Шет шұғыласы. - 2015. - 20 тамыз (№34). - 4 б.
КІТАП - ҚЫМБАТ
ҚАЗЫНА
Жақында аудандық
орталық кітапханаданың оқу
залында «Жазғы кітапхана-
2015» акциясының қорытынды
кеші өткізілді. Кешке аудан
тұрғындары, мектеп
оқушылары, «Жасыл ел»
еңбек отрядының жастары
ұйымшылдықпен қатысты.
Негізінен бұл шараның мақ
саты- кітапханаға жаңа
оқырмандарды тарту, олар-
дың кітап оқуға деген қызы-
ғушылығын, ынтасын ояту,
жаңа кітаптарды насихаттау
болып табылады. Бұл
өткізіліп отырған акция осы
жылдың маусым айынан
бастау алып, тамыз айына
дейін жұмыс жасаған бола-
тын.
Өткізілген шара барысында
аудаңдық орталық кітапха-
на жүйесінің «Оқырмандарға
қызмет көрсету» және «Або-
номент» бөлімдерінің кітапха-
нашылары Д.Жолдыбекова,
М.Құнанбаева, А.Исатаева,
А.Медеубекова, Б.Алтынбек-
тер оқырмандарға сапалы
қызмет көрсетіп, біркісідей
атсалысты.
Іс-шара аясында әр келген
оқырмандарға әр түрлі сала-
дағы әдебиеттерге шолу
жасалып, насихатталды, атап
айтқанда «Жаңа әдебиеттер»,
«Өлкеміздің ақын- жазушы-
ларының шығармалары»,
«Шытырман толы оқиғалар» ,
«Фантастикалар», «Классика-
лар» және «Қазақ жазушы-
лар шығармалары» насихатта-
лып, кітапхана ішінде жасал-
ған көрмелермен кітапхана-
шы Д.Жолдыбекова танысты-
рып өтті.
Іс-шара аясында әр келген
оқырмандарға «Бір ел - бір
кітап» аясында биылғы
жылдың ж ы л кітабы атанған
Ілияс Есенберлиннің
«Көшпенділер» трилогиясы
және «Қазақ хандығына 550
жыл» тақырыптарында «Тра-
фарет» ойыны ойнатылды.
Е.Төлеубай, А.Тәңірбергенова,
Н.Дәулетқабылов, Р.Құрма-
шева, А.Мұқажан аталмыш
ойынға белсене қатысты. Ұлы
Жеңістің 70 жылдығына
байланысты «Майдангер
хаты» атты сұрақ-жауаптар
бойынша А.Русланова, А.Әбе-
нова, А.Шойманова, Н.Қалке-
новтер белсенділік танытты.
«Ассамблеяға 20 жыл», «Ата
Заңымызға - 20 жыл» аясын-
да «Бір шаңырақ астында»
ойынында басы ғана берілген
мақал-мәтелдердің соңын
қатысушылардың аяқтау
арқылы тапқырлықтары
сыналып, Ж.Шойманова,
Б.Жағыпаров, Е.Бейсенбай,
Т.Касентай білгірліктерін
танытты. Өлкетану тақырыбы
бойынша «Аялдама» ойынын-
да А.Балтабаев, Е.Төлеубай,
Н. Дәулетқабыловтардың
біркісідей қатысқанын айта
кетуге болады.
Шара барысында Абай
Құнанбайұлының туғанына
170 ж ы л толуына орай «Бұл
қай ән?» музыкалық ойынын-
да оқырмандардың Абай
әндерінің тыңдап, қай ән
екендігін тауып, «Секірмек»
сұрақ-жауаптарында А.Әбді-
рахманова, А.Мұқажан А.Со-
вет, Д.Мақсұтова, М.Мақсат-
тар өздерінің тапқырылықта-
рын байқатты. «Адасқан
сөздер» ойынында кітап
туралы мақалдардағы
сөздерді Т.Касентай, Б.Дат-
кина, Н.Мейрамбек, А.Балта-
баевтар дұрыс орналастырып
құраса, әр түрлі тақырыпқа
«Сандар сөйлейді», «Жаңылт-
паштар», «Сөзжұмбақтар»
тапсырмаларын Д.Жұмашева,
А.Осатаева, А.Нұрғазиналар
орындап шықты. Сонымен
қатар мерекелік шарадағы
«Кітап - сарқылмас қазына»,
«Көне сөздер құпиясы»
сұрақтарына А.Русланова,
А.Әбенова өте ұтымды
жауаптар қайтарса, мектеп
оқушылары А.Оспанов,
Б.Сайлауов, М.Советова, Б.
Амангелділер әр тақырып-
тағы ребустарды шешті.
Барлық жиналған оқыр-
мандарға «Қазіргі заманда
кітапхана керек пе?» деген
сауалнама, сөзжұмбақтар
мен «Кітап - қымбат қазы-
на» атты жаднама таратылып,
осы акцияда кітапханаға
жұмыс уақытында келе
алмайтын оқырмандарымызға
«Оқырман кітапшасы» ашы-
лып, кітаптар берілді. Соны-
мен қатар жастар арасында
түрлі спорттық ойындар да
өткізілді.
Сондай-ақ, акцияға келген
оқырмандарымызға әр түрлі
тақырыптағы жорналдар,
кітаптар таратылып, кітапха-
нашылар жастарды кітапха-
на бөлімдерімен таныстырды.
«Жазғы кітапхана-2015»
акциясының соңы жастарды
музыкалық сергітумен аяқ-
талды.
А.ТӨЛЕУКЕНОВА,
а у д а н д ы қ
о р т а л ы қ т а н д ы р ы л ғ а н
к і т а п х а н а н ы ң
к і т а п х а н а ш ы с ы .