Ұйымдастыру - іздестіру
|
1) Күнтізбелік мәлімет:
-Казір жылдың қай мезгілі?
-Қайсы ай?
-Аптаның қай күні?
-Далада ауа райы қандай?
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Жаңа сабақ.
Дыбыс бұл тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып,құлақпен естілетін үн.Дыбысты біз тек қана есте аламыз,көре алмаймыз.
Сөз дыбыстан құралады.Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз бола бермейді.Мысалы: «тал» десек болады, ал «лат» десек ,сөз болмайды.Сөз – тілдің негізгі единицасы (өлшеуі).Сөздің дыбыстық жағынан бірден бір қызметі- белгілі бір заттың, құбылыстың және ұғымның ,мағынаның таңбасы болу.
Көріп тұрғандарыңдай,дыбыс және сөздің арасында белгілі заңдылықтар болады екен. Сөз бен дыбыстың бірлігін былай көрсетуге болады:1)сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ; 2) дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс сөздің материалы.
2)Түзету – дамытушылық кезең:
1. Фонетико –фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Не естіп тұрсын?
Мақсаты: фонетико –фонематикалық есту қабілетін дамыту,байқағыштығын дамыту.
Ережесі: дауысты дыбысты естігенде оң қолды көтеру,дауыссыз дыбыста-сол қолды,ал сөз естігенде –шапалақтау.
АЛМА,О,С,А,ЕТ,Ш,Д,О,РУ,ӨЛЕҢ,В,И.
2.Ойлау қабілетін дамыту.
«Қандай сөз жасырынған»
Берілген әріптерден сөз құрастыру.
М,Л,А,А;
А,Т,С,Н,А,А;
З,Ы,А,Қ,Р,Б;
Р,А,ҒА,Ш;
К,З,Ү.
3.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
1) ең қысқы сөзді тап;
2) ең ұзын сөзді тап;
3) ұзындығы бірдей сөздерді тап.
АЛМА
ҚАРАҚАТ
ӨЗЕН
НАН
4Сөйлеу тілін дамыту.
Тізбекті суреттермен жұмыс.«Ұры кірпі» әңгімесін айта отырып, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту.
5.Қол моторикасын дамыту.
Мидың екі бөлшегі бірдей жұмыс жасауына арналған саусақ жаттығулары.
6.«Қиылған суреттің бөліктерін құрастыру» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, мамандықтарды атау.
7.Есте сақтау қабілетін дамыту.
Шульте кестесі
Сергіту сәті:
Қоюланып тағы бұлт
Жаңбыр жауды себелеп.
Жапырақты жамылып,
Бұға қалды көбелек.
(Саусақты тарсылдату,бұға қалу,көрсету)
|
Оқушы жауап береді.
Берілген әріптерден сөз құрастырады
Сөздердің ұзындығын анықтайды
Сурет бойынша әңгіме айтады
Саусақ жаттығуын орындайды.
Пазлды құрастырады
1-25 аралығында сандарды табады
Сергіту сәтін орындайды.
|