Конрад Аденауэр атындағы Қор


Орталық Азияны жақындастыру. Иллюзия немесе



Pdf көрінісі
бет154/178
Дата12.04.2022
өлшемі11,11 Mb.
#30806
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   178
Орталық Азияны жақындастыру. Иллюзия немесе 
шынайы мүмкіндік?
Досым Сәтпаев
«Risks Assessment Group» үкіметтік емес, консалтингтік ұйымының дирек-
торы, Қазақстанның талдамалық ұйымдары альянсының тең құрылтай-
шысы. «Лоббизм: биліктің құпия тетіктері», «Қазақстандағы саяси ғылым. 
Пәннің жай-күйі» деп аталатын монографиялардың авторы. Көптеген ұжым-
дық монографиялардың тең авторы, соның ішінде: «Political extremism 
in the Central Asia», «Level of political risk in Kazakhstan», «Kooperation mit 
Zentralasien. Was will und kann die EU leisten», «Challenges of the Caspian 
resource boom. Domestic Elites and Policy- making», «The Twilight zone: Traps 
of the transition era», «MOLOTOV COCKTAIL. Anatomy of the Kazakh Youth», 
«Kazachstan. Tauelsiz memleket znaczy niepodlegle panstwo».
Аңдатпа
•  КСРО ыдырағаннан кейін, «егемендік шеруінің» нәтижесі Орталық Азия 
елдерінің көпшілігінің «аймақтық сәйкестендіру» дағдарысына әкелді.
•  Аймақтық ынтымақтастық үдерісін жеделдету және тереңдету үшін 
Орталық Азия елдеріне көптеген жылдар бойы тығыз экономикалық 
және саяси өзара ықпалдастық орнатуға кедергі келтіретін себептерді 
мұқият зерделеу қажет.
•  Аймақта жаңа күн тәртібін талқылауға тағы бір әрекет жасалуы керек. 
Өзбекстандағы билік ауысқаннан кейін «Ашық есік» саясатына айнал-
дырылатын аймақта кеңістікті қайта құру мақсатында өзара әрекет-
тесу бағытында «үмітсіздік терезесінен» «мүмкіндіктің терезесіне» 
көшу қажет.
•  Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы төрт маңызды 
элементке негізделуі тиіс: саяси ерік, экономикалық прагматизм, ұзақ 
мерзімді ішкі саяси тұрақтылықты қолдау және бірлескен аймақтық 
жобаларды жүзеге асыру кезінде сыртқы саясат сабақтастығын қам-
тамасыз ету.
•  Орталық Азия аймағындағы аймақтық ынтымақтастық бүкіл аймақтың 
экономикалық әлеуетін ашып қана қоймай, бұрынғы және жаңа 


306
Қазақстан экономикасының трансформациясы
әлемдік ықпалды орталықтардан экономикалық, саяси және идео-
логиялық араласулардан тиімді қорғау болып табылады.
ХІХ ғасырда Александр Гумбольдт алғаш рет Орталық Азияны әлемнің 
жекелеген өңірі ретінде қарастырды, сол себепті басымдық географиялық 
шекараларға жасалды. Олар әрқашан әртүрлі болды. Кеңес Одағы эконо-
микалық бағдарға жалғыз ұлттық экономикалық кешен шеңберінде назар 
аударды. Сол кезде «Орта Азия және Қазақстан» деген ұғым қолданылды. 
Айта кету керек, қазіргі уақытта «Орталық Азия» (ОА) ұғымы география-
лық, этникалық және саяси мақсаттағы сипатқа ие. Бірақ осы мақалада 
мен географиялық немесе этникалық өлшемдерге емес, Орталық Азия-
дағы саяси анықтамаға назар аударғым келеді, менің пікірімше, оған пост-
кеңестік кеңістіктегі бір экономикалық және саяси жүйеден шыққан бес 
мемлекетті ғана қосу керек.
Сонымен бірге, КСРО ыдырағаннан кейінгі «егемендік шеруінің» нәти-
жесінің бірі ретінде Орталық Азияның көптеген елдерінің «аймақтық 
сәйкестендіру» дағдарысын айту керек. «Аймақтық сәйкестік» терминін 
қолданғанда, Орталық Азия мемлекеттерінің өз болашағын бүкіл өңірдің 
болашақ дамуымен байланыстыратын ұмтылысы мен ниеті туралы айтқым 
келеді. Тіпті Қазақстан соңғы жылдары Еуразия экономикалық одағын 
құрғаннан кейін Орталық Азия мемлекетінен гөрі еуразиялық деңгейде 
өзін-өзі танытуға тырысты. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 2014 жыл-
дың басында еліміздің атауын «Қазақ елі» етіп өзгерту мүмкіндігі, сон-
дай-ақ «стан» жалғауынан арылту туралы айта бастады. Мемлекет бас-
шысы айтқандай: «Біздің еліміздің атауында Орталық Азияның басқа да 
мемлекеттері секілді аяқталатын «стан» бар. Сонымен қатар шетелдіктер 
Моңғолияға қызығушылық танытады, олардың халқы тек екі миллион адам, 
ал оның атауында «стан» жоқ 
1
. Бір қызығы, сол жылдың қыркүйегінде 
Қырғызстанның «Ар- Намыс» партиясы осындай бастаманы қолға алды, 
өйткені оның басшысы Феликс Куловтың пікірінше: «-стан» суффиксі парсы 
тілінен шыққан. Ал «Қырғызстан» сөзі кеңес дәуірінде құрылды 
2
. Бірақ бұл 
сөз жүзінде ғана қалып, іске асқан жоқ.
1
 Назарбаев «станнан» құтылуды ұсынады. Feb. 07, 2014. https://rus.azattyq.org/a/nazarbaev- 
pereimenovaniye-kazak-eli/25255902.html [Feb. 07,2014].
2
 Тед Траутман (Ted Trautman), 2014: «Стандар» бітті: қазақтар мен қырғыздарға мемлекеттері 
үшін басқа атаулар керек(La fin des «Stan»: le Kazakhstan et le Kirghizistan veulent changer de 
nom). 12.11.2014. https://inosmi.ru/sngbaltia/20141118/224333439.html [Nov.18,2014].


307
Орталық Азияны жақындастыру. Иллюзия немесе шынайы мүмкіндік?
Аймақтық сәйкестендірудің әлсіздігі аймақта ұзақ уақыт бойы бес нақты 
саяси және әлеуметтік- экономикалық жүйелермен, халықаралық эконо-
микалық және саяси қатынастар жүйесіне бес түрлі деңгейдегі интегра-
циялануымен байланысты болды. Бұл Орталық Азиядағы тәуекел фактор-
ларының бірі еді, өйткені ол түрлі елдер арасындағы аймақтағы шиеленіс 
нүктелерін қалыптастырды. Осының бәрі тиімді өзара әрекеттесуді қиын-
датты және жалпы аймақтық мүдделерді анықтады. Нәтижесінде бірыңғай 
өңірлік жоба, яғни бірыңғай экономикалық кеңістік құру немесе экология-
лық проблемаларды бірлесіп шешу туралы бірде-бір жоба іске қосылмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   178




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет