Кибербуллинг дегеніміз не? және ол несімен қауіпті?



Дата21.04.2023
өлшемі6,18 Kb.
#85170

Кибербуллинг дегеніміз не? және ол несімен қауіпті?

Адамның қоғамдағы орны ерекше.Соңғы уақытта адамды адамдық қасиеттен айыратын,дұрыс бағыттынан адастыратын әлеуметтік желілердегі түрлі сайттардың көбейгені айдан анық.Қазіргі кезде осы сайттардың алдау-арбауына түсіп өз-өзіне қол жұмсау,қорлық көру, бопсалаулар жиі орын алуда.Әрине,білеміз ғаламтор желісі өте жақсы дамыған кезде жастардың жан-жақты білімді болып өсуі,жеке тұлға ретінде өмірден өз орнын таба алуы, еліміздің ертеңгі тірегі болу-адамзат алдына қойған негізгі міндеттердің бірі. Өкінішке орай өз пайдасын көздеп,балалардың өміріне балта шауып, сол желіден нәпақасын тауып отырған адамдар да жоқ емес. Сол адамдардың құрбандары-біздің жасөспірімдер мен жастар, тіпті үлкен жастағы азамат, азаматшаларда бар. Буллинг шындап келгенде адам өміріне өзінің үлкен зиянын тигізіп, оны шарасыздық күйге түсуіне себеп болып отыр.Тіпті қатігездік пен жауыздықты алға тартып бала өмірімен ойнау,оның ата анасын қорлау мақсатында: бопсалау,қудалауда олар үшін түкке тұрмайтын іс-әрекет. Сондықтан әрбір адамзат өмірге келгеннен кейін өз алдына мақсат қойып сол мақсатқа жету тер төгіп, еңбектенуі керек.Әлеуметтік желіні дұрыс қолданған жөн. Бөгде сайттарға кірмеген дұрыс. Менде мынандай қызық жағдай болған. Бірде Instagram желісінде бөгде адамнан өте қызықты атпен сілтеме келді.Мен бұл сайтқа мүлдем кірген жоқпын.Себебі: бұл сілтеменің қауіпті екенін білдім.Бұл кезде ешқандай үрейге салынудың қажеті жоқ, ең дұрысы ештеңеге тиіспей сілтемені өшіріп тастаған абзал. Осылай қорғануға болады. Франция мемлекеті 2015 жылы терроризм бар сайттарды, яғни жалған жарнамалары бар сайттарды бұғаттап тастаған болатын.Бұның өзіде бір мемлекет үшін қауіпсіздіктің белгісі.Instagram, VK, WhatsApp, Twitter,Facebook, әртүрлі мессенджерлерге жіпсіз байланбай уақытымызды білімді кеңейтуге,өнерлі болуға қолданған жөн.Әлеуметтік желіге тәуелді болу өте қате.Сондықтан сақ жүрген дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет