Кәсіпорындардың өндірістік шығындары



Дата25.11.2023
өлшемі0,98 Mb.
#126576
Байланысты:
экономика 9 такырып

Кәсіпорындардың өндірістік шығындары

Шарбек Анар

Жоспар:

Өндіріс шығыны

  • Өндіріс шығыны – материалдық қаражат (шикізатматериалдар, отын, энергия, жабдық, т.б.) пен қажетті еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығыны кәсіпорында өндірістің және өнімді өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны, кәсіпорынның ағымдағы жұмсаған шығындары. Тауардың ең төмен бағасы осы шығынның мөлшерімен, ал тауардың ең жоғары бағасы сұраныспен айқындалады. Кәсіпорын (компанияфирма) тауарға оны өндіруге, бөлуге және өткізуге, жұмсалған күшпен тәуекелділік үшін пайданың әділ нормасын қоса, жұмсалған шығын толығымен өтелетіндей баға белгілеуге тырысады. Кәсіпорынның шығыны екі түрлі: тұрақты шығын мен өзгермелі шығын. Тұрақты шығын (үстеме шығын) өзгермеген күйінде қалады және өндірістің көлеміне тәуелсіз жүзеге асырылады. Өзгермелі шығын өндірістің көлеміне тікелей тәуелді. Өнімнің бір өлшеміне шаққанда шығын әдетте өзгермеген күйінде қалады, ал оның өзгермелі деп аталу себебі, оның жалпы сомасы өндірілген тауардың санына (көлеміне) қарай өзгеріп отырады. Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы әрбір нақты өндіріс деңгейінде жалпы шығынды құрайды. Қоршаған ортаға қатысына қарай өндіріс шығыны ішкі және сыртқы шығындар болып бөлінеді.
  • [1]

Қысқа мерзімді өндіріс үдерісінде өндіріс шығындары үшке бөлінеді:

  • Тұрақты шығындар – өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық төлемдер, несиелік төлемдер жатады.
  • Өзгермелі шығындар – өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.
  • Жалпы шығындар – өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.

Табыс– бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды. Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады:

  • Жалпы табыс – тауардың бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі.
  • Орташа табыс – өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
  • Шекті табыс – өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:

«

«

«

  • Шығындар және өндіріс шығындары ұғымы экономикалық теория ұғымдарының ішінде ерекше, аса маңызды рөлді атқарады, өйткені олар бәсекелестік ортада фирма қызметінің тағдырына, оның көлеміне, болашақ дамуына, және соңында табысы мен пайда мөлшеріне тікелей әсер етеді.
  • Шығындар, ең алдымен өндіріс шығындары туралы теориялық көзқарастар классикалық саяси экономияның негізгі өкілдері А. Смит пен Д. Рикардоның зерттеулерінде кездеседі. Смит абсолютті шығындар тұжырымдамасын, Рикардо салыстырмалы шығындар тұжырымдамасын енгізген. Олар өндіріс шығындарын өнімнің жеке бірлігін жасауға кеткен қоғамдық қажетті еңбектің орташа шамасымен байланыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет