Модельдеу - әлемді тану мен өзгертудің әдістерінің бірі. Ол сол әдістердің жаңа қызметтерін ашатын (микро-, макро-, мега әлемнің процестері мен құбылыстары, кибернетикалық және имитациялық модельдерді жасау, жүйелік техниканың тууы т.б.) модельдердің жаңа типтерін жасауға негіз болған ғылымның дамуымен байланысты кең тарады.
Модельдеу түрлері:
-оқу
-тәжірбиелік
-ғылыми-техникалық
-ойын
-имитациялық
-динамикалық
-статистикалық
-материалдық
-ақпараттық
-таңбалық
Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады. Модельдеу - шығармашылық үдеріске жатады және ерекшеленген кезеңдер әр нақты жағдайда өзгеріске ұшырауы мүмкін. Модельдің кезеңдері: 1. Модельдеу мақсаты нысанды талдау; 2. Модельді құру; 3. Компьютерлік модель / модельдеу жоспары, модельдеу технологиясы /; 4. Модельдеу нәтижесін талдау нәтиже мақсатқа сәйкес келеді, нәтиже мақсатқа сәйкес келмейді /. Қоғамдық мәселелерді зерттеу кезінде модельдеу өте маңызды рөл атқарады.