Асматикалық статустың емінде міндетті түрде қолданылатын үйлесім:
~
Демікпелік статусы бар науқастарға кортикостероидтарды тағайындау қарсы көрсеткіш болып табылмайды.
~
Қабырғасы сынған науқасты тасымалдауға ең тиімді тәсілді көрсетіңіз.
~
Қабырға сынған кезде тыныс алу көлемін қалпына келтіруге арналған ең тиімді жансыздандыру тәсілі болып табылады.
~
Төменгі кеуде омыртқалары зақымдалған қиналушыны тасымылдауға ең тиімді тәсілі:
~
Асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің белгісі болып табылмайды
~
Жіті аппендицитке күдік туғанда ауруханаға дейінгі этапта тиімді тактика:
~
Жіті панкреатит ауруының дамуының алғашқы сағатында тән емес.
~
Асқазанның тесілген ойық жарасына тән емес.
~
Жіті ішек өткізбеушілігіне тән емес белгі болып табылады.
~
Науқасқа жедел ішек өткізбеушілігінен күдіктенген жағдайда керек.
~
Сусызданудың үшінші дәрежесінің симптомын табыңыз
~
Холераға тән келесі симптомдарды іріктеп алыңыз .
~
Малярия жұқтырудың негізгі механизмі:
~
Менингитке симптомдары тән.
~
Көмір қышқыл газбен улану белгісі:
~
Көмір қышқыл газбен улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек:
~
22 жастағы жас қыз капотен 10 таблеткасын ішіп уланды. Науқастың басы айналды, әлсізденді, көзі қарауытты.Үрейленіп жедел жәрдемді шақырды. Көмек көрсетуді мына шарадан бастау қажет
~
Тыныс алу қызметін қалпына келтіру неден басталады?
~
Альговердің шокты индексі сипаттайды.
~
Балаларда шоктың көріністерінің ерекшелігі:
~
Бассүйек мидың жабық жарақатына тән емес.
~
Бассүйек-мидың тесіп өткен жарақатына тән.
~
Қысқа мерзімге бас миы қызметінің бұзылуы және естің жоғалуын сипаттайтын бассүйек –ми жарақаты деп аталады.
~
Бас-ми затының бұзылуымен сипатталатын бассүйек-ми жарақаты деп аталады.
~
=бас миының соғылуы
~бас миының шайқалуы
~бас миының жаралануы
~бас миының қысылуы
~бас миының жарақаты
~
Бас миының бассүйек ішілік гематомамен қысылуы, бассүйек-ми жарақаттарының басқа түрлеріне қарағанда сипатталады.
~
Бассүйек негізінің, алдыңғы бассүйек ойығы аймағында сынуының белгісіне тән.
~
Бассүйек негізінің, ортаңғы бассүйек ойығы аймағында сынуының белгісіне тән.
~
Бассүйек негізінің, артқы бассүйек ойығы аймағында сынуының белгісіне тән.
~
Тахи-брадикардия фонында тыныс алу, пульс, қысым жойылуы, тері жабындылары бозаруы, тырысу, зәр бөлу және дефекация, кейін тез арада бастапқы жағдайының қалыптасуы тән:
~
Миокард инфарктісінің абдоминалды түріне тән белгілерді іріктеп алыңыз:
~
Оң жақ қарыншалық жетіспеушіліктің клиникасына тән емес белгіні көрсетіңіз:
~
Гипертензивті энцефалопатиясы кезінде қандай дәрілік заттар қолданылмайды
~
Тұзды суға батқанда енгізуге болмайтын дәрілік зат
~
Асфиксиядан кейінгі пневмонияның дамуына ықпал етеді барлығы, мынадан басқа:
~
Толық АВ - блокада кезінде жүргізетін көрсеткіштер:
~
Верапамилді көктамырға енгізуден дамыған гипотония кезінде маңызды:
~
Терең жарақаттың қатты тампонасын жасаудың қауіптілігі.
~
Антидотты терапия қолдану жағдайы.
~
Көмір қышқыл газымен уланған кездегі тиімді емдік әдіс.
~
Кальций антагонистері таңдаулы препарат болып табылады.
~
Бас миының ісуі мен ісінуіне тән үштік симптом:
~
Қызылшадағы жиі асқыну:
~
Ұзақ қызба, бас ауруы, адинамия, іштің алдынғы бөлімінде розеолезді бөрткен тән ауруы:
~
Тұрақсыз стенокардия ұстамаларында тағайындауға қарсы көрселген
~
Миокард инфарктімен ауыратын науқастарға ұзақ уақыт бойы аспирин тағайындалады, себебі ол:……
~
Созылмалы (ФК I) жүрек жеткіліксіздігінде ентігу пайда болады:……
~
Атеросклероз кезінде липид алмасуын түзету үшін қолданылатын ең тиімді гиполипидемиялық препаратты көрсетіңіз:……
~
Үдемелі стенокардияның белгілерін көрсетіңіз
~
Антиангинальды препараттарға келесі топтағы препараттар жатпайды:……
~
Брадикардиялы стенокардиямен ауыратын науқастарды емдеуге арналған препарат:……
~
Принцметалдың стенокардиясының арнайы нұсқасының себептерін түсіндіреді:……
~
Тұрақсыз стенокардияның қолайсыз болжамы:……
~
Ірі коронарлық артериялардың жергілікті стенозында стенокардияны емдеудің оңтайлы әдісі болып табылады:……
~
Стенокардия ұстамаларында ең қауіпті асқыну болып табылады:……
~
Стенокардия кезінде антиангинальді және аритмияға қарсы әсер ететін дәрі:
~
Демікпе мәртебесінің дамуына жиі итермелейтін препараттар
~
Жіті стенозды ларинготрахеиттің IV сатысына тән клиникалық көріністер
~
Гипертонияның қауіптілік дәрежесін бағалаңыз: қан қысымын, 1-дәрежесінде байланысты аурулар жоқ, мақсатты органның зақымдалуы және қауіп факторлары
~
Морганьи – Адамс – Стокс синдромы дамиды:
~
Егде жастағы науқастарды шектеулі артериялық гипертензиясын емдеуде қате тұжырымды көрсетіңіз:
~
Науқаста нитраттар қандай жағдайда тағайындалмайды:
~
ЭКГ де жүрекше жыпылықтауы белгілері:
~
Синус түйінінің әлсіздік синдромы кезінде ЖСС арттыру үшін қолданылады:
~
Атриовентрикулярлық блоктың негізгі белгілері:
~
Дресслер синдромын емдеу үшін келесі препараттарды қолданамыз:
~
Миокард инфарктісінің ең өткір кезеңі:……
~
Патологиялық Q II-III, aVF тіркемелерде болса, ошақтық өзгерістер қайда жайғасқан:
~
Егер миокард инфарктісі бар науқаста 15-20 күн бойы температура, артралгия, кеуде қуысындағы ауырсыну тыныс алу актімен байланысты болса, болуы мүмкін асқыну
~
Жедел сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі мыналарды қамтиды:
~
Идиопатиялық қарыншалық тахикардияда тиімді:……
~
Тахикардия кезінде QRS кешенінің кеңеюі және Р тістің болмауы тән:
~
ST сегментінің тұрақты көтерілуі көрсетеді:
~
Жыбыр аритмиясының ЭКГ белгілері:
~
Дихидропирид кальций антагонистінің екінші буынына мыналар кіреді:
~
Миокард инфарктымен келіп түскен науқасқа алғашқы 4-6 сағатта жүргізілетін патогенетикалық терапия:
Каптоприл тағайындау үшін негізгі қарсы көрсеткіш:
~
Жаралы колиттің дистальді формасына тән:
~
Өкпенің іріңдеуі бар науқаста жөтел кезінде кеуденің оң жақ аймағында кенеттен ауырсыну, ентігу, суық тер, оң жақта қорапша дыбысы, тыныс алу естілмейді. Абсцесстің мына асқынуы туралы ойлану керек……
Метил спиртімен уланудың алғашқы симптомдарына жатады
~
Метил спиртімен уланудың бастапқы клиникалық көріністері
~
Көру қабілетінің бұзылуы, метаболикалық ацидоз және бүйрек функциясы бұзылуы мына уланудан болуы мүмкін
~
Немен уланудан қарынішілік блокада дамиды
~
60 жастағы науқас, дилатациялық кардиомиопатия, жыбыр аритмия және СЖН ФК111. Тиімді терапияны таңдаңыз:
~
9 жасар бала. Қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен келіп түсті. Шағымдары: ұстамалы жөтелге, кеуде аймағының қысылуына,
ринорея, мұрын аймағындағы қышу, түшкіру, көзінің жасаурауына. 3 жылдан бері ауырады, күз маусымымен байланысты. Анамнезінде:
ерте жасында атопиялық дерматит, тағамдық, дәрілік аллергия болған. Аллергиялық тұқымқуалаушылығы оң. Емінде қай топтағы
препараттардың комбинациясы тиімді:
~
3,5 айлық бала, анамнезі ерекшеліксіз, АКДСІ вакцинациясын алған. Екпеден 4 сағаттан кейін, бала мазасыз, бірнеше сағатқа созылған ащы айқай. Осы күні анасы балада тітірк енулермен шошынулар байқады, жеке бұлшық еттерінде тырысулар болды. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы иммунологтың тұжырымында ең ықтимал, баланы емдеу тактикасы:
~
48 жасар ер адамға, көкіректің сол жағының ауырсынуына, ауа жетіспеу сезіміне, қысқа мерзімді есінен тануына байланысты жалпы тәжірибелі дәрігер шақырылды. Объективті: тері қабаты бозғылт, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы байқалады, жүрек тондары тұйық. АҚҚ 90/60 мм. с.б.б. Пульсі 180 соқ. мин. Мониторда: қарынша фибрилляциясына ұласқан пароксизмалды қарыншалық тахикардия.
Науқастың диагнозы:
~
Ер адам 58 жаста, ес-түссіз жатқан жерінен табылдған. Туыстарының айтуынша, 8 жыл бойы қант диабетімен ауырады, қант төмендететін дәрілер қолданады. Соңғы күндері науқаста полиурия, полидипсия, әлсіздік, ұйқышылдық байқалған. Тексеру кезінде есі жоқ, арефлексия, жиі дем алады (ацетон иісі жоқ). Тері құрғақ, көз алмасының тонусы төмендеген. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялық. Пульсі 100 соқ. мин. АҚҚ – 90/70 мм. с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды.
Болжам диагноз:
~
Әйел 37 жаста, көп реттік ашық түсті қан аралас құсуына шағымданады. Себебін, көп мөлшерде алкоголь ішкенімен байланыстырады. Анамнезінде: созылмалы алкоголизммен сырқаттанады.
Болжам диагноз:
~
35 жастағы ер адам, дәрігерге бас ауруына, бұлшық еттер әлсіздігіне, шөлге, көп зәр шығуына, қайтымды тырысу байқалатынына шағымданып келді. Ауру белгілері бірнеше ай бойы мазалайды, аурудың басталуын ешқандай себеппен байланыстырмайды. Объективті тексергенде науқаста АҚҚ 170/100 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы анықталды. Анализдерінде гипокалиемия– 2,5 ммоль/л, гипернатриемия – 170 ммоль/л анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
18 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек соғуы жиілеу, дірілдеу, қатты терлеу, бас айналу, жүрек айну, құсу, қатты басы ауруы, көзі қарауыту байқалатын ұстамаға шағымданды. Объективті тексергенде: Тері қабаты қалыпты түсті. Жүрек тондары айқын, аорта үстінде 2 тон акценті, жүрек түрткісі тұсында нәзік систолалық шу естіледі. АҚҚ 180/100-170/95 мм сынап бағанасы бойынша. Бауыр қабырға доғасы шетінде пальпацияланады. Бүйрек тұсын пальпациялағанда науқастың жағдайы күрт нашарлайды: үрей, тері қабатының күрт бозаруы, мұздаюы, тремор, жүрек айнуы, тершеңдік пайда болады. АҚҚ 220/120 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы, пульстің кернелуі, минутына 120-140 ретке дейін жиілеуі байқалады. Ұстама соңында 1,5 литрге жуық ашық түсті зәр бөлінді. Зертханалық тексеру нәтижелері аздап лейкоцитоз, глюкозурия, гипергликемия және зәрде норадреналин деңгейі бірнеше тәулік бойы 254 мкг, адреналин 326,4 мкг деңгейіне жоғарылауын көрсетті. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
67 жастағы науқас әйелде 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарылауы байқалады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850 мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ 160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:
~
59 жасар науқас артериялық гипертония бойынша бақылауда. Гипотензивті дәріні қолдануды тоқтатқаннан кейін апта көлемінде жағдайы нашарлады: бастың ауруы, бастың айналуы, жүрек айнуы. Екі сағат алдында құсу, аяқтардың тырысуы, аз уақытқа естен тануы байқалған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, есенгіреген, беті бозғылт, жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ минутына 66 рет, ҚҚ 240/130 мм сын.бағ., ТЖ минутына 22 рет. Мойын, тізе бұлшық еттерінің гипертонусы, Кернинг симптомы 120, ошақты симптомдар жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
~
60 жастағы науқас әйел көптен бері артериялық гипертензия бойынша бақылауда тұрады. Бойы -165 см, дене салмағы 62 кг. Гипотензивті препараттарды жүйелі қабылдайды. Жағдайы нашарлағанына 1 аптадай болған. Перкуторлы – жүрек шекарасы солға ығысқан. Жүрек тоны тұйықталған, ЖСЖ минутына 88 рет, АҚҚ 150/85 мм сын. бағ. Эхо КГ - сол қарынша гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз:
~
Науқас К., 42 жаста төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің диагнозыңыз:
~
Дәрігерге 63 жастағы науқас М. келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыбыр аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, НКІІБ диагнозымен бақылауда тұрады. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағымданады. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформацияланған, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистолалар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлау себебіне ... жатады.
~
52 жастағы миокардтың трансмуралді инфарктімен ауырған науқас әйелде 2 аптадан кейін субфебрилді температура, ентігу, буындарда ауырсыну пайда болды. Тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталды. Аускультативті перикард үйкеліс шуы анықталды. ЭКГ динамикасы өзгеріссіз. Науқастың жағдайы нашарлауына … себеп болды.
~
20 жастағы науқас ер адам жүрек тұсында шаншып ауырсынуға, жүрек соғуына, әлсіздікке, тез шаршауға шағымданды. Анамнезінде: 3 апта бұрын гриппен ауырған. Тексергенде жүрек шекаралары солға ығысқан, жүректің барлық аймағында иррадияциясыз систолалық шу естіледі, ЖСЖ – минутына 90 рет. Дене қызуы 37,7 С. Зертханалық тексергенде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы анықталған, С реактивті белок оң мәнді (+). ЭКГ-да: реполяризация бұзылысы және қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы. Сіздің диагнозыңыз:
~
ФК ІІІ тұрақты стенокардиямен науқаста тыныштық күйде стенокардия ұстамасы пайда болды, ұстама жиілігі және қуаты мен ұзақтығы жоғарылады, ЭКГ-да бұрын байқалмаған өзгерістер пайда болып бірнеше күн сақталған және вегетативтік ауытқулар (терлеп кету, жүрек соғуы), демікпе қосылған, ал ЭКГ динамикасы мен ферменттер белсенділігін зерттеу миокард инфарктін анықтауға көмектеседі. Сіздің диагнозыңыз:
~
47 жастағы ер адам жүйкелік-психикалық күштемеден кейін кеуде тұсында ауырсыну, әлсіздік, бетінің жабысқақ термен жамылғанын сезінді. Өзі машинасымен ауруханаға келді. Тексергенде бозарған, ары қарай төс артында қатты ауырсынуға шағымданады. ЭКГ — да синустық тахикардия, PQ 0,14 с, V1-V3 тіркемелерде ST сегменті R ортасынан басталады және биік Т тісшесіне жалғасады. Жедел түрде қандағы ферменттер анықталды (қалыпты), перифериялық қан өзгермеген. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
Науқас 52 жаста, жіті алдыңғы қабырғалы миокард инфарктімен түсті. Объективті: ЖСС 100 рет/мин, АҚҚ 145/90 мм.с.б., тыныс жиілігі 30 рет/мин, өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар, төстің төменгі бөлігінде интенсивті систолалық шу естіле бастады. Оң қарыншаның О2 парциялық қысымы жоғарылады. Диагнозды анықтау үшін ... зерттеу әдісі ең мәліметті.
~
30 жастағы ер адам тұлғаны қозғалтқанда пайда болатын кеуде тұсының сол жағында ауырсынуға шағымданды. Терең тыныс алғанда ауырсыну күшеймейді. Ауырсыну таңертең пайда болған. Бірнеше күн бұрын гриппен ауырған. Өкпесіне перкуссия және аускультация жасағанда патологиялық өзгерістер анықталмаған. Пальпациялағанда IY сол қабырғааралық айқын ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
Жатқанда пайда болатын, көлденең күйге ауысқанда басылатын немесе азаятын қолдарға, кеуденің сол жағына берілетін семсер өсінді артында орналасқан қыжылдаумен сипатталатын кеудедегі ауырсыну ... тән.
~
50 жастағы ер адам айқын күштеме кезінде пайда болатын кеуде тұсында ауырсынуға шағымданды. Сол қолын қозғалтқанда және терең тыныс алғанда ауырсыну күрт күшейеді. Өкпе аускультациясында сол жақта тыныс айқын әлсіреген. Перкуторлағанда тимпанит. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
40 жастағы науқас ер адам М. мойынға берілетін және тыныс алғанда күшейетін жіті пайда болған төс артында ауырсынуға шағымданды. Ауырсыну кеше кешке пайда болған және біртіндеп күшейе отырып таңертеңгі уақытта барынша қатты байқалған. Бір апта бұрын гриппен ауырған. Жөтел жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
37 жастағы ер адам таңертең жүргенде кезеңді қол ұштары ұйып төс артында қысып ауырсыну пайда болуына шағымданды. Терең тыныс алғанда ауырсыну күшеймейді. Ауырсыну кезінде науқас жүрісін баяулатады. Алғашқы мұндай көрініс бір айға жуық уақытта пайда болған. Диагностикалау әдісі:
~
30 жастағы әйел, дәрігерге жүрек айнуымен, іш кебуімен, қатты терлеумен бірге байқалатын және көп зәр шығарумен аяқталатын жүрек соғысы жиілеу ұстамасына шағымданды. Алғашқы ұстама үш ай бұрын мазалаған, дәрігерге қаралмаған. Объективті тексергенде ішкі органдар жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. АҚҚ 110/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 78 рет. Электрокардиограммада PQ интервалының қысқаруы, QRS комплексінің кеңеюі мен деформациясы, QRS комплексінің алдыңғы тармағының «сатылы» деформациясы, ST интервалының дискордантты жылжуы анықталды. Сіздің клиникалық және ЭКГ қорытындыңыз:
~
30 жастағы науқас ер адам кардиология бөліміне жүрек соғысының жиілеуіне, кеуде тұсындағы қысып ауырсынуға, кейде есінен танудың болуына шағымданып келді. Объективті қарағанда: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары аздап тұйықталған, ырғағы дұрыс ЖСЖ– 88 рет/мин. АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЭКГ - ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т-өзгермеген. Бірінші кезекте науқасқа ... жүргізу қажет.
~
40 жастағы әйел адам ентігуге, жүрек қағуына шағымданып дәрігерге қаралды. Анамнездерінен: ревматикалық қызба. Объективті: акроцианоз, I тон әлсіреген, дөрекі систолалық шу оң жақ IV қабырғааралықта. ЭКГ: Р тісшесінің болмауы және (0,11 сек жоғары) деформацияланған қарыншалық комплекстің анық кеңеюі. Сіздің ЭКГ қорытындыңыз:
~
22 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге тез шаршауға, аздаған дене жүктемесінен кейін ентігуге шағымданып келді. Обьективті тексергенде беті көкшіл қызғылт, жүрек түрткісі солға жылжуы, жүрек аускультациясында І тонның әлсіреуі, сол жақ қолтықастына берілетін І тоннан кейін бірден естілетін систолалық шу, ІІІ патологиялық тон анықталды. Электрокардиограммада сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша гипертрофиясы анықталды. Сіздің диагнозыңыз:
~
23 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, тез шаршауға шағымданып келді. Бала кезінде ангинамен жиі ауырған. Объективті тексергенде әлсіз, баяу пульс, каротид биі анықталды. Аускультацияда жүрек түрткісінде 1 тонның, аортада 2 тонның әлсіреуі, аортада және Боткин-Эрба нүктесінде систолалық шу анықталды. Систолалық шу аорта үстінде жақсы естіледі, ұйқы артериясына және жауырынаралық аймаққа беріледі. Сіздің диагнозыңыз:
~
Дәрігерге 28 жастағы науқас физикалық жүктеме кезінде ентігу сезімдеріне, жүрек аймағында ауырсыну сезімдеріне жүрек қызметінің бұзылуына шағым түсіріп келді. Анамнезінен: бала кезінен жүрек ауруымен ауыратындығы анықталды. Ауыскультацияда 1 тон жүрек ұшында әлсіреген, өкпе бағанының тұсында 2 тон акценті байқалады, жүрек ұшында систололық шу, 1 тонның иррадициясы қолтық асты аймағына беріледі. АҚҚ – 130/80 мм с.б.б. ЖСЖ – 76 рет/минутына. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
Науқас тәбеті төмендеу немесе жоғалуымен бірге байқалатын оң жақ қабырғаастында тартып ауырсынуға және ауырлық сезімге, жүрек айнуға, іші кебуге, сирақ тұсы, аяқ басы ісінуіне, асцитке шағымданады. Үдемелі әлсіздік, тез шаршау, мойында пульсация, ентігу байқалады. Бұл симптомдар ... тән.
~
Әйел адам 33 жаста. Шағымдары: енжарлық, кезеңдік жүрек аймағындағы ауру сезіміне. Анамнезінде жиі баспа. Объективті: Пульс 95 рет/ мин. аускультацияда: жүрек тондары тұйықталған, мезосистолиялық щелчок және вертикальды қалыпта күшейетін үрлемелі систолалық шум төстің сол жақ шетінде. Диагностикалық әдістердің ішінде ең негізгісі:
~
Ер адам, 28 жаста. Шағымы жоқ. Профқарауға келген. Объективті: акроцианоз. Жүректің жиырылу саны 89 рет/ мин, пульс 75 рет/мин . Жүрек шекаралыры: оң жағы – төстің оң шетінен 1 см сыртқа, кнаружи от правого края грудины, жоғарғысы – II қабырғаралықта, солы- ортаңғы бұғана сызығы бойында.I тон күшейген, өкпе артериясында II тон акценті, диастола басында жоғары жиілікті тон,жүрек ұшында дөрекі диастолалақ шу. Бұл жағдайда зерттеу әдістерінің ішінде ең алдымен ... жасау қажет.
~
29 жастағы науқас әйелді дене жүктемесінде ентігу, жүрек тұсында, жауырынаралық тұста ауырсыну мазалайды. Анамнезінде ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары, оңға ығысқан. 1 тон күшейген, жүрек түрткісінде диастолалық шу, «бөдене» ырғағы, жыбыр аритмиясы. R-графия: контрастирленген өңеш кіші радиус доғасына қарай ығысқан. ЭКГ: Р - mitrale, оң қарынша гипертрофиясы.
Сіздің диагнозыңыз:
~
Сол жақ ортаңғы бұғана сызығы бойында V –ші қабырғааралықта естілу эпицентрі орналасқан диастолалық шу, диастолада қосымша тон, І тон күшеюі байқалған 42 жастағы науқас әйел жүрегі жиі соғуына, тез шаршауға шағымданады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
18 жастағы науқас ер бала военкоматтан тексеруге жіберілген. Дамуы қалыпты. Жүрек негізінде естілу эпицентрі төстің оң жақ жиегінде ІІ-ші қабырғааралықта орналасқан мойын артерияларына берілетін қатты систолалық шу естіледі. Қолқа үстінде ІІ тон әлсіреген. Пульс – минутына 64 рет, ырғақты. Иық артериясындағы АҚҚ - 95/75 мм сын. бағ., сан артериясында АҚҚ - 110/90 мм сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз:
~
28 жастағы науқас әйел жанұялық дәрігерге аздаған дене жүктемесінде ентігуге, тез шаршауға, жүрек соғуы жиілеуіне шағымданып қаралды. Бала кезінде ангинамен жиі ауырған. Аускультацияда: жүрек түрткісі күшейген, жүрек түрткісінде диастолалық шу, қатты І тон, митралді қақпақша ашылу тоны, ІІІ тон («бөдене» ырғағы). Сіздің диагнозыңыз:
~
28 жасар науқас әйел ЖДА-да профилактикалық қараудан өтті. Анамнезінде – 10 жасында буындардың зақымдалуымен және эндокардитпен өткен бірінші ревматикалық шабылуы. Әлсіздік, тез шаршағыштық, физикалық жүктеме кезінде ентігу, кешке қарай табан аймағында ісінулерге шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, боз. Жүрек тондары тұйық, айқын пансистолалық шүлар естіледі. Сіздің тактикаңыз:
~
Жанұялық дәрігерге жағдайы нашарлауына байланысты 68 жастағы ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Артериялық гипертензия ІІ дәрежесі, қатер ІV. ҚЖ ІІБ. диагнозымен бақылауда тұратын науқас ер адам қаралуға келді. Әлсіздікке, бас ауруына, жүрегі айнуына, кезеңді ішінде ауырсынуға, көзінде екеуленуге шағымданады. Дәрілерді жүйелі түрде қабылдайды. АҚҚ 150/90 мм сын. бағ., ЖСЖ минутына 50 рет. ЭКГ: PQ интервалы 0,24 с, QRS комплексі деформацияланған, барлық тіркемелерде ST сегментінің изоэлектрлік сызықтан төмен қарай «астаутәріздес» ығысуы, бигеминия түріндегі қарыншалық экстрасистолиялар. Науқастың жағдайы нашарлауының мүмкін себебі:
~
45 жастағы ер адам, дәрігерге сол жақ табанында қатты ауырсыну пайда болуына шағымданды. Анамнезінде: жақын арада алкоголь қабылдаған. Ауырсыну аяқ астынан 1- ші алақанфалангалық буыннан басталған. Объективті тексергенде бас бармақ буыны тұсында тері қабаты айқын қызарған, ұстап көргенде ыстық, қозғалыс шектелген.
Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
29 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге күндізгі уақытта аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта айына екі реттен жиі мазалайтын демікпе ұстамасына шағымданды. Ұстама барысында сальбутамолды ингаляция түрінде қолданады. Ауру белгілері бір жылдан бері байқалады. Темекі шегеді. Жағдайы нашарлауын салқындаумен байланыстырады. Объективті - өзгерістер анықталған жоқ. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы сальбутамолмен дем алғаннан соң 20 минуттан кейін алғашқы көрсеткішімен салыстырғанда 25 % жоғары. Ұстамадан тыс уақытта тыныс шығарудың жылдамдық шыңы қажетті мөлшердің 80% құрайды, тыныс шығарудың жылдамдық шыңы көрсеткішінің ауытқуы 30%. Сіздің диагнозыңыз:
~
57 жастағы ер адам, дәрігерге ентігуге, демікпеге, қызғылт көпіршікті қақырықпен жөтелге шағымданды. Науқас жағдайының нашарлауын дене жүктемесімен байланыстырады. Анамнезінде 5 жыл бойы артериялық гипертензия ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Объективті қарағанда: Ортопноэ. Өкпесінің екі жағында да әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар анықталады. Жүрек аускультациясында тондар тұйықталған, ырғақ бұзылған. АҚҚ 160/100 мм сынап бағанасымен. Электрокардиограммада жыбыр аритмиясы, ЖСЖ минутына 120 рет орташа есеппен. Сол жақ қарынша гипертрофиясы күштену белгісімен. Сіздің диагнозыңыз:
~
37 жастағы, фермер, жалпы тәжірибелік дәрігерге аралас сипаттағы ентігуге, дірілдеуге, дене қызуы 39С жоғарылауына, аздаған қан ізі байқалатын қақырықты жөтелге шағымданып қаралды. Бұл симптомдар шіріген шөптермен жұмыс істегеннен кейін 6 сағаттай уақыт өткен соң пайда болған. Қан сарысуында преципиттирлеуші қарсы денелер анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
29 жастағы науқаста сирек экспираторлы тұншығу ұстамалары байқалады, тұншығуды басу үшін аптасына бір реттен кем емес сальбутамол ингаляциясын қолданады. Ұстама кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ұстама аралық кезеңді зерттегенде болу керек шамадан ЖФТШ1 (ОФВ1) 80-85 %. Сіздің диагнозыңыз:
~
45 жасар науқас дәрігерге мынадай шағыммен келді: жөтел, бірнеше жыл көлемінде аз мөлшердегі кілегейлі қақырық, соңғы төрт айда 3 этажға көтерілгенде және жүгіргенде ентігу пайда болған. 20 жылдан астам темекі шегеді, күніне бір қораптан. Қарап тексергенде тыныс шығаруы ұзарған, аздаған құрғақ сырылдар байқалады. Сіздің диагнозыңыз:
~
=өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
~өкпе саркоидозы
~бронх демікпесі
~бронхоэктазды ауру
~ауруханадан тыс пневмония
~
27 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге тоңып дірілдеуге, құрғақ жөтелге, оң жақ бүйірінде ауырсынуға, дене қызуы 38,5 С жоғарылауына шағымданып қаралды. Үш күннен бері ауырады. Кеуде торының оң жақ бөлігі тыныс алу актісіне ілеспейді. Перкуссияда кеуде торының алдыңғы 3-ші қабырғааралығында және жауырынаралық аймақтың ортаңғы бөлігінен бастап дыбыстың тұйықталуы анықталады, тыныс бұл аймақтарда естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1,5 см сыртқа ығысқан. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
Науқас Е.., 45 жас.Дене қызуының 39 C градусқа жоғарылауына, қалтырауына, сол жағының шаншып ауырсынуына, құрғақ жөтелге шағымданады.Тыныс алу кезінде кеуденің сол жақ бөлігі қалыс қалады. Жүрек – ЖСЖ 102 рет минутына, АҚ 120/60 мм.с.б. R-граммада: сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде гомогенді қараю, кеудеаралық мүшелері оң жаққа ығысқан. Сіздің диагнозыңыз:
~
64 жастағы науқас дәрігерге келесі шағымдармен келді: қою, сасық иісті қақырықты жөтелге, әлсіздік пен салмақ жоғалту. Анамнезінен: эпилепсиялық ұстамамен 10 жылдан бері ауырады. Соңғы ұстамасы 2 апта бұрын болған. Өкпе рентгенограммасында: оң жақта жоғарғы сегменте – сұйықтық деңгейі бар қуыс. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
35 жасар әйел темекі шегеді, артық дене салмағы 32 кг, 1 жылдан астам пероралды контрацептивтер қолданған, ентігуге, дене температурасының 37,5 С дейін көтерілуіне, қан аралас қақырықты жөтелге, әлсіздікке, көкірек қуысының оң жақ бөлімінің ауырсынуына шағымданады. Сіздің диагнозыңыз:
~
45 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсына берілетін тамақтан соң жарты сағаттан кейін, дене жүктемесі мен тұлғаны еңкейткенде пайда болып күшейетін семсер өсіндісінің негізі тұсында ашытып ауырсынуға шағымданды. Ауырсыну алмагель қолданғанда толық басылмайды. Сонымен қатар ауамен кекіру, демікпе ұстамасы, жөтел мазалайды. Барий жүзгінімен жасалған рентгенологиялық тексеруде контрастты массаның асқазаннан өңешке қайта өтуі (рефлюксі) анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
Науқас 42 жаста эпигастральді аймағының ауырсынуына, құсуына шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозарған, суық жабысқақ тер бөлінеді. АҚҚ – 100/50 мм с.б.б. Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
26 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге дене қызуы 38 С жоғарылауына, іші ауыруына, тәулігіне 8-10 рет қан және кілегей аралас іші өтуіне шағымданып келді. Ауру жіті респираторлық вирустық аурудан соң жедел түрде дамыған. Объективті тексергенде іші аздап үрленген, сол жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады, осы аймақта жіп тәрізді тоқ ішек пальпацияланады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Сіздің диагнозыңыз:
~
Крон ауруын жаралы колиттен ажырату белгісі.
~
44 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге соңғы тамақты қабылдағаннан соң 12 сағаттан кейін жүрегі айнып, көп рет қайталанған жеңілдік әкелмейтін құсық, эпигастрий тұсында жағымсыз сезім, күрт әлсіздік пайда болуына шағымданып қаралды. Анамнезінде бір апта бойы алкоголь қабылдаған. Объективті қарағанда – жалпы жағдайы ауыр, аузынан алкоголь исі шығады, есеңгірегендік, тері қабатының бозғылттығы байқалады. АҚҚ 60/20 мм сынап бағанасымен, ТСЖ минутына 60 рет. Пальпациялағанда ішінде ауырсыну байқалады, бұлшық еттік қорғаныс реакциясы жоқ, ішперде тітіркену сипмтомы теріс мәнді. Нәжіс формалы күніне бір рет. Сіздің болжам диагнозыңыз:
Дәрігерге 22 жастағы науқас әйел аяқ басындағы буындарда ауырсынуға, субфебрилді температураға, сирақ және сан терілерінде симметриялы геморрагиялық бөртпелерге шағымданып қаралды. Анамнезінде: бірінші рет ауырған, апта бұрын вирусты инфекциямен ауырған. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
72 жастағы науқас ауыр бөліктік пневмониямен сырқаттанған. Жоғары дене қызуының жедел төмендеуі кезінде кенеттен әлсіздік, бас айналу, құлақта шулау, жүрек айну, құсқысы келу шағымдары дамыды. Обьективті: науқастың тері жабындылары бозарған, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының тұйықталуы, төмен АҚҚ. Науқастың жағдайы ... себебтен бірден нашарлады.
~
28 жастағы науқас тұншығуға, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада түнде 2 рет тұншығудан оянып, беротекпен қайтарған. Күнделікті преднизолон 10 мг қабылдайды.Қарағанда ТАЖ– 22 рет мин. Тыныс шығару шыңы - 68%. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
60 жастағы науқас соңғы жылы анда-санда болатын бас ауруына,бас айналуына шағымданады. Басы ауырғанда бірнеше рет АҚҚ 170/100 мм.с.б.көтерілген. Науқастың анасы 57 жасында АҚҚ жоғары көтеріліп инсультпен қайтыс болған. Науқастың артық салмағы бар,көп шылым шегеді,сыра мен майлы тамақты жақсы көреді. Болжам диагнозыңыз:
~
Ұзақ жылдар бойы шылым шегетін 50 жастағы науқаста бүгін түнде төс артында тыныс алумен байланыссыз мойынға берілетін ұзақтығы 2-3 сағат күйдіріп ауырсыну пайда болуына, әлсіздікке,тершеңдікке шағымданады. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
47 жастағы ер адам соңғы 2 айда 500 м. жаяу жүргенде немесе 3 қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданады. Кейде ауырсыну тыныштықта да пайда болады. Стенокардияның бұл түрі ... жатады.
~
45 жастағы ер адам оң жақ табандағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: жақында ішімдік ішкен. Ауырсыну кенеттен басталған және 1-ші табанфалангалық буынның аймағында ауырсынады. Қарағанда: үлкен бармақ үстіндегі тері қызарған, ұстағанда ыстық, қимылдатуы қиын. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
Науқас А. 60 жаста. Соңғы кезде өзіндегі жалпы әлсіздікті, ұйқышыл-дықты, іш қатуды, тері жабындыларының құрғауын байқаған. Соңғы бір айда салмағы 5 кг артқан. Науқасты қараған кезде: беті ісінген, көз алмасы кішірейген. Баяу сөйлейді. Тері жабындылары бозғылт, қолға суық, құрғақ болып сезіледі. Өкпесінде әлсіреген везикулярлы тыныс. ТАЖ -14 рет/мин.ЖСЖ- 50 соққы/мин. АҚҚ-110/60 мм.с.б. Науқастың диагнозы:
~
69 ж., науқас әйел әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, аз мөлшерде кілегейлі қақырық бөлінетін жөтелге, ұйқышылдық, қөңіл-күйінің бұзылуы мен кейбір жағдайда есінің бұзылатынына шағымданады. Ауруының себебін айта алмайды . Анамнезінде ЖИА, туберкулез. Науқасты қарағанда: ернінің сәл цианозы, терісі құрғақ, дене температурасы- 37,20, АҚ - 85/40 мм с.б.б.. Жүрек тондары тұйықталған, П тон аортада күшейген. ЖСЖ-1мин. - 80. Өкпесінің оң жағында жауырын ұшында тынысы әлсіреген, басқа аймақтарда - өзгермеген. Тілі –ылғалды, Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Ісіктер анықталмайды. Науқастың диагнозы:
~
Қабылдауда 17 ж., жасөспірім, температурасы 37,6 С, ірі буындарындағы ұшпалы аусыну сезіміне шағымданады. Айтуынша 3 жеті бұрын ауырған, бірақ ауру сезімі тұрақты мазаламағасын дәрігерге баруға асықпаған. Қыс пен көктемде үш рет баспамен және бірнеше рет тыныс жолдарының жұқпасымен ауырған. Осы кезде оң тізе және сол бақай буындарында ауру сезімі мазалайды, буындары іскен, терісі сәл қызарған, ыстық, қозғалғанда ауырады. Кеудесінің терісінде сәл қызғылт ортасы ашық түсті дақтар бар.
Науқастың диагнозы:
~
22 жастағы науқас, спортшы, дене температурасының 39 С жоғарылауына, қалтырау, физикалық күш түскенде ентігу, тәбетінің жоқтығына шағымданып жолықты. 1 айдан бері ауырады. Қарағанда: терісі сарғыш, бозғылттау, аяқтарында петехиалды бөртпелер. Өкпеде - аздаған ылғалды сырылдар бар. Жүрек тондары тұйықталған, Боткин нүктесінде систолалық шу естіледі. Пульсі - 106 рет/мин. АҚҚ - 120/40 мм с.б., бауыры оң қабырға доғасы астынан 5 см төмен орналасқан, сипағанда ауырады. Аяқтарында ісіктер бар. Науқастың диагнозы:
~
50 жастағы науқас, соңғы жылдары төстің жоғары бөлігінде түнге қарай пайда болатын 15 минутқа дейін созылатын ауырсынуға шағым айтады. Ауырсыну өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағанда басылады. ҚҚ 120/80 мм/ с бб, пульсі минутына 62, ЭКГ тыныш күйде патологиясыз. Физикалық күш түсіргенде сынама теріс. Ұстама кезінде ЭКГ- де кеуде тіркемесінде - ST сегменті жоғары көтерілген. Науқастың диагнозы:
~
Жүрек тұсында ауырсынудың кенеттен өте күшейіп кетуі ... тән:
~
Асқазанның жоғарғы бөлігінің ойық жарасына ... ауырсыну тән:
~
Науқаста алкоголь қабылдағаннан кейін көп рет құсу, соңғы құсығы ал қызыл қан аралас болды. Науқастың диагнозы:
~
44 жастағы науқас оң қабырға доғасы асты және эпигастрийде ауырсыну, құсуға шағымданады. 3 күн ішінде алкоголь қабылдаған. Жалпы жағдайы ауыр, терісі құрғақ, боз. Дене температурасы 38,6. Пульс 110 рет минутына. АҚҚ 80/40 мм.с.б. Өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс әлсіреген. Тілінде жабынды бар, құрғақ. Кер, Керте, Воскресенский симптомдары оң. Науқастың диагнозы:
~
32 жастағы әйел науқас жүректің жиі соғуына, әлсіздікке, тітіркендігіш-тікке, тершеңдікке, азуына шағымданып жолықты. Бір жылдам астам ауырады. Қарағанда: қимылдары жылдам, мақсатсыз, көздерінің қатты жылтырауы, қол саусақтарының треморы байқалады. Ромберг қалпында тұрақсыз. Гипергидроз. Өкпеде везикулярлы тыныс. Тахикардия, пульс 110 рет 1 мин, АҚҚ 160/40 мм.с.б. Диарея. Науқастың болжам диагнозы:
~
43 жастағы науқас, аспазшы, 14 жасына темекі тартады. 4 жыл ішінде жеңілдік бермейтін шырышты қақырық бөлінуімен тұрақты жөтел, жүктеме кезіндегі ентігу мазалайды. Кеуде торы бөшке тәрізді. Дауыс дірілі екі жақта әлсіз. Перкуссияда қорап дыбысы. Тынысы қатқыл, дем шығаруы созылыңқы, бүйірлерінде дискантты сырылдар естіледі. Науқастың диагнозы:
~
40 жастағы әйел аралас түрдегі бронх демікпесі бойынша жанұялық дәрігердің тіркеуінде тұрады. Ұстамалар аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта белгілер айына 2 реттен көп. Күнделікті фенотерол ингаляциясын қабылдайды. Науқаста ... .
~
43 жастағы науқас, аспазшы, 14 жасына темекі тартады. 4 жыл ішінде жеңілдік бермейтін шырышты қақырық бөлінуімен тұрақты жөтел, жүктеме кезіндегі ентігу мазалайды. Кеуде торы бөшке тәрізді. Дауыс дірілі екі жақта әлсіз. Перкуссияда қорап дыбысы. Тынысы қатқыл, дем шығаруы созылыңқы, бүйірлерінде дискантты сырылдар естіледі. Науқастың диагнозы:
~
40 жастағы әйел аралас түрдегі бронх демікпесі бойынша жанұялық дәрігердің тіркеуінде тұрады. Ұстамалар аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта белгілер айына 2 реттен көп. Күнделікті фенотерол ингаляциясын қабылдайды. Науқаста ... .
~
35 жастағы науқас эмоционалді куштемеден кейін ішінің толғақ тәрізді ауруымен бірге жүретін сұйық , көп мөлшерде шырыш аралас нәжіске, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауру сезімі үлкен дәреттен кейін және жел шығарудан кейін азаяды.Зерттеу барысында: пальпация кезінде тоқ ішектің түйілуі. Колоноскопияда патология анықталмайды. Дұрыс диагнозды анықтаңыз:
~
53 жастағы әйел науқас, темекі тартады, бір жыл ішінде оң өкпенің S 9 сегментінде ошақты пневмония дамыды. Ауру аралықта шаршағыштық, жөтел, қан аралас қақырық мазалайды. Науқаста ... болуы мүмкін.
~
27 жастағы науқас далада жасаған физикалық жаттығулардан кейін пайда болған ентігуге шағымданып жолықты. Анамнезінде құлпынай, жұмыртқаға аллергиясы бар. Бір ай бұрын респираторлық аурумен ауырды. Дәрігерге жолықпады, өзінше емделді (аспирин, қыша). шырышты қақырықпен жиі жөтел мазлайды. Тынысы қатқыл, құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ЖЖЖ 76 минутына, АҚҚ 134/70 мм.с.б. Сіздің болжам диагнозыңыз:
~
19 жастағы науқас екі күн ішінде дене 37,5-37,8, құрғақ жөтел мазалайды, ЖЖЖ 100 минутына, ТЖ 28 минутына. өкпенің перкуторлық дыбысы өзгермеген. Тынысы қатқыл, төменгі бөліктерінде құрғақ ысқырықты, ызылды және орта калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз:
~
40 жастағы науқас ер адам 10 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Жүйелі түрде холинолитиктер, ингаляциялық ГКС, бета-агонисттерін, теофиллин қабылдайды. Соңғы кезде қыжыл, дисфагия, түнгі уақытта төс артында қыжыл пайда болды. Науқастың диагнозы:
~
15 жастағы жасөспірім дене қызуы қатты көтерілуіне, мойынның оң жақ бөлігінде тығыздалған ісіну және оның ауырсынуына, түнгі тершеңдікке, жөтелге шағымданды. Тәбеті 5 айдан бері төмендеген. Қарағанда мойынында тесікті жол, бір-бірімен тұтасқан, пальпациялағанда ауыратын лимфа түйіндері, периаденит анықталады. Рентгенологиялық тексергенде мойынында жұмсақ тіндерде тығыз көлеңкелер, кальцинаттар анықталған. Науқастың диагнозы:
~
65 жастағы науқас ер адам қышымаға, тері қабаты мен склера сарғаюына, нәжіс түссізденіп, зәр қоңырлануына, оң жақ қабырғаастында ауырсыну пайда болуына шағымданды. 3 ай бойы ауырады. Тері қабаты сарғайған, тырнау іздері бар. Салмағы күрт төмендеген. Науқастың диагнозы:
~
40 жастағы науқас ер адам 2 сағат бұрын жүмыста отырғанда дене қызуы көтерілгеніне, бұлшық етте ауырсынуға, әлсіздікке шағымданды. Кешке қарай қалтырап, дене қызуы 39 С – қа көтерілген, көкірек қуысында жөтелгенде күшейетін ауырсыну, құрғақ жөтел, артынан аздап қақырық бөліну, демікпе пайда болған. Объективті: жағдайы ауыр, тері қабаты қызарған. Тынысы жиілеген, минутына 26 рет, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыс тұйықталған, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған. Науқастың диагнозы:
~
19 жастағы науқас әйел 2 күн бойы дене қызуы 37,5 - 37,8 С – қа көтерілуіне, құрғақ жөтелге, мұрны бітелуіне шағымданды. ЖСЖ – минутына 100 рет. ТЖ –минутына 28 рет. Өкпеде перкуторлық дыбыс өзгермеген. Тыныс қатқыл, екі жақтан, әсіресе базалді бөліктерде құрғақ ысқырықты, орташа калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Науқастың диагнозы:
~
Көп жыл бойы ӨСОА-мен ауыратын науқасты ауруханаға жатқызу кезінде ЭКГ-да анықталды: жоғары амплитудада II, III, aVF ,V1 әкетулердің болуы, Р тісшесінің биіктігінің үшкірленуі, Р тісшесінің ұзақтығы 0,1 с аспайды. R амплитудасы V1 - 8 мм, RV1+SV5,6 - 12mm, электрлік осі оңға қарай ығысқан (бұрышы альфа+100). ЭКГ-дағы белгілерді салыстырыңыз:
~
52 жастағы науқас ер адам, шабан, бел тұсында және ірі буындарда ауырсынуға, лимфа түйіндерінің ұлғаюына, дене қызуы 40С –қа жоғарылау-ына шағымданып келді. Анамнезінде радикулитпен жиі ауырады. Жағдайы қанағаттанарлық. Мойын, қолтықасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынусыз, бір-бірімен және жанындағы тіндермен жабыспаған. Гепатоспленомегалия байқалады. Науқастың диагнозы:
~
40 жастағы науқас ер адам 2 сағат бұрын жүмыста отырғанда дене қызуы көтерілгеніне, бұлшық етте ауырсынуға, әлсіздікке шағымданды. Кешке қарай қалтырап, дене қызуы 39 С – қа көтерілген, көкірек қуысында жөтелгенде күшейетін ауырсыну, құрғақ жөтел, артынан аздап қақырық бөліну, демікпе пайда болған. Объективті: жағдайы ауыр, тері қабаты қызарған. Тынысы жиілеген, минутына 26 рет, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыс тұйықталған, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған.
Сіздің диагнозыңыз:
~
38 жасар науқас дәрігерге 2 жыл шінде кейде шырышты-іріңді қақырық бөлінуімен жөтелге шағымданып жолықты. 15 жасынан темекі шегеді. Соңғы 3 ай ішінде жүгіргенде және 3 қабатқа көтерілгенде ентігу пайда болады. Аускультацияда: қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар. Тиффно индексі 55%. Дұрыс диагноз:
~
63 жасар науқас аз мөлшерде қақырық бөлінуімен жөтел, ентігу, әлсіздікке шағымданып жолықты. Өкпе рентгенограммасында ошақты құрылымдар анықталды. Өкпе рентгенограммасында фокустар анықталғанда ажыратпалы диагностика ... арасында жүргізіледі
~
Науқас С., 45 жаста, артериялық гипертензия 2 дәрежесі, қауіп 3 диагнозымен бір ай бойы бисопролол 5 мг және верапамил 80 мг қабылдаған. Науқасты бақылау тактикасындағы дәрігерлік қатеге байланысты бұл препараттардың тиімсіз бірлестігінен туындауы мүмкін болжам:
~
57 жастағы науқас Т. математика пәнінің мұғалімі жалпы тәжірибелік дәрігерге желке тұсында тартып ауырсынуға, жүрегі айнуға, жүрегі соғуға шағымданып қаралды. Анамнезінде: жыл бойы кезеңді бас ауруы, құлағы шулауы, ұйқысы бұзылуы мазалайды. Дәрігерге қаралмаған. Тексергенде: бойы 164 см, дене салмағы 97 кг. Тері қабаты қалыпты түсті. Өкпесінде везикулярлы дыбыс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. АҚҚ 170/100 мм сын.бағ., ЖСЖ минутына 92. ЭКГ: ЖЭО солға ығысқан, RV5,6 > RV4. ЭКГ –де ... белгілері байқалады.
~
27 жастағы науқас әйелде криздік сипаттағы АГ, тері нейрофиброматозы, қатты бас ауруы, тершеңдік және жүрек соғуы, қиын бақыланатын АГ, түсініксіз синустық тахикардия, ортостатикалық гипотензия, қайталанбалы аритмиялар, «сүтпен кофе» түсті дақтар байқалады. Дұрыс диагноз:
~
35 жастағы науқас әйелде артериялық қан қысымы жоғарылауы, семіздік, беті айтәріздес қызаруы, ақ түсті ені 1 см-ден жоғары стриялық тері кеңеюі, бұғана үстінде май томпақшалары, глюкозаға толеранттылығы бұзылуы, гипокалиемия, асnе, әсіресе бетінде, гирсутизм байқалды. Дұрыс диагноз:
~
24 жастағы науқас әйел А.-да басынан өткізген ауыр вирустық инфекциядан (грипп) кейін 2 аптадан соң әлсіздік, ентігу, жүрек тұсында ауырсыну, жүрек соғуы байқалды. Тексергенде: АҚҚ 110/70 мм сын.бағ., ЖСЖ тыныштық күйде минутына 80 рет. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. ЭКГ – да PQ интервалы ұзарған, ұзақтығы 0,28 с, QRS комплексі өзгермеген. ЭКГ –дағы өзгерістер:
~
Науқас майлы ,ащы,қуырылған тағам қабылдаған соң, эпигастрийде ауырсыну пайда болған, ауырсынудың омыртқаға ирадияциялануына, сілекейдің көптеп бөлінуіне, кекіруге,жүрек айнуға,іш кебуіне, жеңілдік әкелмейтін құсыққа шағымданады. Науқастың диагнозы:
~
А. есімді науқас 28 жаста .Басынан өткерген жедел респираторлы вирусты инфекциядан соң ентігу, тахиартимия аяқ-қолындағы ісінулер мазалайды. Науқастың диагнозы:
~
20 жастағы ер бала бас ауруына, көшпелі ақсаңдауға және тез шаршауға шағымданып қаралды. Объективті тексергенде тұлғасының жоғарғы бөлігі төменгі бөлігімен салыстырғанда жақсы дамыған. АҚҚ қолынан өлшегенде 190/100 мм сынап бағанасымен. Аяғында пульстің айқын әлсіздігі анықталды. ЭКГ — сол жақ қарынша гипертрофиясының белгілері.
Болжам диагноз:
~
Науқастың баспалдақтан құлағаны белгілі болды. Кома, брадикардия, брадипноэ, айқын анизокория, табандық патологиялық белгілері анықталды. Мұрыннан қан кетудің белгілері бар. Сіздің диагнозыңыз?
~
Жедел жәрдем бридасымен ауруханаға басы ауырып, басы айналып, жүрек айнып, құсып, ентігіп науқас түсті. Науқас от жағатын жүйенің ақаулары салдарынан кейін дамығанын айтады. Науқаста қай жағдай болуы мумкін?
~
25 жастағы жүкті әйел, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға және жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуына шағымданады. Объективті: Сыртқы аран аздап ашылған. Бөліністер шамалы қанды. Қынапты тексеруде жатыр мойны қысқарған, жатыр кіндік деңгейінде, тонусы жоғары, жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Жүктілік мерзімін және асқынуды анықтаңыз.
~
19 жасар жүкті әйел жүрек айнуға, 15 ретке дейін құсуға, әлсіздікке, дене қызуының 38 С көтерілуіне шағымданады. Жүктілік мерзімі 8-9 апта. Жағдайы ауыр. АҚҚ 120/80 мм.сн. бағ. бойынша, ЖСЖ 98 рет минутына, іші жұмсақ, ауырсынусыз. Ісінулер жоқ. ЖҚА: гемогл. 119 г/л, ЭТЖ 12 мм/сағ. ЖЗА: ақуыз 0,033 г/п. Жүкті ә әйелдің жағдайын бағалаңыз.
~
62 жастағы науқаста АҚҚ 220/100 мм сын. бағ. көтерілуінен, қатты бас ауруы фонында айқын ентігу, тұншығу, тыныстың тарылуы дамыды. Өкпесінде әлсіреген везикулярлы тыныс, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар екі өкпенің төменгі бөлімдерінде естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, ЖСЖ минутына 100 рет. Артериалды қысымды белсенді түсіру қажет пе
~
Аяқтарының терең көктамырларының тромбофлебиті бар науқаста кенеттен ентігу, қан араласқан жөтел, жүрек қағу, айқын әлсіздік пайда болды. Дамыған жағдайдың мүмкін себебі не:
~
Қабылдау бөліміне 25 жастағы науқаста анамнезінде киста мен жатыр қосалқыларының қабынуы анықталды. Жүрек айнуға, құсуға, іш кебуге және нәжісінің тежелуі, іштің төменгі жағында ұстама тәрізді ауырсыну шат аралық, жамбас, белге берілуіне шағымданады. Дене қызуы – 38 град. Пальпация кезінде іші қатайған және ауырсынады. (Щеткин - Блюмберг) симптомы (+). УДЗ-да көрініс
~
42 жастағы науқаста іш қуысында қанау симптомы анықталды. Пальпаторлы алдыңғы іш қабырғасының бұлшықеттерінің қатаюы, ауырсынуы және іш пердесінің тітіркенуі симптомы анықталды (Щеткин - Блюмберг).
Осы жағдайда қанаудың себебі не?
~
Балаларда кездесетін жедел аппендициттің атипті көрінісінде құрт тәрізді өсіндінің ретроцекалды орналасуы анықтау кезінде қиындық тудырады. Бұл науқастарда алдыңғы қабырғаның бұлшықеттерінің қатаюы неліктен болмайды?
~
55 жастағы науқасты 2 сағатқа созылатын және кеуде тұсындағы үдемелі қарқынды қысып ауырсыну мазалайды. Ауырсыну алғаш рет жедел дамыды. Бұрын медициналық көмекке жүгінбеген. Қарағанда: акроцианоз, «мраморлы» тері, суық жабысқақ тер, пульсі жіп тәріздес. АҚҚ 80/60 мм сын.бағ. Бұл жағдайға себеп болған клинико-функционалды бұзылыс
~
Жиі фебрилді дірілдері бар 3 жастағы балада гипертермия фонында есін жоғалтумен генерализденген дірілдер дамыды. Оксигенация мен вентиляцияны сүйемелдейтін шаралар жүргізілді. Жас мөлшеріне байланысты б/е анальгин, димедролмен бірге енгізілді, к/к екі рет 5 минут аралығында диазепам енгізілді, алайда дірілдер фенобарбитал енгізгеннен соң ғана басылды. Мұндай қарқынды ем фонында балада дамыған асқыну
~
48 жастағы науқас әлсіздік, шөлдеу, тері қышуына шағымданып, ауруханаға түсті. Жағдайының 1,5 ай ішінде нашарлауын айтады. ЖРВИ-дан соң бірден шөлдеу, тәбеттің бұзылуы, іште ауырсыну пайда болған. Объективті: Тері жабындылары боз, тері жабындылары мен көз алмасы құрғақ. Бет доғасында, иекте, маңдай аймағында гиперемия. Субфебрильді қызба. АҚ – 90/50 мм.сын.бағ. Диурез төмендеген. ТАЖ – минутына 28 рет. Куссмауль тынысы, ацетон исі. Науқастағы экспресс тексеру нәтижесі (глюкотест) мен белгілерді негізінде патологиялық жағдайды тұжырымдаңыз
~
Инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын науқас К қарашықтары кенейген ессіз жағдайда анықталды. Көз алмаларының тонусы күшейген. Дене қызуы қалыпты. Тері жабындылары ылғалды (Ацетон исі жоқ). Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ минутына 20 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс емес ЖСЖ минутына 90 рет. АҚ – 90-60 мм.сын.бағ. Бабинский симптомы (+). Науқастағы экспресс тексеру нәтижесі (глюкотест) мен белгілер негізінде патологиялық жағдайды тұжырымдаңыз
~
Медициналық қызметкерден үнемі жасырынатын 20 жастағы науқас П. үйінде ауыр коматозды жағдайда табылды. Қарау кезінде: көгеру, гипотермия. Тыныс алуы беткей, аритмиялық (Чейн – Стокс тынысы). Иньекциялардан қалған көптеген іздер бар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс ЖСЖ минутына 52 рет. АҚ – 70/50 мм.сын.бағ. Науқастағы берілген симптомдар негізінде патологиялық жағдайды тұжырымдаңыз
~
Науқас М-да жарақаттан соң мазасыздық, тежелгіштік, адинамия байқалады. Тері жабындылары көгерген, суық, суық термен жабылған. Бет әлпеті үкірленген. Есі сақталған. Пульсі жіп тәрізді, санау қиын. АҚ – 60-70 мм.сын.бағ, тынысы беткей, жиі. Анурия. Көрсетілген белгілер бойынша шоктың дәрежесін анықтаңыз:
~
50 жастағы науқас жедел жәрдем бригадасымен белгісіз сұйықтықпен улануына байланысты токсикалық бөлімге жеткізілді. Судың орнына кездейсоқ 20 мл сұйықтық ішкен, бірден аузында, өңеш жолында, асқазанында ауырсыну сезінген және қан аралас құсық болған. Қарағанда: ауыз қуысында колликвациялық некроз белгілері анықталады. АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Уланудың мүмкін болатын себебін тұжырымдаңыз
~
Қабылдау бөліміне кездейсоқ уксус қышқылының эссенциясын ішіп қойған, 25 жастағы әйел жеткізілді. Өңеш бойында, асқазан тұсында ауырсыну мазалайды және кофе ұйындысы тәрізді құсық . АҚҚ 90/60 мм сын.бағ. Диагноз қойыңыз
~
45 жастағы науқас жүрек айну, көлемді қанды құсыққа, әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Анамнезінен: ұзақ уақыт алкоголді қабылдаған. Объективті: тері жабындылары боз, суық. АҚҚ 90/50 мм.сын.бағ., пульсі минутына 120 рет. Сіздің болжам диагнозыңыз
~
Қабылдау бөліміне 16 жастағы науқас бас ауыруы, жүрек айнуы құсуға дейінгі дәрежедегі шағымдарымен түсті. Жарық көзді тітіркендіреді. Жедел ауырды. Дене қызуы 40 град. Қалтырау байқалады.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тұлға мен аяқтарда дұрыс емес формадағы жұлдызшалар түріндегі геморрагиялық бөртпелер байқалады. Әр жерлерде диаметрі 2-4 см дейінгі ұсақ петехиялар мен ірі қан ұюлар көрінеді. Науқас жағдайының себебі не болуы мүмкін
~
Түскі ас кезінде23 жастағы науқас кафенің мәзірінен қуырылған тауық еті, шоколад, кофеге тапсырыс берді. 1,5-2,0 сағ соң науқас өзін нашар сезініп, жүрек айну, құсу, іштегі ауырсыну, іш өтуге шағымданды. Мына микроорганизм бұл жағдайды тудырды
~
Науқас Б-да аяқ терісін сырып алған соң, гиперемия фонында аяқтарының жеке аймақтарында серозды сұйықтықпен толған әр түрлі формадағы көпіршіктер пайда болды. Әр жерлерде қабыршықпен қапталған, ашылған көпіршіктер көрінеді. Дене қызуы 38 *С. Көрсетілген науқаста тілменің түрін көрсетіңіз.
~
Науқас Р бас ауруы мен әлсіздікке шағымданады. Склера тамырларының бір жағы қызарған. Пальпаторлы: жақ асты, мойын, қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғайған. Бауыр мен көкбауырдың ұлғайғаны байқалады. Тілі ақ жабынмен жабылған. Бадамша бездері нүкте және аралшалар түріндегі ақшыл болбыр жабынмен жабылып, ұлғайған. ЖҚА-де: лейкопения, эозинопения, ЭТЖ -18 мм/сағ. Диагнозды көрсетіңіз.
~
40 жастағы науқасты өзінің ауласында үсу белгілерімен көршісі тауып алған. Қала шетінде тұрады. Ауа-райының суықтығына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақыру алғаннан тек 1,5 сағаттан соң ғана келе алды. Дәрігер қарау кезінде науқастың аяқтарындағы ауырсыну мазалаған. Анықтаудың мына уақыттарында үсудің болуы мен дәрежесін анықтауға болады
~
Құлаған өндірістік мекемені 16 сағат өткен соң тазалау кезінде 40 жастағы ер адам табылды, ол адамның оң жақ жамбасының ортаңғы бөлігі ауыр плитамен басылып қалған. Ол адамда мына асқыну дамуы мүмкін
~
39 жастағы әйел абайсыздықта кастрөлді қайнаған суымен үстіне төгіп алды. Қарағанда: кеуденің , санның алдыңғы беткейіндегі терісі бірден қызарған, көпіршіктер пайда болған, кейбір жерлерде көпіршіктер ашылып, ақшыл терілер көрінеді. Тежелу байқалады. АҚҚ 70/50 мм.сын.бағ., ЖСЖ минутына 80 соққы. Сіздің болжам диагнозыңыз
~
Ветеринар болып жұмыс істейтін жұмыскерде карбункул, жоғарғы температура, ортасында карбункүлі бар қара струп, шетерінде екіншілік «балалық везикула». Диагноз:
~
Науқаста жоғарғы температура, бас ауруы, 5 сағаттан кейін ұсақ нүктелі бір бірімен қосылған «жұлдыз» тәрізді бөрткен қүйрығында және аяғында пайда болды. Сіздің болжам диагнозіңіз
~
Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының трансмуральды миокард инфарктісі бар науқас 3-ші аптада ЭКГ көрсеткендей, кеуде V1-V4 тіркемелерінде ST сегментін жоғарылауы,тропонинінің жоғарылауы сақталды. Бұл жағдайды қалай дұрыс бағалауға болады
~
57 жастағы науқас 10-12 сағатқа созылған төс артының ауырсынуына шағымданып жедел жәрдемді шақырды. Жағдайы ауыр, қара тер, бозғылт, жүрегі сол жаққа ұлғайған, тондары әлсіреген. Пульсі 110 рет минутына. Өкпесінде везикула тынысы, сырылдар жоқ, Жағдайы нашарлай берді, АҚҚ – 80/50 мм с.б.төмендеді, диурезі азайды. ЭКГ: SТ ІІІ-ІІ тіркемелерде изосызықтан жоғары орналасқан. Жүргізілген жүрек - тамыр терапиясына қарамастан, ауру қайтыс болды. Өлімінің себебің көрсетіңіз
~
Х атты 57 жастағы науқас кеуде қуысының ауырлық сезімі мен ауаның жетпеуіне, аз ғана уақытқа есінен тануға шағым айтады. Объективті: терісі бозғылт, мұрын-ерін бұрышының цианозы бар, жүрек тондары тұйықталған. АҚ 90/60 мм с.б., пульсі 180 рет минутына. Мониторда: қарыншалардың фибрилляциясына айналған қарыншалық пароксизмальды тахикардия байқалады. Сіздің диагнозыныз
~
58 жастағы науқас туыстарының айтуы бойынша 8 жыл бойы қант диабетімен ауырады, қант төмендететін дәрілер қабылдайды. Соңғы күндері ауруды полиурия, полидипсия, әлсіздік, ұйқышылдық қинайды. Науқасты қарағанда есінен айырылған, арефлексия, тынысы жиі үстіртін, (ацетонның иісі жоқ). Терісі құрғақ, көз «алмасының» тонусы төмендеген, өкпесінде сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялы Пульс 100 мин. АҚ – 90/70 мм с.б.
Іші жұмсақ, ауырмайды. Сіздің диагнозыныз
~
12 жастағы белгісіз сұйықтықпен уланған балаға жедел жәрдем бригадасы келді. Судың орнына 20 мл сұйықтық ішкеннен кейін, аузында және өңеш бойында, асқазанда ауырсыну, қанмен құсу байқалды. Ауыз қуысын тексергенде: колликвационды некроздың белгілері бар. АҚ 90/60 мм с.б. Сіздің диагнозыныз
~
12 жастағы белгісіз сұйықтықпен уланған балаға жедел жәрдем бригадасы келді. Судың орнына 20 мл сұйықтық ішкеннен кейін, аузында және өңеш бойында, асқазанда ауырсыну, қанмен құсу байқалды. Ауыз қуысын тексергенде: колликвационды некроздың белгілері бар. АҚ 90/60 мм с.б. Сіздің диагнозыныз
~
Жас жігіт далада ессіз ауыр халде жатыр. Тексергенде денесінде жарақаттары жоқ, терісі көгерген, қолында көк тамыр бойымен инъекция іздері бар. Тыныс алуы сирек, үстіртін. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСС 70 рет мин. АҚ 90/60 мм с.б. Сіздің диагнозыңыз
~
30 жастағы науқас 5 жыл бойы асқазанның жара ауруымен ауырады. Таңертең жұмыста эпигастрий аймағында кенеттен қатты ауырсыну, бас айналу, әлсіздік, көзінің қарауытуы, жүрек айну пайда болды. Терісі кенеттен бозғылттанды, салқын жабысқақ тер басты. ТЖС – 26 рет мин. Пульсі 120 рет минутына. АҚ 90/50 мм сын.бағ. Іші тарытылған, сезімтал, ауырмайды. Сіздің диагнозыңыз
~
50 жастағы ер адам күш түскеннен кейін, сол жақ кеуде сарайындағы қатты ауырсынудың пайда болатынын айтты. Сол қолын қозғағанда және терең демалғанда ауырсыну күшейеді. Өкпе аускультациясында сол жағында тынысы әлсіреген. Перкуторлы тимпанит. Дамыған патологияны көрсетіңіз
~
32 жастағы әйел тұрақты жөтелден кейін бұлшықетке цефозалин қабылдаған. Үш күн өткен сон дене қызуы 38,2С көтерілген. Денесінде қасынған іздер қалған. Токсикологиялық бөлімге жатқызылды. Антибиотиктердің қай тобы осындай жағдайға әкелуі мүмкін:
~
Қабылдау бөліміне 16 жастағы науқас бас ауруына, жүрек айнуына, құсуға шағымданып келді. Жарық көздерін тітіркендіреді. Дене қызуы 40 С. Объективті: Жалпы жағдайы орташа, тұлғасында, аяқ-қолында жұлдызша тәріздес геморрагиялық бөртпелер, кей жерлерде 2-4 см петехиялар кездеседі. Науқастың осы жағдайының себебі
~
3 жастағы балада үнемі жайылмалы тырысулар пайда болады. гиперьтермия барысында тағы да жайылмалы тырысу пайда болды. Есінен танды. Оксигенация және вентиляция жасалды. Жасына байланысты анальгин мен димедрол, 5 минуттан кейін диазепам енгізілді. тырысуды тек фенобарбитал енгізгеннен кейін ғана жойылды. Осындай терапиядан кейін қандай асқынулар болуы мүмкін
~
Жатырдан тыс жүктілікте фаллопиялы түтікшенің жарылуынан дамыған асқыну
~
25 жастағы науқаста анамензінде жатыр қосалқыларының қабынуы мен кистасы табылды. Жүрек айнуына,құсуға, үлкен дәреттің болмауына, іштің төменгі жағының ауруына және оның белге, шапаралыққа, берілетініне шағымданады. Дене қызуы 38 С. Іші қатайған, пальпацияда ауру сезімін тудырады. Щеткина - Блюмберга симптомы(+). Науқастың диагнозы :
~
24 жастағы науқас ауру басталғаннан бір тәулік өткенде жалпы әлсіздікке, кофе қоюы түсті сұйықтықпен құсуға шағым айтып түсті. Өзін әскердегі уақытынан бастап аурумын деп санайды, сол кезден бастап күзде және көктемде эпигастрий аймағында «аш қарынға» ауырсынулар мазалаған. Өз бетінше емделген. Жағдайы соңғы екі аптада нашарлаған, бұл кезде эпигастрий аймағында альмагел қабылдағаннан кейін басылған ауырсыну пайда болған. Екі күннен кейін қара түсті нәжіс бөлінеді. Объективті жағдайы қанағаттанарлық. Терісі және шырышты қабықтары бозғылт қызыл түсті, пульс 96 рет минутына, ырғақты, АҚ 110/70 мм.сын.бағ.. Іші ұлғаймаған, пальпациялағанда эпигастрии аймағында сәл ауырсынады. Перистальтика айқын, нәжісі қошқыл түсті. Сіздің диагнозыңыз:
~
Науқас 40 жаста, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуына, көптеп құсуға, газ және нәжіс бөлінбеуіне шағым айтады. Анамнезінде екі операцияны басынан кешірген, жедел аппендицит және жабыспалы ішек өтімсіздігіне. Осыған ұқсас ауырсыну ұстамалары шамамен 1 рет 3-4 айда болады. Сіздің диагнозыңыз:
~
Өт-тас ауруымен ауыратын 68 жастағы науқаста диетаны бұзғаннан кейін іштің жоғарғы бөлімдерінде арқаға таралатын ауырсыну, көптік өтпен құсу, гипертермия 37,6 , қалтырау. Но-шпа қабылдағаннан кейін ауырсыну басылады. Бір тәуліктен кейін тері жабындылары сарғаяды, іштегі ауырсынулар сақталады. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері және склералары сары. Пульс 90 рет минутына. АҚ 120/80 мм.сын.бағ.. Тілі ылғалды, жабынмен жабылған. Іші шамалы үрленген, жұмсақ, эпигастрии аймағында ауырсынады. Перитонеалды симптомдар жоқ. Сіздің диагноз:
~
Науқас У. 63 жаста, іштің төменгі бөліміндегі толғақ тәрізді сегізкөзге таралатын аырсынуға, іштің кебуіне, газ және нәжістің 3 тәулік бойы бөлінбеуіне шағым айтып түсті. Анамнезінен: ауру біртіндеп дамыған, іш қатуы көптеген жылдар бойында мазалайды, мұндай жағдай соңғы жылы үш рет болған, бірақ тазалау клизмасын қолданғаннан кейін жеңілдеген. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, температура қалыпты, пульс 68 рет мин., тілі ақ тұтпен жабылған, ылғалды. Науқас әйел гипостеник. Іші кепкен, пальпаторлы шамалы ауырсынады. "Шолпыл шуы" естіледі, перкуссияда - жоғары тимпанит. Ректалды зерттегенде - тік ішек ампуласы бос, сфинктер босаған. Сифонды клизма қойғанда - 350 мл құйылған сұйықтық қайта шығады. Диагноз:
~
50 жастағы толық науқас әйелде, периодты түрде пайда болатын 15 жыл бойы оң жақ қабырға астында ауырсыну мазалайды, соңғы 8 сағатта оң жақ иыққа берілумен оң жақ қабырға астында қатты ауырсынады, құсу, t 38 С. Тілі құрғақ, ақ тұтпен жабылған, склера сарғыш. Іші кепкен. Оң жақ қабырға астында қатты ауырсыну және бұлшықет қатаюы. Іш астары тітіркену симптомы әлсіз оң. Сіздің диагнозыңыз:
~
Бала 3 жаста, бала-бақшаға барады. Жедел ауырған, дене температурасы 38,5 С жоғарылаған, жөтел байқалады, сілекей ағу, жарықтан қорқу, бас ауруы.Қан талдауында : Hb – 140г/л, Эр - 4,4х10/12/л, Т.К– 0,95, Лейк. – 17,5х10/9/л; Т/я – 3%; с/я -82 %;
Ваш диагноз
~
Бала 5 жаста, бала-бақшаға барады, кызылшамен науқас баламен қатынаста болған. Шағымы денесінде бөртпе, дене температурасының жоғарылауы.Клиникалық диагнозды қою үшін ақпаратты симптом болып табылады:
~
Бала кызылшамен ауырғанына 6-шы күн, қайта қарау кезінде пневмония қойылды. Кызылшамен науқас балаларды госпитализациялауға міндетті көрсеткіштерді атаңыз.
~
Дәрігер үйге актив қабылдаған, бала 4 жаста. Қызылша бойынша ем қабылдайды, асқыну жоқ. Дәрігер тактикасы .
~
Қабылдауда 2 жасар бала. Шағымы бетінде,денеде дақты папулезді бөртпе, дене температурасы 38,5 С жоғарылауы, бетіннің дөңгелектенуі. Қызылша диагнозы койылды. Жалпы қан анализі тапсырылды.
Осы науқастың қан талдауына тән өзгерістер.
~
2 жасар қыз бала, жедел ауырған,дене температурасы 38С жоғарылаған , жөтел пайда болған,мұрыннан су ағу, коньюктивит. Келесі күні катаральды белгілері ұлғайған, коньюктивит айқын байқала бастаған, жарықтан қорқа бастаған.Ауруының төртінші күні дене температурасы 39,5 жоғарылап , бетінде бөртпе пйда болып, келесі күні бөртпе денеге,аяқтарына тарай бастаған.тыныс алу жолдарының катаральды белгілері күшейген.
Диагноз қойыңыз.
~
4 жасар балалар бақшасына баратын бала 2 күн ауруда. Науқасы қызудың 37,7 С дейін көтеріліпөзгермеген теріде сирек, ұсақ везикулярлы бөрпелер пайда балды. Келесі күні саны артты. Сіздің диагноз:
~
Бала 6 жаста. Қонақта болған. Столға қуырылған балық қойылғаннан кейін, жемесе де 10 минуттан кейін ұстама тәрізді жөтел, «дистанциядан сырылдар», тұншығу ұстамалары пайда болды. Емінде қай препараттар тиімді:
~
Қарт әйел 78 жаста, бронх демікпесі ұстамасына байланысты учаскелік дәрігер шақырылды. Дәрігер небулайзер арқылы сальбутамол ингаляциясын қолданған, содан кейін науқаста шамалы жеңілдену байқалады. Бірақ ентігу мен ысқырық сырылдар сақталады.
Емге ... қосу қажет:
~
Науқас 52 жаста, төс астының қысып ауруына шағымданады. Кенет есін жоғалтып, тынысы тарылып, қорылдай бастады. Ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Реанимациялық шаралар жүргізу мақсатында бірінші кезектегі тәсіл:
~
43 жастағы науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кеңеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформирленген. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 400 рет. Бірінші кезектегі шара:
~
50 жастағы ер адам бөлімшелік дәрігерге медициналық тексеруге келді. Шағымдары жоқ. Объективті: Қан қысымы 160/100 мм сынап бағанасына дейін, жүрек соғу жиілігі минутына 72 рет, ырғағы дұрыс, жүрек түрткісі күшейген, дене температурасы қалыпты. Көз түбінің тамырларын тексергенде артериолалардың тарылуы және тамыр суретінің иректенуі анықталды. Көкірек торы қалыпты. Қалған физикалді белгілер өзгеріссіз. Электрокардиограммада сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Электролиттер мен креатинин талдауы өзгеріссіз. Дәрігердің тактикасы:
~
47 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм сынап бағанасы. Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауырады. Бұл жағдайда науқасқа ... тағайындауға болмайды.
~
Миокард инфарктімен ауырған 62 жастағы ер адам дәрігерге басы ауыруына және басы айналуына шағымданып қаралды. Тексергенде: пульс – минутына 86 рет, артериялық қан қысымы – 200/100 мм сын.бағ., жүрек жетіспеушілік белгілері жоқ, аяқ тамырларының облитерирленген атеросклерозы белгілері байқалады.
Науқасқа артериялық гипертензиясын коррекциялау үшін ... тағайындау ең тиімді болып саналады.
~
25 жастағы науқас әйел дәрігерге басы айналуға, қорқыныш сезімге шағымданып қаралды. Объективті: беті бозарған, мұздай. ЖСЖ – минутына 100 рет. АҚҚ күрт жоғарылаған - 230/140 мм сын. бағ. Терапевт феохромацитома кезіндегі гипертониялық кризді анықтады. Кризді тек ... тоқтату мүмкін.
~
78 жастағы науқас ер адам артериялық гипертензиямен ауырады. Урологта аталық без аденомасымен тіркеуде тұрады. Науқасқа АҚҚ түсіру және несеп каналы обструкциясын азайту үшін ... тағайындау ең тиімді.
