Конкурсын өткізу туралы ереже «Отан жолымен»



бет1/4
Дата15.11.2022
өлшемі21,67 Kb.
#50434
түріКонкурс
  1   2   3   4
Байланысты:
ОТАН ЖОЛЫМЕН 2022 ҚОСЫМША


1 қосышма

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Отан жолымен» өлкетану жобаларының қалалық конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ


«Отан жолымен» оқушылардың өлкетану жобаларының қалалық конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) Астана қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының» 2022-2023 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізіледі.


Мақсаты: Іздестіру-зерттеу және туристік-өлкетану қызметі процесінде патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:
- оқушылардың өлкетану зерттеу қызметін насихаттау;
- қаланың білім беру кеңістігінде өлкетанудың рөлін өзектендіру;
- педагогтар мен оқушылардың шығармашылық бастамаларын қолдау және дамыту үшін жағдай жасау;
- оқушылардың ең қызықты және маңызды жұмыстарын анықтау;
- туристік-өлкетану, экспедициялық және экскурсиялық қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
- қызметтің осы түрінде мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылығын дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.
Басшылық: Конкурс ұйымдастырушылары Астана қаласының «Білім басқармасы» ММ, «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК (ұйымдастыру комитеті) болып табылады.
Өтетін орны мен уақыты: Қалалық Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең-сырттай, 2022 жылғы 17 қазаннан бастап 25 қарашаға дейін өткізіледі. Ұйымдастыру комитетіне өлкетану зерттеу жұмысы ұсынылады, оны қазылар алқасы бағалайды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша қатысушылар конкурстың екінші кезеңіне шақырылады, онда үздік жобалар таныстырылады.
Екінші кезең (бетпе-бет) – жобаларды қорғау Астана қаласы әкімдігінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының» базасында 2022 жылғы 5-14 желтоқсан аралығында Астана қаласы, Тамшалы көшесі, 24 мекенжайы бойынша өтеді.
Конкурс адамдардың жаппай жиналуына жол бермей, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, күндізгі форматта өткізілетін болады.
Білім беру ұйымдарынан конкурсқа қатысу үшін нысан бойынша (№1 қосымша) алдын ала өтінімдерді Ұйымдастыру комитетіне 2022 жылғы 10 қарашадан кешіктірмей kraeved.tur@mail.ru мекенжайына жіберу қажет, байланыс тел. 8 (7172) 24-97-15, өлкетану бөлімі, 87013944747, 87025202080.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет