Эссе
Білім кілті - кітапта
"Кітап - білім бұлағы" деген рас. Адам бойына түрлі қасиеттерді қалыптастыруда кітаптың берер көмегі көп. Кітап оқып отырып, білмеген, көрмеген, естімеген кейбір уақиға, нақыл сөздер, теңеулер естисің. Өмірді біліп түсіну үшін әдеби кітапты көп оқу керек. Біз білімімізді осы кітаппен көтереміз. Арамызда кітап қадірін білмейтін достарымыз да кезігеді.
Кітап - адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы, оқу-тәрбие құралы.
Кітапты түсініп оқысаң көп білесің, кейбірулер сабақты тек оқулықтағы сөздерді жаттау арқылы айтып шығады, сондықтан тұтығып көп қиналады, әдеби кітапты көп оқу керек. Ол сенің сөздік қорыңды байытып, ой өрісіңді кеңейтіп, сөйлеу мәдениетін арттырады. Кітап өмірдің ащы-тұщысын үйретеді.
Ұлы жазушы М.Горький "Өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштымын" дейді. "Білім бұлағы кітапты сүйіңіздер" деп жар салады. Кітаптан не іздесең бәрін табасың. Кітаптың білмейтіні бар ма? Ол саған естен кетпес ертегі, қиялыңа қанат бітірер әңгіме, жыр айтып береді.Кітап арқылы үйіңде отырып-ақ әлеммен танысасың, тарихпен тілдесесің, алыс жерге саяхат шегесің, түрлі елдермен танысасың. Кітап - сенің ақылгөй адал досың, өмірлік есті жолдасың. Сен ерінбесең ол саған ақыл айтудан жалықпайтын шебер ұстаз.
"Кітап - жан айнасы". Сен оған қарап ойыңды да, бойыңды да түзетуге болады. Кітап арқылы сен адамның жан сырын ұғасың. Кей шығармалардан дүниеқоңыз, өзімшіл, өркөкірек жандардың тіршілік әрекетттерін көріп, шошынып жиіркенесің. Енді кейбіреулерінен асыл жанды адамдардың нұрлы жүректерін, асқақ армандарын, үлгі істерін көріп тебірене алғыс айтасың.Сондай болсам деген арман көңіліңе ұя салады.Кітап сенің сырыңды сыртқа шашпайды. Саған үндемей әр уақытта көмек көрсетеді. Кітап ақы сұрамайды, тәрбиесін міндет қылмайды.
Кітап - еңбек құрал, тек еңбектің ғана құралы емес, ол адамдардың басқа-басқа адамдармен күресін, сезімдерін, талаптарын, ойларын түсінуге мүмкіндік береді.
Кітап - адамның дүние танымын кеңейтіп, ізгілікке баулитын бірден-бір тамаша бір құрал, өйткені кітап оқу арқылы одан ләззат алып қана қоймай, жақсы мен жаманды тереңірек ұғынып сезіне бастайсың. Кейбір менің сыныптастарым кітапханадан берген кітапты алып, оны тоздырып, жыртып зорға өткізеді. Барлық білімді біз кітаптан аламыз. Кітіп бізді қайырымдылыққа, әділдікке, адалдыққа үйретеді.Кітіптарда адам сияқты, өмірге келеді, өмір сүреді, қартаяды.Оларда біз секілді аурып қалуы мүмкін.Ауырған жағдайда оларды емдеу қажет.сол үшін де кітаптарды аялап ұстауымыз керек.Кітапты оқыған сайын біздің біліміміз артатынын қазірден бастап түсінгеніміз абзал.Оқыған сайынәлем жаңалықтарын, табиғаттың небір тылсым сырларын біледі екенбіз.Білімің толысқан сайын өз ортаңа озық болып, білгеніңді айтқан сайын жүзіңнің жарық болуы да осы кітап досымыздың арқасы деп білген жөн деп санаймын.Қазір мемелекет бізге арнап кітаптарды үш тілде шығарып жатыр. Мысалы, мен қалаған кітабымды кітапханадан өз ана тілімде оқи отырып, сондай-ақ ағылшын тілі мен қазақ тілінде де оқи аламын.Бұл менің басқа тілдерге деген қызығушылығымды арттыра түсетіні ой-өрісімді кеңейте түсуге бірден бір әрекет қадамы деп білемін.
Кітап - ұрпақтан-ұрпаққа қалатын рухани қазына, сондықтан кітапты жыртпай, қадірлеп ұстауға тиіспіз.
Кітапты қадірлеп, күтіп ұстап, сүйіп оқып, оны үнемі оқу нәтижесінде білімдар азамат болып шығамыз дегенге кәміл сенемін.