~
Қабылдауда 55 жастағы науқас, ол ЖИА, атеросклеротикалық кардио-склероз, СЖЖ ФК2 диагнозымен Д-есепте тұрады. Анамнезінде: стенокардия ұстамалары. ЭхоКГ-да сол жақ қарыншаның диастолалық бұзылысы анықталды. Жүректің функциональдық қызметін жақсартуда қолданылатын ең тиімді препараттарға ... жатады.
~
50 жастағы ер адам ауруханаға төс артындағы сол қолға берілетін, ұзақтығы бір сағаттан асатын қарқынды ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінде: гипертониялық ауру- 5 жыл, 20 жасынан шылым шегеді. Жағдайы ауыр, суық тер, жүрек тондары тұйықталған. ЖСС- 91 рет/ мин., АҚ-110/70 мм.с.б. б. Өкпесінде- везикулярлы тыныс. Жедел көмек көрсету үшін бұл науқасқа ... тағайындалады.
~
38 жасар науқастың емханада қабылдау кезінде көкірек тұсында кенеттен ауырсыну пайда болды. ЭКГ-да жіті миокард инфаркті белгісі. Сіздің тактикаңыз:
~
55 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге тоқтағанда қоятын, 3-ші қабатқа көтерілгенде және тегіс жермен 500 м –ден ұзақ жүргенде жүрек тұсында сол қолға берілетін қысып ауырсынуға шағымданып қаралды. Бұл симптомдар жүрек соғуымен және беті қызаруымен бірге жүреді. Бұл науқасқа ... тағайындаған тиімдірек.
~
ЖИА, күштемелі стенокардияның II ФК-мен 52 жастағы ер адам М. 5 күн бойы 80 мг верапамилді тәулігіне 3 реттен қабылдаған, клиникалық нәтиже болмады. Нитраттарға қарсы көрсеткіші бар. Дәрігер тактикасы:
~
ЖИА, күштемелі стенокардияның IIІ ФК-мен 49 жастағы науқаста ауырсыну ұстамасы кезінде түсірілген ЭКГ-да SТ сегментінің изолиниядан 1 мм-ге төмен депрессиялануы анықталды. 3 күннен кейінгі бақылау ЭКГ-сында теріс динамика пайда болды (SТ ығысуы және теріс Т тісшесі). Осы жағдайдағы дәрігер тактикасы:
~
52 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсының ауырсынуы, жүректің қатты соғуы, жалпы әлсіздікке шағымданды. Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы, инфаркттан кейінгі кардиосклероз. Жүрек тондары тұйықталған, артериялық қан қысымы 80/50 мм сынап бағанасында, қарыншаүстілік тахикардия. Дәрігер тактикасы:
~
44 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсының ауырсынуы, жүректің қатты соғуына шағымданды. ЭКГ-да жедел миокард инфарктының фонында политопты топталған қарынша экстрасистолиясы анықталды. Дәрігер тактикасы:
~
45 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерге қайталанып тұратын жүрек тұсының ауырсынуына, жүректің қатты соғуына шағымданды. Қайталанып тұратын қарынша үстілік тахикардиямен жүретін, созылмалы жүректің ишемиялық ауруымен диспансерлік тіркеуде тұрады. Осы науқастың қолдау терапиясына қажетті препарат болып ... табылады.
~
60 жастағы ер адам 4 сағ. бұрын басталған жедел миокард инфарктісімен интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. ЭКГ –қарыншалық қысқа тахикардия жиілігінің өсуі. Бұл жағдайда ең тиімді ... тағайындау.
~
65 жастағы науқас ер адам соңғы 2 жыл ішінде бастың айналуына, әлсіздікке, көздің қарауытуына, жүрген кезде теңселуідің байқалатынын айтты. Соңғы 2 ай ішінде жалпы жағдайы нашарлаған: 2 рет жедел жәрдем шақырған, онда жүрекшенің жыпылық ұстамасы анықталған, жалпы қарау кезінде ЖСЖ 50 рет/ минутына, АҚҚ – 160/70 мм с.б.б., ЭКГ-да синустық брадиаритмия 50-58 рет минутына. Миокардтын дифузды өзгерістері. Науқасты жүргізу тактикасы:
~
Синустық түйін әлсіздігі бар науқас ер адамда минутына 45 реттік синустық брадикардия байқалады. Кардиостимулятор қоюдан науқас бас тартты. Науқасты консервативті емдеу үшін ... қолдануға болады.
~
63 жастағы науқас ер адам 3 жыл бұрын ауырған инфекциялық миокардиттен кейін пайда болған кенеттен қатты басы айналып есінен танып қалатын ұстамаларға шағымданды. Соңғы кезде ұстамалардың айына 2-3 ретке дейін жиілегенін байқайды. АҚҚ 110/70 мм сын.бағ., ЖСЖ минутына 57 рет. ЭКГ-да PQ интервалы ұзарған, ретті Самойлов-Венкебах кезеңдері. Осы науқасты ең тиімді емдеу әдісі:
~
50 жастағы М. науқас әйелде үйінде қарағанда ентігу, тыныштық күйде жүрегі жиі соғуы, дене жүктемесінде оның күшеюі, жөтел, қанды қақырық байқалды. Ревматизммен ауырады. Объективті: акроцианоз. Өкпесінде – артқы төменгі бөлікте ылғалды, үнсіз сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, ЖСЖ минутына 110 рет. Жүрек түрткісінде үшмүшелі сыңғыр естіледі: шапалақты 1 тон, диастолалық шу және митралді қақпақша ашылу тоны. Бауыр жиегі 2 см-ге шығыңқы. Сирақтар ісінген.
Дәрігер тактикасы:
~
37 жасар науқас әйел, оқытушы, қантты диабетпен, I дәрежедегі СЖЖ бар II дәрежедегі АГ ауырады. Қандағы глюкоза мөлщері 7,8 ммоль/л. Аймақтық дәрігер гипотензивті терапия ретінде пропранолол тағайындады. Бұл жағдайда гипотензивті препараттардың ішінде ... таңдаулы болып табылады.
~
67 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге ентігу мен жөтелдің күшеюіне, кілегейлі-іріңді қақырықтың бөлінуіне, субфебрилді температураға шағымданып келді. Көп жылдан бері өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. Аускультативті өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі – минутына 28 рет, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Артериялық қан қысымы 130/90 мм сынап бағанасы, пульс минутына 88 рет.
Науқасқа ... тағайындаған тиімді.
~
Бронх демікпесінің атопиялық варианты және нейроциркуляторлық дистонияның тахикардиалды синдромымен ауыратын 35 жастағы науқас әйел бір апта пропранололды минималды дозада қабылдап, саяжайға кеткен. Жүйектерді шабу барысында ауыр тұншығу ұстамасы дамыды. Бронх демікпесі ұстамасын ... тоқтатады.
~
62 жастағы науқаста орташа дәрежелі ауырлықтағы бронх демікпесінің өршу фонында инфаркттан кейінгі кардиосклероз, қарыншалық экстрасистолия. Науқасқа тағайындалуы қажет тиімді базисті ем:
~
45 жастағы ер адам, қалыпты дене салмағымен жалпы тәжірибелік дәрігерде 2 типті қант диабеті бойынша ем алуда. Емдәммен жүргізілген ем әсерсіз болды, гликемия тәулігіне 10- нан 15 ммоль\л-ға дейін.зәрде қант жоқ. Науқасты емдеу тактикасында ... тағайындау ең тиімді болып табылады.
~
35 жастағы ер адам, диффузды токсикалық зобпен және инфильтративті офтальмопатиямен 1 жыл бойы ауырады. Мерказолилмен антитиреоидты емде 0,005х3 рет/күн – тұрақты эутиреоз, бірақ көздегі ауру сезімі, « құм толу» сезімі , заттардың екеуленуі, жас ағу, қабағының ісінуі, экзофтальм жоғарылауда. Грефе симптомы оң, склералары қызарған, көз аламысының қозғалысы бұзылған. Науқасты жүргізудегі ең тиімді тактика ретінде ... мақсатқа лайықты.
~
Науқас 46 жаста тромбоцитопениялық пурпура диагнозы қойылды. Денесінде петехиальді-дақты қан құйылулар бар, тромбоцит – 18,0х109/л. Бұрын ешқашан емделмеген. Сіздің тактикаңыз:
~
ӨСОА, тыныс жетіспеушілігімен, екіншілік эритроцитоз, декомпен-сирленген өкпелік жүрекпен ауыратын науқаста төс артында ұстама тәрізді ауырсыну дамыды. Қарағанда: ТАЖ минутына 18 рет, ЖСЖ минутына 100 рет, АҚҚ 120/80 мм сын.бағ. ... тағайындау тыныс жетіспеушілігінің тереңдеуіне әкелуі мүмкін.
~
ЖРВИ–мен ауырғаннан соң науқаста макрогематурия, олигоурия, беттің, тұлғаның, төменгі аяқтардың массивті ісінуі пайда болды. Дәрігер жедел жайылмалы гломерулонефритті анықтады. Тәулігіне 40мг мөлшерде жүргізілген ем әсер бермеді, науқаста 3-ші тәулікте тежелу, жүрек айну, құсу, іштегі ауырсыну қосылған, АҚҚ- 80/50 мм.сын.бағ. Бұл жағдайда ... қажет.
~
40 жастағы науқас ессіз жағдайда жеткізілді. Қалтасынан диабет күнделігі табылды. Қарағанда: жүдеу, тері жабындылары құрғақ, суық. Тілі таңқурай түстес, құрғақ. Тыныс алуы ацетон исімен. Тынысы шулы (Куссмауль түрінде). АҚҚ 70/30 мм сын.бағ. Пульсі – минутына 105 рет. Бауыры қабырға доғасынан 4 см-ге ұлғайған, тығыз. Гликемия- 25 ммоль/л, гипокалиемия, қанның рН төмендеген, глюкозурия, айқын кетонурия. Науқасты жүргізуде ... тиімді.
~
38 жастағы науқас К-да., ұзақ уақыт тұншығу ұстамасы, экспираторлы ентігу мазалайды. Тұншығу ұстамасын беротекпенг қайтарған, преднизолон 10 мг/тәул 2 жыл бойы қабылдайды.Тыныс шығару шыңының жылдамдығы - 65%. Науқасқа базисті ем ретінде ... тағайындау керек.
~
35 жастағы науқас бронх демікпесімен 2 жылдан бері ауырады. Тұншығу ұстамасын беротекпен қайтарады, гормонға тәуелді. Тыныс шығару шыңы жылдамдығы - 66%. Қараған кезде – тыныштықта ентігу, аускультацияда – барлық өкпе алаңдарында құрғақ ысқырықты сырылдар. Науқас соңғы сағатта үш рет беротекті ингаляция түрінде қабылдаған. Науқасқа ем ретінде ... тағайындау керек.
~
Стенокардия ұстамасы мен синус түйінің әлсіздігі синдромы бар қарт адамға антиангиналды ем ретінде ... тағайындауға болады.
~
Науқас отбасылық дәрігерге таңертең кенеттен болған жүрек айнуға, құсуға шағымданады. Қарағанда тілі құрғақ, жабынмен жабылған, температурасы 37,7 С, пальпацияда іші ауырады, алдыңғы іш қабырғасының жайылмалы қатаюы. АҚҚ 100/70 мм.сын. бағ. ЖСЖ 97 рет минутына. Дәрігерлік тактика ... қарастырады.
~
Науқас И. 60 жаста. Жазылмайтын трофикалық жараға ем қабылдаған. Бір жыл бойы манинил қабылдаған. Терісі құрғақ, ісінулер жоқ. АҚҚ- 135/80 мм с.б. ЖСЖ - 82 минутына. Status lokalis: оң жақ табаны гиперемиялаған, аздап ісінген, аяқ бетінде дұрыс емес, мөлшері 4,5 х 6,1 см. жара орналасқан. Оң жақ табандағы перифериялық тамырлар пульсациясы әлсіреген. Қандағы глюкоза – 15 ммоль/л, тәуліктік глюкозурия - 29 г/л. Науқасты жүргізу тактикасы:
~
Артериялық гипертензия ІІ дәрежесі, қауіп 3, СҚГ диагнозымен 48 жастағы науқас С. Науқасқа тәулігіне 5 мг-нан амлодипин тағайындалған. Науқастың артериялық қысымының тәуліктік профилін амлодипин жақсы бақылағанмен, соңғы кездері тахикардия ұстамасы жиі мазалайды. Науқасқа ... тағайындау қажет.
~
25 жастағы науқас ер адам К. дәрігерге жүрегі соғу, басы айналу және құлағы шулауға шағымданып қаралды. ЭКГ-да: жүрекше фирилляциясы. Науқастың алдыңғы ЭКГ-да WPW синдромы тіркелген. Қарыншалық фибрилляция тудыру қаупі болғандықтан бұл жағдайда ... қолдануға болмайды.
~
Инфарктан кейінгі кардиосклероз және жүрек жетіспеушілігінің І және ІІ кезеңімен 68 жастағы науқасқа қатысты жыбыр аритмиясы (4 жыл бойы тұрақты) бойынша дәрігерлік тактиканы таңдаңыз:
~
56 жастағы ұзақ уақыт артериялық гипертониямен ауыратын науқаста АҚҚ 230/130 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы кезінде айқын ентігу пайда болды. Аускультацияда жауырынның жоғарғы жиегіне дейін ылғалды майда көпіршікті сырылдар анықталды. Тиімді тактиканы таңдаңыз:
~
14 жасар қыз балаға үйге шақыру түсті. Дене қызуының көтерілуіне, іштің аяқ астынан ауруына, құсуға шағымданады. Оң жақ қабырға астының, Шоффар аймағының ауырсынуы мен бұлшықеттердің қатаюы бар. Ортнер, Кер симптомдары оң.
Осы ауруда қолдану керек.
~
8 жасар балаға үйге шақыру түсті. Қиындаған дем шығарумен ұстамаға, қиын бөлінетін қақырықпен өтетін жөтелге шағымданып келді. Анамнезінен: ерте жасынан көктем-күз мезгілдерінде өршитін бронхитпен жиі ауырады. Соңғы 3 жылда күнде, әсіресе түнде болатын, сальбутамол ингаляциясынан кететін тұншығу ұстамасы байқалады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықты дәрежеде, дистанциялы ысқырықты тыныс, тыныс жиілігі минутына 32 рет. Өкпеде қорап тәрізді дыбыс, тынысы қатаң, дем шығаруы ұзарған, өкпенің барлық аймағында ысқырықты құрғақ сырыл естіледі.
Бұл жағдайда препараттарын емге қосқан жөн.
~
Қабылдауда 12 жасар бала. 7 жыл бойы бронх демікпесімен ауырады. Соңғы кездері бастың ауру мен АҚ 130/80 мм.сын.бағ. көтерілуіне шағымданады. ЭКГ-де сол жақ қарыншаның гипертрофиясының белгілері анықталған. Науқас үнемі ингаляциялық беротек қабылдайды.
Бұл жағдайда ..... тағайындамаған жөн.
~
Жанұялық дәрігерге 5 жасар баланың анасы, баласының 3 тәулік бойы нәжісінің жүрмеуіне, ішінің ауырсынуына шағымданып келді. Қарау барысында кеуде қуысы мүшелерінде патология жоқ. Іші жұмсақ, бірақ пальпация жасағанда ауырады, тітіркену симптомы жоқ.
Емдік шараларды ..... бастау керек.
~
Нәресте 3 айлық салмағы 5,0 кг «қызғылт» 38,9С. Дене қызуын төмендету үшін ..... тағайындау керек.
~
6 жасар балада ұстамалы жөтел, шулы тыныс. Тұншығу ұстамасы шоколад жеген соң туды. Қарағанда жағдайы орташа дәрежелі, тынысы қашықтықтан естіледі, өкпеде қорапты – перкуторлы дыбыс, өкпенің барлық аймағында құрғақ сырылдар, жүрек тондары тұйықталған. Кеуде клеткасының рентгенограммасында өкпе түбірі манайында бронх-өкпе суретінің мөлдірлігі жоғарлаған, ошақты көлеңкелер жоқ. Ұстаманы тоқтату үшін ..... тағайындайды.
~
Бала 8 жаста, 1 сағат бойы ессіз қалыпта жатыр, куссмауля тынысы, бетінің гиперемиясы, терісі құрғақ, көз алмасы жұмысақ, аузынан ацетон иісі шығады. 3 апта бойы шөлдеу мазалаған, жиі кіші дәретке шығады. 1 кг-єа салмақ жоғалтқан. Науқасқа ..... керек.
~
72 жастағы омарташы ара ұясын қысқа дайындауда шөппен жауғаннан соң, жедел ауырған. Пневмония диагнозы қойылған, алайда пенициллинмен емдеу жағдайының нашарлауына әкелген: ентігуі үдей түскен, дем шығарған кезде жөтелуі күшейген, әлсіздік пен шаршағыштық үдей түскен. Өкпесінде дем шығару кезінде, жөтелгенде өзгермейтін крепетация естіледі. Преднизолон 40 мг/тәу тағайындалып, мөлшерін баяу 10 мг түсіру тағайындалды. Емдік тиімді тактика
~
Көшеден табылған науқас ессіз жағдайда. Ауызынан арақтың иісі шығады, бұлшықет тонусы төмендеген. Сөзге жауап қайтармайды. Алғашқы көмек көрсетуден бастау керек
~
Бронх демікпесімен ауыратын 42 жастағы науқас аптасына бірнеше рет болатын тұншығу ұстамасына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан соң тұншығу ұстамасы ай бойы мазаламаған. Соңында беротекпен басылмайтын жөтел және ентігу пайда болған. Түнде жағдайы нашарлаған. Қарағанда: науқас мәжбүр қалыпта, айқын ентігу, дистанциялық сырылдар естіледі. Бұл жағдайда мына емдік тактика тиімді
~
Бронх демікпесімен ауыратын науқаста аталық бездің аденомасы фонында тұншығу ұстамасын басу үшін нені тағайындау тиімді:
~
55 жастағы науқас жедел ауырып, іштегі белдемелі сипаттағы ауырсыну, құсу және жүрек айну шағымдарымен келді. Жағдайының нашарлауын кешке таман көлемді майлы тамақ жеуімен байланыстырады. Объективті: Тері жабындылары боз. Мейо-Робсон, Керра симптомдары оң. Нәжісі тұрақсыз. Мына диагноз сай келеді
~
55 жастағы науқас соңғы жылдары түнде 15 минутқа созылатын, төстің жоғарғы бөлігіндегі өздігінен қайтатын немесе нитроглицеринмен басылатын ауырсынуға шағымданады, АҚҚ - 120/80 мм сын. бағ., пульсі минутына 62 рет, ЭКГ тыныштықта патологиялық өзгеріссіз. Жүктемеге жоғары төзімділік блғанның өзінде физикалық жүктемеден соң сынама теріс. Ауырсыну ұстамасы кезінде ЭКГ-да кеуде әкетулерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Бұл жағдайда препараттардың қайсысы қолданылады
~
Стенокардиямен ауыратын 42 жастағы науқасты алғаш рет 30 минутқа созылатын, сол жақ жаққа берілетін, төс артындағы айқын ауырсынулар мазалайды. Эмоциясы тұрақсыз. Тіл астына 5 минуттық үзіліспен нитроглицериннің 2 таблеткасын және аспириннің 1 таблеткасын қабылдады. Ауырсынуға төзімсіз бола бастады. Жедел жәрдем бригадасын шақырды. Ауырсыну ұстамасын басу үшін мына емдік шаралар тиімді
~
2 жастағы ұл балада ЖРВИ белгілері. Дене қызуы 38,2 0С. Жоғары қызба фонында бірнеше рет діріл реакциялары байқалған. Балада діріл синдромының дамуын алдын алу үшін міндетті түрде қандай препараттарды енгізу керек
~
Эпилепсиямен ауыратын 7 жастағы балада генерализденген діріл дамыды. Діріл 0,5 пайыздық диазепам (седуксен) ерітіндісін көктамырға енгізу арқылы басылды. Препарат мөлшерін енгізу:
~
Қабылдау бөліміне 38 жастағы ұста іштегі қатты ауырсыну, жүрек айну, құсу, көрудің бірден төмендеуі шағымдарымен ауыр жағдайда жеткізілді. Науқастың жұбайының айтуынша бірнеше сағат бұрын жұмыстан соң алып келген бір бөтелке спиртті ішкен. Көрсетілген улануда шұғыл көмек комплексі ретінде мына антидотты қолдануға болады
~
32 жастағы М деген науқас өртті өшіру кезінде қысқа уақыт естен тану, қозу және дірілге алмасуына байланысты токсикологиялық бөлімге жеткізілді, АҚҚ 170/100 мм.сын.бағ., ЖСЖ минутына 110 соққы. Бұл науқасқа қатысты дәрігердің тактикасын анықтаңыз:
~
32 жастағы әйел ЖРВИ-мен ауырғаннан соң қатты жөтелуіне байланысты, өздігінен цефазолинді б/е ала бастаған. Үшінші инъекцияны алғаннан соң ентігіп, тұншыға бастаған, дене қызуы 38,2 С дейін көтерілген. Қарағанда денесінде тырналған іздермен бөртпелер анықталды. Токсикологиялық бөлімге жатқызылды. Келешекте науқаста мына антибиотик топтары аналогиялық жағдайды шақыруы мүмкін
~
Стенокардия ұстамаларының айқындылығы мен жиілігінің азаюы, систолалық артериялық қысымның бастапқы қан қысымының 10-15% - ға төмендеуі, ЖСС минутына 7-10-ға көтерілуі, миокард ишемиясы белгілерінің жоғалуы қандай топтағы препараттарға жатады
~
60 жастағы СОӨА ауыратын науқаста дене жүктемесінен кейін ентігу, қақырық аз мөлшерде жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезімі, несептің бөлінуінің төмендеуі байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастриядағы пульсация, өкпе артериясының үстінде 2 тонның акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісіну неге тән
~
Артериялық гипертензиядан зардап шегетін 56 жасар әйел кеудедегі ауырсынуға шағымданады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСС минутына 98. АҚ 110/70 мм.с. кеудедегі ЭКГ – те-V2-V6 STсегментінің депрессиясы . Миокард инфарктіне күдік болды. Зерттеу жоспарына тиімді енгізу:……
~
50 жастағы науқас басының қатты ауыруына, ентігу, төс артындағы қысып ауырсынуға, оның сол иыққа берілуіне, жүрек айнуға шағым айтады. Өзін бір аптадан бері науқаспын деп санайды басы ауырған, гипотензивті емді алмаған. Тексергенде АҚҚ 190/150 мм с.б., ЖСЖ – 110 минутына. ЭКГ-де: сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Емді бастау керек
~
Тыныс демікпесінің ұстамасында сальбутамол қолданылды, науқастың жағдайы аз ғана жақсарған, дегенмен ентікпе мен өкпесінде ысқырықты сырылдар әлі бар. Қандай дәріні енгізу қажет:
~
52 жастағы науқас кенеттен есінен айырылды. Туыстарының айтуынша қант диабетімен ауырады, инсулинді тері астына қабылдайды. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт, тер басқан, өкпесінде везикулярлы тыныс жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, ЖСС – 90 мин. АҚ 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыры қабырға доғасы бойында. Шұғыл көмек:
~
Науқаста күш түскеннен кейін тұншығумен жүретін ентігудің ұстамасы, көбікті қақырықты жөтел пайда болды. Тексергенде: Жағдайы ауыр.Ортопноэ. АҚ 120/80 с.б.б.. Өкпесінің екі жағында ылғалды әртүрлі калибрлі сырылдар, бауыры ұлғайған, аяғында ісіктер. Шұғыл көмек:
~
44 жастағы науқаста миокард инфарктімен бірге топталған политопты қарыншалық экстрасистолалар пайда болды. Осы жағдайда аритмияға қарсымына дәрі қолданылады
~
46 жастағы әйел науқастағы оң қабырға астында ауырсыну пайда болып, оң бұғана, мойынға беріліп, құсқан. Ауырсыну психикалық эмоциялық жүктемеден кейін болды.Сіздің диагнозыңыз
~
Науқас әйел басының айналуына, қорқыныш пен күдіктенуге шағымданады. Объективті қарағанда:беті солғын, салқын. ЖСС-100рет минутына, қан қысымы кенеттен 230/140 жоғарылап кетті. Дәрігер феохромацитомадан болған гипертониялық кризді анықтады. Кризді басуға болады
~
Сол қарыншаның төменгі-диафрагмалды бөлігінің жіті интрамуральды инфарктісі бар науқаста толық АВ блокада дамыды. ЧС-минутына 52. АҚ 120/70 мм.сын.бағ. дұрыс тактиканы таңдаңыз:……
Науқаста әлсіздік, бұлшық еттің және буынның ауруы. Беті ісінген. «Капюшон» және «қолғап» симптом бар. 3-і күні түсті. Сіздің диагнозыңыз
~
Антибиотикотерапияның басталуымен өкпенің абсцессі бар науқаста кенеттен әлсіздік және суық тер пайда болды. АД-70/30 мм. сын.ст. ЧС 120 уд / мин. Дамыған асқыну
~
Өкпе артериясы тромбоэмболиясы диагнозын дифференциалды анықтауды бірінші кезекте жүргізу:
~
Жедел жәрдем дәрігері келгенше науқас туыстары науқасқа жүрек-милық реанимацияны бастап қойды. Дәрігер келгеннен кейінгі өзінің тактикасы:
~
Жүрек гликозидтермен уланғаннан кейін егде жастағы науқаста қарыншалық аритмия дамыды. Қандай препарат енгізу әсерлі болады?
~
Қабылдау бөліміне науқас жүрек айну, қанды құсыққа шағымданып келді. Объективті: тері жабындылары сарғыш, бауыры пальпация кезінде тығыз, ауырсынумен, кіндік маңы көктамырлары кеңейген. Сіз кеңейген өңеш көктамырынан қан кеткенін анықтап, Блекмор зондын енгіздіңіз. Сіз жүргізілген ем шарадан нені күтесіз