Киім бөлшектері не тек бір материалдан ғана пішілуі мүмкін, не



Дата12.04.2022
өлшемі17,17 Kb.
#30789

Пішім бөлшектері

Киім бөлшектері не тек бір материалдан ғана пішілуі мүмкін, не

негізгі материалдың, астар мен іштіктің бөлшектер топтамасынан

тұруы мүмкін.

Негізгі материалдан жасалған бөлшектер – иықты бұйымдарда

алдыңғы жақ (алдыңғы бой), артқы бой, жең және жаға, белдік

киімдерде белдемше ені, шалбардың алдыңғы және артқы жақтары.

Қимасыз не қималы (түймелікті) алдыңғы бөлшекті, астыңғы

жаққа жетпейтін бөлшекті алдыңғы жақ деп атайды, ал астыңғы

жаққа дейін екі бөлікке қиылған алдыңғы бөлшекті алдыңғы бой

деп атайды. Бұл ретте алдыңғы жақты ортасында (орталық) немесе

аралас орналасуы мүмкін түймелікті жасау үшін қияды.

Түймелік киімді емін-еркін киіп, шешуге, оған көлем беруге

мүмкіндік береді. Бұйымның белгілі бір міндеті бойынша ол

әрлегіш өңдеу қызметін атқаруы мүмкін. Қазіргі заманғы киімдерде

түймелік торланған және құрастырып тігілген ілгек немесе

түймемен бірге баудан жасалатын ілгек, шыртылдақ, ілмек,

айылбас, сыдырма түймелік және текстильді жапсырма (жабысқақ)

болып есептеледі. Бастан киілетін киімде және белдік киімде

(белдемше, шалбар) түймелік әрқалай орналасуы мүмкін: алдынан,

жанынан, артынан; егер мойын ойындысы айтарлықтай бос болса

немесе белдік бұйым резеңкеден жасалса, түймелік болмауы да

мүмкін.

Қалта, манжета, планка, белбеу және т.б. бұйымның

конструктивтік-декоративтік элементтері болып табылады.

Астар бөлшектерінің пішіні көбінесе негізгі материалдан

жасалатын бөлшек пішінін қайталайды. Негізгі бөлшектердің

пішінін сақтап қалу үшін іштік бөлшектер қолданылады. Жылулық

материалдан – ватиннен, синтепоннан, теріден (табиғи және

жасанды) және т.б. жасалатын бөлшектер де іштік бөлшектер болып

табылады.

Бөлшек сұлбасын жасайтын шеттер қиықтар деп аталады.

Технологиялық процесте бөлшектерді конструкцияға салынған

кертпе арасында тігіс, қондырма қосымшаларын қалдырып,

қиықтар бойынша біріктіреді. Өңдеу процесінде бірқатар

операцияларды қысқартуға мүмкіндік беретін конструкциялар

технологиялық конструкциялар деп аталады (мысалы, тұтас

пішілген өңірастылы алдыңғы бой және т.б.)

Тігін өнеркәсібі орталық ғылыми-зерттеу институтында

бөлшектерді сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді,

аталмыш жұмыс бөлшектерді бірнеше топқа бөлуге мүмкіндік

берді; әрбір топтың шеңберінде бөлшектердің өлшемдері бірдей.

15

Әртүрлі бөлшектердің конструкцияларын сәйкестендіру әртүрлі



өлшем мен конфигурациядағы өлшектерді – жағаларды,

манжеталарды, қақпақшаларды, қалталарды және т.б. өңдеу үшін

минималды қайта жөндеумен мамандандырылған тігін

машиналарын және автоматты машиналарды пайдалану арқылы

өңдеу әдістерін сәйкестендіру негізінде бөлшектер мен түйіндерді

өңдеу әдістерін оңтайландыру міндетін шешуге жағдай туғызады.

Пальто (пиджак, жекет) пішімінің бөлшектері

Пальто пішімінің бөлшектер жиынтығына тұрақты емес және

модельге қарай өзгеріп отыратын көптеген бөлшектер кіреді.

Мысалы, алдыңғы бой артқы боймен бірге пішілуі мүмкін, ал жең

тұтас пішілген болуы мүмкін және т.б. Пальто пішімінің бөлшектері

негізгі үш топқа бөлінеді: сырт бөлшектер, астар және іштік

бөлшектері.

