Кенесары Қасымұлы



Дата10.12.2023
өлшемі14,17 Kb.
#136314
Байланысты:
кенесары хан


Кенесары Қасымұлы
Кенесары Қасымұлы- әскери қолбасшы, 1837-1847 жылдардыға ұлт-азаттық көтеріліс басшысы, Қазақ хандығының соңғы ханы. Абылай хан немересі, Шыңғыс ханның ұрпағы.
Кенесары 1841 жылы қазақ хандығының тағына хан болып сайланды. Таққа отырудан кейін басты мақсаты қазақ халқының басын біріктіру. Мемлекетті басқаруда көптеген өзгерістер енгізді-билер сотын қалпына келтірді, әскери жолдарын едәуір нығайтты, салық салу саясатын жаңартты.
Таққа отырғаннан кейін әскери қимылды үдетіп қоқандықтарга яғни Ақмешіт, Жаңақорған сияқты қамалдарды қоршауға алады.
Кенесары ханның басты мақсаты үш жүздің басын біріктіріп азаттыққа қол жеткізу еді. Бірақ сол жылдары яғни 1844-1845 жылдар аралығында қазақ халқын толықтай біріктіру қиынға соқты. Өйткені ол уақыттарда ұлт-азаттық күрестің едәуір шиеленіскен кезі еді.
1846 жылы Ресей жасақтары қазақ халқы жерінде жорық жасап, кіші және орта жүздердің аумағын ығыстырады.
Осы оқиғадан кейін Кенесары хан дипломат ретінде үш жүздің едәуір бөлігін бар ту астына біріктіре алды. Оның әскері 20,000 адамға дейін жетті.
Кенесары хан сыртқы саясатында ортаазиялық хандықтармен одақтас болып әскери қатынастар орнатты. Ендігі кезекте Кенесары ханның міндеті Ресей империясымен бейбіт келісім жасау болды.
Көптеген келіссөздер жүргізеді, бірақ нәтижесіз болады. Ресей империясы Кенесарына хан деп мойындамайды. Алайда 1841-43 жылдар аралығында Ресей империясымен бейбіт келісімге тұрады. Бірақ сол уақытта Орынбор губернаторы ауысып губернатор ретінде Обручев келедіде бейбіт келісімдерді бұзып, Кенесары ханға жазалау әрекеттерін жасай бастайды.
Осыдан кейін Кенесары хан қырғыздармен келісімге тұрады. Алайда қырғыздар Кенесарыны қолдаймыз деп уәде бергенмен екі жақты саясат жүргізіп отырды. Кейіннен қырғыз бен қазақ арасындағы тыныштықты қырғыздар қазақтың Саурық атты батырын өлтіру арқылы бұзады.
Осы жағдайдан кейін Кенесары хан 15,000 қалың әскерімен қырғыз жеріне баса көктеп кіреді. Арадағы соғыс ұзақ уақытқа жалғасыда, өте қатал және қантөгіс соғыс болады. Соғыс барысында Кенесарының қол астындағы Рүстем және Сыпатай атты екі батыр қазақтарды сатып, қазақ әскерінің біраз бөлігін алып қырғыздарға кетіп қалады.Осы кезде соғыс тең емес дәрежеде жүреді.
Кенесары хан қырғыздарға тұтқынға түседі. Қырғыздар Кенесарыға не істейтінін білмегендіктен 3 ай бойы тұтқында ұстайды. Кейін жарлық шығып Кенесары ханның басын алады.
Қырғыздар Кенесары ханның басын хат жазып Ресей империясына яғни Горчаковқа сыйлайды.Сыйлау арқылы қырғыздар Ресей империясына адал екенін дәлелдегісі келді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет