Кері және өзара кері есептер Жоспар: 1. Кері және өзара кері есептермен таныстыру 2. Өзара кері есептер жүйесін игеру 3. Құрама кері және өзара кері есептермен таныстыру Кері есептерді шешкенде есептегі үш элементті ерекше қарастыру керек.:
1) мазмұны
2) берілген сан мәндері
3) есепті шешуге қажетті математикалық тәуелділік пен амалдар.
Тура есепті кері есепке түрлендіру барысында шамалардың арасындағы өзара кері байланыстың көмегімен күрделі пайымдаулар жасап, логикалық ой қорыту тақырыптың мақсаты болып табылады.Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер орындалады:
1) Кері есептерді құрастыру алгоритмін оқып-үйрену.
2) Кері есептер құрастыруға болатын есептерді анықтау.
3) Қозғалысқа берілген есептерге кері есептер құрастыру.
4) Басқа да тақырыптарға берілген есептерге кері есептер құрастыру.
Бірінші сыныпта оқушылар салыстыру арқылы жай есептердің бірнеше түрлерімен танысады . Есептің әр түрін салыстыру барысында оқушылар олардың ұқсастығын және айырмашылығын анықтайды. Оның үстіне олар есептердің кейбір түрлері бір-бірімен байланысты екендігін байқайды . Бұл есептің арифметикалық амалдармен шығарылатынына байланысты туындайды, ал амалдардың өзара байланысты, мысалы,қосу азайтумен, ал көбейту бөлумен байланысты екендігі белгілі. Осыған орай, «кері және өзара кері есептер» ұғымдары пайда болады.
1.Кері есептермен таныстыру.
«Кері есептер» ұғымымен оқушылар бірінші сыныпта танысады
Тапсырма: Салыстыр. Есептердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?
«Ыдыста 6 қияр және одан 4-еуі артық қызанақ бар. Ыдыста неше қызанақ бар?
«Ыдыста 10 қызанақ және одан 4-еуі кем қияр бар. Ыдыстанешеқияр бар?»
Бұлар-кері есептер.
Ұқсастығы: мазмұны (ыдыс, қияр мен қызанақ туралы):
Сандары: 6,4,10
Айырмашылығы:шарты, сұрағы,шешуі және жауабы.
Байқадық: бірінші есепте белгісіз болған дерек екіншіде белгілі, ал екіншіде белгісіз болған дерек біріншіде белгілі болды.
Қорытынды: кері есептер- мазмқұны мен сандары ұқсас, бірақ біріншіде белгілі болған дерек екіншіде белгісіз, бірінші есепте белгісіз болған дерек екіншіде белгілі болатын екі есеп.