Ерлер пальтосының сырты бөлшектері негізгі матадан

пішіледі. Олар: артқы бой (1.3-сурет, а) — бір бөлшек (екі бөліктен

тұруы мүмкін); алдыңғы бой (1.3-сурет, б) — екі бөлшек; жеңнің

үстіңгі бөлігі (1.3-сурет, в) — екі бөлшек; жеңнің астыңғы бөлігі

(1.3-сурет, г) — екі бөлшек; өңірасты (1.3-сурет, д) — екі бөлшек;

астыңғы жаға (1.3-сурет, е) — бір бөлшек (екі бөліктен тұрады);

үстіңгі жаға (1.3-сурет, ж) — бір бөлшек; қақпақша (1.3-сурет, з) —

екі бөлшек; жапырақша немесе жапсырма қалта — екі бөлшек;

кәсекелі тілікті қалта әдібі (1.3-сурет, и) — төрт бөлшек немесе екі

қақпақшалы тілікті қалта шілтері; кәсекелі тілікті қалта шілтері

және жапсырма қалта шілтері – екі бөлшек; ішкі қалта әдібі – төрт

бөлшек.

Астар бөлшектерін сырт бөлшектер бойынша астарлы матадан

пішеді. Олардың атаулары ұқсас. Олар: екі бөліктен тұратын артқы

бой (1.4-сурет, а) — бір бөлшек, алдыңғы бой (1.4-сурет, б) – екі

бөлшек, жеңнің үстіңгі бөлігі (1.4-сурет, в) – екі бөлшек, жеңнің

астыңғы бөлігі (1.4-сурет, г) – екі бөлшек, қақпақша астары (1.4-

сурет, д) – екі бөлшек, қақпақшалы бүйір қалтаның шілтері (1.4-

сурет, е) – екі бөлшек, ішкі қалта шілтері (1.4-сурет, ж) – екі

бөлшек, ілгіш – бір бөлшек, ішкі қалта ілгектері – екі бөлшек.

Пальтоның іштік бөлшектерін (1.5-сурет) әртүрлі материалдан

(өңірлік матадан, флизелиннен, талшықты матадан, бөзден, қалта

матадан) пішеді .

Өңірлік матадан бүйір төсемені – екі бөлшекті, иық төсемесін –

екі бөлшекті, екі бөліктен тұратын жаға іштігін – бір бөлшекті, жең

асты іштікті – екі бөлшекті пішеді. Иық қондырмалары мен жең

асты іштіктері сияқты бөлшектер флизелиннен пішілуі мүмкін.

Талшықты матадан талшықты қондырма мен талшықты бағанша

кесіп пішеді, бөзден қалта бойлығын, талшықты қондырма

қиықтарын бүгіп тігуге арналған жиынтықтарды және ілгек

астындағы іштіктерді, қалта матасынан бүйір және ішкі қалта

астарын пішеді.

Іштік бөлшектерінің жиынтығына модельге қарай алдыңғы

бойды, өңірастын, қақпақшаны және қалта жапсырмасын

қосарлауға арналған желімдік іштік материалдардан жасалатын

бөлшектер кіруі мүмкін.

Киімді модельдеуде, конструкциялауда және оның

технологиясында қиықтар мен пішім бөлшектері сызықтарының

келесідей бірыңғай атаулары қабылданған.

А р т қ ы б о й : артқы бой ортасының сызықтары 1 (1.3-сурет, а

қараңыз), мойын ойындысы қиығы 2, иық қиығы 3, қолтық

ойындысының қиығы 4, бел ойындысының қиығы 5, бүйір қиық 6,

етек қиығы 7.

А л д ы ң ғ ы б о й : өңір сызығы 19 (1.3-сурет, б қараңыз),

қайырма 17, қайырма шығыңқысы 15 (шығыңқы нүктесі 14), үстіңгі



бүкпе сызықтары 13, мойын ойындысы қиығы 12, иық қиығы 11,

қолтық ойындысы қиығы 10, бүйір қиық 9, бел қиығы 8, етек қиығы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет