Кез келген шынайы оқиғаның мәңгі халық жадында сақталып қалуы қиын процесс деуге болады. Себебі қаншама жылдарды артқа қалдырып, заман ағымына байланысты екшеленіп өткен тарихи оқиғалар үнемі жаңғырып отырары сөзсіз. Тарих сахнасында тек қана соғыс не болмаса арнайы бір тарихи оқиғалар халыққа таныс болар. Алайда спорт әлеміне қатысты туындылар аз деуімізге болады.
Кино әлемінде өзіндік орын тепкен, сюжет желісі шынайы өмір ағымына құрылған фильмнің бірі- “Тренер Картер”.
Аталмыш фильмдегі спорт түрі баскетбол. Фильм 1999 жылғы Калифорния штатында болған оқиға желісіне құрылады. Фильмнің сюжетіне тоқталмай ондағы көшбасшының қасиеттерін саралап қарастырсақ. Біріншіден, көшбасшыға тән қасиет өзгелерді өзіне бағындыра әрі тыңдата білуінде. Фильмде Картердің өз командасындағы әрбір жас баланың мінез-құлқына қарамай, оларға қаталдық пен қоса тәртіпті қатар ұстауы осының дәлелі. Екіншіден, бір бағытта ғана тұрып қалмай, олардың дамуына үнемі ықпал жасап отыратын Картердің әрекетін басында барлығымызда сынаған болармыз. Шыны керек өзіне қатысы жоқ іске араласқан кез келген адамды ұнатпау әрі оны сынау қалыпты жағдай. Ал оның түпкі көздеген мақсатын ұғынғанда өзіңді ең бақытты, ең кінәлі адам сезінуде қалыпты деп білемін. Бапкер Картердің мұндағы әрекетіне мен мынадай өзіндік тұжырым берер едім: бала санасын тек ойынмен алдамай, олардың болашағы үшін, оқу жетістіктерін қатар алып жүруі үшін, ең бастысы сол арқылы қиындықты жеңе білу қасиетін адам бойына сіңірте алатын секілді. Бұл сөзімнің дәлелі ретінде фильмнің соңында команда мүшесінің айтқан сөзі дәлел болары даусыз.
Үшіншіден, бапкер Картердің мынадай сөзін алып қарар болсақ: “мен спортсмендерді тәрбиелегім келді, ал сендер студент болып шықтыңдар. Қолыма келгенде елгезек бала едіңдер, ал қазір ер адамға айналдыңдар”. Осынау сөздердің өзінен-ақ нағыз көшбасшы өз адамдарын өмірге бейім тұлға етіп қалыптастырып шығады.
Тұлға ретінде өмірде өз орныңды, мақсатыңды таба білгендер ғана бақытты жандар деуімізге болады. Фильм тек арнайы бір реалистік оқиғаны көрсетпеді. Әрбір жас буынның тұлға ретінде өз ортасында ғана емес, қоғамдағы алатын орнын айқындап берді деуге болады. Яғни, бұл туындыны көрген әрбір адам бойында адами қасиеттерді ұғындыратындай тәрбиелік мән жатыр. Ең бастысы көшбасшы деген ұғымды түсінуге тағы да бір есік ашылды.
Фильм әрбір адамға ой салады. Себебі біз өмірге жай келген жоқпыз. Тіпті біздің қазіргі жасап жатқан істерімізде дұрыс болмауы мүмкін… Барлығымыз айнала, қоғам не дейді деген сұрақтың аясынан шыға алмай қаламыз. Сол үшін өзімізге керек деген дүниенің құндылығын ұмытып кетеміз. Ал Картер әр баланың болашағына жол ашты. Бастысы ол әркім өзінің өміріне жауапты екендігін ұғындыра білді. Картер әр істің кереметін сезіндіруді ұғындырды. Оларды ойында ғана емес, өмірде де дәл солай ойланып, ойнай білуді үйретті дегім келеді. Нағыз өмірдің мәнін ашты.
Қиындық арқылы жеткен білім, бақыт, байлық атаулы әрдайым құнды боларын көрдік. Сол себептен қиындықтар жеңу үшін әрі сол арқылы ең мықтыға айналуды үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |