекшiсi қажет?



Дата24.12.2023
өлшемі17,23 Kb.
#143139
Байланысты:
Adi Ramazan эссе



" Казiргi мектепке қандай сынып жетекшiсi қажет?"

Бұл күнде тәрбие және тәрбие жетекшісі туралы пікір көп. Сол көп пікір тәрбие жетекшісіне қойылған көп сынға келіп тіреледі. Сонда жақсы тәрбие жетекші қайда? Неліктен қоғам тәрбие жетекшісінен мін табуға тырысады? Сұрақ сансыз, ал жауап дүдамал.


Бүгінгі тәрбие жетекшісі дүдамал жауапқа тойтарыс беруі керек. Әртүрлі сипаттағы отбасынан шыққан сан қилы тұлғаны бір арнада тоғыстыру педагогикалық шеберлік пен орасан төзімді қажет етеді. Тәрбие жетекшісі құрылған жоспар бойынша нақты жұмыс істеп, міндеттемелерді орындап қана шектелмеу керек. Ол үнемі баланың көз алдында болып, оның әрбір қылығын, қимылын ой елегінен өткізіп, дер кезінде қорытынды шығарып отырғаны абзал. Аңдаусызда тәрбиеде кеткен ағаттық баланың болашағына аяусыз сызат түсіруі мүмкін екенін әсте есте тұтқаны жөн. Шектен тыс қаталдық немесе шектен тыс жұмсақтық жақсы нәтиже бермек емес. Байыптылық, сырбаздық, қарапайымдылық тек жеміс әкелетіні сөзсіз. Аса мәдениеттілік идеал бейне туғызады. Олай болса, тәрбие жетекшісі сырт кейпімен, қылығымен, жағымды тілімен, салиқалы жүріс – тұрысымен бала үшін тек идеал болуы керек. Әр тәрбие жетекшісі – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы,жарқын үлгісі,бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға.
Тәрбие жетекшісі жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік- шығармашылық шеберлік иесі,халықтық дәстүр,әдеп-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін, әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеру тиіс.Ол кәсіби білімін үздіксіз жетілдірген жағдайда ғана оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамытып,ғылымға деген қызығуын қалыптастыра алады.Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай,мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға- тәрбиеші.
Сонымен бүгінгі тәрбие жетекшісі қандай болу керек? Біріншіден,оның ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді,кешірімді болуы шарт.Екіншіден , ой-өрісі кең, жан-жақты білімді,өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.Үшіншіден, өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт.Әрдайым тәрбиеленушілермен әдептілік қарым- қатынаста болғаны жөн. Әдептілік- мұғалімінң жоғарғы шындық, қарапайымдылық, сабырлылық, көрсетуі, өзін- өзі басқарып ұстамдылық жасауы, жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы және әртүрлі жағдайларда оқушылармен өзге адамдармен, қарым- қатынас жасай алу ептілігін біріктіретін адамгершілік тәртібі.Әдепті мұғалім- әр уақытта оқушылардың құрметті адамы.Олардың айтқанын шәкірттер мүлтіксіз орындайды және өнеге тұтады. Сондай-ақ, жаңа ақпаратпен толық қаруланған, коммуникативтік белсенділігі жоғары, білімі мен білігі мол, жүзі жылы, жүрегі жайсаң тұлға қоғамның айнасы болатынына сенім мол.

Орындаган:Ади Рамазан


Тобы:MOK-223

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет